Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығы
(2024.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.06.08. № 204 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.09. № 300 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 90) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі | А. Аймагамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.06.08. № 204 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі