2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 шешімі
(2020.20.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020.20.03. № 543 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.11.05. № 553 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.17.06. № 571 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.26.08. № 582 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.20.11. № 597 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 81 666 642,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 35 190 191,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 108 790,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 029 332,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 41 338 329,3 мың теңге;
2) шығындар - 102 914 292,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 874,3 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 874,3 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 21 249 524,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 21 249 524,1 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 26 610 230,2 теңге;
қарыздарды өтеу - 9 001 420,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 640 714,0 теңге.