Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 523 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 775 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысы;
2) «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 950 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің