«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 70-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 141-НҚ бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 26-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 5 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 70-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының, персоналды басқару қызметінің, азық-түлік тауарларына арналған техникалық регламенттерді бақылау басқармасының, цифрландыру басқармасының, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.