Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығы
(2025.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.27.07. № 61 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.21.07. № 594/нс-па бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 19-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы Ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2002 жылғы 28 қаңтардағы № 17 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.27.07. № 61 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша Департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде аталған бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін аталған бұйрықтың Алматы облысы бойынша Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;