Қазақстан Республикасында халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу үшін алгоритмдер мен чек-парақтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығы
(2022.04.08. берілген өзгерістермен)
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ақпараттық жүйелерінде балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу алгоритмдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ақпараттық жүйелерінде ересектерді профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу алгоритмдері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ақпараттық жүйелерінде онкологиялық ауруларды анықтау профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу алгоритмдері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ақпараттық жүйелерге арналған балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу алгоритмдеріне арналған чек-парақтар;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ақпараттық жүйелерге арналған ересектерді профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу алгоритмдеріне арналған чек-парақтар;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ақпараттық жүйелерге арналған онкологиялық ауруларды анықтау профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу алгоритмдеріне арналған чек-парақтар бекітілсін.