Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 Қаулысы (2005.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 26 апреля 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 апреля 2009

«Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді
жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 Қаулысы

(2005.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 494 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4253 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көзделген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарты бекітілсін.

2. Облыстардың әкімдері белгіленген тәртіппен:

ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартын іске асыруды қамтамасыз етсін;

1999 жылдың 1 қазанына дейін мерзімде жұмыс істеп тұрған фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартымен белгіленген нормативке жеткізу арқылы төлқұжаттандыруды жүргізсін.

3. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыстардың әкімдеріне аудан әкімдері аппараттарының құрылымында денсаулық сақтау бөлімдерін көздеу ұсынылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Н. Балғынбаев

 

ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1304 қаулысымен стандартқа өзгеріс енгізілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

26 сәуірдегі

№ 472 қаулысымен

Бекітілген

 

Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың

ең төменгі мемлекеттік стандарты

 

 

Әрбір аудан орталығында:

перзентхана бөлімшесі және жедел медициналық көмек станциясы (бөлімшесі) бар орталық аудандық аурухана;

барлық құрылымдық бөлімшелерімен санитарлық-эпидемиологиялық станция;

әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емделуге арналған мекеме (бөлімше, кабинет) болуы тиіс.

Әрбір облыс орталығында:

ересектер және балалар немесе біріктірілген облыстық ауруханасы;

қан орталығы;

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция;

әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емдеуге арналған мекеме (аурухана, диспансер) болуы тиіс.

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом