Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 ж. 25 мамырдағы № 241 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігінің 20.01.00 ж. № 24; 07.02.01 ж. № 57; 14.08.01 ж. № 377 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 25 мая 1999
Статус
Утратил силу

Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі
туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі 1999 ж. 25 мамырдағы № 241 бұйрығы (ҚР Қаржы
министрлігінің 20.01.00 ж. № 24; 07.02.01 ж. № 57; 14.08.01 ж. N
377 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Қаржы министрлігінің 2004.14.12 ж. № 447 бұйрығымен күші жойылды

Бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың банктік шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 334 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

1999 жылғы 25 мамыр

№ 241 бұйрығымен

Бекітілген

Мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашудың

және жабудың тәртібі туралы

Нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық Қазынашылықтың аумақтық органдарында мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашудың және жабудың тәртібін белгiлейдi.

ҚР Қаржы министрлігінің 20.01.00 ж. № 24; 07.02.01 ж. № 57; 14.08.01 ж. № 377 бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қаражаттарын есепке алу үшiн мынадай шоттар ашылады:

1) Бюджеттік шот - бөлiнген лимиттер шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден кассалық шығыстарды есепке алу үшiн мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.

Бюджеттік шоттарды Қазынашылықтың аумақтық органдары;

"Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң шығыстары" № 120;

"Аудандық және қалалық бюджеттердiң қаражаттары" № 130;

"Облыстық бюджеттердiң қаражаттары" № 132 баланс шоттарында ашылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами