Салықтық мiндеттемелердi орындау жөніндегі салық қызмет органдары
хабардар етулерiнiң нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1466 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 16.06.04 ж. № 300
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 23.12.04 ж. № 660 бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 31-бабын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған хабардар ету нысандары бекітілсiн:
1) салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы;
2) салықтық тексерудiң нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың сомасы туралы;
3) ҚР ҚМ СК Төрағасының 16.06.04 ж. № 300 бұйрығымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4) мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету жөнiнде қабылданатын шаралар туралы;
5) салық берешегiн мәжбүрлi өндiрiп алуға қабылданатын шаралар туралы;
6) дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алудың айналымы туралы;
7) камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы;
8) салық төлеушiнiң шағымдарын қараудың нәтижелерi бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың есептелген сомасы туралы;
9) салық заңнамасының жолсыздықтарын жою туралы.
2. Заң департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді | | | | | Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының | | | | | Мемлекеттік кіріс министрінің |
Қаржы министрi | | | | 2001 жылғы 28 қазандағы |