Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 ж. 5 қыркүйектегі № 332 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.08.02 ж. № 277
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 16.02.04 ж. № 43 қаулысымен күші жойылды
Ломбард қызметiнiң рыногын одан әрi дамытуды ынталандыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ломбард қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесi бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату туралы ереженi алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде ломбардтарға жiберсiн.
4. Осы қаулы және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесi күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ломбардтар туралы ереженi бекіту жөнiнде" 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.