Ломбардтарды қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16
ақпандағы № 43 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау
ж/гі агенттігі Басқармасының 12.06.04 ж. № 159; 2005.26.03 № 97 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 12.06.04 ж. № 159 (бұр. ред. қара); 2005.26.03 № 97 (бұр. ред. қара) қаулыларымен атауы өзгертілді
Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 12.06.04 ж. № 159 (бұр. ред. қара) ; 2005.26.03 № 97 (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ломбардтарды қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші жойылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1786 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 наурызда және 7 сәуірде жарияланған);