Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6 қыркүйектегі № 984 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 6 сентября 2002
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 октября 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6
қыркүйектегі № 984 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Физика-химиялық талдау әдiстерiнiң орталығы мемлекеттік мекемелерiн;

2) «Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 6 қыркүйектегi

№ 984 қаулысына

қосымша

ҚР Үкіметінің 17.01.03 ж. № 37 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1258 қаулысымен тiзбе толықтырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 119 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының

тiзбесi

     1. Жаңа химиялық технологиялар және            Алматы қаласы        материалдар ғылыми-зерттеу институты     2. Математика және механика ғылыми-            Алматы қаласы        зерттеу институты     3. Биология және биотехнология                 Алматы қаласы        проблемалары ғылыми-зерттеу институты     4. Экология проблемалары ғылыми-зерттеу        Алматы қаласы        институты     5. Физика-химиялық зерттеу және талдау         Алматы қаласы        әдiстерiнiң орталығы

     6. ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 119 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

     7. Эксперименттік және теориялық        физика ғылыми-зерттеу институты             Алматы қаласы     8. Ғылыми-технологиялық парк                   Алматы қаласы

     9. Ашық үлгідегі ұлттық

        нанотехникалық зертхана                     Алматы қаласы

 

 

  

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом