Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 ж. 23 тамыздағы № 556 бұйрығы
(2009.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.24.04 № 196 Бұйрығымен бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша: «Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының», «облыстардың ішкі істер Бас Басқармасына - ішкі істер Басқармасына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ)», «Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ», «ІІББ-ІІБ» деген сөздері тиісінше «Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері», «облыстардың Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД)», «ІІД» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулық бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.08. № 309 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитеті, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер Департаменттерінің бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын, көші-қон полициясы жеке құрамының оны оқып - үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін;