Введите номер документа
Прайс-лист

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті реттеу құқықтық режимінің ерекшеліктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 21 қаңтардағы № 59 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 21 января 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 сентября 2025

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тiзбесiн және ерекше
мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтi реттеу
құқықтық режимiнiң ерекшелiктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 21 қаңтардағы № 59 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 672 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған:

1) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерінің тiзбесi;

2) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызмет реттеу құқықтық режимiнің ерекшелiктерi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 21 қаңтардағы

№ 59 қаулысымен

бекітілген

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің

тізбесі

1. Каспий теңізі

2. Балқаш көлі

3. Зайсан көлі

4. Алакөл көлдер жүйесі

5. Ертіс өзені

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 21 қаңтардағы

№ 59 қаулысымен

бекітілген

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегi шаруашылық

қызметті реттеу құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi

1. Қоршаған орта мен өңiр экономикасына басым әсер ететiн, табиғи гидрологиялық жағдайлары, жануарлар дүниесi мен өсiмдiктер дүниесi едәуiр дәрежеде сақталған және сондықтан шаруашылық қызметтi реттеудің ерекше құқықтық режимін талап ететiн неғұрлым iрi табиғи су объектілерi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi (бұдан әрi - EMMCO) деп танылады.

2. EMMCO-да шаруашылық қызметтi реттеудің ерекше құқықтық режимін енгiзудің мақсаты:

әрбiр EMMCO мен оның бассейнінің табиғи ерекшелiктерiне, су шаруашылығы саясатына және экономикалық жағдайларға сәйкес су ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру;

су шаруашылығы проблемаларын шешу кезiнде билiктің мемлекеттік органдары, жергіліктi өзiн өзi басқару органдары және су пайдаланушылар арасында өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерін жасау болып табылады.

3. Су ресурстарын кешенді түрде пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын әзiрлеу кезінде мыналарды:

экономика салаларының экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктерiмен мүдделерi теңдестiрiлуiн, табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу көлемiн, EMMCO-дағы судың қолайлы деңгейін айқындауды;

шаруашылық қызметiн бұзылған аумақтарда су объектiлерiн ластанудан қорғаудың технологиялары мен инженерлiк-технологиялық құралдарын жасауды; ауыл шаруашылығы мен табиғи ландшафтардың сарқынды суынан EMMCO-ны қорғау жөніндегі жүйелер мен iс-шараларды, EMMCO аймақтарында орналасқан қалаларды жауын-шашын мен ерiген қар суынан тереңдете тазарту жүйелерiн әзiрлеудi қамтитын шаруашылық қызметті реттеу режимi жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеуге қосымша талаптар қойылады.

4. EMMCO бассейніндегi шаруашылық қызмет режимi мынадай қағидаттарға сай болуы тиiс:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық ахуалды сақтауға әрi жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнің басымдылығы;

2) шаруашылық қызметтiң су объeктiлеріндегі экологиялық жүйеге және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға әсерiн ұдайы азайту;

3) орнықты даму қағидаттарына негiзделген әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң теңгерiмдiлiгi және ЕММСО-ны қорғау;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың мiндеттi түрде жүргiзiлуi;

5) су объектілерiнің жай-күйiне, қоршаған ортаға, халықтың экологиялық қауіпсiздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына терiс әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге де шешімдердің дайындалуы мен қабылдануы үшiн қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

5. EMMCO аумағында тыйым салынған шаруашылық қызметтің түрлерi Қазақстан Республикасы Су кодексiнің 130-бабында айқындалған.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом