Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру жөнiндегi
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
2003 ж. 8 қазандағы N 245-ө өкімі
Осы редакция 2004 ж. 12 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру жөнiнде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасы
| Премьер-Mинистрі | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 8 қазандағы
N 245 өкiмiмен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Cу кодексiн iске асыру мақсатында
қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Yкіметi кесiмдерiнiң тiзбесi
Р/с N | Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмiнiң атауы | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушы |