Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Тауар биржалары туралы

(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы

2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары

2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

4-1-бап. Алып тасталды

4-2-бап. Алып тасталды

4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті

5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау

3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

6-бап. Тауар биржасы

6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері

7-бап. Тауар биржасының жарғысы

8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу

9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы

10-бап. Биржа саудасы қағидалары

11-бап. Тауар биржасының мүшелері

12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері

4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

13-бап. Тауар биржасының қызметі

13-1-бап. Алып тасталды

13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері

13-3-бап. Алып тасталды

14-бап. Тауар биржасының кірістері

15-бап. Биржалық мәміле

15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргізу режимі

16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері

16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары

17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет

18-бап. Биржалық баға

18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі

5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ

19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі

19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)

20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау

21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы

21-1-бап. Алынып тасталды

22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар

23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия

24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну

6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

26-бап. Алынып тасталды

27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

30-бап. Өтпелі ережелер

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «биржалық саудаға», «биржалық сауда-саттықты», «биржалық сауда», «биржалық сауданың белгіленген ережелері», «биржалық сауда-сатыққа», «Биржалық сауда», «биржалық сауда-саттықта», «биржалық сауда-саттық», «биржалық саудамен», «биржалық сауда-саттықтың», «биржалық сауданың ережелеріне», «Биржалық саудаға», «Биржалық сауда-саттықта», «Биржалық сауда-саттықтарды», «биржалық сауданы» деген сөздер тиісінше «биржа саудасына», «биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасы», «биржа саудасының белгіленген қағидалары», «биржадағы сауда-саттыққа», «Биржа саудасы», «биржадағы сауда-саттықта», «биржадағы сауда-саттық», «биржа саудасымен», «биржадағы сауда-саттықтың», «биржа саудасы қағидаларына», «Биржа саудасына», «Биржадағы сауда-саттықта», «Биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасын» деген сөздермен ауыстырылды 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) биржадағы сауда-саттық - тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржа саудасы қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) биржалық дилер (бұдан әрi - дилер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда

2-1) биржалық қамтылым - биржа саудасына қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тауар биржасының клирингтік орталығына биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтылым;

3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) биржалық тауар - биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;

8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) биржа саудасы - тауар биржасыңда электрондық нысанда биржадағы сауда-саттықты өткізу, мамілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды өткізу (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8-2) биржа саудасына қатысушылар - тауар биржасында биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) бұйрық - клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-1) кепілдік беру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа мүшелерінің жарналары есебінен тауар биржасының клирингтік орталығы қалыптастыратын ақша қоры;

9-2) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) клиент - осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;

11) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-1) кросс-мәміле - брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-2) тармақша жаңа редакцияда

11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-3) маркет-мейкер - баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

12) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;

13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым - тауар биржаларының, брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 14-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-2) резервтік қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

14-3) сауда лоты - биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;

16-1) - 16-3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) тауар биржасының мүшелері - осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер сондай-ақ, дилерлер және маркет-мейкерлер;

18) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасында биржа саудасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-1) тармақша өзгертілді

19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi - биржадағы сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) фьючерстiк мәмiле - объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;

21) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары

1. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) биржа саудасына қатысушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестік;

3) тауар биржасында жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету.

2. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) биржа саудасын жүзеге асыру заңдылығы;

2) биржа саудасына қатысушылардың тең мүмкіндіктерін және жауапкершілігін қамтамасыз ету;

3) ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі.

 

 

2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі тауар биржаларының қызметі саласында:

1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындайды және оларға қойылатын өлшемшарттарды белгілейді;

3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Републикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының, брокерлердің, дилерлердің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржа саудасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2) тармақша жаңа редакцияда

2-2) биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-3) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;

3-3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-4) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-5) тармақша жаңа редакцияда; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-5) тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды

3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-7) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді;

4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;

6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;

6-1) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;

8) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды

10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

10-3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-4) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 10-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-6) тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржадағы сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

4-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

4-2-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды

4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті

Монополияға қарсы орган:

1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі;

2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді;

4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді;

5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;

6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда

5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау

1. Тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының және брокерлердің қызметін лицензиялау осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Монополияға қарсы орган тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын мынадай:

1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған және (немесе) монополияға қарсы органның нұсқамасында көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған;

2) тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

3) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиялық қызметті қатарынан күнтізбелік алты ай бойы жүзеге асырмаған;

4) осы Заңда тыйым салынған қызмет жүзеге асырылған;

5) тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының қызметін тексеруге байланысты монополияға қарсы орган өз құзыреті шегінде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартылған;

6) лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісі анықталған;

7) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Лицензияның қолданысы тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы міндетті түрде хабардар етіле отырып, тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.

Лицензияның қолданысын тоқтата тұру қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жүзеге асырылуына тыйым салуға алып келеді.

3. Лицензия тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданысын қайта бастауды монополияға қарсы орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

4. Тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының лицензиясынан айыру (кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады:

1) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;

2) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясы қолданысының бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұруы;

3) тауар биржасына, брокерге, тауар биржасының клирингтік орталығына қатысты қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

Лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпарат монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жарияланады.

 

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-тарау. Тауар биржасы және оның міндеттері

 

6-бап. Тауар биржасы

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.

Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен биржадағы сауда-саттықты Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурс негізінде айқындаған тауар биржалары жүзеге асырады.

Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша қамтамасыз етеді.

2. Тауар биржасының атауында «тауар биржасы» деген сөздер болуға тиіс.

3. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады (бұр.ред.қара)

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Тауар биржасы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері кемінде екі миллиард теңгені құрайды.

Бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшалай енгізіледі.

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері

Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:

1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;

2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;

3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;

4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.

 

7-бап. Тауар биржасының жарғысы

1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.

2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.

 

8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.

 

9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы

Мамандануы бойынша тауар биржалары:

1) биржадағы сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;

2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Биржа саудасы қағидалары

1. Биржа саудасы қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржа саудасына қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Биржа саудасы қағидалары мыналарды қамтиды:

1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;

2) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;

4) биржадағы сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;

5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) биржадағы сауда-саттықты өткізу тәртібі;

7) биржадағы сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген таурлар бойынша биржадағы сауда-саттықты өткізу шарттары (биржа саудасына қатысушыларға қойылатын талаптар, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары және ең төмен мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін тауардың көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);

9) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) биржалық қамтылым мөлшерін айқындау тәртібі;

11) биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;

12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;

13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;

14) тауар биржасындағы биржадағы сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;

15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;

16) биржа саудасы бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) биржалық және биржадан тыс мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;

18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;

19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;

20) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) өткізілетін биржадағы сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;

22) биржа саудасына қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;

23) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауар биржасы биржа саудасы қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.

 

11-бап. Тауар биржасының мүшелері

1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауар биржасының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар осындай тауар биржасының мүшелері бола алмайды.

 

12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының жұмыскерлері болып табылады. Тауар биржасы жұмыскерінің бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен, өзге тауар биржаларымен және өзге тауар биржаларының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруына тыйым салынады.

2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.

 

 

4-тарау. Тауар биржасының қызметі

 

13-бап. Тауар биржасының қызметі

1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:

1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;

2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды

2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды

2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды

2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржа саудасы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;

3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;

5) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) биржадағы сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржа саудасына қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) биржа саудасымен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;

8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;

9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) биржа саудасына қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;

12) халықаралық биржадағы сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік, маркет-мейкерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.

4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Тауар биржалары және биржа саудасына қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.

 

13-1-бап. 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды

13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері

1. Тауар биржасының:

1) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) биржадағы сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;

3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Тауар биржасы:

1) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) биржа саудасы қағидаларын сақтауға;

2) өз интернет-ресурсын иеленуге;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.

Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;

3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді, сондай-ақ биржадағы сауда-саттық нәтижелерін лицензияның барлық қолданылу кезеңі барысында өзінің интернет-ресурсында сақтауға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) биржадағы сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

13-3-бап. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

14-бап. Тауар биржасының кірістері

1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.

2. Тауар биржасы мыналарды:

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тауар биржасының мүшелері жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) биржа саудасы қағидаларына сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін белгілеуге құқығы бар.

2-1) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Биржа саудасына қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және биржа саудасына қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

 

15-бап. Биржалық мәміле

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржа саудасы қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржа саудасына қатысушыларымен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.

2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.

4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) биржа саудасына жіберілген биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;

2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;

3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.

Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Тауар биржаларының биржалық тауарлар және әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбелеріне енгізілмеген тауарлармен биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыруына тыйым салынады.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7. Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аяларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8. Тауар биржасында жасалған мәмілелер туралы мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргiзу режимі

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Биржадағы сауда-саттық қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізіледі.

2. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Биржадағы сауда-саттық:

1) биржа саудасына қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;

3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;

4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.

5 - 7. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері

Тауар биржасында:

1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;

2) фьючерстік мәмілелер;

3) опциондық мәмілелер;

4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары

Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы резервтік қор құрады, ал тауар биржасының клирингтік орталығы кепілдік беру қорын құрады.

Тауар биржасы резервтік қорының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшерін құрайды.

Кепілдік беру қорына жарнаның ең төмен мөлшерін тауар биржасының клирингтік орталығы тауар биржасының тиісті мүшесі қол жеткізе алатын сауда секцияларына қарай тауар биржасымен келісу бойынша белгілейді.

Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржалары осындай тауарлармен сауданы бастаған күннен бастап бір жыл ішінде резервтік қор мөлшерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

 

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет

1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан, клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлға тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады.

Клирингтік орталықтар бір немесе бірнеше тауар биржасына, электрондық сауда алаңдарына, сондай-ақ биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқылы.

Тауар биржасына бірнеше клирингтік орталықтың клирингтік қызмет көрсетуіне тыйым салынады.

3. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

5-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тауар биржасы клирингтік орталығының өз қызметін жүзеге асыру үшін биржа саудасына қатысушылар енгізген биржалық қамтылым сомасына қарай олардың биржадағы сауда-саттыққа жіберілуін автоматтандырылған бақылауды қоса алғанда, клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешенінің болуы міндетті.

6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;

2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;

3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;

4) биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;

5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;

6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.

7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

7-1. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-2. Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету үшін тауар биржасының клирингтік орталығы биржадағы сауда-саттыққа әрбір қатысушыға биржалық қамтылымды және биржалық мәміле бойынша тауарға ақы төлеу үшін енгізілген ақшаны есепке алу жөніндегі бөлек тіркелімдері бар сауда шоттарын ашады.

Биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы тауар биржасы клирингтік орталығының жеке банктік шотында сақталуға тиіс.

Тауар биржасының клирингтік орталығы брокердің және оның клиенттерінің ақшасын бөлек есепке алуды жүргізеді.

Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша бұғатталған биржалық қамтылымды есепке алуды жүргізеді.

8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.

 

18-бап. Биржалық баға

1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.

 

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі

1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі:

1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар;

2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар;

3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді.

2. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады.

3. Тізілімде болу мерзімі монополияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт айды құрайды.

Қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

4. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген сатушылар немесе сатып алушылар биржадағы сауда саттыққа қатысуға жіберілмейді.

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне қамтылған мәліметтер осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.

 

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-тарау. Брокерлердің, дилерлердің және маркет-мейкерлердің қызметі.

Тауар биржасындағы коммерциялық құпия

 

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тауар биржасындағы брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.

Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі биржадағы сауда-саттыққа дилер ретінде қатысады.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасында брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметін жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) брокердің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғанда, оны лицензиясынан айырғанда (кері қайтарып алғанда) тауар биржасында аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Тауар биржасы мүшелерінің өтінімдер ұсыну және мәмілелер жасасу үшін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жүгіну жылдамдығы секундына екі және одан да көп жолданымды құрайтын, деректерді автоматты түрде жеделдетіп өңдеу мен беру технологияларын және сыртқы бағдарламалық-техникалық жүйелерді пайдалануына тыйым салынады.

Осындай технологиялар пайдаланылып жасалған мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.

Өтінімдерді жинаудың, енгізуге дайындаудың және оларды тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жіберудің, сондай-ақ сауда жүйесі пайдаланылып жасалатын барлық әрекетті тауар биржасының мүшелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ететін режимде жұмыс істейтін осындай жүйеден ақпаратты алу мен өңдеудің автоматтандырылған бағдарламалық-техникалық құралдары тауар биржасының шешімімен міндетті түрде сертификатталады.

Сауда-саттыққа қатысушылар тауар биржасы сертификаттамаған осындай бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланып жасасқан мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.

Тауар биржасы күшін жойған мәмілелер бойынша биржалық тауарлар осы Заңның талаптары сақтала отырып, келесі және (немесе) қосымша сауда сессиясы шеңберінде сауда-саттыққа қайта шығарылады.

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Брокер, дилер және маркет-мейкер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

Мінсіз іскерлік беделі жоқ адам брокер және дилер бола алмайды.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Маркет-мейкер биржадағы сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржадағы сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.

Маркет-мейкердің биржадағы сауда-саттықта дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.

Маркет-мейкердің қызметі базалық активі биржалық тауарлар болып табылатын мерзімді келісімшарттармен биржадағы сауда-саттықта ғана жүзеге асырылады.

Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржа саудасы қағидаларында белгіленеді.

 

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды

19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)

1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.

4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.

6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.

Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.

7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің өтініші бойынша;

2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржа саудасы қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржа саудасына қатыса алмайды.

8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.

 

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы

1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды - клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.

 

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда

21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы

1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржа саудасын бұзушыларға шаралар қолданады.

2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.

Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.

3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:

1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;

2) биржадағы сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);

3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);

4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;

5) биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен биржадағы сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.

 

21-1-бап. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар

1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржа саудасына қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.

 

23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия

1. Коммерциялық құпия:

1) тіркелген биржа саудасына қатысушылар туралы мәліметтерді;

2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Маркет-мейкерлер, брокерлер, дилерлер және тауар биржасының жұмыскерлері табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына алып келуі мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол бермеуге міндетті.

3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.

 

24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.

2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржа саудасына қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.

3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;

2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;

3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;

 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;

2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.

 

 

6-тарау. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда

25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау не Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

26-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.

2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.

5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) поштамен - тапсырыс хатпен;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) электрондық тәсілмен - монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.

8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары

Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнде жəне күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

30-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.

 

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Тауар биржалары туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 143-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы мамырдың 4-і

 № 155-ІV ҚРЗ