ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 105-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

417-бапта:

бірінші бөлік алып тасталсын;

екінші бөліктің бірінші абзацында:

«Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі,» деген сөздер алып тасталсын;

«сауда» деген сөз «Сауда» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацында:

«Өтінім беруші сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті орган бекітетін тізбе бойынша құжаттарды ұсынбаған жағдайда, шығарған елін айқындау өлшемшартын дұрыс айқындамай,», «, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мəртебесін», «берілген тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде» деген сөздер алып тасталсын;

«тауар» деген сөз «Тауар» деген сөзбен, «қағидалар бұзыла отырып» деген сөздер «қағидаларды бұза отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөлікте:

бірінші абзацтағы «бірінші,» деген сөз алып тасталсын;

екінші абзацта:

«тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мəртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын қолданудан айыра отырып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мəртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,» деген сөздер алып тасталсын;

«, сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер алып тасталсын.

2-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:

1) 3-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 17-бапта:

тақырыптағы «Отандық» деген сөз «Қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақтағы «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлар, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 92-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 96-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарларды, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) мынадай мазмұндағы 97-1-баппен толықтырылсын:

«97-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі

1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мəліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі болып табылады.

2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

3. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жəне өзге де мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы.

4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін дамытуды, қолдап отыруды жəне оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.»;

6) 239-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

3-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

3. «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне:

248-баптың 4) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

4-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

4. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 16-1-бапта:

5) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 16-4-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

2) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

5-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

5. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 26-1) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 6-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 10-бапта:

1) тармақшадағы «отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне» деген сөздер «қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

10-1) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

6-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

6. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 4-баптың 8) тармақшасындағы «отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің» деген сөздер «қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-баптың 1-тармағының 8-6) тармақшасындағы «отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің» деген сөздер «қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

7-тармақтың 1) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) 1-бапта:

21-1) тармақша алып тасталсын;

40-1) тармақшадағы «, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мəртебесі» деген сөздер алып тасталсын;

40-2) тармақша алып тасталсын;

7-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 7-бапта:

7-тармақтың 2) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7-2) жəне 7-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«7-2) тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жəне оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

7-3) тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мəліметтердің анықтығын жəне дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) тауарды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жəне оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға сəйкес жүзеге асырады;»;

12) жəне 15-4) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15-12) тармақшамен толықтырылсын:

«15-12) Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекітеді;»;

7-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

4) 14-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «отандық өндірістің» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

5) 16-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «отандық жəне» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарлар мен» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

6) 18-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

7) 18-2-баптың 2) тармақшасындағы «қазақстандық» деген сөз «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың 8) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

8) 18-5-бап алып тасталсын;

7-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

9) 31-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы «отандық өндіріс тауарларын» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

10) 32-2-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

8-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

8. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-баптың 2-тармағының 12-1) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 11-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 12-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

9. «Сəйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 15-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға қағаз жеткізгіште не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Аккредиттеуге арналған өтінімді қоспағанда, қағаз жеткізгіштегі құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.»;

3-тармақ «табыс етеді» деген сөздерден кейін «не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 18-баптың 11-тармағы «жазбаша» деген сөзден кейін «не техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберген» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 19-баптың 3-тармағында:

бірінші бөліктегі «шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде» деген сөздер «техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «өтінім берушіге» деген сөздер «өтініш берушіге техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 21-баптың 7-тармағы «аттестаты» деген сөзден кейін «техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 22-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектісіне жазбаша түрде» деген сөздер «аккредиттеу субъектісіне техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жаңарту кезінде аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жаңартудың себептерін негіздей отырып өтінімін жəне өзгерістер енгізілген құжаттарды техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште ұсынады. Жаңартуға өтінім қағаз жеткізгіште жіберілген кезде өзгерістер енгізілген құжаттар екі данада ұсынылады.»;

7) 26-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аккредиттеу субъектісінің техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жіберген өтініші болғанда;»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аккредиттеу субъектісінің техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жіберген өтінішінің болуы;».

10-тармақ 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

10. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

11-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

22-баптың 2-тармағында:

12) тармақшасындағы «отандық тауарларды өндіру мен қызмет көрсету» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлар өндірісінің жəне көрсетілетін қызметтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) тармақшасындағы «отандық тауарлар мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлардың жəне» деген сөздермен ауыстырылсын.

12-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

12. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

15-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы «(тиеуге)» деген сөзден кейін «(Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін алдын ала хабардар ете отырып, порттардың сыртқы рейдінде тұрған кемелерді бункерлеуді қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын.

13. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

13-тармақтың 1) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) 1-баптың 1-1) жəне 4-2) тармақшалары алып тасталсын;

13-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2) 11-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасындағы «отандық» деген сөз «Қазақстанда шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

13-тармақтың 3) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) 12-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

13-тармақтың 4) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4) 14-баптың бірінші бөлігінде:

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті органға тоқсан сайын береді;»;

15) тармақша алып тасталсын;

13-тармақтың 5) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

5) 21-баптың 4-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын.

14-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

14. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

2-қосымшаның 357-1-жолы алып тасталсын.

15-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

15. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «отандық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің» деген сөздермен ауыстырылсын.

16. «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 9-баптың 8) тармақшасы «тəртібін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тəртібін» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 11-баптың 4-тармағында:

1-1) тармақшадағы «техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын» деген сөздер «ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;»;

3) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

«18-1-бап. Тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы

1. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауышы тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы болып танылады.

2. Тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы техникалық-экономикалық ақпарат объектілері сыныптауыш топтарының кодтары мен атауларының жиынтығын жүйеге келтіру арқылы тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді сыныптаудағы біріздендірудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді.

3. Тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлеріне қолданылады.

4. Тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын мемлекеттік органдар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын жəне техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жөніндегі жұмыстарға қатысатын жəне (немесе) оларды өз қызметінде пайдаланатын жеке жəне заңды тұлғалар пайдаланады.»;

4) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын жария талқылау стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.».

17-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

17. «Арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

8-баптағы «отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өнім берушілерге» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге» деген сөздермен ауыстырылсын.

18-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

18. «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 13) тармақшасындағы «, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мəртебесін айқындау» деген сөздер алып тасталсын;

2) 40-баптың 2-тармағында:

3) тармақша алып тасталсын;

4) тармақшадағы «шығарылған жері туралы сертификат жəне ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мəртебесін айқындау туралы» деген сөздер «шығу тегі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.

19. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы «Өнеркəсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріліп жүзеге асырылады.»;

19-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2) 4-баптың 6) тармақшасындағы «отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге» деген сөздермен ауыстырылсын.

20. «Өнеркəсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері - кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар;»;

20-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтары 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстанда шығарылған тауар - толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік жəне технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сəйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мəліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) жəне 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-1) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кəсіпкерлік субъектісі;

7-2) қарсы міндеттемелер - өнеркəсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің осы Заңға сəйкес өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өзара міндеттемелері;»;

13) жəне 14) тармақшалардағы «отандық тауарларын,» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 23-1) жəне 25) тармақшалармен толықтырылсын:

«23-1) цифрлық верификация - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі арқылы жүзеге асырылатын өтініш берушіні бағалаудың автоматты процесі;»;

«25) ірі тапсырыс берушілер - кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар; квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері; жүйе құраушы кəсіпорындар.»;

20-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «отандық тауарлар мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарлардың жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 8-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын жəне олардың үлгілік нысанын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларын бекітеді;»;

4) 9-бапта:

20-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

13) тармақша алып тасталсын;

20-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

14) тармақшадағы «отандық» деген сөз «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

35) тармақша алып тасталсын;

20-тармақтың 4) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

мынадай мазмұндағы 41-1) жəне 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«41-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

41-2) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізеді;»;

20-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

5) 10-бапта:

2) жəне 3) тармақшалардағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер тиісінше «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне», «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) жəне 8) тармақшалардағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 11-баптың 3) тармақшасындағы «тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сəйкес ұйымдардың» деген сөздер «жүйе құраушы кəсіпорындардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

7) 12-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін өтініш берушілердің өндірісін бағалауға қатысады;»;

8) 13-бапта:

20-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацындағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;

20-тармақтың 8) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

5-тармақта:

2), 4), 5) жəне 6) тармақшалардағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшадағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

10), 10-1) жəне 10-2) тармақшалардағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

9) 15-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «отандық тауарларын, жұмыстары» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын, орындалатын жұмыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

10) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қазақстандық тауар өндірушінің болуы.»;

20-тармақтың 11) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

11) 29-баптың 9) тармақшасындағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 12) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

12) 37-баптағы «Отандық», «отандық» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 13) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

13) 38-бапта:

тақырыптағы «отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту жəне» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту мен» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

1) тармақшадағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақтың 14) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

14) 43-бапта:

1-тармақтағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірінші абзацтағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «отандық өндірушілер» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшадағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 46-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік берілген көлемін көздейтін кепілдендірілген сатып алу шарттары;»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ірі тапсырыс берушілер өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша тапсырыс берушілер болып табылады.»;

16) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«47-бап. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау жəне жасасу тəртібі

1. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:

1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленетін жəне бекітілетін сатып алу жоспарларын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді);

2) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылардан «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сəйкес қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) жəне орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын;

3) табиғи монополиялар субъектілерінен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сəйкес жасалатын алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбелерін;

4) жүйе құраушы кəсіпорындардан алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарлар ды сатып алу жоспарларын алады.

2. Ірі тапсырыс берушілердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарлары (бағдарламалары, тауарлар тізбелері) сатып алуды жүзеге асырудың бірінші жылының алдындағы жылы ұсынылады.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарларында (бағдарламаларында, тауарлар тізбелерінде) ішкі нарықта сатып алынатын тауарларды немесе кепілдік міндеттемелері қолданылатын шетелде шығарылған тауарларды қоспағанда, сатып алуға жоспарланатын тауарлардың тізбесі көзделеді.

4. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ерекшеліктерге сəйкестігін қарайды.

Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сəйкессіздіктер анықталған жағдайда ірі тапсырыс берушілерге сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.

Ірі тапсырыс берушілер өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзінің сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) өзгерістер енгізеді жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға қайта жібереді.

Бұл ретте өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

5. Сатып алуға жоспарланатын тауарлардың келісілген тізбесі 1 ақпанға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде орналастырылады.

6. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүдделі өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде осы Заңның 48-бабына сəйкес офтейк-келісімшарттар жəне осы Заңның 48-1-бабына сəйкес кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасу үшін өтінімді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбесі жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде береді.

7. Ірі тапсырыс берушілер өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындарының өтінімдерін қарайды жəне өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау жəне жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сəйкес өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде офтейк-келісімшарттар немесе кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасады.

8. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасалғаннан кейін ірі тапсырыс берушінің өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасына зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтар жүргізуге құқығы бар.

Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасына зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтар өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарт жасалғанға дейін ірі тапсырыс беруші ұсынатын тауардың техникалық сипаттамалары, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы негізінде жүргізіледі.

Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасының зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтарының оң нəтижелері алынған жағдайда осы тауар топтамасын беру жүргізіледі. Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасының зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтарының теріс нəтижелері алынған кезде өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарт өңдеу өнеркəсібі кəсіпорнының кінəсінан орындалмаған болып есептеледі жəне бұзуға жатады.

Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберінде тауар берілген кезге дейін ірі тапсырыс берушілер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сатып ала алады.

Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шартқа қол қойылғаннан кейін тауардың қосымша техникалық сипаттамаларын, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттерін, жиынтықталуына қойылатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.»;

17) мынадай мазмұндағы 47-1, 48-1, 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 жəне 51-7-баптармен толықтырылсын:

«47-1-бап. Жүйе құраушы кəсіпорындардың сатып алуы

1. Өндіріс көлемі тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жиынтық өндіріс көлемінің үш пайызынан астамын құрайтын өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары жүйе құраушы кəсіпорындар болып табылады.

2. Жүйе құраушы кəсіпорындар тізбесін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.

3. Жүйе құраушы кəсіпорындардың тауарларды сатып алуы өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның елішілік құндылықты мониторингтеуіне жатады.

4. Жүйе құраушы кəсіпорындардың тауарларды сатып алуы осы Заңның 47, 48, 48-1 жəне 49-баптарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады.»;

«48-1-бап. Кепілдендірілген сатып алу шарттары

1. Кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарлардың кепілдік берілген көлемін жасалған кепілдендірілген сатып алу шартының талаптарына сəйкес ұзақ мерзімді негізде беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жасалған кепілдендірілген сатып алу шарттары қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде жəне Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

2. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шартына өзгерістер енгізу ірі тапсырыс берушінің жəне өңдеу өнеркəсібі кəсіпорнының келісуі бойынша жүзеге асырылады.

3. Кепілдендірілген сатып алу шартының қолданылу мерзімі шартта айқындалады, бірақ бір жылдан кем болмайды. Кепілдендірілген сатып алу шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі он жылдан аспайды.

4. Кепілдендірілген сатып алу шартында: тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың атаулары;

шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне өнім беру көлемі;

шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны жəне тиісінше орындамағаны үшін шарт тараптарының жауапкершілігі;

тараптардың келісуі бойынша өзге де талаптар қамтылуға тиіс.»;

20-тармақтың 17) тармақшасының он жетінші - тоқсан үшінші абзацтары 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

«51-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру тəртібі

1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін (бұдан əрі - тізілім) қалыптастыру қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады жəне мынадай кезеңдерден тұрады:

1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтінім беру;

2) цифрлық верификация;

3) өндірісті бағалау;

4) өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның тізілімге енгізу не енгізбеу туралы шешім қабылдауы.

2. Өтінім беру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес ақпаратты жинауға жəне өңдеуге келісім;

2) өндірісті бағалау жəне мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;

3) өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;

4) тауар өндірудің мəлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мəліметтер ұсынылады.

3. Өтінім берілгеннен кейін өндірістік қызметті растайтын қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады.

Тізілімге енгізу үшін қажетті мəліметтерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі қалыптастырады.

Цифрлық верификация нəтижелері өтінім берушіге «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Цифрлық верификация нəтижесі теріс болған жағдайда шешімде негіздемелері бар уəжді жауап қамтылуға тиіс.

4. Өндірісті бағалау кезінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалуын тексеруді, тауар өндірудің мəлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мəліметтер негізінде жүзеге асырады.

Бұл ретте өтінім беруші мəлімдеген өндірістік жəне технологиялық операциялар өндірістік жəне технологиялық операциялардың ең төмен шегіне сай келуге тиіс.

5. Осы баптың 2-тармағына сəйкес өтінім беруші мəлімдеген мəліметтер негізінде өндірісті бағалау мүмкін болмаған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, көшпелі инспекцияны жүзеге асырады.

Салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерін көшпелі инспекцияға қатысуға тарту ерікті сипатта болады жəне өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Көшпелі инспекцияның қорытындысы бойынша өндірісті бағалау актісі жасалады.

6. Өндірісті бағалау нəтижесі оң болған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган өтінім берушіні тізілімге енгізеді.

Өндірісті бағалау нəтижесі теріс болған кезде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар уəжді жауап автоматты түрде жіберіледі.

Кəсіпкерлік субъектісі анықталған сəйкессіздіктерді жойғаннан кейін тізілімге енгізу үшін өтінімді қайта беруге құқылы.

7. Өтінім беруші өтінімде көрсетілген, берілген мəліметтердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

8. Қазақстандық тауар өндіруші, тауар жəне елішілік құндылық үлесі туралы мəліметтерді көрсете отырып, өзі өндіретін тауар туралы мəліметтер қамтылуға тиіс тізілімнен үзінді-көшірме қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растау болып табылады.

9. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өндіретін қазақстандық тауар өндірушілерді тізілімге енгізу кезінде өндірісті бағалау талап етілмейді.

10. Осы баптың талаптары бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге қолданылмайды жəне осы Заңның 51-2-бабымен регламенттеледі.

51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу жəне одан шығару тəртібі

1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркəсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым Қазақстанда шығарылған тауарларға теңестіріледі.

2. Тізілімге енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тəртібін ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

3. Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган тоқсан сайын тізілімдегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге мониторинг жүргізеді жəне оның нəтижелері туралы өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органды хабардар етеді.

4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерді тізілімге енгізуді жəне одан шығаруды ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның хабарламасы негізінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады.

5. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаға ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органға шағым жасауға құқылы.

51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар

1. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар:

1) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, оның аумағында не оның аумақтық теңізінде (өзге де ішкі су айдындарында) немесе оның түбінен не Қазақстан Республикасының аумағындағы атмосфералық ауадан өндірілген табиғи ресурстар (пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстар, су, жер ресурстары);

2) Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері;

3) Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтары.

2. Кең таралған пайдалы қазбаларды, Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мəліметтерді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.

3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес көмірсутектерді немесе уранды өндіруге арналған келісімшарттар туралы мəліметтерді көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.

4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мəліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімге енгізу үшін ұсынады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері туралы мəліметтерді агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.

6. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар туралы мəліметтерді жергілікті атқарушы органдар тізілімге енгізу үшін ұсынады.

7. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар туралы мəліметтерді тізілімге осы баптың 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарына сəйкес ұсынылған мəліметтер негізінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган енгізеді.

51-4-бап. Тізілімді мониторингтеу

1. Қазақстандық тауар өндіруші тізілімге енгізілгеннен кейін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган тоқсанына бір реттен кем болмайтындай кезеңділікпен цифрлық верификация арқылы мониторингтеуді жүзеге асырады.

2. Мониторинг қорытындысы бойынша осы Заңның 51-1-бабының 3-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сəйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған сəйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.

Анықталған сəйкессіздіктер жойылмаған жағдайда қазақстандық тауар өндіруші тізілімнен шығарылады.

51-5-бап. Апелляциялық комиссия

1. Цифрлық верификация арқылы мониторинг нəтижелері бойынша тізілімнен шығару жөніндегі қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтарын, шағымдарын апелляциялық комиссия қарайды.

2. Апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.

3. Қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтары, шағымдары апелляциялық комиссияға тізілімнен шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.

4. Апелляциялық комиссия берілген қарсылық, шағым бойынша шешімді қажетті құжаттарды сұрату жəне (немесе) тыңдау өткізу жəне (немесе) көшпелі комиссия өткізу арқылы қабылдайды.

5. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нəтижелері бойынша:

қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнің қабылдануын негіздей отырып, осындай шешімдердің бірін шығарады.

6. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша түрде шығарылады жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның орындауы үшін міндетті болып табылады.

7. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

8. Қарсылықтар, шағымдар қанағаттандырылған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган осындай қарсылық, шағым берген қазақстандық тауар өндірушіні осы Заңның 51-1-бабында көзделген кезеңдерден өткізбей тізілімге енгізеді.

51-6-бап. Тізілімнен шығару

Қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығаруды өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган:

1) тізілімді мониторингтеуді жүргізу кезіндегі цифрлық верификация нəтижелері;

2) бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді мониторингтеу нəтижелері;

3) қазақстандық тауар өндірушінің тізілімнен шығару туралы өтініші негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес заңды тұлға таратылған немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

Қайта ұйымдастыру кезінде жаңадан құрылған заңды тұлға тізілімге қайта енгізу үшін өтінім береді.

Тізілімнен шығарылған қазақстандық тауар өндірушілердің осы Заңның 51-1-бабына сəйкес тізілімге енгізу үшін қайта өтінім беруге құқығы бар.

51-7-бап. Өндіріс шарттары, өндірістік жəне технологиялық операциялар

1. Мақсаты тауарды алу болып табылатын шикізатты немесе материалды қайта өңдеу, өңдеу, сондай-ақ материалды жинау өндірістік жəне технологиялық операциялар болып табылады.

2. Өндіріс шарттарында бір немесе бірнеше өлшемшарттар:

тауарды шикізаттың жəне (немесе) жиынтықтау материалдарының белгілі бір түрінен өндіру;

өнімді сынақтан өткізу;

нормативтік-техникалық немесе рұқсат беру құжаттарының болуы қамтылуға тиіс.

3. Өндіріс шарттарын, өндірістік жəне технологиялық операцияларды өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша əзірлейді жəне бекітеді.

Салалық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өндіріс шарттарын, өндірістік жəне технологиялық операцияларды əзірлеуге қатысады.

Өндіріс шарттарында, өндірістік жəне технологиялық операцияларда Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген өндірістік жəне технологиялық операциялар туралы, сондай-ақ əрбір тауар үшін өндірістік жəне технологиялық операциялардың ең төмен шегі туралы мəліметтер қамтылуға тиіс.

4. Тауар өндірісінің өндіріс шарттарына, өндірістік жəне технологиялық операцияларына өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу кезінде өндірістің бұрын белгіленгеннен гөрі неғұрлым қолайлы шарттарын белгілеуге жол берілмейді.»;

18) 4-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:

«61-1-бап. Елішілік құндылықты дамыту

1. Ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеуге, бекітуге жəне іске асыруға міндетті.

2. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен, сондай-ақ табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын жүйе құраушы кəсіпорындар өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Тиісті мемлекеттік органдардың елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын келісуден бас тартуына негіздер:

1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;

2) өнеркəсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерінің санын ескере отырып, өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу бойынша сай келмейтін индикаторлар;

3) шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы.

3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларында мынадай бағыттар көзделеді:

1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;

2) өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу жəне орындау;

3) шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін дамыту;

4) өзге де бағыттар.

4. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының əрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылдары, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жəне нақты нысаналы көрсеткіштері бар өзге де іс-шаралар қамтылатын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.

5. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу мақсатында ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес олардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес жүзеге асырады.

6. Осы бапта белгіленген міндеттемелерді орындалған деп тану тəртібі елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес айқындалады.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын орындамау, мұндай орындамау ірі тапсырыс берушінің кінəсінан болмаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;

20-тармақтың 19) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

19) 68-бап мынадай мазмұндағы екініш және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Осы Заңның 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 жəне 51-7-баптары қолданысқа енгізілгенге дейін берілген «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттарды беру 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін. Осындай «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.»;

20-тармақтың 20) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

20) 69-бап 2) тармақшасындағы «18-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «18-бапты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 51-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

21-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

21. «Ғылым жəне технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

24-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «отандық тауарлар мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарлардың жəне» деген сөздермен ауыстырылсын.

22-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

22. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 3-баптың 32) тармақшасындағы «отандық шығарылатын тауарлармен,» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлармен, орындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 5-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 9-баптың 2-тармағындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.

2-бап 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

2-бап. Қызметтің басталатыны туралы хабарлама негізінде түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сəйкес 2024 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде екінші санаттағы рұқсатты алмаған немесе түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарлама жібермеген заңды тұлғалар қызметтің басталатыны туралы бұрын жіберілген хабарлама негізінде өз қызметін жалғастыруға құқылы жəне «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен 2025 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде екінші санаттағы рұқсатты алуға немесе түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

3-бап. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарын, 7-тармағының 2), 4), 5), 6), 7), 9) жəне 10) тармақшаларын, 8, 11 жəне 12-тармақтарын, 13-тармағының 2) тармақшасын, 15 жəне 17-тармақтарын, 19-тармағының 2) тармақшасын, 20-тармағы 1) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, бесінші - жетінші абзацтарын, 5) жəне 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші, төртінші - жетінші абзацтарын, 9), 10), 11), 12), 13) жəне 14) тармақшаларын, 17) тармақшасының он жетінші - тоқсан үшінші абзацтарын, 19) жəне 20) тармақшаларын, 21 жəне 22-тармақтарын, 2-бапты;

2) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын;

3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 7-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 13-тармағының 1), 3), 4) жəне 5) тармақшаларын, 14 жəне 18-тармақтарын, 20-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 19 мамыр

  № 188-VIII ҚРЗ