ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
4-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
5-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғалары
7-бап. Банктің құқықтық мәртебесі
8-бап. Банктің жарғылық және меншікті капиталы
9-бап. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері
10-бап. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш
11-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
12-бап. Банк ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі
13-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ТӘРТІБІ
14-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының құқықтық мәртебесі
15-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға қойылатын талаптар
16-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш
17-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту
18-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі
19-бап. Банк қызметін лицензиялау
20-бап. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту
3-БӨЛІМ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
24-бап. Банктің субординарлық борышы
25-бап. Банктің мерзімсіз қаржы құралы
29-бап. Банктің еншілес ұйымдары және банктің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуы
30-бап. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым
31-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу
32-бап. Банктер қатысатын қауымдастықтар
7-тарау. ИСЛАМДЫҚ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
33-бап. Исламдық банк операциялары
35-бап. Исламдық банк операцияларының қағидаттары
36-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес
38-бап. Исламдық банк депозиттері
39-бап. Исламдық бағалы қағаздарды шығарудың ерекшеліктері
43-бап. Мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен банктік инвестициялық қызмет
44-бап. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезіндегі агенттік қызмет
8-тарау. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
46-бап. Банктің тәуелсіз директорлары
48-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
50-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер
51-бап. Банк акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу ерекшеліктері
4-БӨЛІМ. БАНКТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
9-тарау. БАНК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
52-бап. Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын негізгі талаптар
53-бап. Мөлшерлемелер, комиссиялар мен тарифтер
54-бап. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
55-бап. Банк қызметінің ақпараттық қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету
56-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
10-тарау. БАНКТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
57-бап. Жауапкершілікпен кредит беру
58-бап. Жеке тұлғаның банктік қарызының ерекшеліктері
59-бап. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің банктік қарызының ерекшеліктері
60-бап. Жеке тұлғаның ипотекалық қарызының ерекшеліктері
62-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушы заңды тұлғаға қатысты қолданылатын шаралар
63-бап. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тәртібі
64-бап. Банктің жолданымдарды қарауы
66-бап. Банктік қарыз шарты бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі
11-тарау. БАНК ҚҰПИЯСЫ. БАНКТЕГІ АҚША МЕН МҮЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНДІРІП АЛУ
70-бап. Банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу және олардан өндіріп алу
5-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
71-бап. Уәкілетті органның құзыреті
72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер
73-бап. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер
74-бап. Провизиялар (резервтер)
75-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының есепке алуы мен есептілігі
76-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі
78-бап. Қадағалап ден қою шаралары
79-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
80-бап. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
81-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
82-бап. Банкке, банк холдингіне және банк конгломератына кіретін ұйымдарға аудит
83-бап. Банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру
84-бап. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырудың салдары
6-БӨЛІМ. БАНКТІ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАДАҒАЛАУ, ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
85-бап. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері
86-бап. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар
14-тарау. КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
87-бап. Күшейтілген қадағалау режимі
89-бап. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
91-бап. Банктің қызмет қабілетін бағалау
94-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеу
95-бап. Банк акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату
96-бап. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау
99-бап. Реттеу режимін тоқтату
16-тарау. БАНКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ УАҚЫТША ӘКІМШІЛІК
101-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік туралы жалпы ережелер
102-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
103-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау
104-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін тоқтату
7-БӨЛІМ. ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
17-тарау. БАНКТІ, БАНК ХОЛДИНГІН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
105-бап. Банкті, банк холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жалпы шарттары
106-бап. Банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері
18-тарау. БАНКТІ ИСЛАМ БАНКІНЕ АЙНАЛДЫРУ НЫСАНЫНДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
108-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру ұғымы
109-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсаты
110-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
111-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіндегі оның қызметі
19-тарау. БАНКТІ ТАРАТУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
113-бап. Банктерді тарату түрлері мен негіздері
114-бап. Таратылатын банк кредиторларының комитеті
115-бап. Уәкілетті органның банкті тарату процесіндегі өкілеттіктері
116-бап. Банктің тарату массасы
20-тарау. БАНКТІ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТАРАТУ
21-тарау. БАНКТІ МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТУ
118-бап. Банкті мәжбүрлеп тарату негіздері
119-бап. Банкті өзге де негіздер бойынша тарату
120-бап. Мәжбүрлеп таратуды жүргізу шарттары мен тәртібі
121-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы
122-бап. Мәмілелерді жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару
123-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігі
22-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ
125-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторлар комитеті
129-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату
9-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-тарау. АРНАУЛЫ, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
131-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
134-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
135-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-тарау. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР. БАНК ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ
МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру объектілері - банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, оның ішінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиентпен деректер (мәліметтер) алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
2) әмбебап банк лицензиясы - уәкілетті органның банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиясы;
3) базалық банк лицензиясы - уәкілетті органның банкке осы Заңда базалық банк лицензиясы бар банк үшін белгіленген шектеулер мен ерекшеліктер ескеріле отырып, банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиясы;
4) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) пайдаланған және (немесе) оларға билік еткен;
бір тұлғаның заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компаниясының немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігіне қосқан;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлға бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
5) банк - коммерциялық ұйым болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы Заңға сәйкес банк лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға;
6) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы - сауда-саттық өткізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;
7) банк конгломераты - банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан (бұдан әрі - банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар) тұратын заңды тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар тобы.
Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын еншілес ұйымдар және капиталына Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдар кірмейді;
8) банк лицензиясы - әмбебап банк лицензиясы, базалық банк лицензиясы және (немесе) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия;
9) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - банк болып табылмайтын, уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға;
10) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес:
жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы жеке немесе заңды тұлға.
Мыналар банктің ірі қатысушысы болып танылмайды: Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитенті;
банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз банк акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында көрсетілген өзге де тұлғалар;
11) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес:
жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы заңды тұлға.
Мыналар банк холдингі болып танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитенті;
банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз банк акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында көрсетілген өзге де тұлғалар;
12) басқару органы - акционерлік қоғамның директорлар кеңесі не заңды тұлғада тұрақты әрекет ететін, құзыреті бойынша өзге де ұқсас орган;
13) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын басқа ұйымға бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);
14) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлға банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына, Ұлттық пошта операторына немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақшаны алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен (сыйақысымен) не онсыз, толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға не үшінші тұлғаларға қайтарылуға тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, көрсетілген ақшаны номиналды түрде (исламдық банк операциялары шеңберіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;
1-бабының 15) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) деректер витринасы - уәкілетті органның талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және жаңартылатын, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін қадағалау және (немесе) есептілікті ұсыну жөніндегі талаптарды орындау мақсатында сақтауға және уәкілетті органға белгіленген форматта беруге арналған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының құрылымдалған деректер жинағы;
16) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);
17) жанама иелену - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының және (немесе) бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдеріне дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың не басқа да нысандарын сатып алу арқылы ықпал ету мүмкіндігі;
18) жүйелік маңызы бар банк - тұтастай алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығы оның тұрақты жұмыс істеуіне байланысты болатын банк;
19) заңды тұлға болып табылмайтын ұйым - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған (тіркелген), олардың шет мемлекетте заңды тұлға мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;
20) ислам банкі - исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде көрсетілген банк үшін негізгі қызмет түрі болып табылатын исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы банк;
21) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия - ислам банкіне, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалына, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына берілген, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған уәкілетті органның лицензиясы;
22) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк - әмбебап банк лицензиясы негізінде банк операцияларын және өзге де операцияларды, сондай-ақ исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы банк;
23) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден өткен және банк лицензиясы негізінде банк операцияларын және өзге де операцияларды және (немесе) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің оқшауланған бөлімшесі;
24) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
халықаралық ұйымдар;
25) Қазақстан Республикасының резиденттері:
Қазақстан Республикасының азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары;
26) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
27) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты - сервистік компания мен осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;
28) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;
29) нарықтық емес активтер кепілінің препозициясы - банктің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген соңғы сатыдағы қарызды алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кепілге қабылдауы үшін қолайлы, көрсетілген банктің нарықтық емес активтерін алдын ала айқындауы жөніндегі рәсім;
30) сервистік компания - құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;
31) таратылатын банк - банкті мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешіміне не уәкілетті органның банкті ерікті түрде таратуға берген рұқсатына сәйкес тарату рәсімінде тұрған банк;
32) төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз банк - қызмет қабілетін бағалау мынадай мән-жайлардың біреуінің болуын растайтын банк:
банк міндеттемелерінің банк активтерінен асып түсуі;
банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің және (немесе) өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден төмен деңгейге дейін төмендеуі;
ақшаның болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты банктің депозиторлар және (немесе) өзге кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді орындауға қабілетсіздігі;
банктің қаржылық орнықтылығына айтарлықтай теріс әсер ететін банктің корпоративтік басқаруындағы және (немесе) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіндегі едәуір кемшіліктер;
банктің қаржылық орнықтылығына айтарлықтай теріс әсер ететін, банктің реттеу немесе қаржылық есептілігіндегі едәуір бұрмаланулар, оның ішінде ұсынылған ақпараттың банктің нақты қаржылық жағдайынан едәуір ауытқуына алып келген залалдарды әдейі бұрмалау немесе мойындамау, есептік саясатта айла-шарғы жасау;
банктің қаржылық орнықтылығының қауіп-қатерін куәландыратын мән-жайлардың болуы, оның ішінде банк активтері құнының едәуір нашарлауы;
банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру үшін осы Заңда белгіленген негіздердің болуы;
жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың кез келгені банкке қатысты алдағы алты ай ішінде басталатынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы;
33) тұрақтандыру банкі - реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін өзіне беру мақсаты үшін құрылатын екінші деңгейдегі банк;
34) тұтынушылық банктік қарыз - ипотекалық қарызды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін жеке тұлғаның банктік қарызы
35) ұйымның капиталына қомақты қатысу - шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа нысандарының жиырма және одан көп пайызын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету.
Мыналар ұйымның капиталына қомақты қатысуы бар тұлға болып танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;
осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалар;
36) ірі қатысушы - дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа нысандарының он немесе одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым.
Мыналар заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы.
2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты болып табылады.
2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздерді белгілеу;
2) Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу, бақылау және қадағалау;
3) банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары депозиторларының, өзге де кредиторларының және клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) банк қызметтері нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және халыққа көрсетілетін банк қызметтерінің қолжетімді болуына жәрдемдесу.
3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) банк қызметін тиімді және пропорционалды (мөлшерлес) реттеу;
2) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің өзге де қатысушылары қызметінің ашықтығы;
3) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің өзге де қатысушыларының банк қызметін жүзеге асыру процесіндегі жауапкершілігі.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
4-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1. Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (6ірінші) деңгейін білдіреді.
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді және екінші деңгейдегі банктер болып табылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары да Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейінің құрамына кіреді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсаты, міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттіктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзінің құзыреті шегінде банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу, бақылау және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың депозиторларының, өзге де кредиторларының және клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
3. Уәкілетті органның не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлға:
1) негізгі немесе қосымша қызмет ретінде банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы емес.
Мемлекеттік орган, Ұлттық пошта операторы, Қазақстанның Даму Банкі, халықаралық қаржы ұйымдары, сондай-ақ осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекітілген өкілеттіктері шегінде өзге тұлғалар жүзеге асыратын банк операцияларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары маңызсыз болып табылады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстанның Даму Банкін, халықаралық қаржы ұйымдарын және банктердің өкілдіктерін қоспағанда, өзінің атауында, құжаттарда, хабарландыруларда және (немесе) жарнамада «банк» деген сөзді немесе одан туындайтын ол банк операцияларын жүзеге асыратындай әсер қалдыратын сөзді (ұғымды) пайдалануға құқылы емес.
4. Қазақстан Республикасында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі - осы Заңда және «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын ерекше құқықтық мәртебесі бар екінші деңгейдегі банк.
5. Қазақстан Республикасында бүркеме-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.
5-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғалары
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларды, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитенттерін;
осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар банктің үлестес тұлғалары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінде және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері мәртебесінің немесе белгілерінің болуы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының банктің органдарына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметін;
ұлттық басқарушы холдингтің және (немесе) оның лауазымды адамдарын көрсетілген банктің үлестес тұлғалары деп тануға негіз болып табылмайды.
3. Осы банктер акционерлерінің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің болуы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаты үшін ескерілмейді.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі ұсынатын мәліметтер негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.
6-бап. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және мемлекет жауапкершілігінің аражігін ажырату.
Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тәуелсіздігі
1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бұған банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) мемлекет өзіне осындай жауапкершілік алған жағдайлар кірмейді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда мемлекетті к органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметіне араласуына тыйым салынады.
3. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банк көрсетілген қаражатты беру туралы шешім қабылданған күннен бастап және оларды қайтару жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде:
1) пайданы бөледі, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде өз акцияларын кері сатып алуды жүргізеді;
2) еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуының болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан (тіркелген) заңды тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар) өзге де инвестицияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) оны сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап және көрсетілген қаражатты беру жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде олардың банк акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайтуға құқылы.
Банктің ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі мәртебесін алу үшін қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің акцияларына тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін сатып алғысы келетін тұлға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. БАНК АШУ ТӘРТІБІ
7-бап. Банктің құқықтық мәртебесі
1. Банк Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, акционерлік қоғам нысанында құрылады.
2. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаның «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) банк ретінде уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты немесе уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаты негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркелуімен (қайта тіркелуімен) және банк лицензиясының болуымен айқындалады.
3. Банктің атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) «банк» деген сөздің немесе содан туындайтын сөздің болуы;
2) кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде «ұлттық», «орталық», «мемлекеттік», «республикалық» деген сөздер пайдаланылмауы;
3) еншілес банктердің атауын қоспағанда, бұрын құрылған банктердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас сөздер және (немесе) белгілемелердің пайдаланылмауы;
4) бас банктің атауының болуы (еншілес банктің атауы үшін);
5) «ислам банкі» деген сөз тіркесінің болуы (ислам банкінің атауы үшін).
4. Банк басқармасы тұрған жер (пошталық мекенжайы) банк тұрған жер деп танылады.
5. Ислам банкінің жарғысында және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәліметтерден басқа, банктің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес функцияларының сипаттамасы мен оны құру тәртібі қамтылуға тиіс.
6. Банктің атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда банк осындай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайларда осындай өзгерістер туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға осындай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
7. Таратылатын банк қызметін тоқтату Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік тіркелген күннен бастап банктің ресми мәртебесін жоғалтады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8-бап. Банктің жарғылық және меншікті капиталы
1. Банктің жарғылық капиталы осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды орналастыру есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қалыптастырылады.
2. Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, базалық банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
3. Мынадай жағдайларды қоспағанда, банк акциялары оларды орналастыру кезінде ақшамен ғана төленуге тиіс:
8-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) банкке реттеу режимін қолдану шеңберінде банктің міндеттемелерін осындай банктің жай акцияларына конвертациялау;
2) банктің акцияларына конвертацияланған эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына конвертациялау;
3) банктің жарғысы және банк акциялары шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне конвертациялау;
4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банк акцияларының ақысын төлеу;
5) микроқаржы ұйымы айналдыруға өтініш бергенге дейін микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылу.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда акциялардың ақысын төлеу үшін пайдаланылатын мүлікті бағалауды жүргізу талап етілмейді.
4. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің ең төмен меншікті капиталы банк лицензиясын алуға арналған өтініш берілген күні осы Заңның 72-бабы 1-тармағы екінші бөлігі 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
9-бап. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері
1. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері және (немесе) бейрезиденттері банктің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
9-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Осы Заңның 4-бабының 4-тармағында және 94-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және (немесе) акционері бола алады.
Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банктің осы Заңның 98-бабында көзделген активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.
Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, дауыс беретін акцияларының не жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды.
2. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, дербес немесе басқа тұлғамен (басқа тұлғалармен) бірлесіп:
жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге;
банкті бақылауды жүзеге асыруға;
банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
ұлттық басқарушы холдингке;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға;
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитентіне;
банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз банк акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлғаға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында көрсетілген өзге де тұлғаларға қолданылмайды.
Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы осындай сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаларға, сондай-ақ банкті бақылауды жүзеге асыратын немесе банк қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал ететін тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың банк немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу тәртібі «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-5-бабында белгіленеді.
3. Банктің дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайларды қоспағанда, банктің кемінде бір ірі қатысушысы немесе бір банк холдингі болуға тиіс.
4. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде тізбесі белгіленетін офшорлық аймақтарда тіркеле алмайды.
Аталған шектеу Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің еншілес ұйымы болып табылатын, рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингіне ие банкке қолданылмайды. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі мен ең төменгі талап етілетін рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мына шарттардың кез келгені болған кезде:
1) көрсетілген тұлғалар өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай банк шешіміне бірлесіп ықпал ететін болса;
2) көрсетілген тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылса;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес банктің дауыс беретін акцияларын және Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берсе (міндеттесе);
4) көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе банктің дауыс беретін акциялары шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге мүлік берсе;
5) көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаның лауазымды адамы болып табылса;
6) өкіл өзі өкілі болып табылатын тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілі болып табылатын тұлғаның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаның өкілі болып табылса;
7) көрсетілген тұлғалар жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылса;
8) уәкілетті орган белгілеген жағдайларда көрсетілген тұлғалар банк шешіміне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін болса, бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
6. Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мына шарттардың кез келгені болған кезде:
1) көрсетілген тұлғалар өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін болса;
2) көрсетілген тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылса;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берсе (міндеттесе);
4) көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге де мүлік берсе;
5) өкіл өзі өкілі болып табылатын адамның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілі болып табылатын адамның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы болмайтын жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаның өкілі болып табылса;
6) көрсетілген тұлғалар уәкілетті орган белгілеген жағдайларда банк шешіміне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін болса, бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
1) банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;
2) банктің директорлар кеңесі банк акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап арызбен сотқа жүгіну;
3) банк акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
4) банктің директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
5) аудиторлық ұйымның өз есебінен банкке аудит жүргізуі мәселелері бойынша ғана бірлесіп шешімдер қабылдауын көздейтін, өздерінің арасында жасалған шарт негізінде әрекет ететін, жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар банктің ірі қатысушысы, банк холдингі деп танылмайды.
8. Егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келсе, бұл тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алмайынша банкте қабылданатын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті қабылдауға және (немесе) банктің акцияларымен және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарымен дауыс беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келетін тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға, оның ішінде көрсетілген тұлғадан банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды алты айдан аспайтын мерзімде өткізуін талап етуге құқылы.
9. Уәкілетті орган тұлғаның банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келетіні туралы мәліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.
Көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан талап ете алады.
10. Банк жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар құрамының өзгергені туралы осындай факті анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
11. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсынуға міндетті.
12. Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және мыналарды қамтиды:
1) банктің ірі қатысушысы белгілерін анықтау мақсаты үшін жеке немесе заңды тұлғаның банк қабылдайтын шешімдерге банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ету (дауыс беру) жағдайларын анықтау;
2) заңды тұлғаның банк холдингінің белгілерін анықтау мақсаты үшін банк қабылдайтын шешімдерге банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ету (дауыс беру) жағдайларын анықтау;
3) жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды бірлесіп банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп тану мақсаты үшін олардың банк шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ету жағдайларын айқындау;
4) бақылау белгілерін анықтау мақсаты үшін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның шешімдерін өзгеше түрде айқындау мүмкіндігі болған жағдайларды анықтау;
5) ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау мақсаты үшін дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың жиырма және одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану не оларға билік ету жағдайларын анықтау.
10-бап. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш
1. Жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2. Өтініш беруші банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
3. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса берілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан кем құрылтайшылар туралы мәліметтер (уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тізбе бойынша), оның ішінде құрылтайшы заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ құрылтайшы заңды тұлғаның өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар - 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда құрылтайшы заңды тұлға өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Мынадай жағдайларда:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болғанда;
құрылтайшы заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылғанда және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылғанда және қолжетімді болғанда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды.
3) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында, 10-тармағының 1) тармақшасында және 14-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, өтініш беруші банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында айқындалған тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
4) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-6-бабына сәйкес банк еншілес банкті құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат алған жағдайда еншілес ұйымды құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш және рұқсатты беру үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
5) жеке тұлға құрылатын банк акцияларын сатып алу (жарғылық капиталының ақысын төлеу) үшін пайдаланатын қаражат көздерін (шығу тегін) растайтын құжаттардың көшірмелері.
Жеке тұлға құрылатын банк акцияларын сатып алу (жарғылық капиталының ақысын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 7-тармағында айқындалған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай шартының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
7) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.
4. Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банк акцияларын сатып алуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
5. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банк акцияларын сатып алуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
6. Уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
7. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беру тәртібі «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
8. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:
өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;
ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.
Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.
Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда қайта басталады.
9. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
11-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) банк атауының осы Заңның 7-бабы 3-тармағының талаптарына сай болмауы;
2) банк құрылтайшысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.
Мынадай белгілердің кез келгенінің болуы тұрақсыз қаржылық жағдай деп түсініледі:
банк құрылтайшысы міндеттемелерінің акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарына орналастырылған және банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өз активтерінен асып кетуі;
аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша банк құрылтайшысының залал шегуі;
банк құрылтайшысының міндеттемелері мөлшерінің банктің қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қауіп-қатер төндіруі;
банк құрылтайшысының банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау банк құрылтайшысының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
банк құрылтайшысының мүлкі құнының (оның міндеттемелері шегерілген) банк акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы;
банк құрылтайшысының тұрақсыз қаржылық жағдайының және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторлары мен өзге кредиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігінің болуы туралы куәландыратын уәжді пайымдау пайдаланылып анықталған өзге де негіздер.
Банк микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған жағдайда тұрақсыз қаржылық жағдай банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуші тұлғада ғана болмауға тиіс;
3) банк құрылтайшысының жеке тұлғаның не құрылтайшының заңды тұлғаның атқарушы органының және (немесе) басқару органының бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруының тоқтатылуына алып келген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқарған жағдайлар.
Осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген банк ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан кейін немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қаржы ұйымы деп түсініледі;
4) осы Заңның 9-бабында белгіленген шектеулерді сақтамау;
5) осы Заңның 10-бабында және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;
6) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
7) уәкілетті органның еншілес банкті құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы;
8) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша ескертулерін осы Заңның 10-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;
9) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы.
2. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту себебін негіздей отырып, банк ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
12-бап. Банк ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі
1. Уәкілетті орган банкке банк лицензиясын беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін банк ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
2. Мынадай жағдайларда банк ашуға берілген рұқсаттың күші жойылды деп танылады:
1) банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы банк қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) сот банктің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы;
3) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда заңды тұлғаны банк ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеуі;
4) уәкілетті органның банк ашуға рұқсатты кері қайтарып алуы.
Рұқсат беруге негіз болған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған жағдайда уәкілетті орган банк ашуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Уәкілетті орган банк ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды;
5) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк лицензиясын алмауы.
3. Банктің құрылтайшысы (акционері) банк ашуға берілген рұқсатты уәкілетті органға қайтару арқылы банк ашуға рұқсаттан өз еркімен бас тартуға құқылы.
Көрсетілген жағдайда банк өзге ұйым болып қайта тіркелуге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметін тоқтатуға міндетті.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуге бұрын берілген келісімнің күші жойылды деп танылады.
13-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банкке мемлекеттік қайта тіркеуді Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және уәкілетті орган мақұлдаған микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп негізінде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк көрсетілген микроқаржы ұйымының барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Банк микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк лицензиясын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде клиенттерге микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, көрсетілген банк жүзеге асыруға құқылы операциялардың түрлерін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банкке, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын қарыз алушылар үшін жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге тыйым салынады.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ТӘРТІБІ
14-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ресми мәртебесі оны Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылатын Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеумен (қайта тіркеумен) және банк лицензиясының болуымен айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің атауы, сондай-ақ «филиал» деген сөздің болуы;
2) басқа банктердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас сөздер және (немесе) белгілемелердің пайдаланылмауы;
3) «ислам банкі» деген сөз тіркесінің болуы (Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының атауы үшін).
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жері Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы тұрған жері деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ережеде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас органның функцияларының сипаттамасы қамтылуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы осындай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайларда, осындай өзгерістер туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға осындай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
15-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға қойылатын талаптар
Мына талаптардың барлығы орындалған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің жиынтық активтерінің сомасы он миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға берген келісім (рұқсат) сол мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда осындай келісімнің (рұқсаттың) болуы;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банк қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болуы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алуға арналған өтініш берген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және өтімділік коэффициенттерін бұзудың болмауы.
16-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беруші береді.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
2) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банк операциялары және өзге де операциялар тізбесі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банк қызметін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы;
осы Заңның 72-бабының 4-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мәселелер бойынша шешімдерді қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті өзі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар - 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды;
7) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер;
8) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.
3. Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар қолданылмайды.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:
ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;
ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.
Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін және (немесе) өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.
7. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
17-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі атауының осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
3) осы Заңның 15-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
4) ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді осы Заңның 16-бабы 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;
5) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі.
2. Уәкілетті орган бас тарту себебін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
18-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына банк лицензиясын беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
2. Мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың күші жойылды деп танылады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданысы тоқтатыла тұруы немесе одан айырылуы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеуден өтпеуі;
4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алуы.
Рұқсат беруге негіз болған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк лицензиясын алмауы.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты уәкілетті органға қайтару арқылы оған берілген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсаттан өз еркімен бас тартуға құқылы.
Көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген филиалды есептік тіркеуден алу арқылы өз филиалының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін тоқтатуға міндетті.
19-бап. Банк қызметін лицензиялау
1. Банк лицензиясын уәкілетті орган береді.
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты;
микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты берген күннен бастап бір жыл ішінде, бірақ көрсетілген рұқсатта белгіленген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беруші банк лицензиясын алуға арналған өтінішті уәкілетті органға беруге міндетті.
3. Әмбебап банк лицензиясын немесе базалық банк лицензиясын алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды жоспарлы бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде мыналарды орындауға:
1) уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға;
2) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды бекітуге;
3) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сай келетін, өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясын бекітуге;
4) банк қызметін жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті өзге де ішкі құжаттарды бекітуге міндетті.
4. Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін өтініш беруші исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жоспарлы басталуына байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде мыналарды орындауға:
1) уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға;
2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ережені бекітуге;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерін тағайындауға;
4) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды бекітуге;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сай келетін, өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясын бекітуге;
6) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті өзге де ішкі құжаттарды бекітуге міндетті.
5. Өтініш беруші бір мезгілде әмбебап банк лицензиясын және исламдық банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін:
1) осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарды орындауға;
2) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операцияларын жүзеге асыру үшін бөлінген активтердің қалыптастырылуын қамтамасыз етуге;
3) исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді банктің өзге де активтері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алуды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Өтініш беруші заңды тұлға әмбебап банк лицензиясын немесе базалық банк лицензиясын алу үшін алғаш рет ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) өтініш беруші осы баптың 3-тармағында көзделген банк қызметін жүзеге асырудың жоспарлы басталуына байланысты талаптардың және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын растайтын өтініш;
2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) көрсетілген алымды «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) осы Заңның 45-бабында және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес басшы қызметкерлер лауазымына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сай келетін, өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.
Өтініш берушінің даму стратегиясына өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде өтініш берушінің пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ, егер өтініш берушінің бас ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келсе, өтініш беруші құрамына кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.
Егер өтініш қаржы жылы аяқталғанға дейін екі айдан аз уақыт бұрын берілсе, өтініш берушінің даму стратегиясына өтініш берілетін жылдан кейінгі қаржы жылына осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген ақпарат қосымша енгізіледі;
6) қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсетіле отырып, өтініш берушінің штат кестесі;
7) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің жарғылық капиталының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.
7. Өтініш беруші заңды тұлғаның исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алғаш рет алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген құжаттар;
2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің көшірмесі;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымына тағайындалған адамдардың осы Заңның 36-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын, олар туралы мәліметтер.
8. Өтініш беруші заңды тұлға бір мезгілде әмбебап банк лицензиясын және исламдық банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін алғаш рет ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттар;
2) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операциялары үшін бөлінген активтердің қалыптастырылуын растайтын құжаттар.
9. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына банк лицензиясын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас операциялар түрлеріне банк қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы (қолданыстағы рұқсаты) болған кезде береді.
10. Өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы әмбебап банк лицензиясын алғаш рет алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) осы баптың 6-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында өзінің филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және мұндай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
4) рұқсат етілген операциялар түрлерінің тізбесі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі.
Егер осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асыруға құқылы операциялар түрлерінің тізбесі өзгерсе не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алса, көрсетілген лицензия (рұқсат) ұсынылады.
11. Өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін алғаш рет ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттар;
2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (нұсқаудың) көшірмесі;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас органның басшысы мен мүшелерінің лауазымына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер.
12. Өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы бір мезгілде әмбебап банк лицензиясын және исламдық банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алғаш рет алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) осы баптың 11-тармағында көзделген құжаттар;
2) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операциялары үшін бөлінген активтердің қалыптастырылуын растайтын құжаттар.
13. Жұмыс істеп тұрған банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің жұмыс істеп тұрған филиалы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін:
1) операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтер мен лимиттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2) операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асырудың жалпы талаптары туралы қағидаларды бекітуге;
19-бабы 13-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) осы Заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылығын қалпына келтірудің жаңартылған жоспарын бекітуге міндетті.
14. Жұмыс істеп тұрған банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің жұмыс істеп тұрған филиалы операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) оның ішінде өтініш беруші осы баптың 13-тармағында көзделген талаптардың орындалуын растайтын өтініш;
19-бабы 14-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) осы Заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылығын қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының көшірмесі;
3) көрсетілген алымды «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.
15. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған қосымша лицензия алуға өтініш бергенге дейін жоспарланып отырған исламдық банк операцияларын жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде мыналарды орындауға:
1) осы баптың 13-тармағында белгіленген талаптарды орындауға;
2) банк акционерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органының жалпы жиналысының исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алуға ниеті туралы шешім қабылдауға;
3) осы Заңның 7-бабының 5-тармағында көзделген жарғыға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ережеге осы Заңның 14-бабының 4-тармағында көзделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге;
4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ережені бекітуі, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерін тағайындауға (өтініш беруші банк үшін);
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сай келетін, таяу үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясын бекітуге;
6) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, исламдық банк операцияларын жүзеге асыру үшін бөлінген активтердің қалыптастырылуға;
7) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өзге де активтері мен міндеттемелерінен исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алуды қамтамасыз етуге тиіс.
16. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға қосымша лицензия алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) осы баптың 14-тармағында көзделген құжаттар;
2) банк акционерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органының жалпы жиналысының исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алу ниеті туралы шешімінің көшірмесі;
3) осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы жарғының, ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің көшірмесі, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымына тағайындалған адамдардың осы Заңның 36-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын, олар туралы мәліметтер (өтініш беруші банк үшін);
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (нұсқаудың) көшірмесі, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымына тағайындалған адамдар не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы мәліметтер (өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы үшін);
5) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сай келетін, таяу үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының көшірмесі;
6) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген, бөлінген активтердің қалыптастырылуын растайтын құжаттар.
17. Банк лицензиясын беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде ұсынылған банк лицензиясын беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтінішті «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның ішінде осы Заңның 21-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өтініш беруші базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу кезінде бір мезгілде операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын алу қажет болған кезде өтініш беруші осы баптың 13 және 15-тармақтарында белгіленген талаптарды орындауға міндетті. Көрсетілген жағдайда уәкілетті орган банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді өтініш беруші ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген өтінішті қарау мерзімін мынадай кез келген жағдайларда тоқтата тұруға құқылы:
ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің анықталуы;
ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.
Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган көрсетілген құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші осы тармақтың алтыншы бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі қайта басталады.
18. Уәкілетті орган банк лицензиясын беру немесе қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етілген операциялар түрлерінің атауларын нақтылауға құқылы.
19. Банк лицензиясын бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.
20. Банк лицензиясы шектеусіз мерзімге беріледі.
Банк лицензиясы үшінші тұлғаларға берілмеуге тиіс.
Банк операцияларының және өзге де операциялардың, исламдық банк операцияларының барлық түрін жүзеге асыру құқығына берілген банк лицензиясында тікелей нұсқау болған кезде ғана оларды жүзеге асыруға болады.
21. Банк лицензиясының көшірмесі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенттері көруі үшін қолжетімді жерде, сондай-ақ олардың интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
22. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың әрқайсысы үшін рұқсат етілген банк операциялары түрлерінің тізбесін қоса алғанда, олардың құқықтық мәртебесі, қызметін құру, лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртібі, оларға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиялар беру негіздері және олардың қызметін ықтимал шектеу осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензиялар беру тәртібі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларын жүргізу үшін қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі олардың құзыреті шегінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
23. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға мыналарға:
1) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаға осы Заңның 22-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға;
2) қызметті қолма-қол шетел валютасымен айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаға осы Заңның 22-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операциясын жүзеге асыруға арналған лицензияны береді.
20-бап. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту
1. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) өтініш берушінің осы Заңның 19-бабында және 112-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;
2) құрамына банк кіретін банк конгломератының өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңде пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) осы Заңның 72-бабының 4-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыру жөніндегі талапты орындамауы;
4) банктің жарғылық капиталының осы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас операциялар түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;
6) өтініш берушіге банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшінің жойылуы;
7) өтініш берушінің даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) мыналарды:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін өтініш беруші қызметінің рентабельді болатынын;
өтініш берушінің және (немесе) құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындайтынын;
өтініш берушінің оның даму стратегиясына сәйкес келетін ұйымдастырушылық құрылымының бар екенін растайтын мәліметтерді ұсынбауы;
8) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар ішінен өтініш берушінің басшы қызметкеріне келісім берілмеуі (банк лицензиясын алуға алғаш рет жүгінген өтініш беруші үшін);
9) осы Заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі басшы қызметкердің Қазақстан Республикасының резиденті болуы жөніндегі талаптың сақталмауы;
10) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
11) банк лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі.
2. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда өтініш беруші соның негізінде бас тарту алынған сәйкессіздіктерді жоюға және түзетілген (нақтыланған) құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыныла отырып, банк лицензиясын алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.
Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жоюға және өтініш берушіге келісім беруден бас тартылған адамның орнына осы Заңның 45-бабының және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының талаптарына сәйкес өтініш берушінің басшы қызметкері лауазымына өтініш беруші ұсынатын жаңа адамға қатысты құжаттар мен мәліметтер ұсыныла отырып, банк лицензиясын алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.
21-бап. Базалық банк лицензиясы бар банктің әмбебап банк лицензиясы бар банкке өту (қайта ресімдеу) тәртібі
1. Активтерінің жиынтық көлемі қатарынан үш ай бойы әрбір осындай айдың есепті күніне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шекті мәннен асатын, базалық банк лицензиясы бар банк осы уақыт кезеңі өткеннен кейін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін уәкілетті орган белгіленген есепке алу мен есептілікке қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
2. Активтерінің жиынтық көлемі қатарынан тоғыз ай бойы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шекті мәннен асатын, базалық банк лицензиясы бар банк осы баптың 1-тармағына сәйкес он екі ай бойы пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді сақтаған кезде осы Заңның 19-бабында белгіленген тәртіппен базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну арқылы базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеуге не өз активтерінің жиынтық көлемінің мәнін шекті мәннен аспайтын мөлшерге дейін азайтуға міндетті.
3-БӨЛІМ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6-тарау. БАНКТІҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКІ
ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
22-бап. Банк қызметі
1. Банктің қызметі осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банк операцияларын, осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өзге де операцияларды, сондай-ақ осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларын жүзеге асыру болып табылады.
2. Банк тиісті банк лицензиясы болған кезде банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) депозиттер қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетілетін, осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
5) аударым операциялары: ақша төлемдері мен аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың нұсқауларын орындау;
6) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдау және беру;
7) қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен айырбастау операциялары;
8) банктік қарыз операциялары: ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда банктік қарыздар беру (банкаралық кепілгерлікті қоспағанда);
9) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
10) ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру (банкаралық кепілгерлікті қоспағанда);
11) үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін және өзге де міндеттемелерді беру (банкаралық кепілдіктерді қоспағанда);
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
13) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
14) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда).
Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын шектерде жүзеге асырады.
Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9), 10), 11), 13) және 14) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының резиденттерімен ғана жүзеге асырады.
3. Банк тиісті банк лицензиясы болған кезде осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларынан басқа, өзге де операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талап беру арқылы қаржыландыру;
3) сенімгерлік операциялар: құрылтайшы көрсеткен адамның мүддесіне, сенімгерлік басқару құрылтайшысының тапсырмасы бойынша ақшаларды, тазартылған қымбат металдарды, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етуді) басқару;
4) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтарды, үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер;
5) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
6) құрамында бағалы металдар және (немесе) асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
7) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшінің вексельдерді төлеу бойынша қызметтер ұсынуы, домицилденген вексельдерді төлеу, делдалдық тәртібімен вексельдер акцепті;
8) форфейтингтік операциялар (форфейтингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы төлеу;
9) банкаралық қарыздар (банкаралық қаржыландыру), банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.
Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген операцияларды Қазақстан Республикасының резиденттерімен ғана жүзеге асырады.
4. Ислам банкі, сондай-ақ исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк тиісті банк лицензиясы болған кезде исламдық банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) исламдық банк депозиттерін қабылдау:
жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді қабылдау,
жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
3) банктік қарыз операциялары: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беру (банкаралық кепілгерлікті қоспағанда);
4) жеке және заңды тұлғаларды:
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз;
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шартымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде банктік қаржыландыру;
5) заңды тұлғалардың капиталына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен өндірістік және сауда қызметін банктік қаржыландыру;
6) лизинг (жалдау) шарттарымен банктік инвестициялық қызмет;
7) исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезіндегі агенттік қызмет.
Егер бұл ислам банкінің жарғысында және банк лицензиясында көзделсе, ол осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарды сақтай отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында және 3-тармағының бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
5. Әмбебап банк лицензиясы бар банк уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде және 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банк операцияларынан және өзге де операциялардан басқа, сондай-ақ осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларынан басқа, сондай-ақ ислам банкі осы баптың 4-тармағында көзделген исламдық банк және өзге де операциялардан басқа, бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
Базалық банк лицензиясы бар банк уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген банк операцияларынан және өзге де операциялардан басқа, бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) брокерлік қызмет;
2) дилерлік қызмет.
Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі тізбесі мен сатып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асырады.
Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі бағалы қағаздар нарығында осы Заңның 23-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып, дилерлік қызметті жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органның тиісті лицензиялары болған кезде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде және 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды, осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларын, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы уәкілетті органның тиісті лицензиялары болған кезде:
1) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларын;
2) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6) , 7), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында және 3-тармағының бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін, сондай-ақ, егер бұл филиал туралы ережеде көзделсе және осы Заңның 35-бабында белгіленген исламдық банк операцияларының қағидаттарын сақтай отырып, осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға құқылы.
7. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, сондай-ақ осы баптың 8-тармағының екінші бөлігінің 1), 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ғана жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптан басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін жеке тұлғадан кемінде бір жүз жиырма мың АҚШ долларына балама мөлшерде депозит қабылдау шарт болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын банктер үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
8. Осы Заңда және (немесе) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген банк операцияларын лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы болған кезде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүзеге асыра алады.
Уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде:
1) Ұлттық пошта операторы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
2) ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің операциялық орталығы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
3) депозиттер қабылдауды қоспағанда, орталық депозитарий осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
4) депозиттер қабылдауды қоспағанда, қор биржасы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында, сондай-ақ қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
5) депозиттер қабылдауды қоспағанда, орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
6) депозиттер қабылдауды қоспағанда, брокер осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
7) депозиттер қабылдауды қоспағанда, дилер осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
8) ипотекалық ұйым осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы;
9) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы негізінде:
1) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлға осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 12-тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы.
Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, тасымалдау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қызметтің өзге түрлерімен (өзге де операциялармен) айналысуға тыйым салынады;
2) қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген банк операцияларын қолма-қол шетел валютасымен жүзеге асыруға құқылы.
23-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық және өзге де кәсіпкерлік қызметі
1. Банкке осы Заңда көзделмеген инвестициялық және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу арқылы мына ұйымдарда инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын қаржы және (немесе) төлем ұйымдары, сондай-ақ банктер (кредиттік ұйымдар), сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және (немесе) төлем ұйымдары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру үшін арнайы құрылған еншілес ұйымдар;
3) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылған арнаулы қаржы компаниялары;
4) Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдар;
5) лизингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
6) қор биржалары, орталық депозитарий;
8) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын ұйымдар;
9) жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
10) Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе қаржы қызметтерінің эмитенттері мен тұтынушылары арасында қаржылық қызметтер көрсету бойынша мәмілелер жасасу мүмкіндігін ұсыну жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
11) қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
12) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сауда алаңында және (немесе) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңында және (немесе) интернет-платформада ұсыну және өткізу жөніндегі, сондай-ақ оларға тиесілі алаңдар мен платформаларды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) биометриялық сәйкестендірумен жұмыс істеу жөніндегі жүйелер саласындағы бағдарламалық қамтылымды, жабдықтар мен құрылғыларды әзірлеуді, ендіруді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
14) ақпараттық қауіпсіздік және (немесе) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құралдарды әзірлеуді, сүйемелдеуді және ендіруді жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
15) бұлтты есептеу технологиялары пайдаланыла отырып, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
16) технологиялық платформаға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);
17) цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары;
18) цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары;
19) төлем карточкаларымен операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банк қызметі бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдар;
20) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкес келуін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
21) электрондық ақша жүйесі операторының қызметтерін көрсететін ұйымдар;
22) осы Заңның 32-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қауымдастықтар;
23) көрсетілген сатып алу уәкілетті органның қосымша талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге заңды тұлғалар;
24) исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде өзге де ұйымдар.
Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісім, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымы өзі резиденті болып табылатын тиісті шет мемлекеттің уәкілетті органы мен қаржылық қадағалау органы арасында қадағалау ақпаратын алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісім болған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын ұйымдардағы акцияларын, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуға құқылы.
Базалық банк лицензиясы бар банкке Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйымдардағы акцияларын, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің ережелері банктің көрсетілген ұйымдарды құру жағдайларына қолданылады.
3. Банк банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге қамтамасыз ету) өндіріп алған және (немесе) осы Заңның 28-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алған кезде көрсетілген акциялар, қатысу үлестері, пайлар не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандары банктің меншігіне өткен кезде акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуға құқылы.
4. Әмбебап банк лицензиясы бар банк мыналарды сатып алу арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы:
1) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;
2) мемлекеттік борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;
3) мемлекеттік емес борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар, оның ішінде:
міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялар;
міндеттемелеріне банк кепілдік берген банк холдингінің облигациялары;
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде шығарылған арнаулы қаржы компаниясының облигациялары;
өзге де мемлекеттік емес борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;
4) банктің өзінің борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары;
Базалық банк лицензиясы бар банк осы Заңның 50-бабының 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген бағалы қағаздарды сатып алу арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға қайшы келмейтін бөлігінде, сондай-ақ исламдық бағалы қағаздарды сатып алу арқылы осы тармақтың бірінші бөлігінің 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу тәртібі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі мәмілелер жасасуға құқылы цифрлық қаржы активтерінің тізбесін, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтеріне қойылатын талаптарды қамтиды.
5. Банк мынадай қаржы құралдарымен мәмілелерді тек бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасасуға құқылы:
1) бағалы қағаздардың қайталама нарығында мәмілелер жасасу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар;
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы банктер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде банктің басқа банк акцияларын сатып алу жағдайларына, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
6. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және мыналарды қамтиды:
1) банк сатып алатын немесе құратын ұйымдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ банктің көрсетілген ұйымдарға қатысуының шекті мөлшері;
2) осы баптың 2-тармағының 23) тармақшасында көзделген заңды тұлғалардағы акциялар мен қатысу үлестерін сатып алуға қойылатын қосымша талаптар;
3) банк сатып алатын борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылатын талаптар;
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын банк сатып алуға құқылы халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі;
меншікті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздармен;
міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен;
міндеттемелеріне банк кепілдік берген банк холдингінің облигацияларымен мәмілелер жасасу тәртібі;
6) банктің бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында:
бағалы қағаздардың қайталама нарығында мәмілелер жасасу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды;
туынды қаржы құралдарын;
туынды бағалы қағаздарды сатып алу жағдайлары мен тәртібі.
Банктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес белгіленетін ұйымдардағы қатысуының шекті мөлшерлеріне қатысты талаптар банктер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде банктің басқа банк акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес белгіленетін талаптар бұрын сатып алынған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер осы эмитенттің қайта құрылымдалатын міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген жағдайда міндеттемелері қайта құрылымдау процесінде тұрған эмитенттің борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын банктің аталған эмитенттің бұрын сатып алынған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарының орнына сатып алған жағдайларына қолданылмайды.
7. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген қызметтен басқа, әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі мынадай кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:
1) өзінің бағалы қағаздары мен цифрлық қаржы активтерін шығару;
2) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес төлем қызметтерін көрсету;
3) банк пен көрсетілген ұйым арасында жасалған шарт негізінде осындай ұйымның клиенттеріне банк операцияларына және өзге де операцияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін банктің өзінің технологиялық инфрақұрылымын банк болып табылмайтын басқа ұйымға беруі арқылы банк қызметін жүзеге асыру.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген қызмет шеңберінде банк осындай клиенттің пайдасына банк жасаған банк операциялары және өзге де операциялар үшін басқа ұйымның клиенті алдында дербес жауапты болады;
4) төлемді қолма - қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асыруға болатын кезде банк жүйелерін, бағдарламаларын, инфрақұрылымын пайдаланып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алу және оларға қашықтан ақы төлеу мүмкіндігін қоса алғанда, қызмет көрсету сервисін ұсыну арқылы төлеуші мен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында делдалдық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру;
5) банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, өткізу, пайдалануға беру және қолдап отыру;
облигация ұстаушылар өкілінің;
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық немесе синдикатталған қаржыландыру мәмілесінде агент банктің және (немесе) кепілді басқарушының;
шетелдік құқықпен реттелетін қарыз (қаржыландыру) шарты бойынша агент банктің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауды қоса алғанда, банк қызметіне және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке байланысты мәселелер бойынша басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;
7) орталық депозитарийде депоненттің атына ашылған депонент шотты (шоттардың) басқару жөніндегі қызметтер көрсету;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растау;
9) банк қызметі және қаржылық қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;
10) банк қызметі және қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
11) банк қызметі және қаржылық қызмет мәселелері бойынша ақпараттың арнаулы әдебиетін жеткізгіштердің кез келген түрінде өткізу;
12) банк пен Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын жасасуға шарт болған кезде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шарттарын жасасу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасынан өндіріп алу (өзге де қамтамасыз ету) және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына өндіріп алу нәтижесінде банк сатып алған мүлікті өткізу;
15) жалға беру (мүліктік жалдау) шартына сәйкес өз мүлкін еншілес ұйымдарға жалға беру;
16) банктің меншігіне өткен тұрғынжайды жалға беру (мүліктік жалдау) шарты негізінде, оның ішінде сатып алу шартымен жалға беру;
17) фискалдық деректер операторының қызметін жүзеге асыру;
18) бақылау-кассалық машиналар үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, өткізу, пайдалануға беру және қолдап отыру.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, көрсетілген жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз еткен, шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына кепіл нысанасы болып табылған, тұрғын үйді бас тарту ретінде беру нәтижесінде тұрғын үйі банк меншігіне өткен жеке тұлғалар ғана осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұрғынжайды жалға алушылар ретінде бола алады.
8. Базалық банк лицензиясы бар банк мынадай кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:
1) өзінің бағалы қағаздарын шығару;
2) осы баптың 7-тармағының 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) 17) және 18) тармақшаларында көзделген кәсіпкерлік қызмет түрлері.
9. Банктер мен банк холдингтеріне «алтын акция» шығаруға тыйым салынады.
10. Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу арқылы не мұндай қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайларда осындай ұйымдар құру арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында, сондай-ақ 7-тармақтың 2) (төлем карточкаларын шығару және өткізу (тарату) жөніндегі операцияларды жүзеге асыру бөлігінде), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
11. Осы баптың қағидалары осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға қайшы келмейтін бөлігінде ислам банктеріне, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдарына, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
24-бап. Банктің субординарлық борышы
Банктің субординарлық борышы деп банктің қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемесі түсініледі, ол бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандырады:
1) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеменің қолданылу мерзімі кемінде бес жылды құрайды;
2) кредитор (кредиторлар) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме бойынша оны мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер көрсетілген өтеу (орындау) банктің пруденциялық нормативтерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен азайтуға алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме осы Заңның 123-бабында белгіленген он бірінші кезек тәртібімен қанағаттандырылады;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де шарттар (талаптар).
25-бап. Банктің мерзімсіз қаржы құралы
Банктің мерзімсіз қаржы құралы деп банктің қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемесі түсініледі, ол бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандырады:
1) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеменің қолданылу мерзімі кемінде елу жылды құрайды не қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме мерзімсіз (өтеу күні белгіленбеген) болып табылады;
2) кредитор (кредиторлар) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме бойынша оны мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер көрсетілген өтеу (орындау) банктің пруденциялық нормативтерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен азайтуға алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме осы Заңның 123-бабында белгіленген он екінші кезек тәртібімен қанағаттандырылады;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де шарттар (талаптар).
26-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері
1. Банк «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген талап сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі банктің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыруға құқылы.
26-бабының 2-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2. Банк шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығарған және (немесе) орналастырған кезде не шығару шарттарында банктің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде банк мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
1) уәкілетті орган көрсетілген банкке қатысты осы Заңда көзделген реттеу құралдарын қолданған жағдайда, банктің борыштық бағалы қағаздарын шығару шарттарында борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ережелер қамтылады;
2) көрсетілген борыштық бағалы қағаздар бойынша кепілгер болып табылатын банкке осы Заңда көзделген реттеу құралдары қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ережелер қамтылады.
26-бабының 3-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары осы Заңда айқындалған тәртіппен реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау шеңберінде эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру жағдайларына қолданылмайды.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі банктің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырған не шет мемлекеттің аумағында орналастырылған борыштық бағалы қағаздар бойынша кепілгер болған банк «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
27-бап. Банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен жасалған бас қаржылық келісім шеңберінде тарату неттингі
1. Осы Заңның 78, 79 және 80-баптарының, 81-бабының 2-тармағының, 84-бабының 1, 3 және 4-тармақтарының, 87, 89, 92, 93, 94, 96, 97 және 98-баптарының, 101-бабының 2-тармағының, 102-бабының, 115-бабының 1-тармағының, 116-бабының 1-тармағының, 120-бабының, 126-бабының 2-тармағының және 128-бабының 1-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
2. Бас қаржылық келісім тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
3. Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
28-бап. Кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану немесе бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынатын мүлік
1. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мынадай:
1) осы Заңның 23-бабы 7-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сатып алу шартымен банк жалға (мүлікті жалдауға) берген тұрғынжайды;
2) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде өздері сатып алған мүлікті өткізуге міндетті.
2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мыналарды:
1) өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін;
2) осы Заңның 23-бабы 7-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сатып алу шартынсыз жалға (мүлікті жалдауға) берілген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне мөлшерлес ұзартылатын тұрғынжайды;
3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік сатып алынған күннен бастап он екі айдан кешіктірмей өзінің үй-жайы ретінде пайдаланудың басталуы шартымен осылайша пайдалануға ниеттенетін көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті сатып алынған күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда, банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы тиісті ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алынған күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге міндетті.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өзінің үй-жайы ретінде пайдалану тоқтатылған жағдайда, көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті көрсетілген пайдалану тоқтатылған күннен бастап екі жыл ішінде банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
3. Банк банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолданған және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алған кезде банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алған жағдайларда, банктің мұндай ұйымдарға қатысуы уәкілетті орган белгілеген шекті мөлшерден аспауға тиіс.
Банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осы Заңның 23-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу жағдайларын қоспағанда, акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын олар сатып алынған күннен бастап он екі ай ішінде өткізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолданған және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алған кезде акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің мұндай ұйымдарға қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтары мен 3-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
5. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым осы Заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, оған бас банк берген, оның ішінде жарғылық капиталға салым арқылы берген және (немесе) бас банктен сатып алынған мүлікті банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
6. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мүлікті өткізу үшін банк пен оның стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымы үшін жалпы (жиынтық) мерзім ол бастапқы сатып алынған күннен бастап үш жылды құрайды.
Акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осы баптың 3- тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын өткізу үшін банк пен оның стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымы үшін жалпы (жиынтық) мерзім олар бастапқы сатып алынған күннен бастап он екі айды құрайды.
7. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мүлікті тікелей атаулы сату уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында жүзеге асырылады.
29-бап. Банктің еншілес ұйымдары және банктің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуы
1. Өзіне осы Заңның 23-бабының 2-тармағында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру шеңберінде банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге құқылы.
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылмайтын банктің еншілес ұйымдарын:
қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, пайдалануға беруді және қолдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарын;
осындай ұйым құрылатын немесе қызметін жүзеге асыратын елдің құқығына сәйкес қаржылық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарын;
осындай ұйым құрылатын немесе қызметін жүзеге асыратын елдің құқығына сәйкес лизингтік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарын;
2) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 3-тармағында көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын банктің еншілес ұйымын құру және (немесе) иелену, сондай-ақ олардың капиталдарына қомақты қатысу жағдайларын қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға қолданылмайды.
3. Банктердің еншілес ұйымдарына:
1) банк осы Заңның 23-бабының 3-тармағында және 28-бабында белгіленген талаптар мен шектеулер сақталған кезде және осы баптың 8-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алатын ұйымдар;
2) банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға иелік етуі арқылы акциялары, қатысу үлестері, пайлары не үлестік қатысудың басқа да нысандары жанама түрде банкке тиесілі ұйымдар;
3) акцияларын, капиталға қатысу үлестерін ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен қаржыландыру кезінде сатып алған заңды тұлғалар жатпайды.
4. Еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап мынадай жағдайларға:
1) банктер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде банктің басқа банктің акцияларын не басқа банкке тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуына;
2) банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымды құруына немесе иеленуіне қолданылмайды.
5. Банктің осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көрсетілген ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
6. Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банкке мынадай:
1) осы Заңның 23-бабының 3-тармағында және 28-бабында белгіленген талаптар мен шектеулер сақталған кезде және осы баптың 8-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың өзге де нысандарын сатып алған;
2) банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымға иелік етуі арқылы банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын жанама иеленген;
3) ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың капиталына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен қаржыландырған жағдайларда қолданылмайды.
7. Банкке еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-6-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
8. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болмаған кезде бақылау жасау белгілерін не ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда:
1) уәкілетті орган банкке осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
Банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде банк бақылау жасау белгілерін не осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көрсетілген ұйымдардың капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда, банк еншілес ұйымды иеленуге немесе осындай ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын банкке қадағалап ден қою шараларын қолдану шеңберінде уәкілетті орган белгілеген мерзімде алуға міндетті;
2) банк бақылау жасау белгілері не ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған кезден бастап алты ай ішінде өзіне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымға үлестік қатысудың өзге де нысандарын банкпен ерекше қатынасы жоқ тұлғаға иеліктен шығаруды жүргізуге және көрсетілген иеліктен шығаруды растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға немесе еншілес ұйымды иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алуға міндетті.
9. Банктің еншілес ұйымы уәкілетті органға өзінің құрылтай құжаттарына осы еншілес ұйымның атауы және (немесе) қызмет түрлері бөлігінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабар беруге міндетті.
10. Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі еншілес ұйымдарды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайларда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің еншілес ұйымдары және капиталына Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі қомақты қатысатын ұйымдар тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды уәкілетті органның орындауы мақсатында қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
30-бап. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым
1. Өзіне осы Заңның 23-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру шеңберінде банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге құқылы.
Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банк стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдағы акциялар немесе қатысу үлестері тиесілі басқа банкті қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізу кезінде банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі көрсетілген еншілес ұйымдағы акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
2. Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
2) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның болжамды болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға берілуі жоспарланатын активтердің осы баптың 3-тармағында және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым:
1) банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде банк бұрын сатып алған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілерін сатып алуға және өткізуге;
2) банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде банк бұрын сатып алған акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың өзге де нысандарын сатып алуға және өткізуге;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға (мүлікті жалдауға) беруге;
4) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бойынша сервистік компания ретінде әрекет етуге;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым бас банктен, оның ішінде оның жарғылық капиталына салым салу арқылы банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алуға немесе өзгеше түрде меншікке алуға құқылы емес.
5. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
6. Құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым:
1) тараптардың келісімі бойынша өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
2) банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптары осы Заңның 57-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге;
3) өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлікпен басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану процесінде білдіруге;
4) борышкерден өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлікпен басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшасыз нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлікпен басқару шарты жасалған тұлғаның пайдасына беретін болып, қабылдауға;
5) бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және (немесе) өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;
6) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
7. Сервистік компания ретінде әрекет ететін стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді).
8. Құқықтары (талаптары) сервистік компанияға сенімгерлік басқаруға берілген, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы және (немесе) оның өкілі:
1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, оның тұрған жері, онда қарыз алушының дербес деректерінің болуы, қарыз алушы берешегінің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді алуға;
2) жүгіну себептерін негіздей отырып, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға көрсетілген шарт бойынша қарыз алушының және (немесе) қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның міндеттемелерін орындауға байланысты банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы.
9. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:
1) «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 2, және 4-тармақтарында, 5-тармағының 1) және 9) тармақшаларында және 6-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, қарыз алушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын өзге де талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.
10. Құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бойынша сервистік компания ретінде әрекет ететін стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым өз қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда, оның қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылданған (күшіне енген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы:
1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлікпен басқару шартында көзделген тәсілдермен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;
2) «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдердің бірімен құқықтары (талаптары) стрестік активтерді басқару жөніндегі көрсетілген еншілес ұйымға сенімгерлік басқаруға берілген банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша борышкерлерді хабардар етуге міндетті.
11. Құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бойынша сервистік компания ретінде әрекет ететін стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым өз қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда, оның қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылданған (күшіне енген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) өзіне банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан басқа сервистік компанияға құқықтар (талаптар) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға сенімгерлік басқаруға берілген банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша, өз қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылданған (күшіне енген) күнгі жағдай бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;
2) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың барлық жасалған шарттарын бұзуға міндетті.
Өзіне банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.
31-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу
1. Әмбебап банк лицензиясы бар банк банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар оның шегінен тысқары жерде де өз филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
Базалық банк лицензиясы бар банк банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
Базалық банк лицензиясы бар банктің шет мемлекеттің аумағында филиалдар және (немесе) өкілдіктер ашуына тыйым салынады.
2. Әмбебап банк лицензиясы бар банк уәкілетті орган мен тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісім, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісім болған кезде ғана Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде филиалдар ашуға құқылы.
3. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында қосымша үй-жайларға ие болуға құқылы.
4. Банк филиал, өкілдік, қосымша үй-жай ашылған не жабылған не олардың тұрған жері өзгерген жағдайда, банк олардың ашылғаны немесе жабылғаны не олардың тұрған жерінің өзгергені туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қосымша үй-жайлар ашылған не жабылған не олардың тұрған жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі олардың ашылғаны не жабылғаны не олардың тұрған жерінің өзгергені туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
5. Әмбебап банк лицензиясы бар банк Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде филиалдар және (немесе) өкілдіктер ашылған жағдайда, шет мемлекетте олар тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды көрсетілген тіркеуді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында банк қызметін және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында өз өкілдігінің ашылғаны немесе жабылғаны не оның тұрған жерінің өзгергені туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
32-бап. Банктер қатысатын қауымдастықтар
1. Банктер өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауымдастықтар құруға құқылы.
Банктер қатысатын қауымдастықтар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
2. Банктер басқа ұйымдармен қауымдастықтарға (одақтарға) кіруге және олардың қызметіне қатысуға құқылы.
3. Банктер қатысатын қауымдастықтарды қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекені шектеу мақсатында пайдалануға болмайды.
7-тарау. ИСЛАМДЫҚ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
33-бап. Исламдық банк операциялары
1. Исламдық банк операцияларын ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы, сондай-ақ исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы (бұдан әрі - исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы) жүзеге асырады.
2. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы осы Заңның 22-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген операцияларды өз ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша және (немесе) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда коммерциялық кредит ретінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорынан тартылған қаржыландыру есебінен жүзеге асырады.
Көрсетілген жағдайларда:
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) инвестициялық депозит бойынша олардың клиенті (клиенттері) өздерінің ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын иеленеді;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлік басқарушылар болады.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететін банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, көлік құралдарын және өзге де жылжымалы мүлікті тіркеу туралы өтініш беруге құқылы.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншікке қатысушыларды есепке алуды жүргізеді.
3. Исламдық банк операцияларды жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорынан мынадай талаптарды сақтай отырып, коммерциялық кредит туралы шарт негізінде коммерциялық кредит алу арқылы қаржыландыруды тартуға құқылы:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, халықаралық қаржы ұйымы, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры арасында жасалатын коммерциялық кредит туралы шартта:
тауардың атауы мен мөлшері;
тауарға үстеме бағаның мөлшері көрсетіле отырып, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сауда делдалынан тауарды сатып алатын баға;
сауда делдалы исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына ақшалай нысанда жүзеге асырылатын төлемді бөліп төлеу түрінде беретін коммерциялық кредиттің талаптары;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тауарды сауда делдалының үстеме бағасын есепке алмастан, коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген мөлшерде және бағасы бойынша үшінші тарапқа кейіннен сатуы туралы талап қамтылуға тиіс;
2) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде халықаралық тауар биржаларында өткізілетін және халықаралық тауар биржаларында сауда делдалы сатып алатын тауар айқындалады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы Заңның 41-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасы халықаралық тауар биржасы деп танылады;
3) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына тауарды сату бағасы осы тауарды сауда делдалының сатып алу бағасы мен оны исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына коммерциялық кредит туралы шарт бойынша сатқан кездегі тауарға үстеме бағаның сомасынан құралады;
4) тауарды сатушы тіркеп-белгіленген сома немесе тауарды сатып алу бағасының пайызы түрінде белгілейтін тауарға үстеме бағаның сомасы коммерциялық кредит туралы шарт бойынша сауда делдалы алатын сыйақы болып табылады;
5) сауда делдалы, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және үшінші тарап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды.
Коммерциялық кредит туралы шартқа осы тармақта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, тауарларды кредитке (төлемді бөліп төлеу арқылы) сатып алу-сату шартының қағидалары қолданылады.
4. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы:
1) клиенттерге исламдық банк операцияларымен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы хабар беруге;
2) клиентке ұсынылатын құжаттарға банктік көрсетілетін қызметтің исламдық банк операцияларына жататындығы туралы белгі (жазба) қоюға (көрсетуге) міндетті.
34-бап. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, әмбебап банк лицензиясы бар банкке, әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қойылатын талаптар
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, әмбебап банк лицензиясы бар банкке, әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мыналарды:
1) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін исламдық банк операцияларын жүзеге асыру үшін бөлінген активтердің болуын;
2) исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өзге де активтері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алуды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, әмбебап банк лицензиясы бар банкте, әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалында исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді өзінің өзге де активтері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алуды қамтамасыз ету мақсаттары үшін:
осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттар сақтала отырып жүзеге асырылатын исламдық банк операцияларына, сондай-ақ банк операциялары мен өзге де операцияларға арналған;
әмбебап банк лицензия негізінде жүзеге асырылатын банк операциялары мен өзге де операцияларға арналған жекелеген корреспонденттік шоттар мен клиенттердің жекелеген банктік шоттары болуы міндетті.
3. Исламдық банк операциялары шеңберінде түзілетін (есепке алынатын) активтер исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейтін банк операциялары және (немесе) өзге де операциялар бойынша залалдарды өтеу (жабу) және (немесе) міндеттемелерді орындау үшін пайдаланылмайды.
Исламдық банк операциялары нәтижесінде туындайтын міндеттемелер мен залалдар исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейтін активтер есебінен орындалмайды және (немесе) өтелмейді (жабылмайды).
35-бап. Исламдық банк операцияларының қағидаттары
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының исламдық банк операцияларын жүзеге асыру процесінде:
1) пайыз түрінде сыйақы алуға;
2) инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша кіріске кепілдік беруге;
3) темекі және (немесе) алкоголь өнімдерін, қару-жарақты және (немесе) оқ-дәрілерді шығарумен және (немесе) сатумен, ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредит беруге) тыйым салған өзге де қызмет түрлерін қаржыландыруға (кредит беруге) құқылы емес.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалының сақтауы міндетті исламдық банк операцияларының қосымша қағидаттарын айқындауға;
2) осы Заңның 22-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде және 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банк операцияларының және (немесе) өзге де операциялардың жекелеген түрлерін исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
36-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес
1. Операциялардың және (немесе) мәмілелердің осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келуін айқындау үшін ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы операцияларының және (немесе) мәмілелерінің осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келуін айқындауды исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге де ұқсас орган жүзеге асырады.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес көрсетілген банктің директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша банк акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
3. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
4. Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы талаптары туралы қағидаларды, исламдық банк операцияларына қатысты ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларды исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) оң қорытындысы болған кезде банктің директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекітуге тиіс.
5. Егер осы Заңда, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жарғысында және (немесе) ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, кредиттік комитеттің шешімдері, сондай-ақ исламдық банк операциялары шеңберінде жасалған операциялар және (немесе) мәмілелер исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) жеке бекітуін және (немесе) келісуін талап етпейді.
Бұл ретте исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) кредит комитетінің исламдық банк операцияларына қатысты кез келген шешімін, сондай-ақ исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жасау сатысындағы немесе жасаған кез келген операцияны және (немесе) мәмілені олардың осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қалауы бойынша тексеруге құқылы.
37-бап. Операцияларды және (немесе) мәмілелерді исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейді деп танудың салдары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) жасалу сатысындағы операцияларды және (немесе) мәмілелерді осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы көрсетілген операцияларды және (немесе) мәмілелерді жасай алмайды (жасаспайды).
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операцияларын және (немесе) мәмілелерін осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда:
жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған операциялар және (немесе) мәмілелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының талап етуі бойынша бұзылуға (тоқтатылуға) жатады;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орындалған немесе ішінара орындалған операциялар және (немесе) мәмілелер бойынша кірісі қайырымдылыққа бағытталуға тиіс.
38-бап. Исламдық банк депозиттері
1. Талап етуге дейінгі пайызсыз депозит шарты бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиенттің ақшасын қабылданған ақша сомасының пайызы түрінде сыйақы төлеуді немесе төлеуге кепілдік беруді көздемейтін талап еткенге дейінгі банктік салымға қабылдауға және клиенттен тиісті талап түскен жағдайда көрсетілген ақшаны немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттенеді.
Пайызсыз депозит туралы шартқа сыйақы төлеу туралы талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың қағидалары қолданылады.
2. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы клиенттің ақшасын номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз оны белгілі бір мерзімге қабылдауға, ол бойынша кірісті инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен, берілген ақшаны пайдалану нәтижелеріне байланысты төлеуге міндеттенеді.
Инвестициялық депозит туралы шартқа мыналарға:
ақшаны пайдалану және қайтару тәртібіне;
тараптардың құқықтары мен міндеттеріне;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететін сенімгерлік басқарушының сыйақысын айқындау және есепке жазу тәртібіне қатысты осы бапта көзделген ерекшеліктенген мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарттың қағидалары қолданылады.
Инвестициялық депозит туралы шарт жасасу кезінде ағымдағы банктік шот ашылуы мүмкін.
3. Инвестициялық депозит туралы шартта:
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететін сенімгерлік басқарушының сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы клиенттің ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері;
ақшаны қайтару мерзімі мен тәртібі;
ақшаны пайдаланудан келген залалдар тәуекелі;
тараптардың келісімі бойынша өзге де талаптар айқындалуға тиіс.
4. Инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен кіріс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болған жағдайда, инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан түскен кірістің бір бөлігі инвестициялық депозит туралы шарт бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының сыйақысы болып табылады.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы инвестициялық депозит шығынды болған кезде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдаланудан кіріс болмаған кезде) инвестициялық депозит туралы шарт бойынша сыйақы алу құқығын жоғалтады.
5. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тартылған ақшаны инвестициялық депозит туралы шартта айқындалған деңгейде кіріс алынуы мүмкін активтерге орналастыруын көздейтін жағдайды қоспағанда, инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша кірістің және (немесе) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.
6. Егер инвестициялық депозит туралы шартта өзгеше көзделмесе, клиент өзінің талап етуі бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтарып алған кезде кіріс алу құқығын жоғалтады.
7. Инвестициялық депозит туралы шартта мыналар:
клиенттің ақшаны пайдалану тәсілдерін айқындауы бойынша талаптар;
активтердің немесе ақша салу объектілерінің тізбесі;
клиенттің ақшасын оны біріктіру құқығынсыз, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын өзге банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өзге клиентінің ақшасынан бөлек пайдалану бойынша талаптар көзделуі мүмкін.
8. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ақшаны пайдаланудың тәртібі мен нәтижелерін, оның ішінде:
ақшаны пайдалану тәсілдеріне;
активтердің немесе ақша салу объектілерінің тізбесіне;
ақшаны пайдаланудан түскен кірістің немесе залалдардың мөлшеріне;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының сыйақы мөлшеріне қатысты айқындау мақсатында жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті.
9. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдалану туралы есепті клиенттің талап етуі бойынша ұсынуға міндетті.
10. Егер инвестициялық депозит туралы шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық депозитке ақша салған клиент исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенттердің инвестициялық депозитте орналастырылған ақшаны салуына байланысты туындайтын міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ инвестициялық депозитке салынған ақша сомасы шегінде ақша салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар тәуекелін көтереді.
11. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, осындай залалдар үшін жауапты болмайды.
Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кінәсінен болса, онда исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентке осындай залалдардың туындағаны туралы хабар беруге және келтірілген залалдарды клиентке өтеуге міндетті.
39-бап. Исламдық бағалы қағаздарды шығарудың ерекшеліктері
Ислам банкі:
1) артықшылығы бар акцияларды қоспағанда, ақцияларды;
2) сыйақының кепілдік берілген мөлшерін немесе құнынан пайыз түрінде сыйақы төлеуді көздейтін облигацияларды немесе өзге де борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге де бағалы қағаздарды шығаруға құқылы.
40-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды банктік қаржыландыру
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы коммерциялық кредит туралы шарт негізінде тауарды сатып алушыға немесе сатушыға тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға құқылы.
2. Коммерциялық кредит туралы шартқа осы бапта көзделген ерекшеліктер және осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттар ескеріле отырып, тауарларды кредитке (төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы) сатып алу-сату шартының қағидалары қолданылады.
3. Коммерциялық кредит туралы шартта:
тауардың атауы және мөлшері;
тауарға үстеме бағаның мөлшері, коммерциялық кредиттің талаптары (төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу) көрсетіле отырып, сатып алушы исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалынан тауар сатып алатын баға қамтылуға тиіс.
4. Егер коммерциялық кредит туралы шартта өзгеше көзделмесе, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының сатып алушыға тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасы мен тауарға үстеме баға сомаларынан құралады. Тауарға үстеме баға тіркеп-белгіленген сома немесе сатушыдан тауарды сатып алу бағасының пайызы түрінде белгіленуі мүмкін.
5. Тауарды сатып алу кезінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті.
6. Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша бір мезгілде сатып алушы болатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берілмейді. Тауарды сатушы мен исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы арасында жасалған сатып алу-сату шартында:
тауарға алдын ала ақы төлеу;
сатып алынған тауарды белгілі мерзімде қайтару және тауардың сатып алу бағасын қайтару талаптары көзделуі мүмкін.
7. Коммерциялық кредит туралы шартта сатып алушының тауарға ақша немесе өзге мүлік кепілімен ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талаптары көзделуі мүмкін.
8. Коммерциялық кредит туралы шарттың осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкестігі туралы исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) қорытындысы, егер мыналар:
1) дайындалатын қайта өңдеу өнімдері, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;
2) бөлініп алынатын жемістер, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ мүлікті пайдалану, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету нәтижесінде алынатын (өндірілген) өзге де ұқсас өнімдер түрінде тауарларды сатып алу көрсетілген шарттың нысанасы болып табылса, талап етіледі.
9. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және осы баптың 8-тармағында көрсетілген тауарды өндіруші (дайындаушы) болып табылатын сатушы арасында жасалған коммерциялық кредит туралы шартта тауарды тараптардың келісімінде айқындалған мерзімде беру (беру мерзімін кейінге қалдыру) талабымен сатып алынатын тауарға дереу ішінара немесе толық ақы төлеу (аванс түріндегі коммерциялық кредит) көзделуі мүмкін.
Тауар өндірушіге (дайындаушыға) коммерциялық кредит беру кезінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және тауарды тікелей сатып алушы арасында жасалған сатып алу-сату шартында тауарды тараптардың келісімінде айқындалған мерзімде беру (беру мерзімін кейінге қалдыру) талабымен тауарға дереу ішінара немесе толық алдын ала ақы төлеу туралы талаптар көзделуі мүмкін.
10. Осы баптың 8-тармағында көзделген коммерциялық кредит туралы шарт жасалған жағдайда исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және тауар өндіруші (дайындаушы) арасындағы қарым-қатынастарға мердігерлік, тауар беру, келісімшарт жасау, өтелетін қызметтер көрсету туралы қағидалар немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, осы қарым-қатынастарға сәйкес келетін міндеттеме туралы басқа да қағидалар қолданылады.
41-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды банктік қаржыландыру
1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды банктік қаржыландыруға осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 40-бабының ережелері қолданылады.
Осы баптың мақсаттары үшін исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалынан тауарды сатып алатын және оны кейіннен үшінші тұлғаға сататын жеке немесе заңды тұлға исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын көрсетілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті деп аталады.
2. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру деп мынадай талаптар сақтала отырып, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша жүзеге асырылатын мәміле танылады:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын көрсетілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті коммерциялық кредит туралы шарттың тараптары болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартта исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті тауарды кейіннен сатуды жүзеге асыратын үшінші тұлға (осы баптың мақсаттары үшін - үшінші тарап) көрсетіледі;
2) коммерциялық кредит туралы шарт бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің тауарды сатып алуы, сондай-ақ көрсетілген клиенттің тауарды үшінші тарапқа кейіннен сатуы исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қатысуымен жүргізіледі;
3) коммерциялық кредит исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалынан клиент сатып алған тауарды үшінші тарапқа өткізуі шарттарымен беріледі.
Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша өткізілген тауарға меншік құқығы коммерциялық кредит туралы шарт жасалғаннан кейін дереу үшінші тарапқа өтеді. Үшінші тараптың тауардың ақысын төлеуі тауар мен тауардың құжаттары өзіне берілгеннен кейін кідіртілместен, мұндай тауарды исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тауар берушіден сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі;
4) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде халықаралық тауар биржаларында өткізілетін және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы халықаралық тауар биржаларында не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі биржадан тыс нарықта сатып алатын тауар айқындалады. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және олардың клиенті сол бір тауарды коммерциялық кредит туралы бірнеше шарт бойынша бір мезгілде сатуды жүзеге асыруға құқылы емес;
5) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген тауарды исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үстемақысын есепке алмастан, коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген көлемде және баға бойынша үшінші тарапқа кейіннен сатуды жүзеге асырады;
6) тауарды исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына сатуды жүзеге асыратын тауар сатушы тауарды кейіннен сату жүргізілетін үшінші тарап бола алмайды;
7) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, олардың клиенті және үшінші тарап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін тауар биржасы халықаралық тауар биржасы деп танылады:
тауар биржасы тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырады;
тауар биржасында жасалған биржалық мәмілелердің көлемі мен саны жөніндегі ақпарат Дүниежүзілік биржалар федерациясының интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық есептерде жарияланады.
Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
42-бап. Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың капиталына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен банктік қаржыландыру
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы кіріс алу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу мақсатымен әріптестік туралы шарттың негізінде өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруға құқылы.
2. Әріптестік туралы шартта заңды тұлғаны құру туралы талап (заңды тұлға құрылатын әріптестік туралы шарт) көзделуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қолданылмайды.
3. Әріптестік туралы шарт көрсетілген шарттың осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкестігі туралы исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы алынғаннан кейін жасалуы мүмкін.
Осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарды бұзу:
әріптестік туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға;
әріптестік туралы шарт негізінде құрылған заңды тұлғаны таратуға немесе исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің өзіне тиесілі акцияларды, заңды тұлғаның капиталына қатысу үлестерін иеліктен шығаруға;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының алынған кірісті қайырымдылыққа бағыттауына негіз болады.
4. Заңды тұлғаны құру талабы жоқ әріптестік туралы шартқа (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қатысатын жай серіктестік шартына) осы бапта көзделген ерекшеліктері бар бірлескен қызмет туралы шарттың қағидалары қолданылады.
5. Заңды тұлғаны құру талабы жоқ әріптестік туралы шартта (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қатысатын жай серіктестік шартында):
бірлескен қызметтің мақсаты;
шарттың қолданылу мерзімі немесе олардың туындауына байланысты шарт тоқтатылатын талаптар;
бірлескен қызметтен түскен кірісті бөлу тәртібі және кезеңділігі;
қатысушының шарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы;
бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін жай серіктестіктердің қатысушыларының әрқайсысы енгізген мүліктің тізбесі, түрлері және құны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шартта өзгеше көзделмесе, жай серіктестіктерге қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін енгізілген мүліктің құнына пропорционалды түрде айқындалады.
Заңды тұлғаны құру талабы жоқ әріптестік туралы шартта (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қатысатын жай серіктестік шартында) бірлескен қызметтен алынған кіріс бөлігін қайырымдылық мақсаттарға пайдалану туралы талап көзделуі мүмкін.
6. Бірлескен қызметтен түскен кіріс, заңды тұлғаны құру талабы жоқ әріптестік туралы шартқа (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қатысатын жай серіктестік шартына) қатысушылардың жалпы шығыстары мен залалдары, егер көрсетілген шартта өзгеше көзделмесе, ортақ мүліктегі үлеске пропорционалды түрде бөлінеді.
Бірлескен қызметтен түскен көрсетілген кіріс күтілетін кіріс ескерілмей, нақты нәтижелер бойынша бөлінуге тиіс.
Жай серіктестікке қатысушының кірісі тіркеп-белгіленген ақша сомасы түрінде белгілене алмайды.
Жай серіктестіктің ортақ мүлкі жеткіліксіз болған кезде оған қатысушылар заңды тұлғаны құру талабы жоқ әріптестік туралы шартқа (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қатысатын жай серіктестік шартына) байланысты міндеттемелер бойынша ортақ мүліктегі үлестерге пропорционалды түрде жауапты болады.
7. Егер әріптестік туралы шартта және (немесе) осы баптың қағидаларында өзгеше көзделмесе, заңды тұлға құрылатын әріптестік туралы шартқа тиісті ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты (заңды тұлғаны құру) туралы қағидалар қолданылады.
8. Заңды тұлға құрылатын әріптестік туралы шартта осындай шарт (құрылтай шарты) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, әріптестіктің мақсаттары мен мерзімдері туралы мәліметтер, ұйымның кірісін әрбір қатысушы енгізген үлеске пропорционалды түрде бөлу туралы талап қамтылуға тиіс.
9. Заңды тұлға құрылатын әріптестік туралы шарттың қағидалары әріптестіктің мақсаты көрсетілген заңды тұлғаның өндірістік немесе сауда қызметін қаржыландыру болып табылатын елеулі талап болған жағдайда, заңды тұлғаның акцияларын, капиталына қатысу үлестерін сатып алу оның талаптары болып табылатын әріптестік жағдайларына да қолданылады.
43-бап. Мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен банктік инвестициялық қызмет
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банктік инвестициялық қызметті мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен жүзеге асыруға құқылы.
2. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен банктік инвестициялық қызмет шеңберіндегі қатынастарына осы бапта көзделген ерекшеліктері бар қаржы лизингі немесе мүлікті жалдау туралы қағидалар қолданылады.
3. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен жасалатын мүлік лизингі (жалдау) талаптарымен банктік инвестициялық қызмет шартында жалға алынатын мүлікті сатып алу құқығы көзделмеуі мүмкін.
Көрсетілген шарттың нысанасы болып табылатын мүлікке меншік құқығы жекелеген келісімнің негізінде лизинг алушыға (жалдаушыға) өтуі мүмкін.
4. Мүлік лизингі (жалдау) талаптарымен банктік инвестициялық қызмет шарты исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларға сәйкес жасалады және егер исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жарғысында (ережесінде) және (немесе) ішкі қағидаларында өзгеше көзделмесе, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) бөлек бекітуін және (немесе) келісуін талап етпейді.
5. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкімен жасалатын мүлік лизингі (жалдау) талаптарымен банктік инвестициялық қызмет шартында лизингтік төлемдерге ақы төлеу (жалдау төлемі) жөніндегі міндеттемелерді мүлік кепілімен қамтамасыз ету туралы талап көзделуі мүмкін.
44-бап. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезіндегі агенттік қызмет
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде агенттік қызметті жүзеге асыруға құқылы, оған сәйкес олар өз клиентінің агенті болады не үшінші тұлғаны өзінің агенті етіп тағайындайды.
Агенттік келісімге сәйкес агент клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша не өз атынан, бірақ клиенттің тапсырмасы бойынша және соның есебінен өзінің жеке тәжірибесі мен білімі негізінде сыйақы үшін кіріс алуға бағытталған белгілі бір заңды іс-қимылдар жасауға міндетті болады.
2. Агенттік келісімге исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде оның талаптарына қарай осы бапта көзделген ерекшеліктері бар тапсырма немесе комиссия шарты туралы қағидалар қолданылады.
3. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде банктер және өзге қаржы ұйымдары исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен жасалған агенттік келісім бойынша тараптар (клиент не агент) ретінде бола алады.
4. Агенттік келісімде исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде:
агенттің сыйақысын айқындау және төлеу тәртібі белгіленуге тиіс;
клиент кірісінің кепілдік берілген мөлшері көзделмейді.
5. Агенттік келісім бойынша агент исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде сыйақы алу құқығын агенттік келісімнің орындалу нәтижелеріне қарамастан сақтайды.
Агенттің кінәсінен залалдар туындаған жағдайларды қоспағанда, агенттің қызметі нәтижесінде келтірілетін залалдар тәуекелін исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде агенттік келісімнің клиенті көтереді.
8-тарау. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
45-бап. Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері
1. Мыналар банктің басшы қызметкерлері деп танылады:
1) басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;
3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары;
4) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк қызметін жүзеге асыруға негіз болған құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де банк басшылары;
5) уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, банктің басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері және бас бухгалтерлердің орынбасарлары, сондай-ақ банк қызметін жүзеге асыруға негіз болған құжаттарға қол қою құқығы бар және тек бір құрылымдық бөлімшенің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2. Мыналар Қазақстан Республикасының резидент банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады:
1) басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;
3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары;
4) еншілес ұйымдардың немесе банк холдингі капиталға қомақты қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылар;
5) уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының резидент банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
3. Мыналар Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады:
1) басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;
4) уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
4. Мыналар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері деп танылады:
1) филиал басшысы және оның орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк қызметін жүзеге асыруға негіз болған құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де филиал басшылары;
3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары;
4) уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Осы Заңның 16-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының және 126-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерлері деп танылады.
5. Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар және оларды келісу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.
6. Адам уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, банктің басшы қызметкері деп танылған және банкке осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген қадағалап ден қою шарасы қолданылған жағдайда, банк уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, банктің басшы қызметкері деп танылған адамның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуін растайтын, басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.
Банк құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбаған кезде уәкілетті органның уәжді пайымдауы пайдаланыла отырып, банктің басшы қызметкері деп танылған адаммен еңбек шартын бұзуға және (немесе) осы адамның өкілеттігін тоқтату бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингтері мен банк филиалдарына қолданылады.
7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері уәкілетті органның келісімінсіз лауазымға тағайындалады (сайланады).
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талап етуі бойынша басқару органының басшысы мен мүшесі, атқарушы органның басшысы мен мүшесі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оларды қызметтен шеттетеді.
Уәкілетті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысына (мүшесіне), атқарушы органының басшысына (мүшесіне) осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, осы ұйым осы адаммен шартты бұзуға және (немесе) оның өкілеттігін тоқтату бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын ұйымның атқарушы органының басшылары үшін «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген жұмыс өтіліне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы жұмыс өтілі де қосылады.
8. Лауазымдық міндеттеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерге жетекшілік ету кіретін Ұлттық пошта операторының атқарушы органының мүшелері Ұлттық пошта операторының басшы қызметкерлері деп танылады.
Осы баптың 7-тармағының талаптары Ұлттық пошта операторының басшы қызметкерлеріне қолданылады.
46-бап. Банктің тәуелсіз директорлары
1. Банктің директорлар кеңесінің мүшесі тәуелсіз директоры болып табылатын немесе болуға ниет білдіретін адам «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тәуелсіз директор үшін белгіленген талаптарға, сондай-ақ аталған адамның банктен тәуелсіз болуын куәландыратын мынадай қосымша талаптарға (бұдан әрі - тәуелсіз болуға қойылатын талаптар) сай келуге тиіс:
1) аталған адам лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін, оның ішінде банктің акциялары және (немесе) банктің акцияларын (базалық активі банктің акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды) алуға құқықтар түрінде банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының бір пайыздан астамы көлемде сыйақы немесе банктен және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамнан жалақы алмайды және мұндай сыйақыны немесе жалақыны соңғы үш жыл ішінде алмаған.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген талап аталған адамның банктің тәуелсіз директоры және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамның тәуелсіз директоры ретінде лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін алатын сыйақысына қолданылмайды;
2) аталған адам банктің тәуелсіз директоры ретінде тағайындалар алдындағы бір жыл ішінде:
банкпен және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен айтарлықтай іскерлік қатынастарда болмаған;
акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын бір пайыздан артық мөлшерде иеленбеген, сондай-ақ банкпен айтарлықтай іскерлік қатынастары бар және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты ұйымда лауазымды адам болып табылмаған.
Осы тармақшадағы айтарлықтай іскерлік қатынастар деп уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын сомаға мәмілелер жасау түсініледі;
3) аталған адам банктің тәуелсіз директоры ретінде тағайындалар алдындағы соңғы үш жыл ішінде банктің, банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) сыртқы аудитін жүзеге асырған аудиторлық ұйымның, банктің ірі қатысушысын (банк холдингін) және (немесе) банктің еншілес ұйымын бақылауды жүзеге асырған ұйымның қызметкері болып табылмаған;
4) аталған адам банктің тәуелсіз директоры болып табылмайды не ол бірінші тағайындалған күннен бастап қатарынан тоғыз жылдан астам тәуелсіз директоры болып табылмаған;
5) аталған адам сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттіктерге орай банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның мүдделерін білдірмейді және мұндай өкілдікті соңғы үш жыл ішінде жүзеге асырмаған;
6) аталған адам банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам болып табылмайды және (немесе) ол банктің тәуелсіз директоры лауазымына оны келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде ерекше қатынастар арқылы байланысты адам болып табылмаған;
7) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның тәуелсіз директоры ретінде лауазымдық міндеттерін орындауды қоспағанда, аталған адам соңғы үш жыл ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның лауазымды адамы болып табылмайды және болып табылмаған;
банк акцияларын;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын ұйымдарда акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын бір пайыздан астам мөлшерде тікелей және (немесе) жанама иеленбейді;
9) аталған адамның және (немесе) оның жақын туыстарының қандай да бір лауазымдарды бұрын атқарғанына немесе қазіргі уақытта атқаруына байланысты және (немесе) банктің директорлар кеңесінің және (немесе) банктің атқарушы органының басқа мүшелерімен және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты басқа да тұлғалармен жеке, кәсіптік немесе коммерциялық қатынастары болуына байланысты, аталған адамда өзінің лауазымдық міндеттерін тәуелсіз және объективті орындауына кедергі келтіруі мүмкін және (немесе) оны басқа адамдар (банктің лауазымды адамдарын немесе акционерлерін қоса алғанда) тарапынан тиісінше ықпал етпеуіне ұшыратуға алып келетін өзге де мүдделер қақтығысы болмайды.
Осы тармақтың мақсаттары үшін мүдделер қақтығысы аталған адамның жеке мүддесі мен оның өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы және (немесе) банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттердің мүліктік және өзге де мүдделері арасында банк және (немесе) оның клиенттері үшін теріс салдарға алып келетін (алып келуі мүмкін) қайшылық туындайтын жағдайды білдіреді.
2. Тәуелсіз болуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз директор:
тәуелсіз директордың тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келмеуіне алып келуі мүмкін кез келген мән-жайлардың туындауы туралы банктің директорлар кеңесін хабардар етеді;
қаржы жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын, күнтізбелік алпыс күн ішінде банктің директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитетіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген нысан бойынша тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сәйкестігіне қатысты декларация ұсынады.
Банктің директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеті тәуелсіз директор ұсынған ақпаратты ескере отырып, тәуелсіз директордың тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келуіне бағалау жүргізеді және тәуелсіз директордың тәуелсіз болуы туралы қорытынды береді, сондай-ақ тәуелсіз директордың тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келмеуін куәландыратын мән-жайларды анықтау туралы ақпаратты директорлар кеңесіне дереу ашып көрсетуді қамтамасыз етеді. Тәуелсіз директор тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келуін бағалау объектісі болып табылатын жағдайларда, осы тәуелсіз директор банктің директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитетінің жұмысына қатыспайды.
Тәуелсіз директордың тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келмеуі анықталған және мұндай сәйкессіздікті банкке зиян келтірмей (теріс салдарсыз) жою мүмкін болмаған жағдайда, банктің директорлар кеңесі осы тәуелсіз директордың өкілеттігін тоқтату туралы мәселені банк акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына дереу шығарады.
3. Банктің директорлар кеңесі банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына банктің тәуелсіз директорларының тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келуі туралы есепті ұсынады.
4. Банк жыл сайын уәкілетті органға тәуелсіз директорлардың тәуелсіз болуға қойылатын талаптарға сай келуі туралы есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұсынады.
47-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу
1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есепке жазу бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасарына қатысты қолданылмайды.
2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржы жылы ішінде басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
48-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
1. Банк тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) банк операцияларының түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған жеке лимиттер;
4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс.
Банктің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Көрсетілген нормативтік құқықтық акт банктегі корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды да қамтиды.
Банктің директорлар кеңесі банкте корпоративтік басқару жүйесін ендіру мен оның жұмыс істеу тиімділігін бақылайды және қамтамасыз етеді.
2. Банк қызметкерлерді тәуекел-менеджмент жетекшісі (басшысы), ішкі аудит бөлімшесінің жетекшісі (басшысы), бас комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындаған кезде олардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келуін дербес тексереді.
3. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауапты болады.
4. Уәкілетті орган банктің және банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауын, сондай-ақ «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауында белгіленген тәртіппен осындай жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
5. Жүйелік маңызы бар банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және жүйелік маңызы бар банк арасында жасалатын соңғы сатыдағы қарыз берудің жалпы талаптары туралы шартқа қосылуға және уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпке сәйкес осындай қарызды қамтамасыз етуге берілетін нарықтық емес активтер кепілінің препозициясынан өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
49-бап. Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар
1. Мыналар банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылады:
1) осы банктің лауазымды адамдары, басшы қызметкерлері, өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және (немесе) кепілді тоқтату (борышкердің банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу немесе банктің кепілді өндіріп алу жағдайларын қоспағанда) туралы шешімдер, уәкілетті орган белгілеген жоғары мөлшерлерде банктік қарыздарды және (немесе) банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің және (немесе) өзге де органдардың басшылары мен тұрақты мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) және жақын туыстары;
2) банктің ірі қатысушылары (банк холдингтері), банк холдингінің ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар;
3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) лауазымды адамдары, банк холдингінің ірі қатысушысы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не үлестік қатысудың өзге де нысандарының он және одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін не лауазымды адамдары болып табылатын ұйым;
6) банк конгломератының қатысушылары;
7) уәкілетті орган белгілеген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке тұлға немесе ұйым.
2. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану арқылы жеке тұлғаны немесе ұйымды банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда банк уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап банк осы жеке тұлғаны немесе ұйымды онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
3. Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және оған мыналар кіреді:
1) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының директорлар кеңесі комитеттерінің және (немесе) өзге де органдарының лауазымды адамдарының, басшы қызметкерлерінің, басшылары мен тұрақты мүшелерінің өкілеттігіне кіретін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің мөлшері асып кеткен кезде, көрсетілген тұлғалар банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылады;
2) жеке тұлғаның немесе ұйымның банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалымен ерекше қатынастармен байланыстылық белгілері;
3) банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайтын тұлғалардың тізбесі;
4) банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесі.
4. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды есепке алуды жүргізуге міндетті.
Көрсетілген есепке алу мақсаттары үшін:
1) осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдар банкке өздерінің жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдар туралы мәліметтерді ұсынады;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар:
өздерінің жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары (жеке тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің ірі қатысушысы үшін);
өздерінің лауазымды адамдары (заңды тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушысы (банк холдингі), банк холдингінің ірі қатысушысы үшін);
осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдар туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтер банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық туындаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде банкке ұсынылуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі түсініледі;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі түсініледі;
осы баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшаларында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы түсініледі.
6. Осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Осы баптың 4-тармағының талабы Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
50-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер
1. Базалық банк лицензиясы бар банкке уәкілетті орган белгілеген шарттарға сәйкес келетін мәмілелерді қоспағанда және осы бапта көзделген талаптар мен шектеулер сақталған кезде, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
1) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдар беретін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін;
2) қамтамасыз етілуі, мөлшері мен түрі уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін;
3) уәкілетті орган айқындайтын, орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері жоқ тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес.
3. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау кезінде банктің:
1) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беруіне;
уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын қарыздарды;
банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға берілетін қарыздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қамтамасыз етілмеген қарыздар (бланктік қарыздар) беруіне;
3) осы Заңның 22-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын банктік қарыздарды және қаржыландыруды қоспағанда, банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне, банктің ірі қатысушысына және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысына қарыздар беруіне тыйым салынады.
4. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда:
1) банк операциясын немесе өзге де операцияны орындағаны үшін үшінші тұлғаларға ұсынылатын талаптарға қарағанда төмен сыйақы және төлемақы алу;
2) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан банк тартқан депозиттер мен өзге де қаражат бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда жоғары сыйақы төлеу;
3) кепілдерді, кепілдіктерді, кепілгерліктерді немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операциялар бойынша талап етілетіннен төмен мөлшерде қабылдау;
4) сыйақы алу, негізгі борышты және (немесе) банк операциялары немесе өзге де операциялар үшін өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операцияларға қарағанда төлеу мерзімін көбірек етіп кейінге қалдыруды ұсыну;
5) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті және (немесе) көрсетілетін қызметтерді құны уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғалардан сатып алынатын осыған ұқсас мүліктің және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнына қарағанда жоғары құнмен сатып алу;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құн бойынша сату;
7) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға бағалы қағаздарды осыған ұқсас бағалы қағаздарды үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құн бойынша сату;
8) уәжді пайымдауды пайдалану арқылы уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.
5. Банктің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмайтын кез келген тұлғамен құны уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын және:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемелерге ақы төлеуге;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банктің меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға шығарған эмиссиялық бағалы қағаздарды иеленуге алып келетін мәмілені жасауына тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банктің үшінші тұлғалармен жасалатын, үшінші тұлғалардың стрестік активтерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан мүлікті сатып алуына алып келетін мәмілелеріне қолданылмайды.
6. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле мынадай:
банктің директорлар кеңесі мәмілелердің үлгілік шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас мәмілелерге қолданылатын;
мәміленің айрықша нысанасы банктік, коммерциялық және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдау болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін.
Осы Заңның 49-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға банк пен:
оның өзі;
кез келген жақын туысы немесе өзінің жұбайы (зайыбы);
өзі немесе жақын туыстарының бірі, жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген ұйым арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі банктің директорлар кеңесі оның барлық шартын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға (тұлғаларда) берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту банк акционерлерінің жалпы жиналысын кейіннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және оған мыналар кіреді:
1) базалық банк лицензиясы бар банктің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу шарттары, мәмілелер түрлері және олардың құнының шекті мөлшерлері;
2) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін қамтамасыз етуге, оның мөлшері мен түріне қойылатын талаптар, оған банктік қарыздар, банк кепілдіктерін беру мүмкіндігі туралы мәселені қарау мақсатында тұлғаның орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері;
3) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға берілетін қамтамасыз етілмеген қарыздардың (бланкілік қарыздардың) шекті мөлшері;
4) банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне, банктің ірі қатысушысына және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысына банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау кезінде берілетін қарыздардың шекті мөлшері;
5) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті және (немесе) көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан сатып алынатын ұқсас мүліктің және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнынан жоғары құн бойынша сатып алған жағдайда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле құнының немесе мәмілелер жиынтығының шекті мөлшері;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмайтын кез келген тұлғамен жасалатын мәміле құнының шекті мөлшері;
7) мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары.
8. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар, сондай-ақ осы тұлғалармен жасасылған барлық мәміле туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруге міндетті.
9. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Осы баптың талаптарын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қолдану мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органы түсініледі.
10. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға резиденті болып табылатын тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілген тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растамасы болса;
уәкілетті орган мен банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісім, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса, банк холдингтері немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
51-бап. Банк акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу ерекшеліктері
1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес өткізіледі.
2. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын, банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысатын банк акционері, егер оның тіркелген елі (азаматтығы) туралы ақпарат банкте болмаса, банкке осы Заңның 9-бабы 4-тармағының талаптарының орындалғанын растайтын өтініш береді.
Көрсетілген өтінішті ұсынбаған, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын акционер:
1) банк акционерлерінің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде есепке алынбайды;
2) банк акционерлерінің жалпы жиналысында қаралатын мәселелерге дауыс беруге және (немесе) оларды талқылауға қатысуға құқылы емес.
3. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдағаннан кейін анықталған, акционердің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтінішінде көрсетілген ақпарат анық болмаған кезде мынадай жағдайда, егер:
1) мұндай шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігін иеленетін (анық емес ақпарат берген акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) акционерлер дауыс берсе, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі көрсетілген акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп саналады;
2) анық емес ақпаратты берген акционердің дауысы шешуші болса, көрсетілген мән-жай уәкілетті органның, банктің және (немесе) өзге де мүдделі тұлғаның талап етуі бойынша акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жарамсыз деп тануға негіз болады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздардың иелеріне қатысты қолданылады.
4-БӨЛІМ. БАНКТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
9-тарау. БАНК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
52-бап. Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын негізгі талаптар
1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен іс-қимылдар жиынтығын көздейтін қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларды сақтауға, оның ішінде:
52-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) қаржы өнімдерін басқаруға;
2) банктік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ашып көрсетуге;
3) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде жосықсыз практикаларға жол бермеуге;
4) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде банктің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлғалардың қызметі үшін жауапкершілікті қабылдауға;
5) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауға;
6) тиісті іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға қатысты сақтауға міндетті.
Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-тарауында белгіленеді.
2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы өз қызметін банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы үшін) (бұдан әрі - банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар) болған кезде жүзеге асырады.
3. Банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекітеді.
4. Банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар:
1) банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды қамтуға тиісті мәліметтер тізбесін;
2) банктік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде ақпаратты ашып көрсету және клиенттерге консультация беру, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредит беруге) тыйым салған қызмет түрлері туралы ақпаратты клиенттерге ашып көрсету тәртібін;
3) жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде оның мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, банктік салым шартын және банктік шот шартын жасасу тәртібін;
4) жауапкершілікпен кредит беруді жүзеге асыру тәртібін;
5) банктік қызметтерді көрсету кезінде адал әрекет ету қағидаттарын;
6) жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілерін, сондай-ақ банктік қызметтерді көрсету кезінде оларды анықтау тәртібін;
7) төлемге қабілетсіз клиенттермен жұмыс істеу кезінде берешекті өндіріп алуға жауапты іскерлік практикаларды;
8) банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың банктік көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тәртібін;
9) клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қойылатын талаптарды;
10) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын беру және оған қызмет көрсету кезінде алынуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін;
11) жеке тұлғаға берілетін тұтынушылық банктік қарыздың мөлшерін белгілейді.
52-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2026 ж. 2 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 135-баптың 3-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
Тізбесі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерден басқа, банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларда клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ережелер, оның ішінде:
мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі бойынша ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі;
сенім білдірілген адамның қатысуымен мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері қамтылуға тиіс.
5. Банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидалар ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпияның немесе банк құпиясының нысанасы бола алмайды.
6. Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы болып табылатын банк жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде:
1) клиенттің цифрлық қолтаңба кілтін жасауға және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беруге келісімі болғанда;
2) клиент «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс істеуі көзделген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі - СДАО) арқылы биометриялық аутентификациялаудан өткенде;
3) бір реттік (біржолғы) сәйкестендіру коды арқылы сәйкестендірілгенде өз клиенттеріне олардың өтініші негізінде электрондық цифрлық қолтаңба жасайды және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын береді.
Егер клиент бұрын банкке жеке өзі барған кезде немесе СДАО арқылы биометриялық аутентификация қолданылып сәйкестендірілмесе, онда банк клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын жасауды және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беруді клиент СДАО арқылы биометриялық аутентификациядан өткен кезде жүзеге асырады.
52-бабы 6-тармағының үшінші бөлігі 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Клиенттің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін жасауға және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын, оның ішінде клиенттің банкте жеке өзі барған кезде алынған келісімі клиенттің бұрын берілген келісімдерді кері қайтарып алу мүмкіндігімен СДАО-да сақталады.
Банктер беретін электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін және оларға сертификаттарды беру, сақтау, кері қайтарып алу және олардың қолданылу мерзімін белгілеу ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Банктік шот ашу арқылы іскерлік қарым-қатынасты қашықтық тәсілмен орнату кезінде клиенттерді биометриялық аутентификациялау СДАО арқылы жүзеге асырылады.
Банктік шоттарды ашу кезінде СДАО арқылы биометриялық аутентификациялау жүргізу тәртібін, сондай-ақ биометриялық аутентификациялау нәтижелерін сақтау мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
СДАО арқылы биометриялық аутентификациялау клиенттің келісімі негізінде және ұлттық биометриялық аутентификациялау жүйесінің биометриялық деректері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес клиенттің деректерін кезең-кезеңмен жаңартып отыруға міндетті.
8. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) тәуекелдерді бағалау мен басқару мақсатында қызметтер көрсету кезінде жасанды интеллектіні пайдалануға құқылы.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жасанды интеллектіні пайдалана отырып қабылданған шешімдер үшін жауапты болады.
9. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
10. Осы бапта белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
53-бап. Мөлшерлемелер, комиссиялар мен тарифтер
1. Жеке және заңды тұлғалар үшін банктік және өзге де қызметтер (операциялар) көрсеткені үшін сыйақы мөлшерлемелерін, комиссиялар мен тарифтерді банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.
2. Жеке және заңды тұлғалар үшін банктік және өзге де қызметтер (операциялар) көрсеткені үшін мөлшерлемелер, комиссиялар мен тарифтер туралы ақпарат банктің интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Көрсетілген ақпаратты банк қолданыстағы мөлшерлемелерге, комиссиялар мен тарифтерге өзгерістер енгізілген күн туралы мәліметтерді, ішкі құжаттың нөмірін және осы өзгерістерді қабылдаған органды көрсете отырып, жаңартылған күйде ұстауға тиіс.
3. Банк банктік қарыз шартында банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын барлық комиссия мен өзге де төлемді, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және:
банктік қарыз шартын жасасу күніне белгіленген комиссиялардың және (немесе) өзге де төлемдердің мөлшерін, сондай-ақ оларды есептеу тәртібін ұлғаю жағына қарай өзгертуге;
жасалған банктік қарыз шарты шеңберінде комиссиялардың және (немесе) өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
4. Банктік қарыз шартында банк сыйақының мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға үшін - тіркеп-белгіленген немесе құбылмалы;
қарыз алушы заңды тұлға үшін тіркеп-белгіленген және (немесе) құбылмалы мөлшерлемесін белгілейді.
5. Банк анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар бойынша (банкаралық қарыздар мен салымдарды қоспағанда) сыйақы шамалары туралы ақпаратты таратқан (жариялаған) кезде көрсетуге міндетті.
Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
Осы тармақта белгіленген талаптар исламдық банк операцияларына қолданылмайды.
6. Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты жасалғанға дейін банк жеке тұлғаға таңдау үшін кредит берудің баламалы шарттарын ұсынуға міндетті, оларға сәйкес:
сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және (немесе) өзге де төлемдер алуы көзделмейді;
осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және (немесе) өзге де төлемдерді алу құқығы көзделеді.
Жеке тұлға таңдаған кредит беру талаптары банктік қарыз шартында көрсетілуге жатады.
7. Банк жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссияларды, тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алуға құқылы емес.
Банк қарыз алушы заңды тұлғаның негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толық мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, заңды тұлғаның банктік қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссияларды, тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін:
бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін;
бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін алуға құқылы емес.
8. Банк жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартында банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ банктік шотқа қарызды есепке жатқызғаны үшін комиссия белгілеуге және алуға құқылы емес.
9. Банк жеке тұлғамен жасалатын банктік қарыз шартында сыйақының тіркеп-белгіленген мөлшерлемесін осы Заңның 57-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында айқындалған тәртіппен жасалған, оны азаю жағына қарай өзгерту немесе азаю жағына қарай уақытша өзгерту жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
Сыйақы мөлшерлемесін азаю жағына қарай уақытша өзгерту деп банктің сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгілі бір мерзімге төмендетуі түсініледі, ол мерзім өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгеріске дейін қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Сыйақының тіркеп-белгіленген мөлшерлемесі тараптардың келісімі бойынша жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі ішінде сыйақының құбылмалы мөлшерлемесіне өзгеруі мүмкін.
Сыйақының тіркеп-белгіленген мөлшерлемесі тараптардың келісімі бойынша оның жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартында айқындалған қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлғаю жағына қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол көрсетілген шарт жасалған күннен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді. Тараптардың келісімі бойынша сыйақының тіркеп-белгіленген мөлшерлемесінің ұлғаю жағына қарай одан кейінгі әрбір өзгеруі сыйақының тіркеп-белгіленген мөлшерлемесінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін мүмкін болады, бірақ Сыйақының тіркеп-белгіленген мөлшерлемесі алдыңғы өзгерген күнінен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді.
Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты және банктік салым шарты бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
1) банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда, қарыз алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты анық ақпаратты беру бойынша қарыз алушы өз міндеттемелерін бұзған;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ банктік қарыз шартында көзделген мынадай:
банктің алдын ала жазбаша хабарламасынсыз, жиынтығында қарыз алушының капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан көп пайызын иеленетін қарыз алушы акционерлерінің (қатысушыларының) құрамы өзгерген;
кепіл ұстаушы болып табылатын банктің құжаттар бойынша және кепілге қойылған мүліктің іс жүзінде болуын, көлемін, жай-күйін және сақтау шартын тексеру құқығын қарыз алушы және (немесе) кепіл беруші бұзған;
үшінші тұлғалар қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің мүлкіне, оның ішінде банктің пайдасына кепілге салынған мүлікке талап қойған жағдайларда, банктің банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы туындаған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғамен банктік қарыз шарты жасалған күні белгіленген сыйақы мөлшерлемелерін ұлғаю жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
11. Банк өз клиенттерін өзгерістердің болжамды күніне дейін, бірақ:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдары бойынша - кемінде үш ай;
кәсіпкерлік қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің төлемдері мен аударымдары бойынша - кемінде бір ай бұрын төлемдер мен аударымдар бойынша комиссиялар мен тарифтердің ұлғаюы туралы хабардар етеді.
12. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
54-бап. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау тұрақсыздық айыбымен, кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.
2. Егер кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше кепіл нысанасы берілсе, онда қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда және қарыз алушы (кепіл беруші) кепілмен қамтамасыз етуді азайту туралы талаппен жүгінген кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысаналарының нарықтық құны банктің кепілдік саясатының талаптары ескеріле отырып, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, банк қарыз алушы (кепіл беруші) жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарыз алушы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен бөлігінде кепіл туралы шартты (шарттарды) бұзу (өзгерту) бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
3. Егер банктік қарыз шарты бойынша орындалмаған міндеттемелердің сомасы кепілмен қамтамасыз ету құнының он пайызынан аз болса, банк қарыз алушы (кепіл беруші) жүгінген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банктің кепілдік саясатының талаптарын ескере отырып, кепіл нысанасын жүгіну кезінде бағалаушы айқындаған нарықтық құны көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша орындалмаған міндеттеменің сомасын жабатын өзге мүлікке ауыстыру мүмкіндігін қарауға міндетті.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптар банктердің банк кепілдіктері мен банк кепілдемелерін беру жөніндегі операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
5. Банк жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының кепілдігін банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде провизияларды (резервтерді) есептеу үшін осындай кепілдіктің құнын банк кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит сомасына тең мөлшерде айқындайды.
6. Осы баптың 5-тармағын қоспағанда, осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
55-бап. Банк қызметінің ақпараттық қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету
1. Банк банк қызметінің ақпараттық қауіпсіздігі мен үздіксіздігін мынадай қағидаттар негізінде қамтамасыз етеді:
1) заңнаманы және міндетті стандарттарды сақтау - банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы міндетті стандарттардың талаптарына сәйкестігіне ақпараттық қауіпсіздікке тұрақты тексерулер мен аудит жүргізуі;
2) басшылықтың тартылуы - банк қызметінің ақпараттық қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін банктің атқарушы органының басшысы немесе мүшесі тарапынан қатысу, бақылау және олардың жауапкершілігі;
3) кешенділік - сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерді ескере отырып, банктің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық деңгейлерде ақпараттық қауіпсіздікті іске асыруы;
4) шектеулі қолжетімділік - банктің ақпараттық қауіпсіздікке әрбір қатысушыға өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат пен ресурстарға ғана қолжетімділік беруі;
5) деректерді сақтауды барынша азайту - банк жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты және деректерді ғана банктің сақтауы;
6) мониторинг - банктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы пайдаланушылардың іс-әрекеттері мен оқиғаларын банктің тіркеп-белгілеуі және уақтылы талдауы;
7) хабардарлық - банктің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы банк қызметкерлерінің кәсіптік білімі мен дағдыларының деңгейін жүйелі түрде арттыруы және тұрақты түрде тексеруі;
8) қорғауды жаңарту және тестілеу - банктің бағдарламалық қамтылым мен операциялық жүйелерді уақтылы жаңартып отыруы, сондай - ақ банктің осалдықтардың болуына тұрақты түрде тексерулер жүргізуі және банктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына енуге тестілеу өткізуі;
9) үздіксіздік және қалпына келтіру - банктің деректерді резервтеуі, банктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалпына келтіруді жоспарлауы және тестілеуі.
2. Банк ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды.
3. Банк ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсынады.
4. Банк ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторингті, нақты уақыт режимінде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына тергеп-тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
5. Банк ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға береді.
6. Банк ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректерді өңдеудің резервтік орталығының және резервтік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етеді.
7. Банк банктің ішкі қағидаларында және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде клиенттерге банк операциялары мен өзге де операциялардың қолжетімділігіне әсер ететін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымда жүргізілетін жоспарланып отырған жұмыстар туралы клиенттерді хабардар етеді.
8. Банк клиенттерге банк операциялары мен өзге де операцияларды үздіксіз ұсынудың кепілді деңгейін қамтамасыз етеді, ол банктің ішкі құжаттарында белгіленеді. Банктің көрсетілген ішкі құжаттары банктің интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
9. Банктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
10. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
56-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
1. Қазақстан Республикасында банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді, оның құқықтық негізі, сондай-ақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу ислам банктерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдарын қоспағанда, депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясы бар барлық банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін міндетті болып табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі исламдық банк депозиттеріне және исламдық банк операциялары шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаға кепілдік бермейді.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары исламдық банк депозиттерінің және исламдық банк операциялары шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаның қайтарылуына кепілдік беретін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.
10-тарау. БАНКТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
57-бап. Жауапкершілікпен кредит беру
1. Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының және банктің директорлар кеңесі бекіткен банктің кредиттік саясатының талаптарына сәйкес банктік қарыз береді.
2. Банк банктік қарыз беру шеңберінде клиентпен өзара іс-қимыл жасау кезінде мынадай талаптарды сақтауға:
1) қарыз алушыға сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін қоса алғанда, банктік қарыздың шарттары және қарыз алушының банктік қарыз алуына байланысты тәуекелдер, оның ішінде қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы анық және толық ақпарат беруге;
2) осы Заңның 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы ақпарат негізінде оның кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалауды жүргізуге;
3) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроға ақпарат беруге;
4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға қарыз бермеуге;
5) қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеген немесе толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қарыз алушының қарызды пайдаланған күнтізбелік күндерінің нақты саны үшін ғана сыйақы есептеуге міндетті.
3. Егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалауды жүргізу шарттарын жасау туралы талаптар көзделген болса, банк қарыз алушыны (кепіл берушіні) сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шектеуге құқылы емес.
Шарты ретінде сақтандыру шартын жасасу көзделген банктік қарыз бойынша міндеттемелерді қарыз алушы толық мерзімінен бұрын орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банк қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен оның осындай сақтандыру шартын бұзу және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 842-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен сақтандырудың пайдаланылмаған кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтару құқығы туралы хабардар етуге міндетті.
4. Қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту жағдайларын немесе осы Заңда көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, банк оларды біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттарында қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту деп мынадай өзгерістердің кез келгені түсініледі:
1) қарызға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе олардың күшін толық жою;
2) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгерту немесе оның күшін толық жою;
3) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;
4) қарыз бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру және (немесе) оларды бөліп төлеу;
5) қарыздың шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстырған кезде шетел валютасында берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттемені азайту жағына қарай өзгерту.
Банктік қарыз шартында қарыз алушы үшін жақсарту шарттарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.
5. Осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банк Қазақстан Республиканың Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде жақсарту шарттарын қолданған жағдайда қарыз алушы банктік қарыз шартында айқындалған тәртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банктік қарыз шарты талаптарының өзгертілгені туралы хабардар етіледі.
Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жақсарту шартын қолданған жағдайда осындай жақсарту шартын қолдану туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Көрсетілген хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыдан және (немесе) кепіл берушіден жазбаша қарсылықтың болмауы қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің көрсетілген жақсарту шартын қолдануға келісуі ретінде қаралады.
6. Қарыз алушы банктен тиісті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банк ұсынған жақсарту шарттарынан бас тартуға және банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы өз шешімі туралы банкке хабар беруге құқылы.
Банктің банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды және (немесе) оларды бөліп төлеуді ұсынуы қарыз алушының келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
7. Банктің «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту есебінен салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды немесе жеке тұрғын үйді немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесін сатып алуға ипотекалық қарыздар беруіне тыйым салынады.
8. Осы Заңның осы бабының 1-тармағында, 2-тармағының 4) тармақшасында, 3-тармағының бірінші бөлігінде, 58-бабының 22 және 24-тармақтарында белгіленген талаптар банктердің банктік кепілдіктер мен банктік кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ осы Заңның 22-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген исламдық банк операцияларына қолданылады.
9. Банк клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі - банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасаған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады.
Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке танысу үшін ұсынылуға тиіс. Аталған шартта банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді ұсынатын тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі туралы талап қамтылуға тиіс.
Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.
10. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына осы бапта белгіленген талаптарды қолдану мақсаты үшін директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органы түсініледі.
58-бап. Жеке тұлғаның банктік қарызының ерекшеліктері
1. Жеке тұлға банктік қарыз алудан жеке тұлғаның ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода немесе «электрондық үкімет» веб-порталында немесе «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған банктің ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып тегін белгілеуге немесе оны алып тастауға құқылы.
Банк қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің жеке тұлғаға қарыз беруіне тыйым салынады.
2. Банктің тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 52-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін сомадан асатын тұтынушылық банктік қарызды жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз беруіне тыйым салынады.
Тіркеуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарызды алуға жұбайының (зайыбының) келісімін алу тәртібі және жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 52-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Банктің бұрын алынған банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын осы жеке тұлғаның банкте берген жазбаша келісімі негізінде банкте жеке өзінің қатысуымен осындай жеке тұлғаның биометриялық аутентификациясын жүргізбей жасауына тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жеке тұлғаның жеке өзінің қатысуы міндетті болып табылатын тұтынушылық банктік қарыз шарты бойынша банктік қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 52-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
4. Уәкілетті органның осы Заңның 52-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен банк жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын осындай шарт жасасуға жеке тұлғаның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады.
Кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарты Интернет арқылы жасалған жағдайда аталған шартты жасасуға келісім кредиттік бюрода немесе «электрондық үкімет» веб-порталында немесе «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған банктің ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
5. Банк Интернет арқылы жасалған, мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 52-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын банктік қарыз шарты негізінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) банктік қарыз шартына қол қойылған (банктік қарыз беруге не банктік қарыз сомасын ұлғайтуға берілген өтініш мақұлданған) кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) уәкілетті органның осы Заңның 52-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес ресімделген және банк осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен кейін алған тұтынушылық банктік қарыз алуға қарыз алушының келісімі (растауы) болған кезде жүзеге асырады.
Қарыз алушыға сол бір банкте мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, сомасы қосу нәтижесінде уәкілетті органның осы Заңның 52-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық қарыз Интернет арқылы күнтізбелік бір күн ішінде берілген жағдайда банк көрсетілген ең төмен мөлшерден асатын қарыздарға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген талапты сақтайды, сондай-ақ көрсетілген қарыздарды тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдеріне сәйкес алаяқтық белгілерінің болмауы тұрғысынан тексереді.
6. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде, 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптар:
1) банктің тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беруі;
2) жеке тұлғаның осы банктегі басқа қарызы бойынша берешегін өтеу мақсатында банктің оған қарыз беруі;
3) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде беру;
4) банктің жеке тұлғаға қарыз алушының салықтар, айыппұлдар, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегін төлеу мақсатында көрсетілген мақсаттарға ғана төлем жүргізу кезінде қарыз беруі жағдайларына қолданылмайды.
7. Банк осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғаға қарыз берген жағдайда банк:
1) көрсетілген жеке тұлғадан осындай қарыз бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге құқылы емес;
2) көрсетілген қарызды беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шаралар қабылдайды:
қарыз алушының осындай қарыз бойынша берешегін толық есептен шығару (кешіру) туралы шешім қабылдайды;
осындай қарыз бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы қарыз алушының кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай қарыз бойынша сыйақының және (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын қарыз алушыға қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шаралар банк қылмыстық қудалау органдарының осы баптың 12-тармағында көрсетілген процестік құжаттарын алған жағдайда осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде, 3-тармағының бірінші бөлігінде, 4, 5 және 9-тармақтарында көзделген талаптардың кез келгені сақталмай банктік қарыз беру жағдайларына қолданылады.
8. Банк мөлшері уәкілетті органның осы Заңның 52-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сомадан асатын тұтынушылық банктік қарыз беруге құқылы емес.
9. Банктің жеке тұлғаның биометриялық аутентификациясын жүргізбей, Интернет арқылы жеке тұлғамен банктік қарыз шартын жасасуына тыйым салынады, оның жүргізілу тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
Егер банктік қарыз сомасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын болса, қарыз алушының биометриялық аутентификациясы СДАО арқылы жүргізіледі.
10. Банк қарыз алушы жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, қарыз алушыға оның биометриялық аутентификациясын жүргізу күні мен тәсілін қоса алғанда, оны жүргізу процесі, ол туралы ақпараттың банк пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының дерекқорында бар - жоғы тұрғысынан салыстырып тексерудің жүргізілгені, сондай-ақ өтінішті қарау және тұтынушылық банктік қарыз шартын жасасу кезінде пайдаланылған борыштық жүктеме коэффициентінің мәні туралы мәліметтерді береді.
11. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттердің не жеке тұлғаның банктік қарызымен өзге де заңсыз (алаяқтық) әрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап банк:
бір жұмыс күні ішінде ол туралы клиентке және уәкілетті органға хабарлайды;
екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды;
он жұмыс күні ішінде мұндай әрекеттердің салдарларын жою үшін шаралар қабылдайды.
12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес қылмыстық қудалау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы жеке тұлғаны банктік қарыздың алаяқтық тәсілмен ресімделуіне байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде банк көрсетілген ұсынымды не қаулыны алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, банк аталған банктік қарызға қатысты:
берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын;
сыйақыны және (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.
13. Банк қарыз алушы жеке тұлғаның сәйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы және пайдалануы салдарынан, оның ішінде банктің қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану және (немесе) банктің биометриялық аутентификацияны жүргізу тәртібін не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі, сыртқы және (немесе) өзге де алаяқтық тәсілдері фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу және талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы банктік қарызды ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған осындай жеке тұлғаға алаяқтық тәсілмен банктік қарызды ресімдеу фактісі анықталған, заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оның тиісті банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай банктік қарыз бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды қарыз алушы жеке тұлғаға қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.
14. Банк «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аталған жеке тұлғаға қатысты аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде жеке тұлғаға банктік қарыздар беруге, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалу кезеңінде жеке тұлғаға банктік қарыздар беруге, сондай-ақ мұндай жеке тұлғадан банктік қарыз шарты бойынша кепіл, кепілдік және (немесе) кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.
15. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартында банк уәкілетті органның осы Заңның 52-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктік қарыз шартын жасасқан күнгі банк ұсынғандардың ішінен қарыз алушының таңдауы бойынша қарызды өтеу әдісін көрсетеді.
16. Банктің банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік отыз күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруіне тыйым салынады.
Мұндай тыйым жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын және (немесе) микрокредитін сыйақы мөлшерлемесін және (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді және (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе оның күшін толық жоюды көздейтін жақсарту шарттарында өтеу мақсатында банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды.
58-бабының 17-тармағы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
17. Банк жеке тұлғаның мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын жасасуға өтініші бойынша ол келіп түскен кезден бастап бір сағат ішінде шешім қабылдайды.
Банктің жеке тұлғаның мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын жасасуға өтініші бойынша оң шешім қабылдауына, сондай-ақ кредиттік есепте осы жеке тұлғаның өзге банкке немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген банктік қарыз немесе микрокредит алуға берген, қабылданған шешім туралы мәртебесі жоқ өтініші туралы ақпарат болған кезде мұндай шартты жасасуына тыйым салынады.
Банк кредиттік бюроға жеке тұлғаның мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын жасасуға өтініш бергені және ол бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат бермеген жағдайда, банктің осындай шартты жасауына тыйым салынады.
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптар қарыз алушы жеке тұлғаның сол бір банктен алған банктік қарызы бойынша берешекті өтеу үшін мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарызды беру жағдайларына қолданылмайды.
18. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері:
мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға;
мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
19. Жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша банктің негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды төлеуді және өзге де төлемдер жасауды талап етуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың талабы осы Заңның 60-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайға қолданылмайды.
20. Егер қарыз алушы жеке тұлға жүргізген төлем сомасы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілген сома қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
3) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұлдар);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
6) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;
7) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.
58-бабының 21-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
21. Банк жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қаржы өнімінің жарамдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып, қарыз талаптарын ұсынуға міндетті.
22. Банктің жеке тұлғамен жасалатын банктік қарыз шартында кез келген валюталық немесе өзге де баламаға байланыстыра отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында берілетін банктік қарыз бойынша міндеттемелер мен төлемдерді индекстеуді көздейтін шарттарды белгілеуіне тыйым салынады.
23. Банк жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптары өзгерген және (немесе) жеке тұлғаның қарызын өтеу мақсатында жаңа қарыз берілген кезде негізгі борыш сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айыппұлдарға, өсімпұлдарға), қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге сыйақыны есепке жазуға жол бермеуге тиіс.
24. Жеке тұлғаға банктік қарыз беру қарыз алушының (кепіл берушінің) өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетімен негізделмеуі керек.
25. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
59-бап. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің банктік қарызының ерекшеліктері
1. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін банк алған кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банктің осындай әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруі кезеңінде банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.
Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін банк алған кредиттік есебінде оны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банк осындай әскери қызметшіге банктік қарыз берген жағдайда банк мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес және мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 58-бабының 7-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
2. Банк банктік қарыз шарты бойынша уәкілетті органның осы Заңның 61-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдардың және кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
60-бап. Жеке тұлғаның ипотекалық қарызының ерекшеліктері
1. Банк жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарыз шартын жасасқанға дейін осы Заңның 57-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес банктің ішкі құжаттарына сай қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалауды жүргізуге міндетті, ол:
1) банктің қалауы бойынша мынадай құжаттардың бірімен:
жеке зейнетақы шотынан берілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы үзінді көшірмесімен;
жұмыс орнынан берілген соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;
банктің ішкі құжаттарына және рәсімдеріне сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің бар екендігін көрсететін өзге де құжаттармен расталған, қарыз алушының ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің болуын;
2) қарыз алушының соңғы алты айдағы кредиттік тарихының бар екендігін не жоқ екендігін;
3) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар екендігін не жоқ екендігін;
4) үшінші тұлғалар алдында кредиттік есепте көрсетілген берешектің бар екендігін не жоқ екендігін айқындауға бағытталған.
Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалау жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша бірлесіп қарыз алушы (ипотекалық қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы үшін ортақ жауапты адам) ретінде әрекет ететін жеке тұлға жөніндегі мәліметтерді де ескеруге тиіс.
Банктің осы тармақта көзделген қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалауды жүзеге асыруы үшін қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) анық емес ақпарат ұсынғаны үшін банк жауапты болмайды.
2. Егер жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде жеке тұлғаның тиісті шетел валютасында кірісі болмаса, банктің көрсетілген жеке тұлғаға ипотекалық қарызды шетел валютасында беруіне тыйым салынады.
3. Банктің жеке тұлғаның ипотекалық қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуіне тыйым салынады.
4. Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тұрғынжай банктің меншігіне өткен және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушының (кепіл берушінің) меншігінде өзге тұрғынжай болмаған жағдайларда осындай қарыз алушы (кепіл беруші) тұрғынжай банктің меншігіне өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде, оның ішінде оны сатып алу шартымен қарыз алушыға (кепіл берушіге) осындай тұрғынжайды жалға (мүліктік жалдауға) беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
5. Банк осы баптың 4-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оны қарайды және қарыз алушыға (кепіл берушіге) мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) сатып алу шартымен немесе онсыз тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шартын жасасуға келісетіні туралы;
2) мынадай негіздердің бірі болған кезде:
өтініш беруші халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататыны жөнінде анық емес мәліметтерді ұсынған;
өтініш берушінің кіріс көздерінің болмауына байланысты жалға алу ақысын төлеу мүмкіндігі болмаған;
өтініш берушінің банкроттығы;
өтініш берушінің меншік құқығында тұрғынжайы болған кезде мүліктік жалдау (жалға беру) шартын жасасудан бас тарту туралы хабарлайды.
6. Банк пен қарыз алушы (кепіл беруші) арасында мүліктік жалдау (жалға беру) шарты тұрғынжайды сатып алу шартымен жасалған жағдайда, тұрғынжайға меншік құқығы қарыз алушы (кепіл беруші) жалға алу бойынша соңғы төлемді не тұрғынжайдың мүліктік жалдау (жалға беру) шартында айқындалған құнын толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғаннан кейін қарыз алушыға (кепіл берушіге) ресімделеді.
7. Қарыз алушы (кепіл беруші) тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам өткізіп алған жағдайда банктің талап етуі бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шарты мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Көрсетілген жағдайда банктің тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша мерзімі өткен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуді талап етуіне тыйым салынады.
8. Банктің және қарыз алушы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық қарыз шартына қатысты осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарттарына да қолданылады.
9. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
61-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын шаралар
1. Банк қарыз алушы жеке тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жазбаша, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банктік қарыз шарты бойынша ақшалай міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың туындағаны туралы мерзімін өткізіп алу туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Көрсетілген хабарлама:
1) банктік қарыз шарты бойынша хабарламада көрсетілген күнгі мерзімі өткен төлемдердің мөлшерін;
2) банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу туралы талапты;
3) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамауының салдарларын түсіндіруді;
4) қарыз алушының осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен банкке жүгіну құқығын көрсетуді;
5) банктің қалауына қарай өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
Банк аталған хабарламаны қарыз алушыға жіберу үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.
2. Банк қарыз алушыға осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламаны жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де тәсілмен мыналарға:
1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) банктік қарыз шарты бойынша ай сайынғы төлемді банктік қарыз шартында белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайтуға;
3) шетел валютасында берілген қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына өзгертуге;
4) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға;
5) берешекті өтеу әдісін және (немесе) берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
7) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін жоюға;
8) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында белгіленген тәртіппен кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуіне;
9) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына банкке кепіл және (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
10) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге қатысты кез келген ұсыныспен банкке жүгінуге құқылы.
Қарыз алушының көрсетілген жолданымында банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, қарыз алушының ағымдағы кірістері және қарыз алушының банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жүгінуін негіздейтін (соған негіз болатын) басқа да мән-жайлар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібі, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ банк пен микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Банк қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізу мүмкіндігін қарауға және қарыз алушыға банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жазбаша түрде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банк қабылдаған мынадай шешімдердің бірі:
1) банктік қарыз шартының талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізумен келісетіні;
2) банктің қарыз алушыға банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы қарсы ұсынысы;
3) банктік қарыз шартының талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесі бар осындай бас тарту туралы хабарлауға міндетті.
Банктің қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымы бойынша шешімін банк осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, банктің жеке тұлғалардың қарыздарын қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі тәртібіне сәйкес қабылдайды.
Банктің жеке тұлғалардың қарыздарын қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдерді қабылдау жөніндегі ішкі тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібінде, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттар тізбесінде, сондай-ақ банктің және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібінде айқындалады.
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушылардың кез келгені банкке банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымды жіберсе, банк банктік қарыз шартының осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және (немесе) 4) тармақшасында көрсетілген талаптарына өзгерістерді осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда кемінде үш ай мерзімге енгізуге міндетті.
Банктік қарыз шартының талаптарына аталған өзгерістердің енгізілуіне байланысты банк қарыз алушыдан комиссиялар төлеуді және (немесе) өзге де төлемдерді жасауды талап етуге құқылы емес.
5. Банктің банктік қарыз шартының талаптарына осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзгерістерді енгізуі мынадай шарттардың кез келгені болған кезде жүзеге асырылады:
1) қарыз алушының қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісі аталған қарыз алушының қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеуі;
2) қарыз алушының банкке жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуы.
6. Қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын қарау кезеңінде банк қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Банктің осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімін қарыз алушы алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк пен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып саналады. Көрсетілген мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.
61-бабының 7-тармағы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7. Қарыз алушы:
банктің осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған;
осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген күннен бастап үш ай ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес қарыз бойынша берешекті сотқа дейінгі реттеу туралы жолданыммен бұл туралы банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
61-бабының 8-тармағы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Қаржы омбудсманының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушыдан ипотекалық қарыз, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша келіп түскен жолданымды қарауы кезеңінде кепілге қойылған мүлікке сот арқылы немесе соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
61-бабының 9-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9. Банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі және одан көп кредитор алдында тұтынушылық банктік қарыздар және (немесе) мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі болған кезде қарыз алушы қаржы омбудсманының қызметі жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеуге жүгінуге құқылы.
Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізудің тәртібі мен шарттары уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
10. Қарыз алушының осы баптың 2 және 7-тармақтарында белгіленген өз құқықтарын іске асыруына қарамастан, қарыз алушы осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламада көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу туралы банк талабын қанағаттандырмаған жағдайда, банк:
1) қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмек түрінде алатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшаны (электрондық ақшаны);
2) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемін есепке жатқызуға және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті беруге арналған банктік шоттардағы ақшаны;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмағандарды және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін;
4) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған, ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны;
5) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін;
6) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін;
7) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін;
8) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі банктік шоттардағы ақшаны;
10) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны;
11) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны;
12) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны;
13) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны;
14) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны;
15) өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушыларының ағымдағы шоттарындағы ақшаны;
16) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы Қазақстан Республикасы азаматының банктік шоттарындағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (банктік қарыз шартында жазылған, қарыз алушының өзінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімі болған кезде) құқылы.
Банктік қарыз шарты бойынша берешекті банктік жинақ шоттарындағы, басқа банк берген банктік қарыз бойынша кепіл нысанасы болып табылатын ақша есебінен, басқа банк берген банктік қарыз бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасы мөлшерінде төлем талабымен өндіріп алуға жол берілмейді.
Төлем талабын қою арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотқа түсуі күтілместен жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотында немесе жиынтығында бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс. Егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, көрсетілген шектеу қарыз алушы жеке тұлғаның немесе дара кәсіпкердің жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.
11. Қарыз алушы осы баптың 2 және 7-тармақтарында белгіленген өз құқықтарын пайдаланбаған жағдайда, қарыз алушы осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламада көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу туралы банк талабын қанағаттандырмаған жағдайда банк (осы баптың 9-тармағында көзделген шаралардан басқа):
1) қарыз алушыға қатысты банктің проблемалы активтерді басқару жөніндегі саясатына сәйкес шаралар қолдануға;
2) қарыз алушының берешегін құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бойынша сервистік компанияға сенімгерлік басқаруға беруге;
3) қарыз алушының берешегін сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда банктің коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
Банк берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және берешекті реттеуге берген күні ол туралы коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақыны, қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды төлеуді және өзге де төлемдерді жасауды талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
жеке тұлғамен жасалған ипотекалық қарыз шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;
жеке тұлғамен жасалған өзге де банктік қарыз шарттары бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 63-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруге құқылы.
61-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі 2027 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
Жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген және қарыз алушы қарыз бойынша берешекті өтей алатындай, тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу рәсімдері жүргізілгеннен кейін, мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап жиырма төрт ай өткен соң коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі. Аталған жағдайда есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін толық жою міндетті болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жағдайларына қолданылмайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
6) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы дара кәсіпкерді банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
12. Мүлкі жеке тұлғаның тұрғынжайымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемесін қамтамасыз ететін кепіл берушінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілген жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхатын алған банк қарыз алушыға және кепіл берушіге қатысты осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген шараларды тоқтата тұрады.
13. Банкке берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі қызметтерді коллекторлық агенттік және (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, банктің мұндай қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.
14. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
62-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушы заңды тұлғаға қатысты қолданылатын шаралар
1. Банк қарыз алушы заңды тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жазбаша, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банктік қарыз шарты бойынша ақшалай міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың туындағаны туралы мерзімін өткізіп алу туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Көрсетілген хабарлама:
1) банктік қарыз шарты бойынша хабарламада көрсетілген күнгі мерзімі өткен төлемдердің мөлшерін;
2) банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу туралы талапты;
3) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамауының салдарларын түсіндіруді;
4) банктің қалауына қарай өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
Банк аталған хабарламаны қарыз алушыға жіберу үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.
2. Қарыз алушы банктің осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламада көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда банк мыналарды:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер жөніндегі сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі банктік шоттардағы ақшаны;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны;
4) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны;
5) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны;
6) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны;
7) өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушыларының ағымдағы шоттарындағы ақшаны;
8) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасын және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (банктік қарыз шартында қамтылатын, банктік шотынан ақшаны алып қоюға қарыз алушының келісімі болған кезде) құқылы.
Банктік қарыз шарты бойынша берешекті басқа банк берген банктік қарыз бойынша кепіл нысанасы болып табылатын банктік жинақ шоттарындағы ақша есебінен, басқа банк берген банктік қарыз бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасы мөлшерінде төлем талабымен өндіріп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны алып қою бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.
3. Қарыз алушы банктің осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламада көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда банк (осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа):
1) банктің проблемалы активтерді басқару жөніндегі саясатына сәйкес қарыз алушыға қатысты шаралар қолдануға;
2) қарыз алушының берешегін құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бойынша сервистік компанияға сенімгерлік басқаруға беруге;
3) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда банктің коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
Банк берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және берешекті реттеуге берген күні ол туралы коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақыны, қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды төлеуді және өзге де төлемдерді жасауды талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
4) осы Заңның 63-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
6) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
4. Банкке берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі қызметтерді коллекторлық агенттік және (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, банктің мұндай қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.
5. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелен түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
63-бап. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тәртібі
1. Банктің құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
1) басқа банкке не қарыз алушы резиденті болып табылатын мемлекетте орналасқан өзінің Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес банкіне;
3) осы Заңның 22-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген банк операциясын жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;
5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;
6) секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компаниясына;
7) акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға;
8) қаражатты банктерде шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша - жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
9) жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз шарты бойынша, заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген қарыздар бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында аталған тұлға мынадай жағдайлардың бірінде:
1) құқықтар (талаптар) жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз шарты бойынша алынғанда (иемделінгенде);
2) құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша алынғанда (иемделінгенде);
3) егер өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, банктік қарыз шарты бойынша алынған (иемделінген) құқықтарды (талаптарды) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына беруге міндетті.
Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын:
сервистік компаниямен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде өз құқықтарын;
осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзге тұлғаларға банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) одан әрі беру жөніндегі өз құқығын іске асыру арқылы жүзеге асырады.
3. Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның бас ұйымы болып табылатын банктің меншікті капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мәннен төмен болмағанда;
коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген;
банкке банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым құруына рұқсат берілген күннен бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;
4) сервистік компанияның басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;
5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген өзге де талаптарға сәйкес келгенде сервистік компанияға берілуі мүмкін.
Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
4. Коллекторлық агенттікті, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды сервистік компаниялар тізілімінен шығару олармен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы баптың 1-тармағында аталған кез келген басқа тұлғаға қайта беруге міндетті.
63-бабы 5-тармағының қолданысы 2027 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 135-баптың 3-тармағының 3) тармақшасының редакциясында қолданылады
5. Банктің осы Заңның 61-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
7. Банк мүлік кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген тиісті кепіл мүлкінің құнын бағалаусыз, құқықты (талапты) осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға беруге құқылы емес.
8. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) секъюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бір қарыз алушыға қатысты бұл құқықтарды (талаптарды) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
9. Басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банк мынадай барлық талапты сақтай отырып жүзеге асырады:
осы баптың 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың пайдасына;
Қазақстан Даму Банкінің пайдасына;
63-бабының 9-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
осындай банкке осы Заңның 94, 95, 96, 97 және 98-баптарында көзделген реттеу құралдарын қолдану шеңберінде құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді қоспағанда, пайдасына банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында банк жүргізетін осындай құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нәтижелері бойынша айқындалады;
2) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы бапта белгіленген өзге де талаптар мен шектеулер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талаптары стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қолданылады.
10. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартын (бұдан әрі - басқаға беру шарты) жасасу кезінде банк:
1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жеке тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы кредитордың көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы хабардар етуге;
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банктік қарыз шарты бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда - сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, банктік қарыз шарты бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып хабардар етуге;
3) өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:
банктік қарыз шартын;
кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (егер банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілсе);
кепілгерлік немесе кепілдік шартын (егер банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілсе);
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);
қарыз алушы заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);
басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, банк өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.
Банк, өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі қарыз алушыға берілген жағдайда, банк осындай құқықтарды (талаптарды) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі;
4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып аударуға міндетті.
11. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға осы құқықтарға (талаптарға) қатысты кредитор (қарыз беруші) деп танылады, банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтары мен міндеттері болады, Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қарым-қатынасына банктік қарыз шарты шеңберінде қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз алушы және оның банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруді және оны жаңартып отыруды;
қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тәртібінің, оған қоса берілетін құжаттар тізбесінің, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, сервистік компанияның банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтары мен міндеттері болады, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар мен шектеулерді сақтайды.
Өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптарды және (немесе) шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның осы бапта көзделген талаптарды сақтамай мұндай құқықтарды (талаптарды) қайта беруіне тыйым салынады.
1) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықтарды (талаптарды) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және (немесе) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған үшінші тұлғаға беруі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты құқықтардың (талаптардың) суброгация тәртібімен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне өтуі жағдайларына қолданылмайды.
13. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
64-бап. Банктің жолданымдарды қарауы
1. Банк уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың банк қызметін жүзеге асыруға байланысты жолданымдарын қарайды.
2. Банктің жолданымдарды қарау мерзімі олар банкке келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде оны қарау мерзімі тағы он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Осы тармақта көзделген мерзімдер осы Заңның 61-бабының 2-тармағына сәйкес қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін қарау жағдайларына қолданылмайды.
3. Жолданымды қарау нәтижелері бойынша банк өтініш берушіге оның жолданымының мәні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;
3) жолданымда былапыт не қорлайтын сөздер болған, банктің мүлкіне қатер төндіру, банк қызметкерінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қатер төндіру жазылған;
4) жолданым мәтінін оқу мүмкін болмаған;
5) жолданымды уәкілетті емес адам берген жағдайларда, банк өтініш берушінің жолданымын қараусыз қалдыруға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда банк өтініш берушінің жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жауап жібереді.
64-бабының 5-тармағы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Жеке тұлға болып табылатын өтініш беруші өзіне ұсынылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қызметтерге қатысты банкке жүгінгеннен кейін мынадай:
банк өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқан немесе өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде банктен жауап алмаған;
осы Заңның 61-бабының 7-тармағына сәйкес жағдайларда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі шеңберінде қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
6. Банк уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері бойынша есептілікті ұсынады, оның тізбесі, нысандары, ұсынылу мерзімі мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы бапта белгіленген талаптар банктің банктік көрсетілетін қызметтер алуға арналған жолданымдарды қарауына қолданылмайды.
8. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
64-бап 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
65-бап. Қаржы омбудсманы
1. Қаржы омбудсманы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі шеңберінде осы Заңның 64-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушінің жолданымдарын қарайды.
2. Қаржы омбудсманы өтініш берушілердің банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау шарттарын өзгерту жөнінде тараптар келіскен шешімнің қабылдануына жәрдемдеседі.
Қаржы омбудсманы жолданымды қарау нәтижелері бойынша хаттама ресімдейді, оған қаржы омбудсманы, банктік қарыз шартының тараптары қол қояды және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындауды өзгерту шарттары туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш берушінің жолданымын қарау нәтижелері бойынша қаржы омбудсманы банк үшін міндетті болып табылатын шешімді өтініш беруші осындай шешіммен жазбаша келіскен жағдайда қабылдайды немесе «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда жолданымды қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Банк қаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған кезде уәкілетті орган банкке осы Заңның 78-бабына сәйкес қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Қаржы омбудсманы қараған даудың (жолданымның) тараптары қаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы омбудсманының шешімін алған күннен кейін үш ай ішінде сотқа жүгінуге құқылы.
Қаржы омбудсманының өтініш берушілердің жолданымдарын қарау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ қаржы омбудсманының осындай жолданымдар бойынша шешімдер шығаруының салдарлары «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
66-бап. Банктік қарыз шарты бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың және банк операцияларының жекелен түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөніндегі талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
67-бап. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары тарататын және орналастыратын жарнама
1. Банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына:
67-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы және екінші бөлігі 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) уәкілетті орган белгілеген қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарда айқындалған қаржы өніміне тән тәуекелдер туралы ақпаратты қамтымайтын жарнамаға тыйым салынады.
Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлаудың тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
2. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде анық, жылдық, тиімді және салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
Банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату, оның ішінде жариялау арқылы тарату кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі көлемі мен ресімдеу стилінің нысаны бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей қаріптермен және цифрлық мәнде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осындай жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.
3. Уәкілетті орган банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Аталған талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамада қамтылған мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды осындай жарнаманы жариялаған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының есебінен нақтылауға құқылы.
4. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы исламдық банк операцияларына байланысты жарнаманы тарату және орналастыру кезінде жарнамаланатын банктік көрсетілетін қызметтердің исламдық банк операцияларына жататынын көрсетуге міндетті.
5. Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ тұлғалардың банк операциялары ұғымына жатқызылатын көрсетілетін қызметтерді жарнамалауына тыйым салынады.
6. Осы бапта белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
68-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
1. Банктің депозиторлары мен өзге де кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық көлемде басқа банкке (басқа банктерге) (осы баптың мақсаттарында бұдан әрі - сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
2. Осы бапта көзделген операцияны жүргізу тәртібі, көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық көлемде беру туралы хабарландыруды банк жариялайды. Хабарландыру осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында, банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Банктің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру банк депозиторларының және өзге де кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады.
Банктің активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бір мезгілде беруі жөніндегі операция жүргізілген кезде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) өзге де кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) өзге де кредитордың міндеттемелерді беруге келісуі ретінде қаралады.
5. Депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы банктің міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген ағымдағы және жинақ шоттарын жүргізуді сатып алушы банк жүзеге асырады.
6. Банк сатып алушы банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, банкте бар олардың банктік шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банктік шоттарды ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың банктегі банктік шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы.
7. Сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттары деректемелерінің (оның ішінде банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өтпелі кезең ішінде депозиторлардың сатып алушы банкке берілген банктік шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып осындай нұсқауларды орындаудың ерекшеліктері банк пен сатып алушы банктің келісімі бойынша айқындалады.
8. Өтпелі кезең ішінде сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жеке сәйкестендіру кодтарын береді және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жеке сәйкестендіру кодтарының өзгертілгені туралы хабардар етеді.
Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындау үшін қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға, депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалық салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, депозиторлардың өздеріне қойылған орындалмаған талаптары бар банктік шоттарының жеке сәйкестендіру кодтарын өзгерткеннен кейін:
сатып алушы банк депозитордың банктік шотына талаптар (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банктік шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгертілгені туралы хабардар етеді;
депозитордың сатып алушы банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды сатып алушы банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банктік шотқа берілген депозитордың тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, депозиторлардың сатып алушы банк ашқан банктік шоттарынан орындайды;
депозитордың сатып алушы банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы банк олардың банкке келіп түсуінің күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен депозиторлардың сатып алушы банк ашқан банктік шоттарынан орындайды.
Сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттарына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және міндеттемелері осы банкке өткен банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізеді.
9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтар (талаптар) түрінде банк активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.
Банк борышкерді (борышкерлерді) хабардар ету мақсатында осы баптың 3-тармағында көрсетілген банк құқықтарының (талаптарының) бір бөлігін не оларды толық көлемде беру туралы хабарландыру жариялайды. Борышкер құқықтар (талаптар) берілген банкке өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе оларды толық көлемде орындаған жағдайда, осындай орындау тиісті кредитор үшін орындалған деп танылады.
10. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа тапсыру актісін қоса бере отырып, шартты жасасу арқылы банк активтері мен міндеттемелерін беру жүзеге асырылады.
Тапсыру актісінде берілетін активтер, берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар және міндеттемелер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады.
11. Банктің, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің акциялар, қатысу үлестері, пайлар не ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары түріндегі активтерін сатып алушы банкке беру осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
12. Сатып алушы банк өз активтері мен міндеттемелерін берген банктің ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
13. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) және міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинау мен өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
11-тарау. БАНК ҚҰПИЯСЫ. БАНКТЕГІ АҚША МЕН МҮЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНДІРІП АЛУ
69-бап. Банк құпиясы
1. Банк құпиясына банктің клиенттері мен корреспонденттері, олардың операциялары және банктік көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз:
банктік шоттардың бар екендігі, иелері мен нөмірлері және банктердің корреспонденттері;
осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы;
аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері);
клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өзінің операциялары (банк операцияларын жүзеге асырудың жалпы шарттарын қоспағанда);
банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкінің бар екендігі, иелері, сипаты мен құны;
клиенттердің қарыздар алуы (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа);
төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шот ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кіреді.
Банкті тарату рәсімі басталғанға дейін таратылатын банк берген және (немесе) алған қарыздар туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банк өз клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары туралы және шоттары туралы құпияға, сондай-ақ банктердің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктің құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепілдік береді.
3. Осы баптың 10-тармағының 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік м індеттері н жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған банктердің, банк холдингтерінің, осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлері және өзге де тұлғалар оларды жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықта болады.
2) шот (мүлік) иесінің банкке жазбаша түрде ұсынылған келісімінің негізінде не шот (мүлік) иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;
3) осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде осы бапта көрсетілген өзге де тұлғаларға ашылуы мүмкін.
5. Банктер мемлекеттік кіріс органдарына:
1) тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында:
заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның банктік шоттар ашуы, жабуы не осы Заңда көзделген жағдайларда банктік шот ашылған, жабылған не өзгертілген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей осындай тұлғалардың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың жеке сәйкестендіру кодының өзгертілгені туралы хабарламаны;
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша коллекторлық агенттіктермен жасалған басқаға беру шарттары жөніндегі мәліметтерді;
сұрау салу бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексерілетін жеке тұлғаға берілген қарыздар (кредиттер) туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді;
2) салықтық тексеру және деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттарды;
3) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар жөніндегі мәліметтер мен құжаттарды;
5) сұрау салу бойынша салық төлеуші дара кәсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың жекелеген санаттары бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалын қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынады (жібереді).
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер ұсынылатын салық төлеушілердің санаттарын, оларды ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
6) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсынады (жібереді).
Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке тұлғалардың, бейрезидент заңды тұлғалардың, бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді;
8) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың тоқсандағы жиынтық сомалары туралы мәліметтерді;
9) сұрау салу бойынша банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді, жеке немесе заңды тұлға мен банк арасында жасалған, банктік қызметтер көрсетуді көздейтін шартқа қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттің мемлекеттік кіріс органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруында өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді;
10) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәліметтерді;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынады (жібереді).
1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды;
2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпаратты, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтерді;
3) басқа банктерге банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды, осы Заңның 68, 94, 95, 97 және 98-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді;
4) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісінің және электрондық нысанда қызметтер алу субъектісінің сұрау салуы бойынша электрондық нысанда:
сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банктік шоттың тиесілігі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің және жылжымайтын мүліктің кепіл шартының бар-жоғы;
жеке және заңды тұлғалар «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді;
5) уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты;
6) банк-агентке «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді (егер мәліметтерді ұсынатын банк кредиторлар синдикатының қатысушысы болып табылса);
7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық, қаржылық және (немесе) заң аудитін жүзеге асыратын, сондай-ақ өзге де қызметтерді көрсететін заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның өз жарғылық қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті мәліметтерді;
8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қарыз алушысы, кепілдік берушісі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын тұлғаға қатысты:
банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары (банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттарын қоспағанда) туралы анықтамаларды;
банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктің бар екендігі, сипаты мен құны туралы мәліметтерді ұсынады (жібереді).
Көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның сұрау салуда көрсетілген қарыз бойынша талап ету құқықтарын сатып алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның басқарма төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде беріледі.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қарыз бойынша талап ету құқықтарын сатып алғанын растайтын құжаттардың көшірмелерінде «Көшірмесі дұрыс» деген белгі көрсетіледі. «Көшірмесі дұрыс» деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру бойынша тиісті өкілеттіктер берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның уәкілетті адамының лауазымы, тегі мен аты-жөні, куәландыру күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылады және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым мөрінің бедерімен бекітіледі;
9) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «Қазақстан орнықтылық қоры» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру және (немесе) Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді;
69-бабы 6-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) алдындағы міндеттемелер мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жататын банктің кредиторларына, сондай-ақ реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау шеңберінде басқа банктерге мәліметтерді;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша ақпаратты;
кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпаратты;
12) Қазақстан Республикасының резидент банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтерді;
13) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты нотариустың куәландыруы бойынша қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау үшін банк клиентіне ашылған эскроу-шоттағы ақшаның бар-жоғы және сомасы туралы ақпаратты нотариустың банк клиентінің келісімімен электрондық нысанда қалыптастырылған сұрау салуы бойынша электрондық нысанда;
14) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылған тізілімнің үзінді көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша, тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды;
15) бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкіліне құқықтар (талаптар) бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберіндегі мәліметтерді ұсынады (жібереді).
7-тармағының бірінші бөлігі 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі, реттеу режиміндегі банк, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік және уәкілетті орган Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мұндай банктің активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның қызметі туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк, операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік немесе банктің тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және банк-агенттерге жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда, оның міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар бойынша ақпарат және (немесе) құжаттар ұсынуды;
2) мемлекеттік кіріс органы мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпарат ұсынуды;
3) уәкілетті органмен ақпарат, оның ішінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды;
4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты өзіне осындай ақпаратты берген тараптың келісімімен ғана ұсынуды;
5) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты көрсетілген бапта көзделген шарттармен ұсынуды;
6) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізілген, баламасында елу мың АҚШ долларынан басталатын сомадағы валюталық операциялар бойынша, мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) төлемдері және (немесе) Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына жасалған ақша аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты мемлекеттік кіріс органына ұсынуды;
7) мемлекеттік кіріс органына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды ұсынуды;
8) мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезиденттің кірістері деп танылатын операциялар туралы мәліметтер ұсынуды;
9) «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының тапсырмасы бойынша уәкілетті банктер жүргізген валюталық операциялар туралы мәліметтер ұсынуды;
10) мемлекеттік кіріс органына «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен алынған, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жүргізген валюталық операциялар туралы мәліметтер ұсынуды жүзеге асырады.
1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты;
2) аудиторлық ұйымға осы Заңның 82-бабы 10-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты;
3) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен;
4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты өзіне осындай ақпаратты берген тараптың келісімімен ғана;
9-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) жүйелік маңызы бар банкті реттеу режимінде мемлекеттік қатысу туралы мәселені қарау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне банк құпиясын қамтитын ақпаратты ұсынады.
10. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді:
1) банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға банктік қарыз шарты бойынша ақпарат бөлігінде;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сервистік компанияға осы ұйым, сервистік компания құқықтарды (талаптарды) иемденген, сенімгерлік басқаруға алған қарыз бойынша ақпарат бөлігінде;
3) осы Заңның 63-бабы 1-тармағында аталған тұлғалар нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпаратты жинау жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылатын, осы Заңның 63-бабына сәйкес құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде коллекторлық агенттікпен немесе сервистік компаниямен жасалған шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке кредит (қарыз) бойынша ақпарат бөлігінде;
4) мемлекеттік органның лауазымды адамы немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адам қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберген кезде растаушы құжаттар мен материалдар түрінде ұсынады;
5) кредиттік бюроға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз операциялары бойынша;
6) кредиттік бюроларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттік бюродан ақпарат алуға құқығы бар адамдарға кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегіне қатысты теріс ақпарат бөлігінде;
7) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, қаржы ұйымдары, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін ұсынатын төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығына қатысушы өзге тұлғалар арасында деректер алмасу кезінде алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын өзге де төлемдер және (немесе) аударымдар бойынша ұсынылады;
8) микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өздерінің мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін тексеруді жүзеге асыруы барысында;
9) коллекторлық агенттіктер коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өздерінің мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін тексеруді жүзеге асыруы барысында ұсынады;
10) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында ақпарат алмасу кезінде;
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды беру кезінде ұсынылады.
11. Банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесі өзіне қатысты қарыз алушы, кепілдік беруші, кепілгер, лизинг алушы немесе кепіл беруші болып табылатын банкке қарыз алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсынылу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұрау салуы негізінде беріледі.
Банк сұрау салулар мен қарыз алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы анықтамалар банкте ашылған жеке тұлғаның шоттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке байланысты шоттары бойынша банкке беріледі.
12. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының, сондай-ақ дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына мөрмен куәландырылған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде, іс жүргізуінде жатқан істер бойынша;
3) прокурорға тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде, өз құзыреті шегінде, өз қарауындағы материал бойынша;
4) прокурор санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;
5) мемлекеттік кіріс органдарына салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында мыналарға:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаға;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық есептілігін ұсыну мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін оны ұсынбаған заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға;
тарату (қызметін тоқтату) кезеңіндегі заңды тұлғаға, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға;
әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген заңды тұлғаға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға;
салық берешегі пайда болған күннен бастап екі ай ішінде өтелмеген, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, заңды тұлғаға;
электрондық шот - фактуралардың жазылуына салыстырма бақылау жүргізілетін тұлғаларға қатысты беріледі.
Осы тармақшаның сегізінші абзацын қоспағанда, осы тармақшада көзделген мәліметтердің нысандарын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
6) мемлекеттік сот орындаушыларына олар жүзеге асыратын атқарушылық іс жүргізу бойынша әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған мемлекеттік сот орындаушысының қаулысы негізінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
7) жеке сот орындаушыларына олар жүзеге асыратын атқарушылық іс жүргізу бойынша жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және прокурор санкциялаған қаулысының не өз жеке мөрімен растаған оның көшірмесінің негізінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
8) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға прокурордың санкциясымен, іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі және (немесе) оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы сот шешімі бар тұлғаға қатысты;
9) аумақтық әділет органына «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және аумақтық әділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған қаулы негізінде;
10) мемлекеттік кіріс органдарына қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаға қатысты беріледі.
13. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және олардың қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына);
өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде, мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына);
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
Осы баптың осы тармағында, 12-тармағының 5) тармақшасында, 14-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәліметтер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында ұсынылады.
Осы баптың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 14-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 15-тармағында көзделген мәліметтер тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде ұсынылады.
14. Банктер салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:
1) активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;
2) күнтізбелік жыл ішінде құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті сатып алуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалар бойынша банктік шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы;
3) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мәліметтер кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттің туындау негіздері мен кезеңін көрсете отырып, мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.
15. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғынжай сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуі туралы мәліметтерді ұсыну бөлігіндегі банк құпиясы мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеу туралы мәліметтер ұсынуына жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.
16. Банктер салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға банктік шоттардың бар екендігі (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бенефициарлық меншік иелері Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) шет мемлекеттің мемлекеттік кіріс органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.
17. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәліметтер:
1) жеке тұлғаның өкілдеріне нотариат куәландырған сенімхат негізінде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органдарына іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкіне тыйым салынуы, олардан өндіріп алу немесе мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамы қол қойған, мөрімен расталған жазбаша сұрау салу не анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу негізінде, прокурордың жазбаша түрде немесе электрондық нысанда салған санкциясымен;
3) соттарға іс жүргізуінде жатқан істер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасы мен өзге де мүлкіне тыйым салынуы, олардан өндіріп алу немесе мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін болатын жағдайларда соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі немесе үкімі негізінде;
4) прокурорға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде, өз қарауындағы материал бойынша, өз құзыреті шегінде;
5) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;
6) мемлекеттік сот орындаушыларына олар жүзеге асыратын атқарушылық іс жүргізу бойынша әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған мемлекеттік сот орындаушысының қаулысының негізінде борышкер жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегінде ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
7) жеке сот орындаушыларына олар жүзеге асыратын атқарушылық іс жүргізу бойынша жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде, борышкер жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегінде ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда - сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
8) аумақтық әділет органына «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және аумақтық әділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған қаулы негізінде борышкер жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда - сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
9) қаржы басқарушысына Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бұйрығы негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер ұсыну туралы сұрау салу негізінде;
10) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде беріледі.
18. Осы баптың 12 және 17-тармақтарында көзделген клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы анықтамалар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы алынған күннен бастап операциялық үш күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.
Сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанда келіп түскен кезде анықтама электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
Қағаз жеткізгіште ұсынылатын клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы анықтамалар клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанында жіберіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.
Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 12-тармағының 1), 2), 3), 6) және 7) тармақшаларында, сондай-ақ 17-тармағының 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған тұлғаларға (органдарға) қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрау салу негізінде беріледі.
Мемлекеттік кіріс органдарымен осы бапта көзделген мәліметтермен алмасу телекоммуникациялар желісі арқылы жүзеге асырылады, техникалық іркіліс туындаған жағдайда мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.
69-бабының 19-тармағы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19. Қаржы омбудсманына қарауында жатқан жеке тұлғалардың және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің банктік қызметтерді ұсыну кезінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеуге байланысты жолданымдарын қарау бойынша банк құпиясы ашылуы мүмкін.
20. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері және олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкінің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәліметтер, иесі қайтыс болған жағдайда:
1) шот (мүлік) иесі мұра өкімінде көрсеткен адамдарға;
2) іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша соттар мен нотариустарға сот ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде;
3) іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша шетелдік консулдық мекемелерге;
4) мұрагерлерге беріледі.
21. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашқан осы шоттардағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы анықтамалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.
22. Мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуларын қоспағанда, осы баптың 12 және 17-тармақтарында санамаланған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қағаз жеткізгіштегі сұрау салулары, қаулылары мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландырылуға жатады.
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың сұрау салуларының, қаулыларының көшірмелері ұсынылған кезде көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде «Көшірмесі дұрыс» деген белгі қойылады. «Көшірмесі дұрыс» деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландырған күні көрсетіліп, оның қолымен және мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландырылады.
23. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып қою және (немесе) талап ету Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес сот санкциялаған алуды жүргізу туралы қаулылар негізінде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалған тәртіппен сот ұйғарымы негізінде жүргізіледі.
24. Осы баптың банктерге қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Осы баптың 1, 2, 3, 4, 12, 18 және 23-тармақтарының талаптары мемлекеттік қазынашылыққа және мемлекеттік қазынашылық органдарына қолданылады.
70-бап. Банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу және олардан өндіріп алу
1. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасы мен басқа да мүлкіне сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары негізінде, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған аумақтық әділет органдарының қаулылары негізінде сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасы мен басқа да мүлкіне Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгіленуі мүмкін.
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
3) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға;
5) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған, ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға;
6) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
7) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
8) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге;
9) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
10) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
11) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;
12) уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына;
13) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесіндегі Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
15) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға;
16) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға;
17) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
18) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызуға арналған қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;
19) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
20) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
21) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
22) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған банктердің ақшасына және (немесе) орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы бағалы қағаздарға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 14) тармақшасының ережесі мемлекеттік кіріс органдары, сондай-ақ сот актілерінің негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары қоятын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бар шектеулерге қолданылмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 15) тармақшасының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қойылатын шектеулерге қолданылмайды.
Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық әділет органының қаулысы негізінде атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салу кезінде тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны атқарушылық құжатта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық әділет органының қаулысы прокурордың санкциялауына жатпайды.
Талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы талап қою сомасы мен мемлекеттік баж мөлшерінен және соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстардан аспауға тиіс. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.
Бұл ретте сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
Жеке және заңды тұлғалардың ақшасына тыйым салу үшін соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, сот орындаушылары және (немесе) аумақтық әділет органдары банктерге құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жібереді.
Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттарындағы (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін, ал өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша ғана қолданылуы мүмкін. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операциялары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының өкімі негізінде тоқтатыла тұруы мүмкін.
Жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының өкімдері банктерге қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру не атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кіріс органдарының бірінші басшысы қол қоюға және олардың мөрімен расталуға не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің, оның аумақтық органдарының басшысы қол қоюға және олардың мөрімен расталуға тиіс.
Мемлекеттік кіріс органдарының не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының электрондық нысанда жіберілетін өкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының талаптарына сәйкес прокурордың келісімі болмаған жағдайда, банктер банктегі мүлікке билік етуді уақытша шектеу туралы актілерді орындаудан бас тартады.
Тыйым салынатын сома болмаған және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген келісулер не санкциялар болмаған жағдайда, банктер тыйым салу туралы актілерді орындаудан бас тартады.
3. Зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкін тәркілеу заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) негізінде ғана жүргізілуі мүмкін.
4. Банктерге қолданылатын осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
5-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
12-тарау. БАНКТІҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
71-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган осы Заңның 3-бабының 1 және 2-тармақтарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының банктерін және банк секторының өзге де қатысушыларын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.
Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады.
72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер
1. Уәкілетті орган банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, банк конгломераттары үшін олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында белгілейтін экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер мен лимиттер болып табылады.
Уәкілетті орган банктердің міндетті түрде сақтауы үшін белгілейтін пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
1) банктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерлері;
2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттері;
3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;
5) ашық валюталық позиция лимиттері;
6) залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төмен мөлшері;
Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уәкілетті орган банк конгломераттарының міндетті түрде сақтауы үшін белгілейтін пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
1) жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері;
2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттері;
3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері.
Банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Уәкілетті орган банктер, банк конгломераттары сақтауға міндетті, халықаралық банк практикасында және (немесе) банктердің, банк конгломераттарының тәуекелін барынша азайту және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттер белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банктерге меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша қосымша талаптар белгілейді. Банкті жүйелік маңызы бар банкке жатқызу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотта орналастырған ақша және (немесе) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін сатып алатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері деп танылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Банк, банк конгломераты, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.
73-бап. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті түрде сақтауы үшін белгілейтін макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына мыналар кіреді:
1) контрциклдік капитал буфері;
2) секторлық контрциклдік капитал буфері;
3) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
4) қарыз алушының кірісіне борыш коэффициенті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары сақтауға міндетті, халықаралық банк практикасында пайдаланылатын қосымша макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілеуге құқылы.
Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уәкілетті орган банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерді, банктің ірі қатысушыларын, банк холдингтерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын және (немесе) олардың лауазымды адамдарын банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды.
3. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.
74-бап. Провизиялар (резервтер)
1. Жүзеге асырылатын операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметін бақылаудың тиісті деңгейін және оның сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.
2. Уәкілетті орган банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып бағалауды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігі, олардың сақталуы және қолданылуы тұрғысынан жүзеге асырады.
75-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының есепке алуы мен есептілігі
1. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шоғырландырылған негіздегі қаржылық және өзге де есептілікті қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті және өзге де есептілікті ұсынады.
3. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы операциялар мен оқиғаларды есепке алуды «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратулары бойынша өздерінің қаражаттары, оның ішінде Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жердегі қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берілген кредиттердің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, өзге де мәліметтерді беруге міндетті.
75-бабының 5-тармағы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қадағалау, тәуекелдерді ерте анықтау, сондай-ақ ақпаратпен қауіпсіз алмасу мақсаттары үшін өзінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыруды, жүргізуді және жаңартуды, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда, тәртіппен, мерзімдерде және форматтарда уәкілетті органның деректер витринасына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Деректер витринасында банк операциялары және өзге де операциялар, оның ішінде кредиттік портфель бойынша, ірі депозиторлар, ірі төлемдер, ірі ақша аударымдары, қолма-қол ақшаны алу жөніндегі ірі кассалық операциялар жөніндегі мәліметтер және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және деректер витринасына қол жеткізген өзге де тұлғалар деректер витринасын қалыптастыру, сақтау және оған қол жеткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес деректердің қорғалуын және банк құпиясының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
76-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі
1. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғанын растай отырып уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.
1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым есептілікті жасау кезінде бухгалтерлік есепте пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесі және оларды сақтау мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
78-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган банкке, банк холдингіне, олардың басшы қызметкерлеріне, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
2) уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, банктің тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның депозиторларының және (немесе) өзге де кредиторларының және (немесе) клиенттерінің және (немесе) корреспонденттерінің мүдделеріне және (немесе) банк жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін банктің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың қызметіндегі кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
3) банктің, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің олардың депозиторларының және (немесе) өзге де кредиторларының және (немесе) клиенттерінің және (немесе) корреспонденттерінің тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) анықталуы;
4) басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына және (немесе) өзге де кредиторларына және (немесе) клиенттеріне және (немесе) корреспонденттеріне залал келтіргені туралы куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың банкке залал келтірген немесе келтіруі мүмкін әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы;
6) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде банктің ірі қатысушысы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың қаржылық жағдайының орнықсыздығы;
7) осы Заңға сәйкес қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
8) уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну;
9) банктің, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының тексеру жүргізуге оны белгіленген мерзімдерінде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
10) банктің, банк холдингінің, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын ұйымның аудиторлық ұйым есебінде және ұсынымдарында көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйіне әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 82-бабының 6-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;
78-бабының 2-тармағы 11) тармақшасының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 135-баптың 3-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
11) банктің қаржы омбудсманы қызметіне міндетті жарналар және (немесе) өзге де төлемдер төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
78-бабының 2-тармағы 12) тармақшасының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 135-баптың 3-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
12) банктің қаржы омбудсманының шешімін осы шешімде белгіленген мерзімде орындамауы;
78-бабы 2-тармағының 13) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
13) банктің осы Заңның 100-бабының ережелеріне сәйкес банкті реттеу нәтижесінде туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды жүзеге асырмауы немесе тиісінше жүзеге асырмауы;
14) осы Заңның 81-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар.
3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарының ауқымы мен айтарлықтай болуы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жай-күйіне әсері;
5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;
9) банктің, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушысының қызметінде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, осыған байланысты қабылданған шараларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қабылдауға әзірлік.
4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:
1) осы Заңның 79-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
2) осы Заңның 80-бабына сәйкес қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
3) осы Заңның 81-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.
5. Уәкілетті орган банкке, банк холдингіне, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаларға бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.
6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
79-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
1. Уәкілетті орган банктің, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығына едәуір әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) банктің депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:
1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы ақпаратты банктің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымның, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің жекелеген органдарына жеткізу арқылы (уәкілетті орган айқындайтын қажеттілік жағдайында) хабардар ету;
2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;
3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескерту.
3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.
4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
80-бап. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді және (немесе) бұзушылықтарды жою мақсатында банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғалардың қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:
1) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды, жекелеген мәмілелер жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
3) шығыстарды азайту, оның ішінде:
жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу;
жекелеген филиалдарды, өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды жабу;
басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы азайту;
4) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру (қосымша қалыптастыру);
6) жеке тұлғаны немесе ұйымды банкпен, банк холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану;
7) банкпен, банк холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жеңілдікті шарттарда жасалған мәміленің шарттарын жеңілдікті шарттармен мәміле жасалған күні үшінші тұлғалармен жасалған осындай мәмілелердің осыған ұқсас шарттарына өзгерту;
8) банкпен, банк холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын операцияларды шектеу;
9) жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді және (немесе) мерзімсіз және (немесе) субординарлық қаржы құралдары бойынша сыйақыны есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату;
10) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау;
11) осы Заңның 45-бабында және (немесе) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі осы Заңның 45-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады.
Банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органның осы Заңның 45-бабында аталған адамдарды шеттету жөнінде қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы жазбаша хабарламасын алған күннен кейінгі күннен бастап алқалы органның шеттетілген адамның қатысуымен шығарылған барлық кейінгі шешімдері жарамсыз деп есептеледі;
12) банктің ірі қатысушысына және (немесе) банк холдингіне тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;
13) банк депозиторларының және (немесе) өзге де кредиторларының және (немесе) клиенттерінің және (немесе) корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;
14) аудиторлық есепте және (немесе) аудиторлық ұйымның ұсынымдарында көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық орнықтылығына әсер ететін кемшіліктерді жою;
15) банктің өз акцияларын, қатысу үлестерін, пайларын не еншілес ұйымдағы немесе капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдағы үлестік қатысудың басқа да нысандарын азайтуы (иеліктен шығаруы) және (немесе) аталған ұйымдарға бақылауды жүзеге асыруды тоқтатуы жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
3. Банкке, банк холдингіне, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауға нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқама уәкілетті органның осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талапты қамтуы мүмкін.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
4. Уәкілетті орган мен банк немесе банк холдингі немесе банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдар немесе банктің ірі қатысушысы арасында жазбаша нысанда жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді және (немесе) бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер және (немесе) бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар сақтауға міндетті болатын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге банк, банк холдингі, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдар және (немесе) банктің ірі қатысушысы тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
5. Банк, банк холдингі, банк конгломераты құрамына кіретін ұйым, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада, іс-шаралар жоспарында және (немесе) жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Банкке, банк холдингіне, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымға, банктің ірі қатысушысына байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада, іс-шаралар жоспарында және (немесе) жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын және (немесе) жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
81-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға:
1) осы Заңның 9-бабының 8-тармағында және 82-бабының 6-тармағында көзделген;
2) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғауды, банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын, банктің, банк холдингінің қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) банк холдингінің және (немесе) банктің ірі қатысушысының әрекеттері (әрекетсіздігі) банктің, банк холдингінің қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде:
1) ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банктің ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге ұшырататын, өздері мен банк арасындағы операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) банк холдингінен банк холдингі олардың акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға қатысты банк холдингін не банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздерінің арасындағы операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына өздері қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізу белгілерін алып тастауды талап етуге;
5) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардан банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын, өздері мен үлестес тұлғалары арасындағы операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөніндегі шараларды қолдануды талап етуге құқылы.
82-бап. Банкке, банк холдингіне және банк конгломератына кіретін ұйымдарға аудит
1. Банкке аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу банктер (операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған немесе ерікті немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда), банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері үшін міндетті болып табылады.
Банктің және банк холдингінің жекелеген және шоғырландырылған (банктің еншілес ұйымдары болған жағдайда) жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
Банкке және оның банк холдингіне аудитті сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Банк ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына аудитті сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
4. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргізіледі:
жүзеге асырылған банк қызметінің есепке алуда және есептілікте дер кезінде, толық және дәлме-дәл көрсетілуі;
жүзеге асырылған банк қызметінің осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
жүзеге асырылған банк қызметінің банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттарына сәйкестігі, сондай-ақ банк қызметін жүзеге асыру тәртібінің банктің өзге де ішкі құжаттарына сәйкестігі.
5. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломераты құрамына кіретін басқа ұйымға ұсынылатын есепте баяндайды.
Банктің немесе банк конгломераты құрамына кіретін басқа ұйымдардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
6. Банк, банк холдингі, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық есепте және (немесе) аудиторлық ұйымның ұсынымдарында көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйіне әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
банкке қатысты - осы Заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды;
банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
7. Банктердің, банк холдингтерінің және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
8. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қазақ немесе орыс тілінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
9. Уәкілетті орган банк қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде даму стратегиясы мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, аудит жүргізілетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзімін көрсете отырып талап етуге құқылы.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу банктер үшін міндетті.
Осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банк өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған, өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
10. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін банк, банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйым, банк холдингі аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Банк, банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйым, банк холдингі аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында банк уәкілетті орган алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Банктің өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне қойылатын осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсіндірмелерді, сондай-ақ банк құпиясын және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, банктің, банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйымның, банк холдингінің қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдаудың нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
11. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, банк, банк холдингі, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
12. Уәкілетті орган банкке аудит және (немесе) өзге ақпарат аудитін жүргізген аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.
13. Осы баптың 9, 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген ережелер Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
83-бап. Банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру
1. Уәкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені:
1) банк лицензиясын беруге негіз болған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметі процесінде осы Заңның 19-бабы 3, 4, 5 және (немесе) 20-тармақтары талаптарының сақталмауы;
3) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылуы не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындалмауы;
4) осы Заңның 52-бабының 4-тармағында белгіленген банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды ашып көрсету жөніндегі талаптардың сақталмауы;
5) банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға осы Заңның 50-бабында белгіленген тыйым салудың бұзылуы;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі;
7) осы Заңда және (немесе) банк жарғысында, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ережеде және (немесе) банк лицензиясында белгіленген құқық қабілеті шегінен шығатын банк қызметін жүзеге асыру;
8) осы Заңда көзделмеген инвестициялық немесе өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
9) қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы банк лицензиясына сәйкес қызметті жүзеге асырмау;
10) соттың банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы;
11) банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 81-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамауы;
12) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын операциялардың түрлеріне мәні бойынша ұқсас операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі лицензиясының (рұқсатының) қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;
13) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
83-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14) осы Заңның 99-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда;
15) осы Заңның 6-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталмауы бойынша, бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Осы баптың мақсаттары үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия да және (немесе) аталған лицензияға қосымша да банк лицензиясы деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай негіздердің кез келгені:
1) банк лицензиясын беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігінің анықталуы;
2) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның және қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметі процесінде осы Заңның 45-бабы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабы талаптарының сақталмауы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылуы не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шаралардың жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындалмауы;
4) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның банк лицензиясына сәйкес қызметті қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы жүзеге асырмауы;
5) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
6) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізуге кедергі келтіруі бойынша, бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның және қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы (ислам банкін, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалын қоспағанда) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан айырылады.
4. Операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтатудың немесе одан айырудың орындылығын айқындаған кезде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарының ауқымы мен айтарлықтай болуы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жай-күйге тигізетін әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) банктің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы;
83-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7) банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі.
5. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензияның қолданысы осындай шешім банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
6. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында олардың құзыреті шегінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
7. Уәкілетті органның банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешіміне банк атынан оның акционерлері ғана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған банк, осы Заңның 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктік қызметті және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
8. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі ғана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, осы Заңның 84-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында банктік қызметті және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
9. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтату банкке ерікті түрде таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуына рұқсат берілген кезде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
10. Осы баптың 1-тармағының банктерге қолданылатын ережелері банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Осы баптың 3, 5, 6, 7 және 9-тармақтарында көзделген ережелері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын барлық ұйымдарға қолданылады.
84-бабы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
84-бап. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырудың салдары
1. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күннен бастап:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға;
банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына келіп түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша келіп түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;
банкті банк лицензиясынан айырғаннан кейін банкке келіп түсетін ақша аударымы бойынша нұсқауларды беретін тұлғаның және пайдасына аударым жүзеге асырылатын тұлғаның банк алдындағы берешегі болмаған немесе аталған тұлғалар банк алдындағы берешегін өтеген кезде осындай нұсқауларды орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;
2) құрылтайшылар (қатысушылар), банктің органдары банк мүлкіне билік етуге құқылы болмайды;
3) банктің басшы қызметкерлері, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен еңбек міндеттерін атқарудан шеттетілуге, жұмыстан босатылуға немесе олардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуға тиіс;
4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін;
5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша банктің банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;
6) банк акционерлеріне өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
7) банкке қатысты қабылданған сот шешімдерінің орындалуы тоқтатыла тұрады;
8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды;
9) клирингтік қатысушы болып табылатын банктің сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды;
10) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті қоспағанда, банк атынан және есебінен оның акционерлері, банк органдары, банктің басшы қызметкерлері немесе өзге де тұлғалар жасаған барлық мәміле жарамсыз деп танылады.
2. Уәкілетті орган банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін банкте уақытша әкімшілікті тағайындайды.
Банктің бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті орган банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін оның қызметкерлері және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері және (немесе) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген ең төмен талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан уақытша әкімшілікті тағайындайды.
3. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік:
1) банк қызметінің барлық мәселесі бойынша өз бетінше шешім қабылдауға;
2) банк атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға, банк атынан және оның мүддесі үшін талап қою талаптарын ұсынуға;
3) банк қызметкерлерін жұмыстан шығару, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша шеттету, олардың міндеттерін айқындау туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;
4) құқықты (талапты) басқаға беру шартынан банкке қатысты туындаған талаптарды есепке жатқызуды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүргізуге;
5) банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларды жүзеге асыруға;
2) тараптардың келісуі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.
5. Уәкілетті орган банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
6. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік банк лицензиясынан айырылған күнге дейінгі үш жыл ішінде банк жасаған мәмілелер бойынша, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы Заңның 122-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Мәмілелерді жарамсыз деп тануға осы Заңның 122-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.
7. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті тағайындау мен оның қызметінің тәртібі, сондай-ақ банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің уәкілетті органға есептілік пен өзге ақпаратты ұсыну тізбесі, нысандары, мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстар банк лицензиясынан айырылған банктің ақшасы және (немесе) өзге мүлкі есебінен өтеледі.
8. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік осы бапқа сәйкес банктің тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңде өз қызметін жүзеге асырады.
Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкілеттігін доғарады және банктің құжаттары мен мүлкін банктің тарату комиссиясының төрағасына береді.
Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына банктің құжаттары мен мүлкін қабылдау-беру төрт данадан жасалатын актімен ресімделеді, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.
9. Осы Заңның 103-бабының ережелері уәкілетті органның банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін қолданылады.
6-бөлім 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6-БӨЛІМ. БАНКТІ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАДАҒАЛАУ, ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
13-тарау. БАНКТІ КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАДАҒАЛАУ, ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
85-бап. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері
1. Банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, банктің төлем қабілетсіздігінің немесе ықтимал төлем қабілетсіздігінің басталуын болғызбау, банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауы кезінде теріс салдарды азайту, сондай-ақ жүйелік тәуекелдерді азайту мақсатында уәкілетті орган банк қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде айқындалатын банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерін анықтайды.
2. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілері мыналар болып табылады:
1) уәкілетті орган белгілеген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициенттерін қоса алғанда, пруденциялық нормативтер мен лимиттер мәндерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттер мәндерінің төмендеуі;
2) банкте ақшаның болмауына немесе оның жеткіліксіз болуына байланысты банктің депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы;
3) уәкілетті органның банктің қаржылық және (немесе) өзге де есептілігінде анық көрсетілуі банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін бұзуына және (немесе) банктің оның депозиторлары және (немесе) өзге де кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауына алып келуі мүмкін фактілерді (мәмілелерді) анықтауы;
4) уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде анықтаған, банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) банктің депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне және (немесе) банк жүйесінің тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін банк қызметіндегі кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
5) банктің қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын орындамауы;
6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының өзге де белгілері.
Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржылық-экономикалық және өзге де белгілерінің болуына және мәндеріне байланысты оған мынадай режимдердің біреуі қолданылуы мүмкін:
1) күшейтілген қадағалау режимі;
2) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі;
Реттеу режимі осы Заңның 91-бабына сәйкес жүргізілген банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері банкті мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі мен орындылығын растаған жағдайда қолданылады.
4. Осы баптың ережелері осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
86-бап. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар
1. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қаржы құралдары жатады:
2) құрал қамтамасыз етілмеген;
3) құралдың қолданыс мерзімі кемінде бір жылды құрайды не құрал мерзімсіз (өтеу күні белгіленбеген) болып табылады;
4) құрал бойынша міндеттемелер мерзімінен бұрын орындалуға (мерзімінен бұрын өтелуге), оның ішінде осы құрал бойынша кредиторлардың талабы бойынша орындалуға жатпайды;
5) құрал бойынша міндеттемелер, егер бұл құралдың реттеу режимінде залалдарды қамту (жабу) қабілеттігіне кедергі келтірсе, қарсы құқықтарды (талаптарды) есепке жатқызу арқылы тоқтатылуға жатпайды.
2. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның еншілес ұйымдарының;
2) осы құралдарды шығарған банктің;
3) банктің еншілес ұйымдары немесе банктің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдардың қаражаты есебінен төленбейді (сатып алынбайды).
3. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың құрамына мыналар жатпайды:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозиттер;
2) талап еткенге дейінгі депозиттер және қайтаруға дейін мерзімі бір жылдан кем депозиттер;
3) туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер;
4) туынды қаржы құралдарының сипаттамалары бар борыштық құралдар, оның ішінде құрылымдалған борыштық құралдар;
5) шарттан тыс қатынастардан туындайтын міндеттемелер, оның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер;
6) талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 123-бабында белгіленген сегізінші кезектегі кредиторларды қанағаттандыру алдында жүзеге асырылатын міндеттемелер;
7) осы Заңның 96-бабының 4-тармағына сәйкес мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жатпайтын міндеттемелер;
8) реттеу режимінде мерзімінен бұрын тоқтатылмайтын және (немесе) банктің жай акцияларына конвертацияланбайтын өзге де міндеттемелер.
4. Жүйелік маңызы бар банктің осы Заңның 92-бабының 1-тармағында белгіленген реттеу мақсаттарына сәйкес осы Заңның 93-бабында көзделген реттеу құралдарын қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган белгілеген залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың ең төмен деңгейі болуға міндетті.
Жүйелік маңызы бар банктер үшін залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың ең төмен деңгейі, сондай-ақ осындай құралдардың тізбесі мен оларға қойылатын негізгі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
14-тарау. КҮШЕЙТІЛГЕН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
87-бап. Күшейтілген қадағалау режимі
1. Күшейтілген қадағалау режимі деп банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауын болғызбау мақсатында уәкілетті органның шешімі бойынша банкке қолданылатын қадағалаудың ерекше тәртібі түсініледі.
2. Уәкілетті орган күшейтілген қадағалау режимінің қолданысы кезеңінде осы Заңның 78-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларына қосымша:
87-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 135-баптың 3-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
1) ақпаратты, қаржылық және өзге де есептілікті жеке айқындалған кезеңділікпен, оның ішінде деректер витринасы арқылы алуға;
2) банктің қаржылық және мүліктік жай-күйіне бағалау (талдау) жүргізуге, оның ішінде банкке бару және (немесе) көрсетілетін қызметтері банк қаражатының есебінен төленетін (өтелетін) бағалаушыларды, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүргізуге;
3) банктің қолайсыз макроэкономикалық жағдайларға орнықтылығына талдау жүргізуге;
4) банктен банктің ағымдағы қаржылық жағдайына сәйкес қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын қайта қарауды және жаңартуды талап етуге;
5) банктен, банктің ірі қатысушыларынан, банк холдингтерінен банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдауды, оның ішінде банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде банктің және (немесе) банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайтуды талап етуге;
6) банктен және (немесе) банк холдингінен капиталына банк және (немесе) банк холдингі қатысатын ұйымдармен, сондай-ақ банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдармен операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруды және (немесе) жекелеген мәмілелер жасауды, егер мұндай операциялар және (немесе) мәмілелер банктің, банк холдингінің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығына теріс әсер ететін (әсер етуі мүмкін) болса, тоқтата тұруды талап етуге;
7) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардан олардың үлестес тұлғаларымен операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруды және (немесе) жекелеген мәмілелер жасауды, егер мұндай операциялар және (немесе) мәмілелер банктің және (немесе) банк холдингінің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығына теріс әсер ететін (әсер етуі мүмкін) болса, тоқтата тұруды талап етуге;
8) банктен корпоративтік басқаруды және (немесе) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсартуды талап етуге;
9) банктен және (немесе) банк холдингінен банкке күшейтілген қадағалау режимін қолданудың өзге де негіздерін жоюды талап етуге құқылы.
3. Уәкілетті орган осы Заңның 80-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген өкілеттіктерді жазбаша нұсқама нысанында қолданады.
4. Уәкілетті органның банкке күшейтілген қадағалау режимін қолдану туралы шешімі көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банктің, банктің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізіледі және аталған тұлғалар оны таратпауға (жария етпеуге) тиіс.
5. Банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері банкке күшейтілген қадағалау режимін қолдануға негіз болған себептерді жою үшін қажетті (жеткілікті) шараларды қабылдауға міндетті.
6. Күшейтілген қадағалау режимі оны қолдану негіздері жойылған және банк қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде уәкілетті орган белгілеген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және өзге де пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциалдық нормативтер мен лимиттерді сақтаған кезде уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатылады.
7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтері деп Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы түсініледі.
88-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспары
1. Банктің өзіне қатысты уәкілетті орган қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолданған жағдайда қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары болуға міндетті.
Банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарында мыналар көзделеді:
1) банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері қабылдайтын банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар, көрсетілген шараларды қаржыландыру көздері, оның ішінде банкті қосымша капиталдандыру түріндегі қаржыландыру көздері, оларды іске асыру мерзімдері;
2) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерлерді бекіту.
Банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарын банктің басқару органы бекітеді және оны банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері келіседі.
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қатысты қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолданған жағдайда оның қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары болуға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарында мыналар көзделеді:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі қабылдайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар, көрсетілген шараларды қаржыландыру көздері, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерінің мөлшерін ұлғайту түріндегі көздер, оларды іске асыру мерзімдері;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерлерді бекіту.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекітеді.
3. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары жаңартылып отыруға тиіс және банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы оның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ кез келген мынадай:
банктің ірі қатысушыларының және (немесе) банк холдингтерінің құрамы өзгерген (банк үшін қолданылады);
банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына едәуір әсер етуі мүмкін және (немесе) басқа себептер бойынша қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігіне алып келетін банк қызметінің түрлері және (немесе) жүзеге асырылатын ауқымы өзгерген жағдайларда жылына кемінде бір рет уәкілетті органға жіберіп отырады.
Уәкілетті орган қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарының тиімділігіне бағалау жүргізеді.
Уәкілетті органның ескертулері және (немесе) ұсыныстары болған кезде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын пысықтауға міндетті.
4. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін мемлекеттік қаражатты пайдалануы көзделмеуге тиіс және он екі айдан асатын іске асыру мерзімі көзделмейді.
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, оны уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
89-бап. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
1. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі деп банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері уәкілетті органның шешімі бойынша банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру, оның ішінде банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігін қалпына келтіру, сондай-ақ банкке қатысты реттеу режимін немесе мәжбүрлеп таратуды қолдануды болғызбау мақсатында жүзеге асыратын шаралар кешені түсініледі.
2. Уәкілетті орган осы Заңның 78-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларына қосымша қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимінің қолданысы кезеңінде:
1) осы Заңның 87-бабының 2-тармағында көзделген өкілеттіктерді қолдануға;
2) банктің және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың активтерін сатуды және (немесе) олардың сапасын жақсартуды қоса алғанда, осы активтердің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын талап етуге;
3) банктің басшы қызметкерлерін ауыстыруды қоса алғанда, банктің ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізуді талап етуге;
4) банктің, банк холдингінің және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың операциялардың және (немесе) мәмілелердің жекелеген түрлерін уәкілетті органмен алдын ала келісу қажеттігін қоса алғанда, оларды жасауының ерекше тәртібін белгілеуге құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген өкілеттіктерді уәкілетті орган осы Заңның 80-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданады.
4. Уәкілетті органның банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешімі көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банктің, банктің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның назарына жеткізіледі және аталған тұлғалар оны таратпауға (жария етпеуге) тиіс.
5. Уәкілетті органның банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешімінде көрсетілген күннен бастап:
1) банк осы Заңның 88-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын, осындай жоспарды осы баптың 6-тармағының талаптарына сәйкес жаңартылған кезіне дейін өз бетінше орындауға кіріседі;
2) банк Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда жалақы (сыйлықақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдерден басқа) және өзге де кепілдік берілген төлемдерді төлеуді қоспағанда, пайданы бөлу, дивидендтер төлеу, банктің ірі қатысушылары және (немесе) банк холдингтері алдындағы кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдерді қабылдауды, сондай-ақ осыған дейін қабылданған шешімдерді орындауды тоқтата тұрады;
3) банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесі жоқ банк акционерлері мен Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды иеленуші тұлғалар банк акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банк акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлердің жалпы жиналысына банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесіне ие барлық акционерлер мен Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды иеленуші тұлғалар қатысқан кезде кворум сақталған болып есептеледі.
6. Уәкілетті орган банкке қатысты қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органның мақұлдауына банктің ағымдағы қаржылық жағдайы ескеріліп жаңартылған қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын ұсынуға міндетті.
Банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері уәкілетті орган жаңартылған қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын мақұлдағаннан кейін оны дереу орындауға кірісуге және көрсетілген жоспарда белгіленген мерзімдерде орындау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
7. Уәкілетті орган кез келген мынадай:
1) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары уәкілетті органға осы Заңның 88-бабында немесе осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен ұсынылмаған;
2) банк қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимінде болған кезде қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары онда белгілеген мерзімдерде орындалмаған жағдайларда банкке, банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне осы Заңның 78-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
8. Банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары бұзылған жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша бұзушылықтарды түзету жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
9. Уәкілетті орган кез келген мынадай:
1) банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;
2) осы Заңның 87-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізілген банктің қаржылық және мүліктік жай-күйін бағалау (талдау) нәтижелері бойынша осы Заңның 101-бабында айқындалған тәртіппен банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындауға құқылы.
10. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (оны уәкілетті орган тағайындаған жағдайда) немесе банк (банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік тағайындалмаған жағдайда), оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі қолданыла бастаған күнге дейінгі үш жыл ішінде банк жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы Заңның 122-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі шеңберінде мәмілелерді жарамсыз деп тануға осы Заңның 122-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.
11. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі оны қолдану негіздері жойылған және банк қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде уәкілетті орган белгілеген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және өзге де пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтаған кезде уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатылады.
12. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін банктің ірі қатысушылары және банк холдингтері деп Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы түсініледі.
90-бап. Банкті реттеу жоспары
1. Уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимі қолданылған жағдайда жүйелік маңызы бар банктің реттеу жоспарын әзірлейді және қажеттілігіне қарай жаңартады.
Уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банк болып табылмайтын банктердің реттеу жоспарларын әзірлеуге және қажеттілігіне қарай жаңартуға құқылы.
2. Банкті реттеу жоспарында мыналар көзделеді:
1) реттеу құралдарын қолданудың ықтимал сценарийлерінің тізбесі және оларды талдауы;
2) үздіксіз жүзеге асыруды талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың түрлері;
3) банкке, банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға қатысты қабылданатын шаралар;
4) банкке реттеу режимін қолдану кезінде мемлекеттік органдардың және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл тетіктері;
5) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметі жөніндегі іс-шаралар;
6) банкті реттеуге бағытталған өзге де ережелер.
Банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, оны әзірлеу және жаңарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банкті реттеу жоспарын әзірлеу немесе жаңарту процесінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, банкті реттеуге кедергі келтіруі мүмкін банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың қызметіндегі кемшіліктерді, тәуекелдерді және (немесе) бұзушылықтарды анықтаған уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді және (немесе) бұзушылықтарды жою үшін осы Заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қолданады.
91-бап. Банктің қызмет қабілетін бағалау
1. Банктің қызмет қабілетін бағалау:
1) банктің қаржылық, бухгалтерлік және экономикалық жағдайын, оның ішінде банктің:
уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтау;
өзінің депозиторлары, өзге де кредиторлар мен клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындау, сондай-ақ орнықты негізде банк қызметін жүзеге асыру қабілетін;
2) жүзеге асырылудағы үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін банктің аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың түрлерінің болуын;
3) банкті төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп тану үшін негіздердің болуын;
4) банк төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп танылған жағдайда, банкке мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда реттеу құралдарын қолданудың мүмкіндігі мен орындылығын, оның ішінде:
банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігіне байланысты банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің жағдайы, сондай-ақ банкті реттеу режимін қолданбай мәжбүрлеп тарату кезіндегі олардың жағдайын;
банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда жүйелік тәуекелдердің және (немесе) банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болуын;
жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуының орындылығын айқындау мақсатында уәкілетті орган, оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізетін кешенді талдау болып табылады.
Уәкілетті органның банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізуге байланысты шығыстары банк қаражаты есебінен төленеді (өтеледі).
2. Банктің қызмет қабілетін бағалау мынадай негіздердің кез келгені болған кезде жүргізіледі:
1) банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің және (немесе) өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндер деңгейінен төмендеуі;
2) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты жеті жұмыс күні ішінде депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы;
3) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) тиісінше орындамауы;
4) банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;
5) банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;
6) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы;
7) осы Заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралардың және (немесе) осы Заңның 81-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларының орындалмауы;
8) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының орындалмауы немесе тиімсіздігі;
9) күшейтілген қадағалау режиміндегі немесе қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банктің өзінің қаржылық орнықтылығының нашарлауына алып келетін мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде:
банктің активтері сапасының едәуір нашарлауы орын алатын мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде, егер көрсетілген мәмілелер (операциялар) банктің залалдарына алып келсе, активтерді, кепіл нысаналарын сату, алмастыру;
банктің залал шегуіне әкелетін нарықтық емес шарттарда мәмілелер (операциялар) жасауы, сондай-ақ осы Заңның 50-бабында белгіленген талаптарды және (немесе) уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы белгілеген шектеулерді бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасуы;
банктің басқа депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауын мүмкін етпеуге алып келген міндеттемелерді қабылдауы;
мүлікті (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз не салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас мүлік бағасына қарағанда банк үшін нашарлау жағына қарай едәуір айырмашылығы болатын бағамен не негіздері болмаса да, банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып беру;
10) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру үшін осы Заңда белгіленген негіздердің болуы;
11) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздердің кез келгені келесі алты ай ішінде банкке қатысты туындайтынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы.
3. Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу тәртібі, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болуының өлшемшарттары, жүзеге асырылудағы үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болуының өлшемшарттары, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелеріне байланысты уәкілетті орган банкті:
1) банк қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарын орындаған жағдайда өзінің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге қабілетті;
2) төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп таниды.
5. Банкті төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп таныған жағдайда мынадай:
1) егер банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері банкті мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда реттеу құралдарын қолданудың мүмкіндігін және орындылығын растаса, осы Заңның 92-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен банкке реттеу режимін қолдану туралы;
2) егер банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігінің және (немесе) орындылығының болмауын растаса, уәкілетті органның банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыруы және банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім алу үшін сотқа жүгінуі туралы шешімдердің бірі қабылданады.
Банкке реттеу құралдарын қолданудың орындылығы осы Заңның 92-бабының 1-тармағында көзделген реттеу мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігімен расталады.
1. Реттеу режимі деп уәкілетті органның банкке осы Заңның 93-бабында көзделген реттеу құралдарын мынадай мақсаттарда қолдануы түсініледі:
1) банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жүйелік тәуекелдерді азайту және банк жүйесіне едәуір теріс әсердің алдын алу, оның ішінде реттеу режиміндегі банк тарапынан басқа банктер мен қаржы ұйымдарына теріс әсердің таралуына жол бермеу арқылы азайту;
3) банктің аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудағы үздіксіздігін қамтамасыз ету.
2. Реттеу режимі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банктің бухгалтерлік есебіндегі және қаржылық есептілігіндегі банктың іс жүзіндегі және күтілетін залалдардың мөлшеріне банктің меншікті капиталының шамасын міндетті түрде азайту;
2) реттеу режиміндегі банктің депозиторлары мен өзге де кредиторларының реттеу режимін қолданбай банкті мәжбүрлеп тарату жағдайында олар шегуі мүмкін залалдармен салыстырғандағы залалдарының ұлғаюын болғызбау;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозиттерді қорғау;
жүйелік тәуекелдердің ұлғаюына және (немесе) банк жүйесіне едәуір теріс әсер етуге алып келетін;
банктің аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудағы үздіксіздігіне кедергі келтіретін жағдайларын қоспағанда, банкке реттеу режимін қолданған кезде депозиторлар мен өзге де кредиторлардың талаптарын осы Заңның 123-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес қанағаттандыру;
5) банкке ең аз шығынды реттеу құралдарын қолдану;
6) республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты ең төмен қажетті көлемде және жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде тек қана жүйелік тәуекелдерді азайту және банк жүйесіне едәуір теріс әсерді болғызбау үшін пайдалану;
7) уәкілетті органның басқа функцияларына қарамастан, уәкілетті органның банкті реттеу функциясын жүзеге асыруы.
3. Егер банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері банктің мәжбүрлеп таратылуымен салыстырғанда банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі мен орындылығын растаса:
1) уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банк болып табылмайтын банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді аталған банктің қызмет қабілетін бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды;
2) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім осы Заңның 94-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен қабылданады.
4. Банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім:
1) осы баптың 2-тармағында белгіленген қағидаттарға негізделуге;
осы баптың 1-тармағында белгіленген реттеу режимінің мақсаттарын;
осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көрсетілген реттеу жоспарының ережелерін (бар болса);
осы Заңның 91-бабында көрсетілген қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін ескере отырып, реттеу құралдарының тізбесін, оларды іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдерін қамтуға тиіс.
5. Уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді ол қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде банктің, банктің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның назарына жеткізеді.
Банктің депозиторларын, өзге де кредиторларын, клиенттері мен борышкерлерін, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар ету мақсатында банкке реттеу режимін қолдану туралы хабарландыруды банк Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды, банктің интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банк клиенттерінің назарына жеткізеді. Уәкілетті орган аталған хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Осы Заңның 94-бабына сәйкес мемлекеттің қатысуы жүзеге асырылған жүйелік маңызы бар банк өзінің ресми интернет-ресурсында өзіне қатысты реттеу режимінің қолданылуы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның мөлшері, ұсыну және пайдалану шарттары және оны қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалу барысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттің қатысуы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
6. Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде өзгеше көзделмесе, реттеу режимін қолдану басталған күннен бастап:
1) банк берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатыла тұрады;
2) банктің депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандырылуға жататын міндеттемелерін орындау тоқтатыла тұрады;
3) банктің мүлкін өндіріп алу тоқтатыла тұрады;
4) банктен борыштарды өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалуы тоқтатыла тұрады;
пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есептеу және төлеу;
субординарлық борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және (немесе) залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін өзге де құралдар бойынша сыйақы төлеу;
банктің ірі қатысушылары және (немесе) банк холдингтері алдындағы кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда жалақы (сыйлықақылардан және басқа да ынталандырушы төлемдерден басқа) және өзге де кепілдік берілген төлемдерді төлеуді қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді орындауға тыйым салынады.
7. Осы Заңның 27-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банкке реттеу режимін және (немесе) реттеу құралдарын қолдану:
1) банктің контрагенттерінің бастамасы бойынша банктің міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындау немесе тоқтату;
2) банк жасасқан кез келген шарт бойынша міндеттемелерді орындамау (дефолт), реттеу, төлем қабілетсіздігі оқиғасының және (немесе) кез келген ұқсас оқиғаның басталуына байланысты банктің міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауы;
3) кредиторлардың бастамасы бойынша банктің кепіл немесе өзге де қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлкі есебінен банкке қойылатын талаптарды қанағаттандыруы үшін негіз бола алмайды.
8. Банкке реттеу режимін қолдану кезінде уәкілетті орган осы Заңның 101-бабында айқындалған тәртіппен банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындайды.
9. Уәкілетті орган және (немесе) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша банк реттеу режимін қолдана бастаған күнге дейінгі үш жыл ішінде жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы Заңның 122-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздығы негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Реттеу режимі шеңберінде мәмілелерді жарамсыз деп тануға осы Заңның 122-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.
Уәкілетті органның немесе банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өтініші бойынша қозғалған сот талқылауында, реттеу режимі тоқтатылғаннан кейін банк не (банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған жағдайда) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік талапкер деп танылады.
1. Реттеу режиміндегі банкке мынадай реттеу құралдарының кез келгені қолданылуы мүмкін:
1) реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату;
2) реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау;
3) реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін басқа банкке (басқа банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция;
4) тұрақтандыру банкін құру және оған реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін беру.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген реттеу құралы реттеу режиміндегі банкке мынадай шарттардың бірі:
осындай банкке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында және (немесе) 3) тармақшасында және (немесе) 4) тармақшасында көзделген реттеу құралдарының қолданылуы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің осы Заңның 94-бабының 11-тармағында айқындалған тәртіппен жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алуы сақталған кезде қолданылуы мүмкін.
Жүйелік маңызы бар банкті реттеу осы Заңның 94-бабында белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырылады.
2. Банкті реттеу құралдары және оларды қолдану жөніндегі іс-шаралар реттеу режиміндегі банктің акционерлерінің, депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің, борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың келісімін алусыз іске асырылады.
3. Реттеу құралдарын қолдану және (немесе) осы Заңның 92-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген қағидаттың сақталуын растау мақсаттары үшін уәкілетті орган реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелеріне, оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып бағалау жүргізуге құқылы.
Уәкілетті органның аталған бағалауды жүргізуге байланысты шығыстары реттеу режиміндегі банктің қаражаты есебінен төленеді (өтеледі).
4. Банкті реттеу құралдарын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және ол мыналарды қамтиды:
1) реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату тәртібі;
2) реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау тәртібі;
3) реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (басқа банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру тәртібі;
4) тұрақтандыру банкін құру және лицензиялау тәртібі, оның жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері және оларды қалыптастыру тәртібі, тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу және жарияланған акцияларының күшін жою тәртібі, тұрақтандыру банкін басқару тәртібі, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер жасау тәртібі;
5) реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке беру тәртібі мен шарттары;
6) банкке реттеу режимін қолдану салдарынан банктің депозиторларының және (немесе) өзге де кредиторларының іс жүзіндегі залалдары банкке реттеу режимін қолданбай, оны мәжбүрлеп тарату жағдайында олар шегуі мүмкін залалдардан асып кеткен банктің депозиторларын және (немесе) өзге де кредиторларын айқындау мақсатында бағалау жүргізу өлшемшарттары, сондай-ақ осындай бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын талаптар.
94-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеу
1. Жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім мынадай тәртіппен қабылданады:
1) уәкілетті орган аталған банктің қызмет қабілетін бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын дайындайды;
2) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына шығарылады.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын қарайды және оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес реттеу құралдарының тізбесіне, оларды іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдеріне ұсынымдар беруге құқылы.
Жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып қарайды;
3) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес аталған шешім жобасын мақұлдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісімен қабылданады.
2. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы мынадай шарттардың барлығы орындалған кезде:
1) реттеу режиміндегі банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке жатқызғанда;
2) жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау жүйелік тәуекелдерді азайту және банк жүйесіне едәуір теріс әсерді болдырмау үшін реттеу режиміне мемлекеттің қатысуының орындылығын растағанда;
3) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банктің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігіндегі банктің іс жүзіндегі және күтілетін шығындарының мөлшеріне азайтылғанда;
4) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің шығындары бірінші кезекте:
банктің залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелерін тоқтату және (немесе) осындай міндеттемелерді банктің жай акцияларына конвертациялау;
жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген реттеу құралдарын қолдану есебінен (мыналар арқылы) қамтылғанда (жабылғанда) жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені:
1) жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін, оның реттеу жоспарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасында көрсетілген реттеу құралдарының тізбесін, шарттарын және іске асырылуының болжамды мерзімдерін;
2) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпаратын;
3) жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне соңғы сатыдағы қарыз беру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпаратын;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы:
жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарызы бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратын ескере отырып қарайды.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг республикалық бюджет қаражаты және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражат есебінен жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы арқылы көрсетілген банкті реттеу режиміне қатысуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдауы;
соңғы сатыдағы қарыз сомасына міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін ұсыну шарттарының барлығы орындалған кезде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын жабу мақсатында соңғы сатыдағы қарыз беру арқылы жүйелік маңызы бар банкті реттеу режиміне қатысуға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеу режиміне мемлекеттің қатысуы туралы мәселені мақұлдаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауына шығарылады.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде:
1) сатып алынатын акциялардың саны мен бағасы;
2) жарияланған, бірақ орналастырылмаған не сатып алынған акциялар болмаған не олардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, жүйелік маңызы бар банктің жарияланған акцияларының жалпы санын ұлғайту үшін қажетті акциялар саны мен бағасы туралы ақпарат болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын жүйелік маңызы бар банктің акциялар саны:
1) осы тармаққа сәйкес акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнге жүйелік маңызы бар банктің орналастырылған акцияларының жалпы санына бөлінген, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес жүйелік маңызы бар банктің нақты және күтілетін шығындарының мөлшеріне азайтылған, жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасына тең бір акцияны орналастыру бағасы негізге алына отырып айқындалады. Егер жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасы теріс болса, акцияларды орналастыру бағасын есептеу мақсатында жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталы бір теңгеге тең болып қабылданады;
2) жүйелік маңызы бар банктің қаржылық орнықтылығын және жүйелік маңызы бар банктің уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталын ұлғайту қажет болатын сома ескеріле отырып айқындалады.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүйелік маңызы бар банктің акциялары шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар ұсынады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен:
1) жүйелік маңызы бар банктің акциялары шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымының проспектісін банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке электрондық нысанда жібереді.
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымының проспектісін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орталық депозитарийді жүйелік маңызы бар банктің жарияланған акциялары санының ұлғайғаны туралы хабардар етеді.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алуды жүйелік маңызы бар банк органдары шешімдерінің қабылдауынсыз жүзеге асырады.
Жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларына меншік құқығы республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органның немесе ұлттық басқарушы холдингтің атына тіркеледі.
Жүйелік маңызы бар банк акционерлерінің осы бапқа сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы болмайды.
9. Жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алғаннан кейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарғысына өзгерістер (немесе) толықтырулар енгізу не оны жаңа редакцияда бекіту, банктің лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін сайлау (қайта сайлау), банктің активтерін оңтайландыру туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.
10. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алған күннен бастап осындай банктің еншілес ұйымдарына қатысты барлық шешімді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.
11. Егер жүйелік маңызы бар банкті реттеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызының ұстаушылары болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған күнге жүйелік маңызы бар банктің акционерлері болған тұлғалардан оларға тиесілі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг аталған құқықты осы бапқа сәйкес жүйелік маңызы бар банктің бұрын сатып алынған акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг жаңа инвесторға өткізгенге дейінгі кез келген уақытта іске асыра алады.
Аталған құқық Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған күнге жүйелік маңызы бар банктің акционерлері болған тұлғаларға тиесілі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімді жүйелік маңызы бар банкке жіберуі арқылы іске асырылады. Жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алу туралы шешімде осы талапты мәлімдеген тұлға, осындай тұлғаға тиесілі жүйелік маңызы бар банктің акцияларының саны және осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сату (сатып алу) бағасы туралы деректер болуға тиіс. Егер тұлғадан сатып алынатын жүйелік маңызы бар банктің барлық акцияларының жиынтық бағасы бір теңгеден кем болса, аталған акциялар осындай тұлғадан барлық акциялары үшін бір теңге бағасымен сатып алынады.
Жүйелік маңызы бар банк осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шешімді алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және алынған шешім туралы орталық депозитарийді, сондай-ақ қор биржасын (банк акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы осы жүйелік маңызы бар банк акционерлерінің келісуін талап етпейді.
12. Осы Заңның 99-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негізге сәйкес реттеу режимі тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің өзі сатып алған акцияларын жаңа инвесторға сату жөніндегі шараларды қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сату кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) сатушы үшін ең жақсы экономикалық нәтижеге және мәміленің барынша тиімді талаптарына қол жеткізу үшін барлық ақылға қонымды шараларды қолдану;
2) әлеуетті инвесторлар құқықтарының теңдігін сақтау:
3) акцияларды сату талаптарын бағалау үшін әлеуетті инвесторларға жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің қаржылық жағдайы туралы толық және анық ақпараттың ашылуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сатуды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг бағалаушыларды, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тартуға құқылы. Жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған күнге банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингтері болып табылатын тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцияларды сатып алуға құқылы емес.
13. Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сату тәртібін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сату тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкті реттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты көрсетілген банктің болашақ таза пайдасынан ішінара өтеу (жабу) шартымен немесе осындай өтеусіз (жабусыз) көрсетілген сату жүзеге асырылатын өлшемшарттарды, сондай-ақ көрсетілген өтеудің (жабудың) мөлшерлерін, мерзімдерін және өзге де талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
14. Реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банкке:
пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есептеу және төлеу туралы;
субординацияланған борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және (немесе) залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін өзге де құралдар бойынша сыйақы төлеу туралы;
банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктің ірі қатысушылары және (немесе) банк холдингтері алдындағы кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау туралы;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда жалақыны (сыйлықақылар мен басқа да ынталандыру төлемдерін қоспағанда) және өзге де кепілдік берілген төлемдерді төлеуді қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді орындауға тыйым салынады.
Аталған тыйым салу реттеу режимі басталған күннен бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг осы бапқа сәйкес бұрын сатып алған акцияларды жаңа инвесторға өткізгенге дейінгі және жүйелік маңызы бар банк немесе жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне соңғы сатыдағы қарызды қайтару бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындағанға дейінгі кезеңде қолданылады.
15. Осы Заңда көзделмеген жағдайларда, банкті реттеу режимінде мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын пайдалануға тыйым салынады.
95-бап. Банк акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату
1. Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату көзделсе, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жаңа инвесторды іздестіру, сондай-ақ келіссөздер жүргізу және жаңа инвестормен реттеу режиміндегі банктің акцияларын сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Жаңа инвесторды таңдау мынадай талаптардың негізінде жүзеге асырылады:
1) акцияларды сатып алудың ең жақсы бағасын ұсыну;
2) жаңа инвестордың банкті оның қаржылық орнықтылығын және уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциалдық нормативтерді және (немесе) лимиттерді сақтауын қамтамасыз ететін деңгейге дейін қосымша капиталдандыру бойынша міндеттеме қабылдауы;
3) жаңа инвестордың тиімді басқаруды, орнықты бизнес-модельді және банктің одан әрі дамуын қамтамасыз ету қабілетін растауы.
2. Реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату осы банк акционерлерінің келісуін талап етпейді.
Жаңа инвесторды таңдауды, сондай-ақ реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату бағасын банктің қызмет қабілетін бағалауды ескере отырып, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік айқындайды және оларды уәкілетті орган келісуге тиіс.
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің акцияларын мәжбүрлеп сатудан түскен ақшаны акциялары жаңа инвесторға сатылған акционерлер (бұрынғы акционерлер) пайдасына аударуға тиіс.
96-бап. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау
1. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау уәкілетті орган банктің міндеттемелерін, оның ішінде залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша банктің міндеттемелерін толық немесе ішінара тоқтатуды және (немесе) өзгертуді жүзеге асыру және (немесе) мұндай міндеттемелерді банктің жай акцияларына конвертациялау арқылы банктің залалдарын қамту (жабу) бойынша шаралар кешенін білдіреді.
Реттеу режиміндегі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты аталған қаражатты беру туралы шешім қабылданған күннен бастап банк оларды қайтару бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейінгі кезеңде пайдаланылатын банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісуі бойынша қабылдайды.
2. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау банктің меншікті капиталының шамасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банктің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігіндегі іс жүзіндегі және күтілетін залалдардың мөлшеріне азайтылғаннан кейін ғана қолданылады.
3. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау мынадай:
жүйелік тәуекелдердің ұлғаюына және (немесе) банк жүйесіне едәуір теріс әсер етуге алып келетін;
банктің аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды үздіксіз жүзеге асыруына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 123-бабында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кері кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
1) осы Заңның 116-бабына сәйкес талаптары банктің тарату массасының құрамына енгізілмейтін тұлғалар алдындағы банктің міндеттемелері;
2) осы Заңның 123-бабына сәйкес банкті мәжбүрлеп тарату жағдайында бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші кезектерде қанағаттандырылуға жататын банктің міндеттемелері, сондай-ақ банкті мәжбүрлеп тарату жағдайында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төлеуіне жататын кепілдік берілген өтем мөлшеріндегі депозиттері бойынша банктің жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жатпайды.
5. Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау мақсаттары үшін:
1) банктің міндеттемелерін жай акцияларға конвертациялау үшін банктің жарияланған, бірақ орналастырылмаған жай акцияларының саны жеткіліксіз болған жағдайда банктің жарияланған жай акцияларының санын ұлғайту;
2) банк акцияларына және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарға қатысты сауда-саттықты тоқтату және (немесе) олардың делистингі туралы шешім қабылдауға құқылы.
6. Реттеу режиміндегі банктің борыштық бағалы қағаздары мен өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына конвертациялау кезінде:
1) банктің жарияланған акцияларының санын көбейту туралы банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі талап етілмейді;
2) банк акционерлеріне банктің акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді;
3) осы Заңның 9-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
97-бап. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
1. Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) (осы баптың мақсаттарында бұдан әрі - сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны көздейтін болса, мұндай операцияны банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде сатып алушы банкке реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелері бір мезгілде ішінара немесе толықтай берілуі мүмкін.
Реттеу режиміндегі банктің жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттері бойынша міндеттемелері сатып алушы банкке толық көлемде берілуге тиіс.
Егер сатып алушы банкке берілетін жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттері бойынша міндеттемелердің мөлшері реттеу режиміндегі банк активтерінің мөлшерінен асып кетсе, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен толықтыруға тиіс.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес беретін қаражаттың мөлшері кепілдік өтем ретінде төленуге жататын, Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу:
1) реттеу режиміндегі банк акционерлерінің, депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және (немесе) борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдік берушілерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады;
2) реттеу режиміндегі банк өзінің депозиторларымен, өзге де кредиторларымен, клиенттерімен және (немесе) борышкерлерімен, сондай-ақ өзге де тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдік берушілерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттардың талаптарына шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді;
3) сатып алушы банктің реттеу режиміндегі банктің депозиторларымен жаңа банктік шот шарттарын жасасуын талап етпейді.
4. Сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттары бойынша депозиторларды бұл жөнінде хабардар ете отырып, жеке сәйкестендіру кодтарын береді.
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің сатып алушы банкке реттеу режиміндегі банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелерін беруі осы Заңның 68-бабы 6, 7 және 8-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде берілетін реттеу режиміндегі банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
6. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің депозиторларын, өзге де кредиторларын, клиенттері мен борышкерлерін, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар ету мақсатында реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды, сондай-ақ оны уәкілетті орган, реттеу режиміндегі банк және сатып алушы банк өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
7. Реттеу режиміндегі банктің акциялар, қатысу үлестері, пайлар не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа нысандары түріндегі активтерін, сондай-ақ банктің филиалдарын, өкілдіктері мен қосымша үй-жайларын сатып алушы банкке беру уәкілетті органның осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген рұқсаттарын, келісімдерін және хабарламаларын сатып алушы банктің алуын талап етпейді.
8. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасасу арқылы, шартқа беру актісі қоса беріле отырып жүзеге асырылады.
Беру актісінде берілетін активтер мен міндеттемелер туралы, оның ішінде берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады.
9. Сатып алушы банк құқықтық кадастрға, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын, өзіне берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар өткен жаңа кредитор туралы мәліметтерді енгізу мақсатында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты (беру актісін қоса бере отырып) уәкілетті тіркеуші органға (ұйымға) ұсынады.
Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредиторға үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтар, тыйым салулар, мүлікке билік етуде өзге де шектеулер бар мүлікке құқықтардың өтуі үшін де негіз болып табылады.
10. Реттеу режиміндегі банктің депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды сатып алушы банк жүзеге асырады.
11. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасалғаннан кейін реттеу режиміндегі банктің акционерлері, депозиторлары, өзге де кредиторлары мен клиенттері:
1) сатып алушы банктен реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банктің пайдасына беру салдарынан шеккен кез келген залалдарды өтеуді талап етуге;
2) реттеу режиміндегі банктің пайдасына кез келген активтер мен міндеттемелерді кері беруді талап етуге құқылы емес.
Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шартты жасасу және (немесе) орындау:
1) сатып алушы банкке берілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға немесе мерзімінен бұрын тоқтатуға;
2) орындамау (дефолт), реттеу, төлемге қабілетсіздік оқиғасының және (немесе) сатып алушы банкке берілген міндеттемелер соның шеңберінде туындаған шарт бойынша кез келген ұқсас оқиғаның басталуына негіз бола алмайды.
12. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны көрсетілген банктің активтері мен міндеттемелерін қосымша беру мақсатында бір реттен артық жүргізуге құқылы.
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке беруді аяқтағаннан кейін уәкілетті органға банкті кейіннен мәжбүрлеп тарату мақсатында реттеу режиміндегі банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы ұсыныс береді.
13. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері осы Заңның 98-бабында белгіленеді.
98-бап. Тұрақтандыру банкін құру және оған реттеу режиміндегі банк активтері мен міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін беру
1. Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мақсатында тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде толықтай немесе ішінара беру жөніндегі операцияны жүргізуді тапсырады.
2. Тұрақтандыру банкі уәкілетті органның шешімі бойынша оған реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін толықтай немесе ішінара беру және тұрақтандыру банкінің акцияларын одан әрі жаңа инвесторға сату мақсатында құрылады.
3. Осы Заңның 3, 5, 6, 8 және 9-тарауларында, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6 және 7-тарауларында белгіленген талаптар мен ережелер тұрақтандыру банкіне қолданылмайды.
4. Тұрақтандыру банкі осы Заңда көзделген банк қызметін әмбебап банк лицензиясының негізінде жүзеге асырады.
Тұрақтандыру банкі банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасын (өзге де қамтамасыз етуді) өндіріп алуды қолданған және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алған кезде тұрақтандыру банкінің акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуын қоспағанда, тұрақтандыру банкі осы Заңның 23-бабының 2, 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Реттеу режиміндегі банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісу бойынша өзіне бұрын берілген активтер мен міндеттемелерді реттеу режиміндегі банктің басқа активтері мен міндеттемелеріне ауыстыруға құқылы.
6. Осы Заңның 97-бабы 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарының ережелері реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу жағдайларына қолданылады.
7. Тұрақтандыру банкінің активтерді және (немесе) міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке беруі тұрақтандыру банкі депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және (немесе) борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдік берушілерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуінсіз жүзеге асырылады.
Тұрақтандыру банкі депозиторларды, өзге де кредиторлар мен клиенттерді хабардар ету мақсатында тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін басқа банкке беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды, сондай-ақ уәкілетті орган мен тұрақтандыру банкінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін басқа банкке беру туралы шартты жасасу және (немесе) орындау:
1) басқа банкке берілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға немесе мерзімінен бұрын тоқтатуға;
2) орындамау (дефолт), реттеу, төлемге қабілетсіздік оқиғасының және (немесе) басқа банкке берілген міндеттемелер соның шеңберінде туындаған шарт бойынша кез келген ұқсас оқиғаның басталуына негіз бола алмайды.
8. Тұрақтандыру банкі реттеу режиміндегі банктен қабылданған активтер мен міндеттемелер басқа банкке уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттармен толық берілгеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша өз қызметін тоқтатады.
9. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциясы тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуды және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін белгіленген талаптарына сәйкес жұмыс істеуін көздейтін шарттармен инвесторға өткізілуі мүмкін.
Тұрақтандыру банкінің акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы осы Заңның 94-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімі қабылданған күні банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингтері болып табылатын тұлғалар тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуға құқылы емес.
Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап осы банк:
1) тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін белгіленген талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының әмбебап банк лицензиясы бар банк үшін белгіленген талаптарына сәйкес уәкілетті орган тарапынан реттелуге, бақылануға және қадағалануға жатады.
99-бап. Реттеу режимін тоқтату
1. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) реттеу құралдарын қолдану банкке реттеу режимін қолдану негіздерінің жойылуына алып келгенде;
2) уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
реттеу құралдарын қолдану банкке реттеу режимін қолдану негіздерінің жойылуына алып келмегенде;
осы Заңның 97-бабында және (немесе) 98-бабында көзделген реттеу құралдары қолданылғаннан кейін реттеу режиміндегі банкті кейіннен мәжбүрлеп тарату мақсатында осы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанда, реттеу режимін тоқтату туралы шешімді қабылдайды.
2. Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банкті осы Заңның 83-бабында айқындалған тәртіппен операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырады.
100-бап. Банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) тетігі
1. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналары есебінен өтеу туралы бірлескен шешім қабылдайды.
Жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не осындай банктің активтері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу бағасы мен көрсетілген акцияларды жаңа инвесторға кейіннен сату бағасы арасындағы айырма ретінде айқындалатын залал сомасы өтелуге жатады.
Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сатуының шарты жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде пайдаланылған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты осындай банктің болашақ таза пайдасы есебінен ішінара өтеу (жабу) болып табылса, онда көрсетілген өтеу (жабу) сомасы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған залалдар мөлшерінен шегерілуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сатқаннан кейін үш ай ішінде қабылданады.
2. Міндетті ақшалай жарналардың мөлшері, оларды енгізу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде айқындалады.
Міндетті ақшалай жарнаның мөлшерін залалдарды өтеу туралы шешім қабылданған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылына банктің немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының міндеттемелері сомасының 0,2 пайызынан асыруға болмайды.
Егер төлеу банктің пруденциялық немесе макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзуына алып келсе, уәкілетті орган жарнаны төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді алты айдан аспайтын мерзімге беруге құқылы.
16-тарау. БАНКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ УАҚЫТША ӘКІМШІЛІК
101-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік туралы жалпы ережелер
1. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік мынадай жағдайларда:
1) банкті тиімді басқаруды қамтамасыз ету, банк депозиторларының, өзге де кредиторлары мен клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ банктің қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауын болғызбау үшін қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі қолданылған;
2) банкке толық бақылау орнату және осындай банкке реттеу құралдарын қолдану мақсатында реттеу режимі қолданылған кезде уәкілетті орган тағайындайтын банкті басқарудың уақытша органы.
2. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап және қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі тоқтатылғанға дейін:
1) банк акционерлерінің банк акцияларын пайдалану және оларға билік ету бойынша барлық құқығын жүзеге асыру тоқтатыла тұрады;
2) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;
3) банктің басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
4) банк органдарының барлық өкілеттіктері, сондай-ақ банк акционерлерінің құқықтары банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке өтеді;
5) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті қоспағанда, банк атынан және соның есебінен оның акционерлері, банк органдары, банктің басшы қызметкерлері немесе өзге де тұлғалар жасаған барлық мәміле жарамсыз деп танылады.
3. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері және (немесе) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген ең төмен талаптарға сай келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.
4. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстар банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен жабылады.
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ банктің мүлкі болмаған не банк мүлкінің құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті органның банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімін жариялау жөніндегі шығыстарды қоспағанда, уәкілетті органның банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.
5. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындау және оның қызмет тәртібі, сондай-ақ есептілік пен өзге де ақпараттың тізбесі, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің уәкілетті органға оларды беру нысандары, тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
102-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, реттеу режимі шеңберінде:
1) осы Заңның 103-бабының талаптарын ескере отырып, банк қызметінің барлық мәселесі бойынша шешімдерді өздігінен қабылдауға;
2) банктің атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға, банктің атынан және оның мүддесі үшін талаптар қоюға;
3) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, реттеу режимі кезеңінде банктің депозиторлар, өзге де кредиторлар мен клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындауды толықтай немесе ішінара тоқтата тұруға;
4) банктің ақшалай міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуге немесе тоқтата тұруға және (немесе) көрсетілген міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерін азайтуға;
5) банк қызметкерлерін жұмыстан шығару, олардың лауазымын төмендету немесе оларды лауазымынан уақытша шеттету, міндеттерін айқындау туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;
6) құқықты (талапты) басқаға беру шартынан банкке туындаған талаптарды есепке жатқызуды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүргізуге;
7) реттеу құралдарын пайдалануға;
8) осы Заңның 23-бабында көзделген қызметті жүзеге асыруға;
9) осы Заңның 89-бабының 10-тармағына және 92-бабының 9-тармағына сәйкес мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға;
бұрын банктің клиенттері болған тұлғалардың жабылған шоттарына келіп түсетін ақшаны қайтаруға;
өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін банк жауапты болатын жеке тұлғаларға төленетін төлемдерге;
еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу жөніндегі, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттер мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысуларға;
банк клиенттерінің салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуіне;
осы Заңның 94, 95, 96, 97 және 98-баптарында көзделген операцияларды жүргізуге;
банктің мәмілелерін осы Заңның 122-бабына сәйкес жарамсыз деп тануға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұруға;
11) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимінде кредиторлардың талап етуі бойынша банктің банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алу туралы талаптарды, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптарды орындауды, сондай-ақ банктің мүлкіне өндіріп алуды қолдануды тоқтата тұруға;
12) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі енгізілген күннен кейін берілген, борыштарды банктен өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауды көрсетілген режимде тоқтата тұру туралы өтінішпен сот орындаушысына жүгінуге;
13) банктің және оның тікелей не жанама бақылауындағы ұйымның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізуге;
14) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру және банкті реттеу жөніндегі шараларды іске асыруға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
103-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау
Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік қызметінің мерзімі ішінде оның қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:
1) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке ұсынымдар және орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;
2) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке анықталған бұзушылықтарды және олардың себептерін, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;
3) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен оның қызметі және банктің қызметі туралы кез келген ақпаратты беруді талап етуге;
4) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен атқарылған жұмыс туралы есепті алуға және тыңдауға;
5) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік қызметінің мерзімін ұзартуға;
6) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік қызметінің аяқталғаны туралы шешім қабылдауға құқылы.
104-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін тоқтату
1. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметі мынадай:
1) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік қызметінің уәкілетті органның шешімімен белгіленген мерзімі өткен немесе қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, реттеу режимі тоқтатылған;
2) уәкілетті орган банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда тоқтатылады.
2. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін банктің қаржылық жағдайының жақсаруына байланысты тоқтату осы банкке қатысты уәкілетті орган немесе банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік белгілеген барлық шектеудің алынып тасталуына алып келеді. Бұл ретте банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметі барысында құрылтай құжаттарына, банк органдарының қызметіне және банктің штат кестесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшінде қалады.
7-БӨЛІМ. ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
17-тарау. БАНКТІ, БАНК ХОЛДИНГІН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
105-бап. Банкті, банк холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жалпы шарттары
1. Банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, өзгерту, айналдыру) уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатымен акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Банкті (банк холдингін) біріктіру немесе қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсаты әрбір қайта ұйымдастырылатын банк (банк холдингі) үшін талап етіледі.
Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ерікті түрде өзгерту шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру тәртібі осы Заңның 18-тарауында белгіленеді.
3. Уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатын алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) банк акционерлерінің (банк холдингін басқарудың жоғары органы) жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешімі, ал банктер бірігу немесе қосылу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда - қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі;
2) банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастырудың болжалды шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;
3) банк (банк холдингі) қайта ұйымдастырылғаннан кейінгі оның және (немесе) банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, уәкілетті органның қосылу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге арналған рұқсатын алу туралы өтінішхатқа «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының басшылары қол қойған қосылу туралы шарт қоса берілуге тиіс.
4. Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыруды жүргізуге арналған рұқсатты алу туралы өтінішхатты уәкілетті орган оны қабылдаған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
5. Қайта ұйымдастырылатын банк (банк холдингі) уәкілетті органның ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде тиісті хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, оның ішінде банктің интернет-ресурсында орналастыру арқылы өзінің барлық депозиторларына, өзге де кредиторларына, клиенттеріне, корреспонденттеріне және қарыз алушыларына алдағы өзгерістер туралы ақпарат беруге міндетті.
6. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүргізіледі.
7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның шыққан елінің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілген тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растамасы болғанда;
уәкілетті орган мен тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісім, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түрінде келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болғанда, банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
106-бап. Банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері
1. Банкті басқа банкке қосу кезінде, қосылатын банктің акцияларын әрбір банктің директорлар кеңесі оны алдын ала мақұлдағаннан кейін қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында бекітілетін акцияларды айырбастау коэффициенті негізінде айқындалатын мөлшерде өз акцияларын қосылатын банктің акционерлері арасында орналастыру (өткізу) арқылы өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк сатып алады. Бұл ретте «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабының қосылатын қоғамның акцияларын сату бағасына және өзіне қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.
2. Қосылатын банктің депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелері өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген банктік шоттарын жүргізуді өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк жүзеге асырады.
3. Қосылатын банк өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, қосылатын банкте ашылған олардың банктік шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банктік шоттарды ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың қосылатын банктегі банктік шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы.
4. Өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банктік шоттары деректемелерінің (оның ішінде, қосылатын банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу мерзімінің шеңберіндегі қажетті мерзімде депозиторлардың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке берілген банктік шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың қосылатын банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ қосылатын банктің төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Мұндай нұсқауларды орындау қосылатын банктің корреспонденттік шоты пайдаланыла отырып жүргізіледі. Өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк қосылатын банктің ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
5. Қайта ұйымдастыру рәсімі шеңберінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
6. Банкті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу шеңберіндегі қажетті мерзім ішінде өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банктік шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жеке сәйкестендіру кодтарын береді және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жеке сәйкестендіру кодтарының өзгергені туралы хабардар етеді.
Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға, депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалық салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, депозиторлардың өздеріне қойылған орындалмаған талаптар бар банктік шоттарының жеке сәйкестендіру кодтарын өзгерткеннен кейін:
өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозитордың банктік шотына талапты (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банктік шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк қосылатын банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) өзіне қосылу жүзеге асырылатын банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банктік шотқа берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, депозиторлардың осындай банк ашқан банктік шоттарынан орындайды;
депозитордың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк олардың қосылатын банкке келіп түсуінің күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен, депозиторлардың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк ашқан банктік шоттарынан орындайды.
Өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банктік шоттарына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және міндеттемелері осы банкке өткен банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізеді.
107-бап. Банкті және банк холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беруден бас тарту
Уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатын беруден бас тарту мынадай кез келген негіз бойынша жүргізіледі:
1) қайта ұйымдастырылатын банктердің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
2) болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан депозитор-лардың мүдделеріне нұқсан келтіру;
3) уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы.
18-тарау. БАНКТІ ИСЛАМ БАНКІНЕ АЙНАЛДЫРУ НЫСАНЫНДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
108-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру ұғымы
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында (бұдан әрі - банкті ислам банкіне айналдыру) ерікті түрде қайта ұйымдастыру деп ислам банкінің мәртебесін алу және исламдық банк операцияларын осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес жүзеге асыру мақсатында банк қызметін өзгертуге бағытталған іс-шаралар кешені түсініледі.
109-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсаты
1. Банкті ислам банкіне айналдыру банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын беру және рұқсат беруден бас тарту тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) банкті ислам банкіне айналдыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
2) осы Заңның 110-бабының талаптарына сәйкес келетін, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін, алдағы үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының көшірмесі;
4) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары.
3. Уәкілетті орган өтінішті осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.
Банк осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту береді.
4. Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі қабылданғанға дейін уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын беру туралы өтінішті еркін нысанда жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
5. Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 110-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі;
4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жағдайының нашарлауын болжауы;
5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) лимиттерді бұзуы және (немесе) банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде банкте Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы;
6) банкті ислам банкіне болжамды айналдыру салдарынан банк депозиторлары мен өзге де кредиторларының заңды мүдделеріне нұқсан келтіру.
6. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беруге немесе осы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тарту беруге міндетті.
7. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:
1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы;
2) банктің өз қызметін өзге нысандарда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы не банктің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қабылдануы;
3) банктің осы Заңның 111-бабында көзделген талаптарды орындамауы не талаптарды орындау мерзімдерін бұзуы;
4) банкке исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тарту.
Банк уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатты қайтару арқылы өзіне банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсаттан ерікті түрде бас тартуға құқылы.
Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсат кері қайтарып алынған немесе банк өзіне банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсаттан ерікті түрде бас тартқан кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болған факт анықталған күннен немесе рұқсат қайтарылған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
110-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын банктің директорлар кеңесі бекітеді.
2. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында төмендегі іс-шараларды іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, олардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:
1) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құру;
2) осы Заңның 22-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларын жүзеге асыру туралы шарттардың үлгілік талаптарын әзірлеу;
осы Заңның 22-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларына айналдыруға жататын;
осы Заңның 22-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ислам банкіне жүзеге асыру рұқсат етілген исламдық банк операцияларына айналдыруды талап етпейтін;
банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін шарттардың қолданылу мерзімінің өтуі негізі бойынша исламдық банк операцияларына айналдыруды талап етпейтін;
осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмеу негізі бойынша исламдық банк операцияларына айналдыруға жатпайтын банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесін айқындау;
4) банктің осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген банк операциялары және өзге де операциялар бойынша активтері мен міндеттемелерінің әлеуетті көлемін айқындау;
5) айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялау және оны банктің интернет-ресурсында орналастыру;
6) банк клиенттерін банк операцияларының және өзге де операциялардың осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тізбесі, осы Заңның 111-бабының 4-тармағында көзделген жазбаша бас тартуларды не келісімдерді ұсыну мерзімі және олар қабылданатын мекенжай көрсетіле отырып, банкті ислам банкіне айналдыруды жүргізу туралы жазбаша хабардар ету;
7) операциялардың (қызметтің) жаңа түрлері ескеріле отырып, банкті корпоративтік басқарудың және оның ішкі саясаты мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;
8) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты банктің басшы қызметкерлерін айқындау;
9) клиенттермен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыру туралы шарттар бойынша жұмыс жүргізу;
10) исламдық банк операцияларын жүзеге асыру үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау;
11) уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсыну;
12) банкті ислам банкі етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгіну;
13) уәкілетті органға исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы өтінішпен жүгіну;
14) банкті ислам банкіне айналдырудың осы Заңның 111-бабының 7-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиісті банк жоспарлаған мерзімі;
15) банкті ислам банкіне айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.
111-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіндегі оның қызметі
1. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде банк айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
2. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын алғаннан кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысында директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тағайындалады.
3. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде:
1) айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және көрсетілген хабарландыруды банктің интернет-ресурсында орналастырады;
2) банк клиенттеріне банк операцияларының және өзге де операциялардың осы Заңның 110-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген тізбесін, осы баптың 4-тармағында көзделген жазбаша бас тартуларды не келісімдерді ұсыну мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, банкті ислам банкіне айналдыруды жүргізу туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
4. Банк клиенттері осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке:
1) осы Заңның 22-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген исламдық банк операцияларына айналдыруға жататын банк операциялары және өзге де операциялар бойынша шарт талаптарын өзгертуге;
2) ислам банкіне осы Заңның 22-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асыру рұқсат етілген исламдық банк операцияларына айналдыруды талап етпейтін банк операциялары және өзге де операциялар бойынша шарт талаптарын банкті ислам банкіне айналдыруға байланысты банктің атауын өзгерту бөлігінде өзгертуге;
3) уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін шарттардың қолданылу мерзімінің өтуі негізі бойынша исламдық банк операцияларына айналдыруды талап етпейтін немесе осы Заңның 36-бабында белгіленген исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкес келмеу негізі бойынша айналдыруға жатпайтын банк операциялары және өзге де операциялар жөніндегі шарттар бойынша құқықты (талапты) басқаға беруге немесе борышты аударуға жазбаша бас тартуды не келісімді ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде жауапты ұсынбау:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары бойынша клиенттің бас тартуы ретінде қаралады;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бойынша клиенттің келісімі ретінде қаралады.
Клиент осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша жазбаша бас тартуды берген кезде осы шарттардың қолданысы осы Заңның 112-бабының 1-тармағында көрсетілген есепті банк уәкілетті органға ұсынғанға дейін тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралар исламдық банк операцияларын жүзеге асыру талаптары қамтылған не банкті ислам банкіне айналдыруға байланысты банктің атауын өзгертуді көздейтін, банк исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алғаннан кейін оның күшіне енуі талабымен шартқа қосымша келісімді жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Банк клиенттерінің банктік шоттарына қойылатын орындалмаған талаптар (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) болған және ақша жеткіліксіз болған не болмаған (оның ішінде бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысы болмаған) кезде банк мұндай талаптарды қайтаруды жүзеге асыруға және банктік шоттарды жабуға құқылы.
5. Банкке исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезде немесе банктің қызметін тоқтату туралы сот шешімі қабылданған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты банк уәкілетті органға қайтаруға тиіс.
6. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде оған шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға және (немесе) осы Заңның 22-бабының 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға жаңа шарттар жасасуға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
7. Банкті ислам банкіне айналдыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. Уәкілетті орган мұндай мерзімді банктің өтінішхаты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
8. Осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейтін мәмілелерден банк айналдыру кезеңінде алатын кірісті пайдалану туралы шешімді банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі қабылдайды.
112-бап. Банкті Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қайта тіркеу және исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру
1. Банк уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға растаушы құжаттарды қоса бере отырып, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде уәкілетті орган банктен қосымша іс-шараларды орындауды және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімде растаушы құжаттарды қоса бере отырып, қайтадан ұсынуға міндетті.
3. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсынылған күнінен бастап екі ай ішінде мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
4. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін банк банкті мемлекеттік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға күнтізбелік отыз күн ішінде жүгінуге міндетті.
Ислам банкінің жарғысында осы Заңның 7-бабының 5-тармағында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс.
5. Банк Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, бірақ уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
ислам банкі жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ережені;
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелері лауазымына тағайындалған адамдар туралы, олардың осы Заңның 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтерді;
исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды;
ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларды қоса бере отырып, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы;
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны (бар болса) қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
6. Уәкілетті орган исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау тәртібі осы Заңның 19-бабында айқындалады.
7. Банкке исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезден бастап:
1) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға бұрын берілген лицензияның қолданысы тоқтатылады;
2) банкті ислам банкіне айналдыру аяқталды деп есептеледі.
Банк исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қайта ресімделген лицензияны алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзіне бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
19-тарау. БАНКТІ ТАРАТУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
113-бап. Банктерді тарату түрлері мен негіздері
1) уәкілетті органның рұқсаты болған кезде оның акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті түрде тарату);
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша (мәжбүрлеп тарату) таратылуы мүмкін.
2. Банкті тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
114-бап. Таратылатын банк кредиторларының комитеті
1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банкті ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Кредиторлар комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді.
2. Кредиторлар комитетін қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
115-бап. Уәкілетті органның банкті тарату процесіндегі өкілеттіктері
1. Уәкілетті орган ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) тарату комиссияларының есептерді және қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін белгілеуге;
2) тарату комиссияларынан өзге де қажетті ақпаратты алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссияларының қызметіне тексеру жүргізуге;
4) тарату комиссияларының қызметінде депозиторлар мен өзге де кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған не депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде тарату комиссияларының қызметіндегі анықталған кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді, бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссияларының орындауы міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде берілген іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға не банк ерікті түрде таратылған жағдайда, оларды ауыстыруды талап етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ депозиторлар мен өзге де кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу қағидаларын орындауы жөніндегі, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
116-бап. Банктің тарату массасы
1. Банктің мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда банкті мәжбүрлеп тарату рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге де адамдардың мүлкі банктің тарату массасы болып табылады.
Банктің тарату массасын қалыптастыру және түгендеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялардың қамтамасыз етілуі болып табылатын бөлінген активтер кірмейді;
Тарату комиссиясы бөлінген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнаулы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге қойылған мүлікке және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану құқығымен) береді;
2) ипотекалық қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етілуі болып табылатын кепіл мүлкі көрсетілген облигацияларға меншік құқығы оларды ұстаушыларда туындаған немесе оларға мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда кірмейді.
Тарату комиссиясы ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етілуі болып табылатын кепіл мүлкін ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
3) банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, кредиторға бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда берілген қамтамасыз ету ақысы;
4) үшінші тұлғаларға тиесілі және кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ кастодиан-банкке есепке алу мен сақтау үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервтегі активтері, инвестициялық қорлардың активтері, арнаулы қаржы компанияларының бөлінген активтері кірмейді.
Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттер, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервтегі активтері, инвестициялық қорлардың активтері, арнаулы қаржы компаниясының бөлінген активтері басқа банкке әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, акционерлік инвестициялық қордың, арнаулы қаржы компаниясының, инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтініші бойынша аударылады.
3. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар басқа банкке, ислам банкіне беруге тиіс.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау тәртібі және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
20-тарау. БАНКТІ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТАРАТУ
117-бап. Ерікті түрде тарату
1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару осы Заңның 22-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде көзделген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Банкті ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты беру тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Көрсетілген өтінішхатқа:
іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, банктің өз қызметін тоқтатуы жөніндегі іс-шаралардың банк акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген тізбесі;
банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екенін куәландыратын банктің баланстық есебі;
басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс.
Банкті ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банкті ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатты уәкілетті орган банкті ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты алуға өтініш қабылданған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
Банкті ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бұл туралы уәжді шешім шығарады, оны банктің назарына жеткізеді.
4. Уәкілетті орган банкті ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты беруден бас тартуды мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткіліксіз болуы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару бойынша шаралар қабылдамауы.
5. Банк ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты алған кезде тарату комиссиясын құрады, оған банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
Ерікті түрде таратылатын банктің тарату комиссиясы қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
6. Уәкілетті орган ерікті түрде таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
7. Банк ерікті түрде таратуға арналған рұқсатты алғаннан кейін бұл жөнінде ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға, сондай-ақ банктің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
8. Тарату комиссиясы тарату балансы мен банкті тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде оларды Мемлекеттік корпорацияға және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тарату комиссиясы банкті тарату аяқталған кезде архивке құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Ерікті түрде таратылатын банктің барлық кредиторының талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, банк мәжбүрлеп таратылуға жатады.
Ерікті түрде тарату процесін аяқтаудың мүмкін болмауына байланысты уәкілетті орган банкті мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгінеді.
21-тарау. БАНКТІ МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТУ
118-бап. Банкті мәжбүрлеп тарату негіздері
Банкті мәжбүрлеп тарату:
1) банктің осы Заңда көзделген негіздер бойынша операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылуына;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша банкті мәжбүрлеп тарату туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуіне;
3) ерікті түрде таратылатын банктің барлық кредиторының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, банкті ерікті түрде тарату процесін аяқтаудың мүмкін болмауына байланысты заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі.
119-бап. Банкті өзге де негіздер бойынша тарату
1. Банкті мәжбүрлеп тарату банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім болмаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуі бойынша сот іс қозғаған жағдайда осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімді уәкілетті органға жібереді.
Осы Заңның 118-бабының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қозғалған іс бойынша соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылады.
120-бап. Мәжбүрлеп таратуды жүргізу шарттары мен тәртібі
1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап:
осы Заңның 84-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген салдар басталады;
банктің бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.
2. Банкті мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 84-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы банктің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
3. Тарату комиссиясы банктің мүлкін бағалауды Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Банктің шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
5. Аралық тарату балансын және мәжбүрлеп таратылатын банктің кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган бекітеді.
6. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін қарсы біртекті талаптарды есепке алуды жүргізуге жол беріледі.
Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін қарсы біртекті талаптарды есепке алу осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісті кезегі басталған кезде ғана жүргізіледі.
Мәжбүрлеп таратудың кез келген кезеңінде мәжбүрлеп таратылатын банкке:
құқықты (талапты) басқаға беру шартынан;
банктік қарыз берілген және (немесе) талап туындайтын өзге де мәміле жасалған күні бір-біріне үлестес болып табылған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде туындаған қарсы біртекті талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.
7. Банктің тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын банктің мүлкін өткізуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
8. Уәкілетті орган банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
9. Тарату комиссиясы сотқа уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын ұсынады.
Сот уәкілетті органнан және тарату комиссиясынан тарату ісін жүргізуге байланысты кез келген ақпаратты сұратуға құқылы.
Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін Мемлекеттік корпорацияға және уәкілетті органға жібереді.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды - Мемлекеттік корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тарату комиссиясы банкті мәжбүрлеп тарату аяқталғаннан кейін архивке құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
10. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
121-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы
1. Сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін тарату ісін жүргізуді қозғайды және уәкілетті органға банктің филиалдары мен өкілдіктерінің болуын ескере отырып, банктің тарату комиссиясын құру жөнінде міндет жүктейді.
Банктің тарату комиссиясы банк істерін аяқтау және оның депозиторларымен және өзге де кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
2. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртібі және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, кредиторлар комитетімен жасасатын келісіммен реттеледі.
Банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлеріне төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Уәкілетті орган уәкілетті органның тапсырмасы бойынша банкті мәжбүрлеп тарату рәсімін жүзеге асыру үшін банктерді тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға мамандандырылған адамдарды тартуға құқылы.
Банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру үшін тартылатын адамдарға қойылатын талаптар, банктерді тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер ұсынуға мамандандырылған заңды тұлғаны таңдау тәртібі, сондай-ақ олардың қатысуымен банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
122-бап. Мәмілелерді жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару
1. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнге дейін үш жыл ішінде банк жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы бапта көзделген, мәмілелердің жарамсыздығына негіздер болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа, мыналар мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылады:
1) егер мәміленің салдары банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), мәміле шарттарының салыстырмалы мән-жайларда ұқсас мәмілелер жасалатын шарттардан банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болуы;
2) егер мәміленің салдары банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), банктің мәмілені Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарды және (немесе) шектеулерді бұза отырып жасауы;
3) банк мүлкінің өтеусіз (оның ішінде уақытша пайдалануға) берілуі не салыстырмалы экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас мүлікті беру (иеліктен шығару) шарттарынан банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болатын шарттарда не банк кредиторларының мүдделеріне нұқсан келтіретін негіздердің болмауынсыз иеліктен шығарылуы;
4) банкті реттеу режимі немесе мәжбүрлеп тарату басталған күнге дейін алты ай ішінде жасалған мәміленің банктің бір кредиторының талаптарын басқалардың алдында артықшылықпен қанағаттандыруға алып келуі;
5) егер енгізілген өзгерістердің салдары банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), кепіл туралы шарттың талаптарына кепіл нысанасын банк үшін нашар жаққа қарай өзгерту көзделетін өзгерістердің енгізілуі.
3. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер - мәміле бойынша алғанның бәрін қайтаруға, ал оларды заттай қайтару мүмкін болмаған кезде қайтарылуға жататын мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті.
Мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүліктің жоғалуына, бүлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты ол өтеусіз берілген кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары осыған байланысты туындаған залалдарды жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде өтеу бойынша жауапты болады.
Бастапқы сатып алушылардың мүлік құнын өтеуі мүмкін болмаған кезде банктің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауапқа тартылуға тиіс.
4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелері банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне дивидендтерді есепке жазу және төлеу туралы банктің шешімдеріне де, сондай-ақ банктің басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы келісімдер мен бұйрықтарға да және осындай төлемдердің өздеріне де қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) уәкілетті орган:
банк акционерлеріне дивидендтерді;
банктің басшы қызметкерлеріне сыйақыларды есепке жазу және (немесе) төлеу тәртібіне және (немесе) негіздеріне қолданған, қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарды және (немесе) шектеулерді бұзу банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне дивидендтерді есепке жазу және (немесе) төлеу туралы банк шешімдерінің, сондай-ақ банктің басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы келісімдердің және (немесе) бұйрықтардың және осындай төлемдердің өздерінің жарамсыздығына негіз болып табылады.
5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату басталған күннен кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату басталған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті реттеу режимі немесе мәжбүрлеп тарату басталған күнге дейін алты ай ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті реттеу режимі немесе мәжбүрлеп тарату басталған күнге дейін немесе банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру күніне дейін алты ай ішінде банктің қаржылық орнықсыздығы белгілерінің болуы туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
банкті мәжбүрлеп тарату басталған күннен кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату басталған күнге дейін бір ай ішінде;
банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күнге дейін бір ай ішінде;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен банкті реттеу режимі немесе мәжбүрлеп тарату басталғанға дейін алты ай ішінде;
банктің қаржылық орнықсыздығы белгілерінің болуы туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен банкті реттеу режимі немесе мәжбүрлеп тарату басталған күнге дейін немесе банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күнге дейін алты ай ішінде тараптарды ауыстыру (әмбебап құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.
6. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тануға негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына алып келмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле нетто-міндеттемелер (нетто-талаптар) анықталғаннан кейін жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарапы одан жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) қайта есептеуге тиіс.
123-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігі
1. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
2. Тарату ісін жүргізуге байланысты, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар мәжбүрлеп таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен кезектен тыс жүргізіледі.
3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:
тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру арқылы өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін мәжбүрлеп таратылатын банк өздерінің алдында жауапты болатын жеке тұлғалардың талаптары;
жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі;
мәжбүрлеп таратылатын банктің басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу мен оларға өтемақы төлеу жөніндегі;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі;
жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу жөніндегі;
авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілетін депозиттер бойынша төлеген (төлейтін) өтем сомасы бойынша және (немесе) банк мүлкінің мөлшері мен реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге), тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы орны толтырылған айырманың сомасы бойынша талаптары қанағаттандырылады;
орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын мәжбүрлеп таратылатын банк орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелер нәтижесінде туындаған осы клирингтік ұйымның;
кепіл кредиторларының кепіл мүлкінің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптары қанағаттандырылады;
банктің акционерлері болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар мәжбүрлеп таратылатын банкте, ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер бойынша;
жеке тұлғалардың ақша аударымдары бойынша;
зейнетақы активтері есебінен енгізілген депозиттер бойынша;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдардың, Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұйымдарының, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер ұйымдарының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлері ұйымдарының, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының ерікті қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары болып табылатын өндірістік ұйымдардың және мүгедектігі бар адамдардың басқа да ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте банктің акционерлері болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалардың депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;
7) жетінші кезекте салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген қарыздарды қайтару бойынша берешек өтеледі;
8) сегізінші кезекте, қанағаттандырылуы оныншы, он бірінші немесе он екінші кезекте жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, банктің акционерлері болып табылмайтын өзге де кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
9) тоғызыншы кезекте, қанағаттандырылуы оныншы, он бірінші немесе он екінші кезекте жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, банктің акционерлері болып табылатын кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
10) оныншы кезекте, қанағаттандырылуы он бірінші немесе он екінші кезекте жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, банктің залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
11) он бірінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банктің субординарлық борышы бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
12) он екінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
4. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
5. Кепіл кредиторларының талаптарын қоспағанда, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомаларына пропорционалды түрде бір мезгілде бөлінеді.
6. Кепіл кредиторының талап ету сомасын айқындау кезінде міндеттеме бойынша берешек кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде ескеріледі.
Кепіл кредиторының талаптары:
кепіл кредиторы кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан жағдайда, кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен соманың;
кепіл кредиторы кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдауға келіскен жағдайда, кепілге қойылған мүліктің осындай кепілге қойылған мүлікке бағалау жүргізуге және оны күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды шегергендегі бағалаушы растаған нарықтық құнының мөлшері шегінде қанағаттандырылады.
Кепіл кредиторы талаптарының кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен соманың мөлшерінен немесе кепілге қойылған мүліктің бағалаушы растаған нарықтық құнының мөлшерінен асатын сомасы сегізінші кезектің құрамына енгізілуге жатады.
Кепілге қойылған мүліктің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сақтандыру төлемі алынған жағдайда, кепіл кредиторының талаптары кепілге қойылған мүліктің қалған құны мөлшерінде, жабылмаған сақтандыру төлемі бөлігінде қанағаттандырылуға жатады.
Кепілге қойылған мүлік жоғалған жағдайда, жоғалған кепілге қойылған мүлікпен қамтамасыз етілген талаптар сегізінші кезектің құрамына енгізілуге жатады.
22-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ
124-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы қызметінің түрлері мен оны тоқтату негіздері
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы келісімінің (рұқсатының) не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы растауының негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің шешімі бойынша (қызметті ерікті түрде тоқтату);
2) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын барлық операцияны жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімі немесе осы Заңның 126-бабында көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
125-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторлар комитеті
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы депозиторларының және өзге де кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерінде олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді.
2. Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
126-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату:
1) осы Заңда көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыруға байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан (рұқсаттан) айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты уәкілетті органның шешімі бойынша;
2) уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату туралы арызына (талап қоюына) байланысты сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі осы бапта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату рәсімін жүргізу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылады.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап:
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының пайдасына түскен ақшаны есепке жатқызуға;
банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате нұсқаулар бойынша түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына оны банк лицензиясынан айырғаннан кейін түсетін ақша аударымдары бойынша нұсқауларды осындай нұсқау беретін тұлғада және оның пайдасына аударым жүзеге асырылатын тұлғада Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің алдында берешегінің болмауы немесе аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының алдындағы берешегін өтеуі шартымен орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиенттерінің және филиалдың өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция тоқтатылады;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетілуге және жұмыстан шығарылуға жатады;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің осы Заңның 45-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне билік етуге құқылы емес;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
6) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) өтеу жөніндегі міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және өзге де мәмілелерге сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының борышкерлері орындайды.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шетел валютасымен көрсетілген міндеттемелері уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын барлық операцияны жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімі шыққан күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 120-бабының 3, 5, 6 және 7-тармақтарына және 123-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы кредиторларының талаптарын осы Заңның 19-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы архивке құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.
6. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы банктік қадағалау саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімде, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратын алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабар түріндегі келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.
127-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.
Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тарату комиссиясы кредиторлар комитетімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасасатын келісімде реттеледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және қатыстырылған өзге де қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінің сомасынан аспауға тиіс.
128-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасын қалыптастыру ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасына осы Заңның 116-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар, активтер және қамтамасыз ету ақысы кірмейді.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер тарату комиссиясының исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына берілуге тиіс.
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
129-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Көрсетілген өтінішхатқа:
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату жөніндегі іс-шаралардың іске асыру мерзімдері көрсетілген тізбесі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екенін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы есеп;
басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты беру тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 117-бабының 3, 4 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қызметін ерікті түрде тоқтатуға арналған рұқсатты алған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы тарату комиссиясын құрады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтататын тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
5. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде оны уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы архивке құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының барлық кредиторының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.
130-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметі тоқтатылған кездегі өкілеттіктері
Уәкілетті орган осы Заңның 115-бабына сәйкес қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асырады.
9-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-тарау. АРНАУЛЫ, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
131-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның нормалары өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын барлық банктерге, оның ішінде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңін регламенттейтін жекелеген нормативтік құқықтық актілердің негізінде ерекше тәртіппен құрылған банктерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын алған банктерге қолданылады.
1. Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, құқықтарын (талаптарын) сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де құқықтарды (талаптарды) және активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге құқылы.
Құқықтар (талаптар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымға ауысқан жағдайда, мұндай ауысуға қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғалардың келісімі талап етілмейді;
5) банктер шығарған акцияларға және (немесе) облигацияларға бағалау жүргізуге;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде құқықтары (талаптары) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге;
7) банктер шығарған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға және (немесе) оларды өткізуге;
8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;
9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған құқықтарды (талаптарды) және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;
10) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйым құруға (сатып алуға);
11) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан құқықтарды (талаптарды) және (немесе) акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, өзге де активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға және (немесе) оларды өткізуге құқылы.
Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәміленің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым активтерінің мөлшерінен он және одан да көп пайыз сомасында мүлік сатып алынған жағдайда, онда мұндай мәмілені жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.
Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәміленің нәтижесінде кредитор құқықтарының (талаптарының) ауысуы орын алған жағдайда, қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғалардың мұндай ауысуға келісімі талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін елеулі маңызы жоқ деп танылады;
12) бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сатып алуға, сондай-ақ ақшаны екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік шот және банктік салым шарттары талаптарында орналастыруға;
13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
14) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алуға;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнаулы бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыруға;
16) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығаруға және (немесе) олардың күшін жоюға, активтерді басқаруға және оларды өткізуге, көрсетілген әрекеттер салдарынан туындауы ықтимал залалдарды мойындауға;
17) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған құқықтарды (талаптарды) өтеу есебіне қабылданған және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтер ретінде ескерілетін мүлікті өткізуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беруге;
18) орындалуы тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығаруға (кешіруге);
19) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырылған банктік қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға, сондай-ақ осы Заңның 61-бабының 9-тармағына және 62-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын қою арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға;
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге және құқықтарға (талаптарға) қойылатын талаптар тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша банктік қарыз операциясы бойынша кредитор (қарыз беруші) болып танылады және оның банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқығы мен міндеті болады.
2. Бұрын банк болып табылған, өзіне қатысты заңды күшіне енген сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан немесе одан да көп пайызы 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған заңды тұлға:
1) өз атауында «банк» сөзін сақтап қалуға құқылы;
2) осы бапта көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілген, бас банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы;
3) өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және кредитордың (банктің, қарыз берушінің) банктік қарыз шарттарында белгіленген қалған құқықтары (талаптары) бойынша құқықтары мен міндеттері сақталады;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның талаптары бойынша қарыз алушыларға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау бойынша осы Заңның 66-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда:
1) көрсетілген заңды тұлғаның барлық активтері, оның ішінде құқықтары (талаптары) және міндеттемелері, оның ішінде оны қайта құрылымдауға, активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияға және қайта ұйымдастырылғанға дейін жасалған өзге де операцияларға (мәмілелерге) байланысты құқықтары (талаптары) және міндеттемелері оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) бөлу балансына және (немесе) беру актісіне сәйкес өтеді;
2) көрсетілген заңды тұлғаның активтерін, оның ішінде құқықтарын (талаптарын) және міндеттемелерін оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) беру көрсетілген заңды тұлғаның жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттарына жаңа тарапты көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді;
3) көрсетілген заңды тұлғаның активтерін, оның ішінде құқықтарын (талаптарын) және міндеттемелерін оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) беру қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік берушінің және кез келген өзге де тұлғаның келісімін алуды талап етпейді.
3. Өз қызметін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген, банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия негізінде жүзеге асыратын банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы Заңның 19-бабында айқындалған тәртіппен көрсетілген лицензияны әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті.
Меншікті капиталының мөлшері осы Заң қолданысқа енгізілген күні әмбебап банк лицензиясы бар банктің меншікті капиталының уәкілетті орган белгілеген ең төмен мөлшеріне сәйкес келмейтін банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өзінің меншікті капиталы мөлшерінің көрсетілген ең төмен мөлшерге сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, банк осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде осы Заңның 19-бабында айқындалған тәртіппен әмбебап банк лицензиясын базалық банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған банк омбудсманы өкілдерінің кеңесі өзінің қызметін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады.
132-бабының 5-тармағы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
5. Қарыз алушы жеке тұлға банкке жүгінгеннен кейін банк омбудсманына мынадай:
1) қарыз алушы ұсынған өзгерістерді банктік қарыз шартына енгізуден бас тарту туралы банктің шешімін алған;
2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген;
3) қарыз алушының, оның ішінде банктік қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленуші деп танылған қарыз алушының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру бөлігінде банкпен келісімге қол жеткізілмеген жағдайларда, дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге жүгінуге құқылы.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қарыз алушы жеке тұлға банк омбудсманына жүгінгені туралы банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, күнтізбелік он бес күн ішінде банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
Банк омбудсманы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыдан ипотекалық қарыз, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша түскен жолданымды қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сот арқылы немесе соттан тыс өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
133-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлтты Банкінің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
1. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметін реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану, банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру, күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін және реттеу құралдарын және (немесе) жазбаша нұсқамаларды қолдану туралы шешімдеріне шағым жасау шағым жасалатын шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
133-бабының 2-тармағы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2. Сот банкке реттеу режимін қолдану заңдылығы туралы шешімді осы Заңның 91-бабына сәйкес жүргізілген банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін ескере отырып қабылдайды.
3. Сот уәкілетті органның, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің және (немесе) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің шешімі негізінде жасалған мәмілені жарамсыз деп таныған жағдайда, тараптардың осындай мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.
134-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
135-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 52-бабы 6-тармағының үшінші бөлігін және 58-бабының 17-тармағын;
2) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 8-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын, 9-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерін, 19-бабы 13-тармағының 3) тармақшасын және 14-тармағының 2) тармақшасын, 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 52-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын, 58-бабының 21-тармағын, 61-бабының 9-тармағын, 63-бабының 9-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацын, 67-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын және екінші бөлігін, 69-бабы 6-тармағының 10) тармақшасын, 7-тармағының бірінші бөлігін және 9-тармағының 5) тармақшасын, 78-бабы 2-тармағының 13) тармақшасын, 83-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын және 4-тармағының 7) тармақшасын, 84-бабын, 6-бөлімін, 133-бабының 2-тармағын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 15) тармақшасын, 61-бабының 7 және 8-тармақтарын, 64-бабының 5-тармағын, 65-бабын, 69-бабының 19-тармағын, 75-бабының 5-тармағын;
4) 2027 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 61-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 132-бабының 5-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
1) осы Заңның 52-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2026 жылғы 2 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Тізбесі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерден басқа, банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларда клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ережелер қамтылуға тиіс.»;
2) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:
осы Заңның 78-бабының 2-тармағы 11) және 12) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11) банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді банктің орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
12) банк омбудсманының шешімін осы шешімде белгіленген мерзімде банктің орындамауы;»;
осы Заңның 87-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) ақпаратты, қаржылық және өзге де есептілікті жеке-дара айқындалған кезеңділікпен алуға;»;
3) осы Заңның 63-бабы 5-тармағының қолданысы 2027 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Банктің жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.».
4. Банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:
өздерінің балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану нәтижесінде 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін сатып алынған мүлікті;
өздерінің балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде 2024 жылғы 20 тамызға дейін сатып алынған мүлікті өткізуге міндетті.
Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:
өзінің балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде 2024 жылғы 20 тамызға дейін сатып алынған мүлікті;
осы Заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, өзінің балансындағы және өзіне бас банк берген және (немесе) бас банктен осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алынған мүлікті өткізуге міндетті.
Банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынған мүліктің жалпы болу мерзімі банктің меншігіне түскен күнінен бастап үш жылдан аспауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім мынадай мүлікке:
өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесіне;
банк осы Заңның 28-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес сатып алу шартынсыз жалға (мүліктік жалдауға) берген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне шамалас ұзартылатын тұрғынжайға;
осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мүлікке қолданылмайды.
Банк осы Заңның 23-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар мен шектеулер сақталған кезде осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа нысандарын сатып алу жағдайларын қоспағанда, балансындағы және банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану нәтижесінде сатып алынған акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай ішінде өткізуге міндетті.
1) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған банктік қарыз шарттары, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін туындаған осындай шарттар бойынша құқықтық қатынастар банктік қарыз шарттары бойынша құқықтық қатынастар жасалған немесе туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі;
2) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған банктік қарыз шарттарынан осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастар осы Заңға сәйкес регламенттеледі;
3) осы Заңның 61-бабы 11-тармағының 4) тармақшасы екінші бөлігінің қолданысы бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Қарыз алушы жеке тұлғамен 2027 жылғы 1 мамырға дейін жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беру мақсаттары үшін жиырма төрт айлық мерзімді есептеу кезінде мерзімі өткен берешектің мерзімі және 2027 жылғы 1 мамырға дейін жүргізілген берешекті реттеу рәсімдері ескеріледі;
4) банк омбудсманы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап осы Заңның 61-бабының 9-тармағына сәйкес банк омбудсманының жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеуді жүзеге асырады;
5) осы Заңның 57-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің талаптары бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
6) осы Заңның 58-бабының 17-тармағында көзделген талаптар мыналарға:
осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң жасалған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттарына (тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттарға);
талаптарында ақшаны өтініш негізінде толық көлемде не бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң берілген, тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) сомасын ұлғайтуға арналған өтініштерге, сондай-ақ мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарызды (микрокредитті) беруге арналған өтініштерге қолданылады;
7) жеке тұлғалардың 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін банк омбудсманына жіберген, солар бойынша шешімдер қабылданбаған жолданымдары, сондай-ақ банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге байланысты, соларға қатысты өзара қолайлы шешімге қол жеткізуге жәрдемдесу жүзеге асырылмаған және талаптарды өзгерту туралы тараптармен келісілген шешім қабылдамаған жолданымдар 2027 жылғы 14 қаңтарға дейін қаржы омбудсманы қызметіне берілуге тиіс деп белгіленсін.
Аталған жолданымдар бойынша оларды қарау мерзімін есептеу қаржы омбудсманы қызметі оларды алған күннен басталады;
8) осы Заңның 66-бабының талаптары 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылады деп белгіленсін.
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды деп танылатын 16-баптың 2-тармағының 1), 1-1) тармақшаларын және 3-тармағын, 16-3-баптың 2 және 3-тармақтарын, 17-баптың 2 және 4-тармақтарын, 17-2, 31-1 және 48-1-баптарды, 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасын, 6-1, 7-2 және 8-тарауларды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 40-1, 40-2, 40-3, 40-4-баптарды, 50-баптың 7-2-тармағын қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 16 қаңтар
№ 258-VIII ҚРЗ