Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
(2025.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі);

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 19 наурыздан, 2026 ж. 1 мамырдан, 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi

3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi

3-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары

4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi

5-бап. Алынып тасталды

6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері. Осы Заңның қағидаттары

7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi

7-1-бап. Осы Заңның қағидаттары

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциялары мен өкілеттіктері

3-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)

11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi

4-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті

12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары

13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi

16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы

17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi

18-бап. Қызметтен кету және босату

18-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті және оның өкілеттіктері

19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi

20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары

4-1-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері

20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамы және олардың еңбегін реттеу

20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату

20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері

20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің жауапкершілігі

20-6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің демалысы

20-7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары

20-8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін іссапарға жіберу

5-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы

21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi

22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкi

23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті

24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Банкi

25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы кеңесшiсi

26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi

27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу

28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу

6-тарау. Ақша-кредит саясаты

29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

31-бап. Алып тасталды

32-бап. Резервтiк талаптар

33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

34-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері

35-бап. Тұрақты қолжетімді қарыздар

36-бап. Валюталық интервенциялар

36-1-бап. Депозиттер

36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары

36-3-бап. Алып тасталды

37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

7-тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi

38-бап. Ақша бiрлiгi

39-бап. Төлем құралы

40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы

43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар

43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен монеталарды сатуы жəне сатып алуы

44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы

45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою

46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар

47-бап. Жалған банкноттар мен монеталарды жасағаны, сақтағаны және өткізгені үшiн жауаптылық

47-1-бап. Алынып тасталды

8-тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен аударымдарын және төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi

48-1-бап. Алынып тасталды

49-бап. Шоттар

50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi

51-бап. Алынып тасталды

8-1-тарау. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

51-2-бап. Макропруденциялық саясат

51-3-бап. Соңғы сатыдағы қарыздар

8-2-тарау. Ерекше реттеу режимі

51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

51-5-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру

9-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары

52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының иелерi

52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi

53-бап. Алынып тасталды

54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша шектеулер

10-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар

55-бап. Алынып тасталды

56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

57-бап. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен жасалатын операциялар

58-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері

59-бап. Алып тасталды

60-бап. Алынып тасталды

11-тарау. Алып тасталды

12-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi

65-бап. Қаржы жылы

66-бап. Есеп беру

67-бап. Жылдық есеп

68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру

13-тарау. Қорытынды ережелер

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы

69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім

70-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өкілеттіктер

70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі

72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi

73-бап. Алынып тасталды

74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

 

 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен кіріспе алып тасталды

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бірiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 2-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң құқықтық негiзi

Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын (бұдан әрі - ақша-кредит саясаты) әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда; 29.06.98 ж. № 236-1 ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертiлдi

3-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің есептiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.

Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімiмен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;

Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекітуi;

Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуi;

Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары

Қазақстанның Ұлттық Банкі бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.

Стратегиялық жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді

4-баптың бірінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік осы 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілері

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшін өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.

 

5-бап. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 алынып тасталды

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі - Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары) бiрге бiртұтас құрылымды құрайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, ұйымдардың қызметіне, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкiнің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдардың қызметіне қатысады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады. 

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертілді; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ. ОСЫ ЗАҢНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)

7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты мен мiндеттерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

 

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1-бап. Осы Заңның қағидаттары

Осы Заң Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің заңдылығы, Қазақстан Республикасының Президентіне бағыныстылығы және Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оған берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіздігі қағидаттарына негізделеді.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 09.07.03 ж. № 482-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 167-ІV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07 № 185-ІV (бұр.ред.қара) (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкі:

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;

 2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;

4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;

8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-2) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-3) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-4) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;

9) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;

11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды

12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;

13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;

15) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) сыртқы сектор статистикасы жөніндегі статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;

18) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-1) тармақша жаңа редакцияда

18) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

18-1) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау мен өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда

19) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

19) осы Заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) мыналарға:

өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған;

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға - банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін арнаулы реттеу режимін енгізуге құқылы;

21) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

22-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) тармақша жаңа редакцияда

24) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, тексерілетін субъектілердің қызметін құзыреті шегінде тексеруге қатысады;

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-2) тармақша өзгертілді

24-2) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және жүргізуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

24-3) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

27) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

29-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;

30) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31) Қазақстан Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды

32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 32-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;

33) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысады;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

35) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады және оларды қолдану тәртібін айқындайды;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-1) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарына және (немесе) өзге заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;

36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

37-1) 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;

38-1) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

38-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат алмасуға құқылы.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 38-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

38-3) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық саласында және өз қызметімен байланысты басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізеді;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 38-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

38-4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

 

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда

3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

 

11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы

Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертiлдi (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)

Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.

Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің кiрiсi

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы iшіндегі таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бір қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттік бюджетке аударылады.

11-баптың төртінші бөлігінің қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңның 2-бабының 9-тармағының редакцияда қолданылды

11-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2030 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік ҚР 2026.16.01. № 259-VIII Заңның 2-бабының 4-тармағының редакциясында қолданылады

Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.

 

 

4 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді

12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары

Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым.

Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма, Ақша-кредит саясаты комитеті және Директорлар кеңесі болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары мен ұйымдары кiредi.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертiлдi

13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламент Сенатының келісімiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметi үшiн жауапты.

14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкілеттіктері

1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.

2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыреттеріне сәйкес келісу бойынша не бірлесіп мынадай:

1) ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

2) банкноттар мен монеталарды сатуды, сатып алуды, айырбастауды, ауыстыруды, олардың төлемділігін айқындауды және айналыстан алып қоюды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының эмиссиясы, қолма-қол ақша айналысы, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды жүзеге асыру;

3) төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу, көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;

4) валюталық реттеу және валюталық бақылау;

5) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу;

6) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру;

7) құзыреті шегінде үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде шектеулі ықпал ету шаралары мен қадағалап ден қою шараларын қолдану;

9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару, оның ішінде оларды сыртқы басқаруға беру;

10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтын сатып алуға басым құқығын іске асыру;

11) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

12) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде сыртқы сектор статистикасы жөніндегі есептердің статистикалық нысандарын ұсыну;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде әкімшілік деректерді жинау (қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну);

15) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруы;

16) қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін, оның ішінде шоттардың үлгілік жоспарларын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, оларға әдістемелік ұсынымдарды реттеу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру;

17) өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын есептік тіркеу;

18) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне жəне іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілеу;

19) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі жəне жабуы;

20) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтермен операциялар жүргізуі;

21) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет көрсетуі;

22) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік жəне брокерлік қызметті жүзеге асыруы;

23) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жəне заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау;

24) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру;

25) Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау жəне олармен жасалған еңбек шартын тоқтату;

26) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

27) банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау;

28) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сəйкес осы тармақта көзделмеген Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша актілерді қабылдайды.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

1) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;

2) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын қарайды, мақұлдайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;

3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің жəне оның ведомстволарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жəне əлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) бекітеді;

5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;

6) ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін жəне (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру жəне олардың қызметіне қатысу туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы, қайта ұйымдастыру жəне тарату туралы шешімдер қабылдайды;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; 11.07.97 ж. № 154-1; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертiлдi

16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің төрт лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл кiредi.

Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Ұлттық Банкiнен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.

 

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 69-1-баппен толықтырылды

69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім

Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертiлдi

17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi қажет болуына қарай, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.

Басқарманың жоспардан тыс мәжілістерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерi Басқарма мәжілісiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.

Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.

Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешiмге қол қояды.

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 18-бап өзгертілді

18-бап. Қызметтен кету және босату

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті және оның өкілеттіктері

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті:

1) базалық мөлшерлемені белгілейді;

2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;

3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.

2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.

4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертiлдi

19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi

Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесi болып табылады.

Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжілістерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.

Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің жəне Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мəселелер қосылмайды.

Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертiлдi

20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары

Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ведомстволары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың, қызметін реттеу және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды

4-1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

 

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-1-бап өзгертілді

20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамы және олардың еңбегін реттеу

Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражатынан (шығыстар сметасынан) төленетін, мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамына:

1) мемлекеттік саяси қызметшілердің;

2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері болып табылады.

Лауазымдық өкілеттіктер деп қызметшілердің Қазақстан Ұлттық Банкіндегі және оның ведомстволарындағы нақты мемлекеттік лауазымымен көзделген, Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін құқықтар мен міндеттер түсініледі.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша еңбек міндеттерін орындайтын, азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілері болып табылады.

Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің актілерінде белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.

 

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-2-бап өзгертiлдi

20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуға тиіс.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:

1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адамды тағайындауға болмайды.

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20-3-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;

2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;

4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;

6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;

8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде басқа мемлекеттік органға беруге байланысты басқа мемлекеттік органға ауыстыру;

8-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген басқа мемлекеттік органға ауысудан бас тарту;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген мемлекеттік орган Қазақстан Ұлттық Банкінің берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындап жүрген және (немесе) сол штат бірліктерін атқарып жүрген қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдарды ұсынады. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі қызметшісінің келісуімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген төмен тұрған лауазым ұсынылуы мүмкін.

Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқартылатын лауазымды атқарып жүрген қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.

 

20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына баруға;

5) басшыдан Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл айқындауды талап етуге;

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылардың, өзге де жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өзiне әдiл әрі құрметпен қарауына;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға;

8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған кезде жеке түсiнiктемелер беруге;

9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;

10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған тәртiппен ант беруге;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде аталған тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;

5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;

7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен жұмыс істеген кезде (оларға қолжетімділік болғанда) алынған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде кез келген жеткізгіш түрінде, қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтары құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ басқа да ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруге және сенімгерлікпен басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне табыс етуге міндетті.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын, акцияларын сатып алуға құқылы емес.

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қарай Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:

1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;

2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;

3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.

 

20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің жауапкершілігі

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері өздерiне жүктелген мiндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

2. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Тәртiптiк жазаны:

1) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;

2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің актiсiнде айқындалатын тәртiппен қолданылады.

4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртiптiк терiс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.

5. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің әрекеттерi мен шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкінің көрсетілген әрекеттерi мен шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздерде және тәртiппен тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауаптылықта болады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

11. Қазақстанның Ұлттық Банкі бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелері мен өзі тартқан тұлғалардың Қазақстанның Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқаруы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20-6-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20-6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің демалысы

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына, оның орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының өзге де қызметкерлеріне ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы беріледі.

Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

2. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

3. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20-7-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20-7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары жұмыскерлерінің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары

1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстар Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен өтеледi.

2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және ведомстволарының іссапарға жiберiлген жұмыскерлерінің бүкіл іссапар уақыты ішінде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

 

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 20-8-баппен толықтырылды

20-8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін іссапарға жіберу

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері Қазақстан Ұлттық Банкінің алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында реттелетін тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.

2. Қазақстан Ұлттық Банкінің іссапарға жіберілген қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тәртіппен және шарттарда айқындалады.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің іссапарға жіберілген қызметкерлерін және олармен бірге жүретін отбасы мүшелерін (жұбайын (зайыбын), кәмелетке толмаған балаларын, кәмелетке толмаған асырап алған балаларын, сондай-ақ кәмелетке толған, еңбекке жарамсыз балаларын және (немесе) ата-аналарын) әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету, кепілдіктер беру шарттары, өтемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу, оның ішінде залалды өтеу шарттары Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті актісінде айқындалады.

 

 

5 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)

21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдарының заңда бекітілген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқы жоқ.

2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді

22-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкi

Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттік маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бір-бірiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасарларының бірi Үкiмет мәжілістерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.

Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 23-бап жаңа редакцияда

23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті

Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi

24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Банкi

Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.

Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 25-бап өзгертiлдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы кеңесшiсi

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда

26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi

Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетедi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертiлдi

27-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 28-бап жаңа редакцияда; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді

28-бап. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеу

Қазақстан Ұлттық Банкi Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.

6 тарау. Ақша-кредит саясаты

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертiлдi

29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-кредит саясаты:

Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін;

ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;

ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;

ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 30-бап жаңа редакцияда

30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (бұр. ред. қара)

1) тұрақты қолжетімді қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

6) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

31-бап. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертiлдi; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32-бап. Резервтiк талаптар

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төмен резервтік талаптардың нормативтерiн белгілейді.

32-баптың екінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын айқындайтын ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.

Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап кемінде бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

32-баптың төртінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

Ең төмен резервтік талаптарды бұзған кезде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Ұлттық Банкi банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты қайтарады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 33-бап жаңа редакцияда; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 33-бап өзгертiлдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сату Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіппен жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырылады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 34-бап жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертiлдi

34-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу үшін бағдар болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне әсер ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шеңберінде белгілейді.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

35-бап. Тұрақты қолжетімді қарыздар

Қазақстанның Ұлттық Банкі тұрақты қолжетімді қарыздарды ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес, тек қана өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және өзге де тәуекелі төмен активтермен қамтамасыз ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге береді.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 36-бап жаңа редакцияда

36-бап. Валюталық интервенциялар

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-1-баппен толықтырылды

36-1-бап. Депозиттер

Депозиттердi тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 36-2-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)

36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын, олар бойынша міндеттемелерді Қазақстан Ұлттық Банкi көтеретін мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар.

Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

36-3-бап. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 37-бап өзгертiлдi

37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.

Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.

 

 

7 тарау. Ақша айналысы және ақша бірлiгi

38-бап. Ақша бірлiгi

Қазақстан Республикасының ақша бірлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.

Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.

Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда

39-бап. Төлем құралы

Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде, нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 41-бап өзгертiлдi

41-бап. Ақша бірлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкінің сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің мөлшері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап тұрады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді

42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгiлейдi.

Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:

инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталар;

коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;

айналыстағы монеталар - бағалы емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертiлдi

43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар

Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, оларды Қазақстан Республикасының барлық банктерi, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды.

Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

 

2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 43-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен монеталарды сатуы жəне сатып алуы

Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамадағы банкноттар мен монеталарды сатуы жəне сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 44-бап жаңа редакцияда

44-бап. Ақша бірлiгiн айырбастау құқығы

Ақша бірлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бірлiгiнiң қолданылу тәртібін, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару туралы шешімді, оларды ауыстыру және айналыстан алып қою тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 46-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 46-бап жаңа редакцияда; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 46-бап өзгертiлдi

46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар

Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес шектеусіз айырбастайды.

Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды олардың төлемділігі айқындалғаннан кейін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тәртіппен айырбастайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 47-бап өзгертiлдi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

47-бап. Жалған банкноттар мен монеталарды жасағаны, сақтағаны және өткізгені үшiн жауаптылық

Жалған банкноттар мен монеталарды өткізу мақсатында жасауға, сақтауға, жалған банкноттар мен монеталарды өткізуге, сондай-ақ қолма-қол ақшаның санкциясыз эмиссиясын жүзеге асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

47-1-бап. 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен тараудың атауы жаңа редакцияда

8 тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 48-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 48-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 09.07.03 ж. № 482-II Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді; 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi, көрсетілетін төлем қызметтері нарығына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырудағы өкілеттiктерi «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес айқындалады.

 

48-1-бап. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертiлдi

49-бап. Шоттар

Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 50-бап жаңа редакцияда

50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленедi.

51-бап. 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен алып тасталды

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-1-тараумен толықтырылды

8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 51-1-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша:

бір-біріне жалпы мемлекеттік маңызы бар, болжанатын әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат беру;

қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;

жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;

қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісім жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүзеге асырады.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мынадай шараларды қабылдауға байланысты:

қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шаралары жөніндегі;

Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту бойынша шаралар кешені жөніндегі;

мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкеп соғатын төлемге қабілетсіз банкті реттеу шаралары жөніндегі, оның ішінде оны реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы жөніндегі;

екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен сауықтыру бойынша шараларды қаржыландыру жөніндегі мәселелер міндетті түрде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің алдын ала қарауына жатады.

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:

1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) макропруденциялық саясатты қалыптастырады;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, 2016 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды)

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (теңге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері (салымдары) бойынша біржолғы өтемақы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік порфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым арқылы төлеуді жүзеге асырады;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды (2014 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді;

8) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 51-2-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

51-2-бап. Макропруденциялық саясат

Макропруденциялық саясат деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.

Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері деп бүкіл қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келетін және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын бұзу тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тәуекелдері де жатады.

Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.

Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциялық саясатты қалыптастыру мақсатында:

1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының жүйелік тəуекелдерін төмендету үшін экономикалық шектеулер болып табылатын макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілейді;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) дербес өзі немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде олармен бірлесіп Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды шығарады;

4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.

 

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

51-3-бап. Соңғы сатыдағы қарыздар

1. Соңғы сатыдағы қарыздар деп өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын бастан кешіріп отырған банктерге Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін қарыздар түсініледі.

Қазақстанның Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде мынадай жағдайларда ғана әрекет етеді:

1) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына немесе төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылмаған Қазақстан Республикасының резидент-банкі қарыз алушы болып табылады;

2) қарыз тізбесін және оларға белгіленетін дисконттарды Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайтын активтердің кепілімен беріледі.

Дисконтты есепке алғанда, кепілге берілетін активтердің құны қарыз бойынша сыйақыны есепке алғанда, оның мөлшерін толық көлемде жабуға тиіс.

3) қарыз ұлттық валютада беріледі;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертiлдi (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген қосымша пайыздық сыйақы есепке алына отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді;

5) қарыз мерзімін үш реттен асырмай ұзарту мүмкіндігі беріле отырып, күнтізбелік он төрт күннен тоқсан күнге дейінгі мерзімге беріледі. Барлық ұзарту мерзімдерін есептегенде қарызды пайдаланудың жалпы мерзімі бір жылдан аса алмайды. Соңғы сатыдағы қарыздың мерзімін ұзарту осы бапта көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстанның Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарына соңғы сатыдағы қарыздарды беруге құқылы.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Ұлттық Банкінің кепілге салынған активтерді өз меншігіне айналдыруы және (немесе) банктің оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған үшінші тұлғаға өткізуі арқылы соттан тыс тәртіппен жүргізіледі.

Соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге құқықты (талап етуді) басқаға беру:

1) банк акционерлерінің, борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады;

2) банк банктің борышкерлерімен, сондай-ақ өзге тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттарға шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Соңғы сатыдағы қарыздарды беру және өтеу, сондай-ақ соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге өндіріп алуды қолдану тәртібін, шарттарын Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.

 

 

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-2-тараумен толықтырылды

8-2-тарау. ЕРЕКШЕ РЕТТЕУ РЕЖИМІ

 

51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.

2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті арттыруға;

2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын оңтайлы реттеуді, бақылауды және қадағалауды қалыптастыруға, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:

1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Ерекше реттеу режимі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда көрсетілетін төлем қызметінің түрлері және (немесе) цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызмет, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетудің (жүзеге асырудың) арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.

Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.

5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін ол өз қолданысын тоқтатады.

6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

 

51-5-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2), 3) жəне 5) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер жəне (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан əрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты Қазақстанның Ұлттық Банкі бекітеді.

Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын шарт қамтылуға тиіс.

3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасауға арналған құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

4. Мәлімделген қызмет түрі - ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына, ерекше реттеу режимінің қатысушыларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысына ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:

1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне не оның күшінің жойылуына байланысты оның қолданысы тоқтатылған кезде;

2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;

3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабарлама берілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.

Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің ескертулерін жояды.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соған қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

 

9 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 52-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді

52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банк шоттарының иелерi

Қазақстанның Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 52-1-бап өзгертілді

52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi

Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) қарыздар алуға құқығы бар ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен осындай қарыздарды береді;

2) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіппен туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында шоттар ашады;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындаған тәртіппен қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерге, оның ішінде өздерінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттер орналастырады;

8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;

9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

53-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықпен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 54-бап өзгертiлдi

54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер

Қазақстан Ұлттық Банкінің:

- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;

- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;

- қамтамасыз етілмеген қарыздар, сондай-ақ бір жылдан асатын мерзімге қарыздар беруге;

- Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, берілген қарыздардың мерзімін ұзартуға немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беруге құқығы жоқ.

Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.

 

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен Х Тараудың атауы өзгертiлдi

10 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық

қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар

 

55-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР Президентінің 02.08.95 ж. № 2396 Заң күшi бар жарлығымен; 03.07.96 ж. № 18-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертiлдi; 2009.04.07 № 167-ІV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

Қазақстанның Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау органы ретінде:

1) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды лицензиялау тәртібін айқындайды және осындай заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) айырбастау пункттерін ашу және қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін қоса алғанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды есептік тіркеу, жүргізілген валюталық операциялар туралы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары туралы хабардар ету және валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну тәртібін қоса алғанда, валюталық операцияларды мониторингтеу және валюталық операциялар мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары бойынша ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) уəкілетті банктердің Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері жəне есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат беру тəртібін айқындайды;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, ақпарат беру тəртібін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсыну талап етілетін қызмет түрлерін айқындайды;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;

9) мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы резиденттерінің және Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің тәртібі мен нысанын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) уәкілетті банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындауға құқылы.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 57-бап өзгертiлдi

57-бап. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен жасалатын операциялар

Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен мынадай операцияларды жүргізеді:

шетел валютасын сатып алады және сатады;

Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;

Қазақстан Республикасының банктерінде, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банктерде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банк, шетел банктері және басқа қаржы институттары, шет елдердің үкіметтері мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шоттарды ашады және жүргiзеді, олардың өкiлі немесе корреспонденті ретiнде iс-әрекет жасайды;

тазартылған алтынды, басқа да бағалы металдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;

ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдарды әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы оларға қойылатын талаптарды айқындайтын бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі деңгейін айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіпке сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

клиенттердің металл шоттарын ашады және жүргізеді;

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операциялардың кез келген түрін шектеусіз жүзеге асырады.

Осы Заңда көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі активтерді салу тәуекелін ескере отырып және оларды басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес, шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді олардың ұзақ мерзімді болашақта сақталуын, өтімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ете отырып басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 58-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)

58-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері

Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері (бұдан әрі - алтын-валюта резервтері) халықаралық капитал нарығында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Ұлттық Банкі активтерінен Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады және:

тазартылған құйма алтынды және металл шоттарындағы алтынды;

Халықаралық валюта қорындағы резервтік позицияны және Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз беру құқығындағы активтерді;

қолма-қол ақшаны, шетел банктерінде орналастырылған депозиттерді қоса алғанда, еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді және эмитенттері шетелдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын бағалы қағаздарды;

өтімділікке және шектеу талаптарынсыз пайдалану мүмкіндігіне ие, еркін айырбасталатын шетел валюталарында номинирленген басқа да сыртқы активтерді қамтиды.

Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алтын-валюта резервтерін кредиттер (қарыздар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместеріне кепiлдiктер немесе басқа да мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді:

Қазақстан теңгесi мен шетел валютасына тазартылған алтынды сатып алу;

Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасына Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сатып алу;

шетел валютасымен депозиттік, салымдық, дилингтік операциялардан және шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздармен операциялардан, сондай-ақ оларға шетел валютасында берілген кредиттерден түсетiн еркін айырбасталатын шетел валютасындағы комиссиялық және басқа да сыйақы түсімдері;

Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтында номинирленген бағалы қағаздарымен операциялардан түсетін түсiмдерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынды сатудан, депозитке салудан және онымен басқа да операциялар жүргізуінен түсетін алтын және еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;

Қазақстан Ұлттық Банкінің шетел валютасындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;

шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді алтын-валюта резервтеріне аудару;

Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттерден түсетін түсімдер;

осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететін қызметтерден түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер жолымен жүргізеді.

Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің құрылымын азайтуды және өзгертуді:

айырбастау бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын жүргiзу және iшкi валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті деңгейлестіру мақсатында еркін айырбасталатын валютаны сату;

бюджет қаражаты және Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен, Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын өтеу және оған қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

өнiм (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импортына ақы төлеу, шет елдегі дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау, iссапар және өкілдік шығыстарын төлеу;

басқа шетел валютасын сатып алу үшін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сату;

Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу;

Қазақстан Ұлттық Банкі алған кредиттер бойынша негiзгi соманы және сыйақыны қайтару, сондай-ақ комиссиялық және соларға iлеспе басқа да шығыстарды төлеу;

шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес алтын-валюта резервтерін шетел валютасындағы және бағалы металдардағы басқа активтерге аудару;

тазартылған алтынды Қазақстан теңгесіне және шетел валютасына өткізу;

шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару мен сақтауға байланысты шығыстарды төлеу;

шығынды алтын-валюта резервтерін есептен шығару жолымен жүргізеді.

Алтын-валюта резервтерін ұлғайту немесе азайту алтын-валюта резервтеріне кіретін активтердің нарықтық құнының өзгеруі және Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған еркін айырбасталатын валютадағы банк шоттары иелерінің-резиденттердің операциялары нәтижесінде де жүргізіледі.

 

59-бап. 2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

60-бап. 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

11-тарау. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

12 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi

65-бап. Қаржы жылы

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді

66-бап. Есеп беру

Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне жылдық есеп берiп отырады.

Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн қарап, оны бекіту туралы шешiм қабылдайды.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді

67-бап. Жылдық есеп

Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебi:

- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;

- Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылғы қызметi туралы есептi;

- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 68-бап өзгертілді

68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексеру

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.

Тексерiс кезiнде алынған әрбір ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.

13 тарау. Қорытынды ережелер

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің таратылуы

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертiлдi

70-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өкілеттіктер

Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдары талаптарының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етiлуге жатпайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органға оның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі өкілеттіктерін іске асыру үшін қажетті əкімшілік деректерді, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат пен мəліметтерді береді. Ақпаратты беру қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның Қазақстан Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы да жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді беру үшін пайдаланылатын қаржы нарығы жəне қаржы ұйымдары жөніндегі ақпараттың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында өзінің еншілес ұйымдарымен ақпарат алмасуды оларға тиесілі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 70-1-бап өзгертілді

70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетінше белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.

Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін ақының мөлшерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 71-бап жаңа редакцияда

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі

Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

73-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi

74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 1995 жылғы наурыздың 30-ы.

№ 2155