ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктер мен астық қабылдау кəсіпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына жəне таратылуына, банк қызметін бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кəсіпорындарының қызметін бақылауға, банк қызметін лицензиялауға, банктерді реттеуге, банк лицензиясынан айыру салдарының туындауына, астық қабылдау кəсіпорындарының қойма куəліктерімен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметін жəне астық қабылдау кəсіпорындарының қызметін реттейтін заңнамалық актілерге қайшы келмейтін бөлігінде осы Кодекспен реттеледі.»;
1-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 128-1-баптың 1-тармағы:
«туынды қаржы құралдары» деген сөздерден кейін «, цифрлық қаржы активтері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы құралы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сəйкес электрондық-цифрлық нысанда шығарылуы мүмкін.»;
1-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 129-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі «(электрондық жазбалар жиынтығы түрінде)» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электрондық-цифрлық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1) 406-бапта:
2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақ «құндылықтарды» деген сөзден кейін «жəне цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақтағы «Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы» деген сөздер «Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 727-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша ақша қарызы мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарымен жəне ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алмай жүзеге асырылады.»;
3) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 10) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына тыйым салуға жол берілмейді.»;
4) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына;»;
5) 751-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшері жылдық бір пайыздан аспауға тиіс.»;
6) 754-баптың 1-тармағындағы жəне 755-баптағы «тапсырмасы», «тапсырмасын» деген сөздер тиісінше «нұсқауы», «нұсқауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7) 759-баптың 2-1-тармағындағы «төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары» деген сөздер «реттеу құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8) 760-баптың 3-тармағындағы «төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары» деген сөздер «реттеу құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 9) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) 765-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимі немесе банкті реттеу режимі кезеңінде не банкті лицензиясынан айыру кезінде «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жəне тəртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
2-тармағының 10) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 830-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Сақтандыру құпиясы қаржы омбудсманына өзінің қарауындағы жеке жəне заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу жөніндегі жолданымдары бойынша ашылуы мүмкін.»;
2-тармағының 11) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 839-бапта:
7-тармақтағы «келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «дауларды реттеу үшін қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «сақтандыру омбудсманы» деген сөздер «қаржы омбудсманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 840-баптың 2-тармағы «ережелерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 842-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік «сақтандыру шартынан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру шартынан» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтанушы-жеке тұлға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде қарыз беруші қарыз шарты бойынша талаптарды осы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі жəне (немесе) оған байланысты комиссия бөлігінде қайта қарауға құқылы. Қайта қарау нəтижелері бойынша қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (комиссия мөлшері) сақтандыру шартын жасасу талабынсыз осындай қарыз шартын жасасқан күні қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесінен (комиссиядан) аспауға тиіс.»;
үшінші бөлік «(сақтандыру жарналарын)» деген сөздерден кейін «сақтанушы-жеке тұлғадан сақтандыру шартын бұзу туралы өтінішті алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
92-баптың 6-тармағының бірінші жəне үшінші бөліктеріндегі «61-4-бабының 8-тармағында» деген сөздер «132-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
4-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 82-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы «кіретін тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 129-баптың 11-тармағы «қаржы ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 139-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарына жəне Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы заңнамасы саласында;»;
4-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 283-1-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) цифрлық қаржы активтерінің айналымына (айналысына) байланысты қызмет.».
5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
5-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 27-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар дара кəсіпкерлердің жəне заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту жəне олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рəсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.»;
5-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 155-баптың екінші бөлігінің бірінші жəне екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Реттеу режиміндегі банкке қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың жəне (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру жəне (немесе) олардан айыру жөніндегі дау айтылып отырған құқықтық актінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимдерін қолдану туралы, банкке реттеу режимін жəне реттеу құралдарын қолдану туралы дау айтылатын құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.»;
3) 156-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның екінші абзацы «шоттарындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 3) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дау айтылып отырған құқықтық актісінің (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың жəне (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру жəне (немесе) олардан айыру жөніндегі құқықтық актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимдерін қолдану туралы, банкке реттеу режимін жəне реттеу құралдарын қолдану туралы құқықтық актіні қоспағанда) қолданысын тоқтата тұру;»;
5-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 160-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 240-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 243-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7) 302-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8) 41-тарау алып тасталсын.
6. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне:
1) 69-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«шарттарды есептік тіркеуді жүзеге асыру, шетелдік банктердегі шоттар жəне осындай шоттарды есептік тіркеу туралы хабардар ету» деген сөздер «шарттарға есептік нөмірлер беру, шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар бойынша мəліметтерді ұсыну жəне оларға есептік нөмір беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 96-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тиісті шешім қабылдағанға дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған тиісті тізілімдерден алып тастау жəне цифрлық активтер саласындағы жəне қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың жəне (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру жəне (немесе) олардан айыру жөніндегі əкімшілік актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған шектеулі ықпал ету шараларын жəне қадағалап ден қою (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) шараларын қолдану жөніндегі, банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимдерін қолдану туралы, банкке реттеу режимін жəне реттеу құралдарын қолдану туралы əкімшілік актіні, сондай-ақ бюджет қаражатын нысаналы жəне негізді пайдаланбаудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдарының əкімшілік актілерін;».
7. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 123-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«123-1) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;»;
2) 40-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «белгіленген мерзімдерде» деген сөздер «белгіленген мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 52-баптың 4-тармағының 10) тармақшасы «алымдарды жəне» деген сөздерден кейін «баламалы құралдарға инвестициялармен,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 55-баптың 4-тармағының 5) тармақшасындағы «байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруына» деген сөздер «байланысты, сондай-ақ қадағалау функцияларын не бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 59-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыскерлерді тəуекел-менеджмент басшысы, ішкі аудит бөлімшесінің басшысы, бас комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындау кезінде олардың осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.»;
6) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері
1. Мыналар:
1) басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы мен мүшелері;
3) бас бухгалтер жəне бас бухгалтердің орынбасары;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де тұлғалар;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары, бас бухгалтерлері жəне бас бухгалтерлерінің орынбасарлары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды келісу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген.»;
7-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 256-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына əлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың немесе пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін төлеуші немесе агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.».
8-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 4-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттік қатысудың ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды (бұдан əрі - жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жоба) іске асыру;
2) жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін Қазақстан Республикасының қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдігін беру арқылы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге қатысуға құқылы.
2. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларда іске асырылады.
Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мынадай талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін өзі қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат береді;
2) жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын республикалық бюджет қаражаты жəне (немесе) өзге де мемлекеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алады;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі, ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын иеліктен шығарған кезде алынған қаражат республикалық бюджетке аударылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын, мұндай акцияларды иеліктен шығару нəтижесінде туындаған залал «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабында белгіленген тəртіппен өтелуге тиіс жағдайларды қоспағанда, көрсетілген акциялар иеліктен шығарылған жылдың алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген инфляция бойынша нысаналы бағдарлар ескеріле отырып, оларды сатып алу құнынан төмен құны бойынша иеліктен шығаруына жол берілмейді.
Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тəртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган бюджеттік саясат жөніндегі орталық уəкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен жəне бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша берешекті толық өтеу міндеттемесі жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік болып табылады.
Жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уəкілетті орган жүзеге асырады.
4. Осы Кодекстің 28-тарауының ережелері мен талаптары жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттік кепілдік алуға үміткер реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банкке жəне реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне қолданылмайды.
Осы Кодекстің 29-тарауының ережелері мен талаптары реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын жəне реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларға қолданылмайды.»;
2) 71-баптың 6 жəне 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарыздарды өтеу жəне оларға қызмет көрсету көлемі осы Кодекстің 28-тарауына сəйкес болжанады жəне бюджет жобасына енгізіледі.
7. Осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобалар осы Кодекстің 29-тарауына сəйкес жоспарланады жəне бюджет жобасына енгізіледі.»;
3) 86-баптың 4-тармағының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;».
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) цифрлық теңгенің жалғыз эмитенті болып табылады;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;»;
9-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
20) тармақша үшінші абзацындағы «арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;» деген сөздер «арналған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке - қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қызметінің айрықша түрі болып табылатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу жəне (немесе) сату жөніндегі операцияларға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;»;
24-2) тармақшадағы «жəне төлем ұйымдарының» деген сөздер «, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары - цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың, төлем ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-4) тармақшамен толықтырылсын:
«24-4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің қызметін бақылау жəне қадағалау шеңберінде тəуекелге бағдарланған тəсілді қолданады;»;
38-4) тармақшадағы «əзірлейді жəне» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 38-5), 38-6), 38-7) жəне 38-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
38-6) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың жəне «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
38-7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату жəне (немесе) айырбастау бойынша операцияларды жүргізу тəртібін айқындайды;
38-8) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын, төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;»;
2) 15-баптың 2-тармағында:
9) жəне 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтерді жəне цифрлық активтердегі басқару, сондай-ақ оларды сыртқы басқаруға беру;»;
9-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«17) өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын, цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын жəне цифрлық активтер сауда платформасының операторларын есептік тіркеу;»;
23) тармақшада:
«жүзеге асыру,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ» деген сөзбен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруына берілген баламалы құралдар портфелінің активтерін басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағы 2) тармақшасының сегізінші - он екінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), 27-3) жəне 27-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтер сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың жəне цифрлық қаржы активі эмитенттерінің қызметін жүзеге асыруы жəне олардың өзара іс-қимыл жасау тəртібі;
27-2) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу, пайдалану жəне олармен жасалатын мəмілелер бойынша есеп айырысулар жүргізу;
27-3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыруы;
27-4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының есептілікті ұсынуы;»;
3) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Резервтік талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді, олар:
банктерге;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына;
9-тармағы 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, депозиттер қабылдауды, жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуды жəне оларды жүргізуді жүзеге асыру құқығы бар жəне Қазақстан Ұлттық Банкінің операцияларына қолжетімділігі бар ұйымдарға;
Ұлттық пошта операторына қолданылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекітеді, онда:
ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің құрылымы;
ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу жəне олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тəртібі;
9-тармағы 3) тармақшасының он бірінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Ұлттық пошта операторына қолданылатын ең төмен резервтік талаптар нормативтерінің ерекшеліктері айқындалады. Мұндай ерекшеліктер Ұлттық пошта операторының акциялар пакетінің жүз пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі болған жағдайда қолданылады.
Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ең төмен резервтік талаптар бұзылған кезде осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаның тарату комиссиясына өзінде резервтелген қаражатты қайтарады.»;
4) 7-тарау мынадай мазмұндағы 47-2-баппен толықтырылсын:
«47-2-бап. Цифрлық теңге
Цифрлық теңге Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының цифрлық нысаны жəне заңды төлем құралы болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің цифрлық теңгелері Қазақстан Ұлттық Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылады жəне оның барлық активімен қамтамасыз етіледі.
Цифрлық теңгелерді шығаруды, оларды Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберуді ұйымдастыруды жəне өтеуді тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Цифрлық теңгелерді айналысқа жіберу жəне оларды пайдалану тəртібін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.»;
5) 51-1-баптың төртінші бөлігінде:
9-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
төртінші абзацтағы «төлемге қабілетсіз банкті реттеу шаралары» деген сөздер «реттеу құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
6) 51-3-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
9-тармағы 6) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзац жəне 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарызды мынадай шарттарда ғана беруге құқылы:
1) осы баптың 5-тармағын қоспағанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган соңғы сатыдағы қарызды алуға банк өтініш берген кезде белгілеген, меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценттерінің жəне оның мөлшерінің ең төмен мəндеріне қойылатын талаптарды орындайтын жəне банктің қызмет қабілетін бағалау қорытындысы бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп танымаған Қазақстан Республикасының резидент банкі қарыз алушы болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ақпараты негізінде, соңғы сатыдағы қарызды алуға өтініш берген банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабын бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға, оның ішінде жеңілдік шарттарында қарыз беру фактілері жоқ;»;
мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 5-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді өзі орындағанға дейін:
1) инвестицияларды жүзеге асыруға, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қарыздар беруге;
2) банк акционерлеріне дивидендтерді есепке жазуға жəне төлеуге;
3) банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар мен бонустарды есепке жазуға құқылы емес.»;
9-тармағы 6) тармақшасының он үшінші - он бесінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«5. Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарызды реттеу режимі қолданылған жүйелік маңызы бар банкке не «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес реттеу режимі қолданылған жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне мынадай:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдау;
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін соңғы сатыдағы қарыз сомасына толық көлемде Қазақстан Республикасының қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдігін беру шарттары сақталған кезде тек қана қысқа мерзімді өтімділік тапшылығын жабу үшін беруге құқылы.»;
7) 54-бапта:
бірінші бөліктің төртінші абзацындағы «қамтамасыз етілмеген» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкі операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелеріндегі төлемдер мен ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету үшін ақшаны пайдаланған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
8) 56-баптың бірінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру, жүргізілген валюталық операциялар жəне Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары туралы мəліметтерді ұсыну жəне валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат беру тəртібін қоса алғанда, валюталық операцияларды мониторингтеу жəне валюталық операциялар мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары бойынша ақпарат беру тəртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уəкілетті банктердің валюталық операцияларды ішкі бақылауды іске асыруы туралы мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты сұратады.».
10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-2-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тəуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыруды;»;
10-тармағы 1) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4) тармақшадағы «қызметін жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «қызметін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган белгілеген шектеулерді ескере отырып, цифрлық қаржы активтерін меншікке сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган белгілеген шектеулерді ескере отырып, цифрлық қаржы активтерін шығаруды;»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-тармағында айқындалған адамдар ипотекалық ұйымның басшы қызметкерлері болып табылады.»;
2) 5-3-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
3) 5-4-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары мен өзге де шаралар»;
«Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын жəне санкцияларды» деген сөздер «Республикасы Заңының 83-бабында көзделген қадағалап ден қою шаралары мен өзге де шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-1-бапта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, 61-4-бабының 3 жəне 10-тармақтарында, 61-11-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 2-тармағында, 97-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында, 132-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-3-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында» деген сөздер «57-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 24-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тұрғынжай жəне (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі ипотеканың нысанасы болып табылған жағдайларда жол берілмейді.».
11. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
101-5-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «етуге болмайтын» деген сөздерден кейін «тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 2-тармағында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-3-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «ислам банктері», «лицензиясы» деген сөздер тиісінше «ислам банк операцияларын жүзеге асыратын банктер», «тиісті банк лицензиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Лизинг беруші базалық активі лизинг шарты бойынша құқықтар (талаптар) болып табылатын цифрлық қаржы активтерін шығару арқылы қаржыландыруды тартуға құқылы.».
14. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес алынған банк лицензиясы негізінде осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мəртебесіне ие емес екінші деңгейдегі банктер де тұрғын үй құрылысы жинақ банктері деп түсініледі.»;
2) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «тапсырмаларын» деген сөз «нұсқауларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «қоса алғанда клиенттердің» деген сөздер «қоса алғанда, клиенттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «шетел» деген сөз «қолма-қол ақшасыз шетел» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес алынған банк лицензиясы негізінде осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мəртебесіне ие емес екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.».
15. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «26-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
15-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
екінші бөліктегі «31-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
2) 3-бапта:
3) жəне 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей жəне (немесе) жанама иеленген жəне (немесе) пайдаланған жəне (немесе) оларға билік еткен;
бір тұлғаның заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы заңнамасына сəйкес құрылған арнаулы қаржы компаниясының немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сəйкес басқа заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігіне қосқан;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уəкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін бір тұлғаның өз бетінше не бір немесе бірнеше тұлға бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
4) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын басқа ұйымға бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);»;
15-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы жəне оныншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) деректер витринасы - уəкілетті органның талаптарына сəйкес ұйымдастырылған жəне жаңартылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін қадағалау жəне (немесе) есептілікті ұсыну жөніндегі талаптарды орындау мақсатында сақтауға жəне уəкілетті органға белгіленген форматта беруге арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдалған деректер жинағы;»;
5), 6) жəне 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);
6) жанама иелену - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының жəне (немесе) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешіміне дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену арқылы ықпал ету мүмкіндігі;
7) заңды тұлға болып табылмайтын ұйым - шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған (тіркелген), олардың шет мемлекетте заңды тұлға мəртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, əріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;»;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) капиталға жанама қатысу - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының жəне (немесе) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не басқа заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын басқа ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету арқылы айқындау мүмкіндігі;»;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты - сервистік компания мен «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;»;
12) жəне 23-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;»;
«23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан жəне (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан жəне (немесе) сақтандыру холдингі жəне (немесе) оның еншілес ұйымдары жəне (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар жəне заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар тобы.
Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;»;
25) тармақша алып тасталсын;
26) жəне 26-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - уəкілетті органның жазбаша келісіміне сəйкес:
жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға жəне оларға билік етуге;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы жеке немесе заңды тұлға.
Мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы деп танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер жəне (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғалар;
26-1) сақтандыру холдингі - уəкілетті органның жазбаша келісіміне сəйкес:
жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға жəне оларға билік етуге;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы заңды тұлға.
Мыналар сақтандыру холдингі болып танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер жəне (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 27-1), 29-2) жəне 29-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) сервистік компания - құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында жəне (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйым, коллекторлық агенттік;»;
«29-2) ұйымның капиталына қомақты қатысу - шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уəкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа нысандарының жиырма жəне одан көп пайызын өз бетінше не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей жəне (немесе) жанама иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету.
Мыналар ұйымның капиталына қомақты қатысуы бар тұлға болып танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;
осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалар;
29-3) ірі қатысушы - дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының он немесе одан көп пайызын тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым.
Мыналар заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып танылмайды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ұлттық басқарушы холдинг;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;»;
3) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының резиденттеріне шетелдік ұйымдардың немесе банктердің кредит беруіне байланысты кредиттерді, инвестицияларды, мəмілелерді сақтандыру бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуына (орындауына) жол беріледі.»;
15-тармағының 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 10-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қаржы омбудсманы;»;
5) 11-1-бапта:
15-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-2-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «тəртібі мен мерзімдерін;» деген сөздер «тəртібі мен мерзімдерін айқындауға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, екінші жəне үшінші бөліктері алып тасталсын;
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қағидаларын өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Сақтандырушының интернет-ресурсында орналастырылған сақтандыру қағидалары жаңартылған күйде болуға тиіс.»;
үшінші бөліктегі «Ерікті сақтандыру» деген сөздер «Сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 840-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушы (сақтандырылушы) банктік қарыз шартынан, микрокредит беру туралы шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру нəтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға қатысты құқығын (талабын) төленген сома шегінде сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.»;
6) мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:
«11-2-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
1. Сақтандыру ұйымы жеке жəне заңды тұлғалардың сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты жолданымдарын уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастарда жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сəйкес қарайды.
2. Өтініш берушінің жолданымын қарау мерзімі ол сақтандыру ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған кезде, жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
3. Жолданымды қарау нəтижесі бойынша сақтандыру ұйымы өтініш берушіге оның жолданымының мəні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
4. Өтініш берушінің жолданымы:
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне оның жеке сəйкестендіру нөмірі немесе толық атауы жəне оның бизнес-сəйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;
3) жолданымда былапыт не балағат сөздер, сақтандыру ұйымының мүлкіне қауіп, оның жұмыскерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне қауіп болған;
4) жолданым оқуға келмейтін;
5) жолданымды уəкілетті емес тұлға берген жағдайларда қараусыз қалдыруға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда сақтандыру ұйымы өтініш берушінің жолданымын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
15-тармағы 6) тармақшасының он төртінші - он алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болатын жеке тұлға жəне (немесе) шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын өтініш беруші - барлық сақтандыру түрі бойынша жəне өзге де заңды тұлғалар талаптар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспайтын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібі шеңберінде мынадай:
сақтандыру ұйымы өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқан немесе өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде сақтандыру ұйымынан жауап алмаған;
сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы дауларды реттеу кезінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайларда «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
6. Сақтандыру ұйымы уəкілетті органға жеке жəне заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады, олардың тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалдарына қолданылады.»;
7) 15-2-бапта:
тақырып «жасасу» деген сөзден кейін «, бұзу жəне (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «жасасу» деген сөзден кейін «, бұзу жəне (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 6) тармақшасында:
бірінші бөліктің үшінші жəне жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтандыру шартын бұзуға жəне (немесе) мерзімінен бұрын тоқтатуға;»;
15-тармағы 7) тармақшасының жетінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қаржы омбудсманына келіспеушіліктердің болуы туралы ақпарат жіберу үшін сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеуге қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны жəне (немесе) өзге де құжаттарды, мəліметтерді) электрондық нысанда жасау жəне сақтандыру ұйымына жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;
екінші бөлік «жасасу» деген сөзден кейін «, бұзу жəне (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармағының 8) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 16-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру жəне жүргізу жөніндегі ұйымға қойылатын сақтанушыларға ақпарат беру жөніндегі талаптар»;
1-тармақтағы «, сақтандыру омбудсманының» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы «сақтандыру омбудсманының,» деген сөздер алып тасталсын;
9) 16-2-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
10) 20-баптың 10-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
11) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай өз бетінше немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, мыналарға:
жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге жəне (немесе) пайдалануға жəне (немесе) оларға билік етуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
ұлттық басқарушы холдингке;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздар эмитентіне;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер жəне (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлғаға;
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғаларға қолданылмайды.
Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыратын немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей жəне (немесе) жанама ықпал ететін (дауыс беретін) тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленеді.
2. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:
1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;
2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді жəне (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сəйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уəкілеттік берген (міндеттеген);
4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша жəне (немесе) өзге де мүлік берген;
5) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның лауазымды тұлғасы болған;
6) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сəйкестікте əрекет ететін жəне өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша əрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;
7) аталған тұлғалардың бірі жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болған;
8) аталған тұлғалар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сəйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
3. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:
1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;
2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді жəне (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сəйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уəкілеттік берген (міндеттеген);
4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы сатып алу үшін өтеусіз ақша жəне (немесе) өзге де мүлік берген;
5) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сəйкестікте əрекет ететін жəне өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша əрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;
6) аталған тұлғалар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
4. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін, тек қана:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;
2) директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда, оны шақыру туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының күн тəртібіне қосымша мəселелерді енгізу;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
5) аудиторлық ұйымның өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргізу мəселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған шарт негізінде əрекет ететін тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі деп танылмайды.
5. Тұлға уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, мұндай тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес уəкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін өзі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қабылданатын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешқандай əрекет жасауға жəне (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы дауыс беруге құқылы емес.
Уəкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай келетін тұлғаға уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, осы Заңның 53-4-бабында көзделген мəжбүрлеу шараларын қолдануға, оның ішінде аталған тұлғадан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды өткізуді талап етуге құқылы.
6. Уəкілетті орган тұлғаның уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай келетіні туралы мəліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.
Уəкілетті орган көрсетілген ақпаратқа ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан оны талап ете алады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы иеленетін тұлғалар құрамының өзгеруі туралы уəкілетті органды осы фактіні өзі анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
9. Банктің сақтандыру холдингі, акциялары банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97 жəне 98-баптарында көзделген операцияны жүзеге асыру кезінде берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуіне уəкілетті органның келісімі операция бағалы қағаздарды ұстаушылардың (номиналды ұстау) тізілімдері жүйесінде тіркелгеннен кейін берілген болып есептеледі.»;
12) 26-1-бап алып тасталсын;
13) 27-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын көздер мен ақша сомасының сипаттамасын қоса алғанда, құрылтайшы жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мəліметтер.
Жеке тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-5-бабының 7-тармағында айқындалған;»;
5-1) тармақшадағы «осы Заңның 26 жəне 32-баптарында» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5 жəне 9-6-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 28-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «осы Заңның 26-1-бабында» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1) тармақшадағы «осы Заңның 26-бабында» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармағының 15) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15) 31-1-бап алып тасталсын;
16) 32 жəне 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 48-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уəкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға жəне (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы əрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған жəне шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау жəне пруденциялық нормативтерді, оның ішінде уəкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уəкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымы уəкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы жəне уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уəкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мəліметтер жария етуге жатпайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уəкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уəкілетті органның алдын ала рұқсаты болмаған кезде бақылау не ұйымдардың капиталына қомақты қатысу белгілерін иеленген жағдайда:
1) уəкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бақылау не ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері туындаған кезден бастап алты ай ішінде өзіне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға иелігінен шығаруға жəне көрсетілген иеліктен шығаруды растайтын құжаттарды уəкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-6-бабында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
«34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жəне сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері
1. Мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады:
1) басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері;
3) бас бухгалтер жəне бас бухгалтердің орынбасары;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын жəне олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне сақтандыру қызметін жəне (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары;
5) уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.
2. Басшы жəне оның орынбасарлары, бас бухгалтер жəне оның орынбасары сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері деп танылады.
3. Мыналар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері деп танылады:
1) филиал басшысы жəне оның орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне сақтандыру қызметін жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие, филиалдың өзге де басшылары;
3) бас бухгалтер жəне бас бухгалтердің орынбасары;
4) уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Басшы жəне оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері деп танылады.
4. Мыналар сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады:
1) басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері;
3) бас бухгалтер жəне бас бухгалтердің орынбасары;
4) еншілес ұйымның (ұйымдардың) жəне (немесе) сақтандыру холдингі капиталға қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылар;
5) уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар жəне оларды келісу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.
6. Уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері деп таныған жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері деп танылған адамның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуін растайтын құжаттарды уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құжаттар уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған кезде уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері деп танылған адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы адамның өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Осы тармақтың ережелері сақтандыру холдингтеріне жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Ұлттық Банкке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің барлық басшы қызметкеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістері туралы мəліметтерді қамтитын есептілікті уəкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есепке жазу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ішкі саясатына қойылатын талаптар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
17) 37-баптың 8-тармағының 5) тармақшасындағы «осы Заңның 34-бабының» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 38-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «1-1-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздер «3-тармағының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 38-1-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген кезде осы Заңның 26, 32 жəне 34-баптарында жəне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4, 9-5 жəне 9-6-баптарында көзделген келісімдерді жəне (немесе) рұқсаттарды алу осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгергенге дейін тиісті келісімдері жəне (немесе) рұқсаттары бар жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар үшін талап етілмейді.»;
20) 43-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымын құруға жəне ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді;»;
15-тармағы 20) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12-1) тармақша алып тасталсын;
44) тармақшадағы «сақтандыру омбудсманының» деген сөздер «қаржы омбудсманының» деген сөздермен ауыстырылсын;
46-2), 46-3) жəне 46-4) тармақшалар алып тасталсын;
21) 48-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы:
алтыншы абзацындағы «резиденттері емес заңды тұлғаларды» деген сөздер «бейрезидент заңды тұлғаларын құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші жəне он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«медицина ұйымдарын жəне ассистанс қызметтерін көрсететін заңды тұлғаларды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жұмыс істейтін немесе өздері құрған халықаралық сақтандыру синдикаттарының құрамында тəуекелдерді сақтандыруды немесе қайта сақтандыруды қамтамасыз ету үшін капитал қалыптастыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларын құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Халықаралық сақтандыру синдикаты - сақтандыру тəуекелдерін немесе міндеттемелерін қабылдауды жəне бөлуді қамтамасыз ететін, шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған заңды жəне (немесе) жеке тұлғалардың бірлестігі;
сақтандыру брокерінің қызметтерін көрсететін заңды тұлғаларды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);»;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
15-тармағы 21) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақшаның екінші абзацы «жəне цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның екінші абзацы «(акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда)» деген сөздерден кейін «жəне цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 52-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «жүйесін;» деген сөз «жүйесін қалыптастырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тəуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тəуекелдерді басқару функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тəуекел-менеджері), ішкі аудит қызметінің басшысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиторы), комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшенің басшысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында комплаенс-бақылау функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының комплаенс-бақылаушысы) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау кезінде олардың уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.»;
23) 52-2-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«52-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарататын жəне орналастыратын жарнама
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына:
1) жөнсіз жарнама жасауға;
15-тармағы 23) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) уəкілетті орган белгілеген, қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарда айқындалған қаржы өніміне тəн тəуекелдер туралы ақпаратты қамтымайтын жарнама жасауға тыйым салынады.
Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уəкілетті органды бекіту, өзгерту жəне ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тəртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мəліметтердің тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
24) 53-1-бапта:
15-тармағы 24) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15-тармағы 24) тармақшасы екінші - төртінші абзацтарының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
2-тармақтың 12) жəне 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы омбудсманының қызметіне міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы омбудсманының шешімін осы шешімде белгіленген мерзімде орындамауы;»;
6-тармақ алып тасталсын;
25) 53-3-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы Заңның 34-бабында жəне (немесе) уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан уəкілетті орган осындай қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін шеттеткен жағдайда, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осындай қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уəкілетті органның осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды шеттету туралы қадағалап ден қою шарасын қолдану жөніндегі жазбаша хабарламасын алған күннен кейінгі күннен бастап алқалы органның шеттетілген тұлғаның қатысуымен болған барлық кейінгі шешімі жарамсыз деп есептеледі;»;
26) 53-4-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 3-тармағында жəне 46-бабының 4-тармағында көзделген;»;
3-тармақ алып тасталсын;
27) 55-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша əкімшілікті уəкілетті орган өзінің жұмыскерлері не «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.»;
15-тармағының 28) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
28) 74-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қадағалау, тəуекелдерді ерте анықтау, сондай-ақ қауіпсіз ақпарат алмасу мақсаттарында өзінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыруды, жүргізуді жəне жаңартуды, сондай-ақ уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда, тəртіппен, мерзімдерде жəне форматтарда уəкілетті органға деректер витринасына қолжетімділік беруді қамтамасыз етеді.
Деректер витринасында сақтандыру (қайта сақтандыру) жəне өзге де операциялар, оның iшінде сақтандыру портфелі, сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі ірі мəмілелер, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) жөніндегi қызмет бойынша мəліметтер жəне тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін басқа да мəліметтер қамтылуға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы айқындайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес келетін ұйымға деректер витринасына қолжетімділік беруге құқылы.
Деректер витринасын қалыптастыру, сақтау жəне оған қолжетімділік беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, деректер витринасына қолжетімділік алған өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дербес деректердің қорғалуын жəне сақтандыру құпиясының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
29) 76-бап алып тасталсын;
15-тармағының 30) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
30) 80-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «сақтандыру» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаржы омбудсманы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен дауды реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі жəне стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;»;
15-тармағының 31) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
31) 15-тарау алып тасталсын.
16. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Даму Банкін қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.»;
2) 6-баптың 1-тармағындағы «заңды тұлғалардың» деген сөздер «ұйымдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «40-бабында» деген сөздер «50-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
212-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тəртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын.
18. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жекелеген қызмет түрлерінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарында қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын өзге де талаптар белгіленуі мүмкін.»;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жекелеген қызмет түрлерінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарында қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге де тəртібі белгіленуі мүмкін.»;
18-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 14-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» жəне «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 11) тармақшаларында көрсетілген құқықтарды қоспағанда, акционерлердің осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.»;
18-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 28-баптың 1-1-тармағындағы «Республикасы Заңының 17-2-бабына» деген сөздер «Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 30-бапта:
4-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) уəкілетті органның банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен реттеу режимін жəне (немесе) реттеу құралдарын қолдану туралы шешімі;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бағалы қағаздар жəне (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелер банкке реттеу режимін қолданған кезде немесе қоғамды оңалту процесінде қоғамның акцияларына айырбасталатын жағдайларда, егер қоғамға қатысты оңалту рəсімі қолданылса, банктің (қоғамның) акционерлеріне өздерінің акциялары бағалы қағаздарды жəне (немесе) қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырылған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.»;
6) 36-баптың 1-тармағы 1-1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық əл-ауқат қорын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдарды қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сəйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді;».
19. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлері
1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:
1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;
3) Қордың бас бухгалтері.
Қордың атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.
2. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар жəне оларды келісу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.»;
2) 5-бапта:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын Қордың меншікті активтерінен бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді.
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» жəне «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу тəртібін Қор уəкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сəйкес белгілейді.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қордың тəуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің басшысы (Қорда тəуекелдерді басқару функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор тəуекел-менеджері), Қордың ішкі аудит қызметінің басшысы (Қорда ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор аудиторы), Қордың комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшесінің басшысы (Қорда комплаенс-бақылау функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор комплаенс-бақылаушысы) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау (сайлау) кезінде Қор олардың уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.».
20-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
20. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 4-2-баптағы «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 1-тармағының 3-1) жəне 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
4) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.»;
4) 14-баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманына қайта жіберуге;»;
5) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар (пайда алушылар) жəне сақтандырушы арасында жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде жазбаша жауапты ұсынады.
3. Сақтанушы (пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының) жəне (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.»;
6) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшінде сақтандыру төлемi туралы өтініш берген тұлғаға бас тарту себептерінің уəжді негіздемесімен жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейінгі реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиістi шешімдi жазбаша нысанда жіберуге міндетті.».
21-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
21. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 7-1-баптағы «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
4) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.»;
4) 14-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сақтанушыдан (пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманына қайта жіберуге міндетті.»;
5) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар (пайда алушылар) жəне сақтандырушы арасында аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде жазбаша жауапты ұсынады.
3. Сақтанушы (пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының) жəне (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.»;
6) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшінде сақтандыру төлемi туралы өтініш берген тұлғаға бас тарту себептерінің уəжді негіздемесімен жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейінгі реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиістi шешімдi жазбаша нысанда жіберуге міндетті.».
22-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
22. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
11-2) тармақша алып тасталсын;
2) 9-баптың 1 жəне 2-тармақтарындағы «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 17-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) сақтанушыдан (жəбірленушіден, пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманына қайта жіберуге;»;
5) 18-баптың 1-тармағының 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
6) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы өтінішті жəне осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерінің уəжді негіздемесімен жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейінгі реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.»;
7) 29-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын, жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтанушылар (жəбірленушілер, пайда алушылар) болып табылатын, талаптар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғалар мен сақтандырушы арасындағы дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушылар (жəбірленушілер, пайда алушылар) болып табылатын, талаптар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлғалар сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) талаптарды көрсете жəне өздерінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда өтініш жіберуге не көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу үшін сотқа өтініш жіберуге құқылы.
3. Сақтандырушы сақтанушыдан (жəбірленушіден, пайда алушыдан) өтініш алған кезде оны қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде жазбаша жауапты ұсынады.
4. Сақтанушы (жəбірленуші, пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда сақтандырушы сақтанушының, жəбірленушінің (пайда алушының) жəне (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
23-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
23. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
6) тармақша алып тасталсын;
2) 9-баптың 2-тармағындағы «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 1-тармағының 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 14-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) сақтанушыдан (жəбірленушіден, пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманына қайта жіберуге;»;
5) 15-баптың 1-тармағының 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
6) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы өтінішті жəне барлық құжатты алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мəлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің уəжді негіздемесімен жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейінгі реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.»;
7) 24-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1-бап. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар (жəбірленушілер, пайда алушылар) жəне сақтандырушы арасында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жəбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде жазбаша жауап ұсынады.
3. Сақтанушы (жəбірленуші, пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда сақтандырушы сақтанушының (жəбірленушінің, пайда алушының) жəне (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
24. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) жəне 63) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
24-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«3) андеррайтер - брокерлік жəне дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жəне эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды жəне (немесе) цифрлық қаржы активтерін шығару мен орналастыру жөнінде қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы;»;
«63) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;»;
24-тармағы 1) тармақшасының сегізінші - он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
74) тармақшадағы «бағалы қағаздарды» деген сөздер «бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
92-1) жəне 92-2) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:
«92-1) цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі - белгілі бір уақыт кезінде цифрлық қаржы активтері бойынша құқық ұстаушыларды сəйкестендіруді, цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін цифрлық қаржы активтерінің эмитенті, цифрлық қаржы активтері жəне оларды ұстаушылар туралы мəліметтердің жиынтығы;
92-2) цифрлық қаржы активін ұстаушы - цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелген, цифрлық қаржы активі бойынша құқықтарға ие тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 92-3) жəне 92-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«92-3) шетелдік есепке алу ұйымы - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын, шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сəйкес уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған талаптарды ескере отырып, осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;
92-4) шетелдік кəсіптік ұйым - уəкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды жəне (немесе) стандарттарды белгілейтін, заңды тұлға болып табылмайтын халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе шетелдік ұйым;»;
24-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның нормалары «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелмеген бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу процесінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
3) 3-3-бапта:
24-тармағы 3) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) жəне 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы омбудсманы қызметіне міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
13) бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы.»;
6-тармақ алып тасталсын;
4) 3-5-баптың 1-тармағының 10) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Заңның 54-бабында жəне (немесе) уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы осы Заңның 54-бабында аталған адамдарды уəкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасын қолданған кезде уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға уəкілетті органның осы Заңның 54-бабында аталған тұлғаларды шеттету туралы қадағалап ден қою шарасын қолдану жөніндегі жазбаша хабарламасын алған күннен кейінгі күннен бастап алқалы органның шеттетілген тұлғаның қатысуымен болған барлық кейінгі шешімі жарамсыз деп есептеледі;»;
5) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар білікті инвесторлар болып табылады:
1) заңды тұлғалар;
2) осы бапта белгіленген тəртіппен білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар.»;
24-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 9-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың талабы реттеу режиміндегі банкке қолданылмайды.»;
7) 12-баптың 1-тармағында:
10) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10) эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда) аудиторлық есеппен расталған, соңғы қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігінің (эмитенттің еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) көшірмесін;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
8) 12-2-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 3 жəне 5-тармақтарында белгіленген талаптар өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялардың эмитенті банк болып табылатын жағдайларға қолданылмайды.»;
24-тармағының 9) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың күші реттеу режиміндегі банкке қолданылмайды.»;
24-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) 23-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) реттеу режиміндегі банктің облигацияларын төлеген жағдайларды қоспағанда, ақшамен ғана жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2 жəне 3-тармақтарының талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қабылданған, банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, реттеу режиміндегі банкке қолданылады.»;
24-тармағының 11) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11) 30-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«реттеу режиміндегі банк эмитент болған кезде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын жою туралы эмитент органының шешімі болғанда;»;
24-тармағының 12) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
12) 31-1-бап алып тасталсын;
13) 32-5-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тəртіппен тағайындалатын, ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, əмбебап банк лицензиясы бар банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сатып алу-сату шартының негізінде активтерді ислам арнайы қаржы компаниясына беретін жəне (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының немесе мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органның құрылтайшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес;»;
24-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14) 36-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
24-тармағының 15) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15) 37-баптың 3-тармағындағы «5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-2, 61-4, 61-11 жəне 61-12-баптарында» деген сөздер «68, 97, 98-баптарында жəне 132-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармағының 16) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
16) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Цифрлық қаржы активтерінің айналысы
40-1-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару
Цифрлық қаржы активтерін шығаруды оның эмитенті «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында жүзеге асырады.
40-2-бап. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді тіркеу жəне олар бойынша құқықтарды растау
1. Цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелер, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің міндеттемелері бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру:
цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде осындай цифрлық платформада шығарылған цифрлық қаржы активтеріне қатысты тіркелуге;
орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде көрсетілуге тиіс.
2. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық активтерді ұстаушыларды есепке алу жүйесінен жəне (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен цифрлық қаржы активін ұстаушыға қатысты мəліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мəліметтер басым болады.
3. Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді тіркеу жəне осы мəмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету тəртібі, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тəртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тəртібі мен ерекшеліктері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде жəне орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.»;
17) 45-бапта:
24-тармағы 17) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың бірінші бөлігі «қызмет, бағалы қағаздарды» деген сөздерден кейін «жəне цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
24-тармағы 17) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жəне олардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) цифрлық активтерді, оның ішінде Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрамына кіретін цифрлық активтерді есепке алу жəне сақтау жөніндегі қызметті;»;
екінші бөліктегі «ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу» деген сөздер «жəне цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, сондай-ақ Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрамына кіретін цифрлық активтерді есепке алу жəне сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармағы 17) тармақшасының оныншы жəне он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет түрлерін жəне цифрлық қаржы активтері нарығындағы қызметті қоса атқару шарттары мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға берген, сондай-ақ Ұлттық стратегиялық крипторезервті (бұдан əрі осы бапта - активтер) басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жəне (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асырады.»;
10-тармақтағы «Ұлттық қоры» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 54-бабының жəне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыға қатысты талаптары бірыңғай оператордың басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
18) 49-1-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылар органдарының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы бөлімшелерінің тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;»;
5) тармақшадағы «өлшемшарттары;» деген сөз «өлшемшарттары қамтылуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы ішкі аудит қызметінің басшысы (ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын аудитор) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау кезінде олардың тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін айқындайтын уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19) 51-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының қызметі процесінде осы Заңның 54-бабының жəне (немесе) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының талаптары сақталмаған;»;
20) 53-1-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1-бап. Лицензиат тарататын жəне орналастыратын жарнама
1. Лицензиатқа:
1) жөнсіз жарнама жасауға;
24-тармағының 20) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) уəкілетті орган белгілеген, қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарда айқындалған қаржы өніміне тəн тəуекелдер туралы ақпаратты қамтымайтын жарнама жасауға тыйым салынады.
Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уəкілетті органды бекіту, өзгерту жəне ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тəртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мəліметтердің тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
21) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкерлері
1. Мыналар бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкерлері деп танылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының атқарушы органының басшысы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) жəне мүшелері;
3) бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары (трансфер-агенттің бас бухгалтерін жəне оның орынбасарын қоспағанда);
4) өзінің оқшауланған бөлімшелерінің басшылары мен бас бухгалтерлерін қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне клиенттермен жасасылған шарттарда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген түрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге жəне (немесе) уəкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының клиенттерінің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығына салыстырып тексеру жүргізілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылар;
5) уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де адамдар.
2. Уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, адамды бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкері деп таныған жəне бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыға осы Заңның 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қадағалап ден қою шарасы қолданылған жағдайда, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкері деп танылған адамның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуін растайтын, басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.
Құжаттар уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы уəкілетті органның уəжді пайымдауын пайдалана отырып, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкері деп танылған адаммен еңбек шартын бұзуға жəне (немесе) осы адамның өкілеттіктерін тоқтату жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
3. Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды келісу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.
4. Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне басқару органының басшысы мен мүшелері бөлігінде қойылатын талаптар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлердің жəне (немесе) дилерлердің байқаушы кеңесінің басшысы мен мүшелеріне қолданылады.
5. Лауазымдық міндеттеріне брокерлік, дилерлік жəне трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырумен байланысты мəселелерге жетекшілік ету кіретін Ұлттық пошта операторы атқарушы органының мүшелері Ұлттық пошта операторының басшы қызметкерлері деп танылады.
Осы тармақта аталған адамдар «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда атқарушы органның мүшелері лауазымдарға уəкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады).
Атқарушы органның мүшесі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда Ұлттық пошта операторы оны уəкілетті органның талабы бойынша осындай адаммен еңбек шартын бұзу жəне (немесе) оның өкілеттіктерін тоқтату бойынша өзге де шаралар қабылдау арқылы шеттетеді.»;
24-тармағының 22) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
22) 64-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін орналастыруды мынадай тəсілдермен:
1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен басқа инвесторларға сату мақсатында барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін сатып алатын «тұрақты міндеттемелер» тəсілімен;
2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру бойынша өзінің барлық ықтимал күш-жігерін салуға міндеттенетін «ең үздік күш салу» тəсілімен;
3) жəне эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сəйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды, цифрлық қаржы активтерін орналастырудың өзге де тəсілдерімен жүзеге асыруға құқылы.»;
23) 11-тарау мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын:
«64-1-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке жəне заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асырумен байланысты жолданымдарын уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру тəртібіне сəйкес қарайды.
2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жолданымдарды қарау мерзімі олар бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған кезде қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
3. Жолданымды қарау нəтижелері бойынша бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушіге оның жолданымының мəні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
4. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің жолданымдарын:
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне оның жеке сəйкестендіру нөмірі немесе толық атауы жəне оның бизнес-сəйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;
3) жолданымда былапыт не балағат сөздер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның мүлкіне қауіптер, оның жұмыскерінің жəне (немесе) оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне қауіптер болған;
4) жолданым мəтіні оқуға келмейтін;
5) жолданымды уəкілетті емес тұлға берген жағдайларда қараусыз қалдыруға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің жолданымын қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып, жолданым алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жауап жібереді.
24-тармағы 23) тармақшасының он төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Жеке тұлға болып табылатын, оның ішінде дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жəне шағын кəсіпкерлік субъектісіне жататын өтініш беруші бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымға жүгінгеннен кейін бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқан немесе өтініш беруші бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жауабын осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде алмаған жағдайларда, дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібі шеңберінде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым уəкілетті органға тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, жеке жəне заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады.
7. Осы бапта белгіленген талаптар бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға (брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына қосылуға) берілген өтініштерді қарауына қолданылмайды.»;
24) 72-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
1. Уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, бірде-бір тұлға өз бетінше немесе басқа тұлғамен (басқа тұлғалармен) бірлесіп:
жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге жəне (немесе) пайдалануға жəне (немесе) оларға билік етуге;
инвестициялық портфельді басқарушыға бақылауды жүзеге асыруға;
инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.
2. Жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін, тек қана:
1) инвестициялық портфельді басқарушы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;
2) инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесі инвестициялық портфельді басқарушы акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда, оны шақыру туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
3) инвестициялық портфельді басқарушының акционерлері жалпы жиналысының күн тəртібіне қосымша мəселелерді енгізу;
4) инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
5) аудиторлық ұйымның өз есебінен инвестициялық портфельді басқарушыға аудит жүргізуі мəселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған шарт негізінде əрекет ететін тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы деп танылмайды.
Жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін немесе инвестициялық портфельді басқарушыға бақылауды жүзеге асыратын немесе инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен нвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге тікелей жəне (немесе) жанама ықпал ететін (дауыс беретін) тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленеді.
3. Жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздардың он немесе одан көп пайызын тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:
1) аталған тұлғалар өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай инвестициялық портфельді басқарушының шешімдеріне бірлесіп ықпал еткен;
2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;
3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді жəне (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сəйкес инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы сатып алуға уəкілеттік берген (міндеттеген);
4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті өтеусіз берген;
5) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның лауазымды тұлғасы болған;
6) аталған тұлғалардың бірі, өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сəйкестікте əрекет ететін жəне өкілдік берген тұлғаның атынан өзінің жеке қалауы бойынша əрекет жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, басқа аталған тұлғаның өкілі болған;
7) аталған тұлғалар жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болған;
8) аталған тұлғалар уəкілетті орган белгілеген жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде инвестициялық портфельді басқарушының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сəйкес банк конгломератына кірген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
24-тармағы 24) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4. Акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен банк біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97 жəне 98-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған кезде берілген банктің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін сатып алуына уəкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.
5. Тұлға уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай болған жағдайда, мұндай тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес уəкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешқандай əрекет жасауға жəне (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы дауыс беруге құқылы емес.
Уəкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келетін тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға, оның ішінде аталған тұлғадан инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды алты айдан аспайтын мерзімде өткізуді талап етуге құқылы.
6. Уəкілетті орган тұлғаның уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сай келетіні туралы мəліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.
Көрсетілген ақпаратты уəкілетті орган оған ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан талап ете алады.
7. Инвестициялық портфельді басқарушы жиынтығында инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы он жəне одан көп пайызын иеленетін тұлғалар құрамының өзгергені туралы уəкілетті органды осы факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
8. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.»;
25) 72-2-бап алып тасталсын;
26) 72-3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 49-бабының 5-тармағында, 55-1-бабының 6-тармағында, 72-1-бабының 3-тармағында көзделген;»;
24-тармағының 27) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
27) 78-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында жəне цифрлық активтер нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тəртібі осы Заңда, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында - қағидалар жинағында белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) жəне 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері;
6-3) цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары;
6-4) цифрлық активтер сауда платформасының операторлары;»;
28) 79-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Заңның 54-бабының жəне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыға қатысты талаптары орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
29) 80-бапта:
24-тармағы 29) тармақшасының екінші - он төртінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды жəне цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде:
1) бағалы қағаздарды жəне цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді жəне сақтауды;
2) тіркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жеке шот ашуды;
3) тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалатын мəмілелерді тіркеуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді көрсетуді;
5) тіркелген тұлғаның бағалы қағаздары жəне цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растауды;
6) бағалы қағаздарды жəне цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жаңартылған күйде ұстап тұруды;
7) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уəкілетті орган тіркеген санға сəйкестігін бақылауды;
8) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мəселелердің тізбесі бойынша бағалы қағаздарды ұстаушыларға хабарлауды;
9) эмитентке оның сұрау салуы негізінде бағалы қағаздарды жəне цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін құрайтын ақпаратты беруді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес бағалы қағаздарды жəне цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесін құрайтын мəліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға осы Заңның 43-бабына сəйкес ақпарат беруді;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 5-1 жəне 6-1-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Орталық депозитарий цифрлық активтерді, оның ішінде Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрамына кіретін активтерді есепке алу жəне сақтау жөніндегі қызметті, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне, сондай-ақ орталық депозитарий қағидаларының жиынтығына сəйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
24-тармағы 29) тармақшасының он жетінші - жиырмасыншы абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«5-1. Цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу жəне сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде жəне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.»;
«6-1. Цифрлық қаржы активінің эмитенті, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жəне цифрлық активтердің сауда платформасының операторы, орталық депозитарий цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жəне (немесе) цифрлық активтер сауда платформасының операторы ретінде əрекет ететін жағдайларды қоспағанда, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге орталық депозитариймен шарт жасасуға міндетті.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Орталық депозитарий уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде жəне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тəртіппен жəне шарттарда инвесторлар үшін эмитент жəне оның бағалы қағаздары, цифрлық қаржы активтері туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.»;
24-тармағының 30) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
30) 81-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «бағалы қағаздарды» деген сөздерден кейін «, цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармағының 31) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
31) 85-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) цифрлық қаржы активтерін қор биржасында айналысқа жіберу шарттары мен талаптарын;»;
24-тармағының 32) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
32) 88-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне қор биржасының ішкі құжаттарына сəйкес бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдарымен, оның ішінде цифрлық қаржы активтерімен сауда-саттық ұйымдастыруға жəне өткізуге құқылы.»;
2-тармақта:
2-1) тармақша «бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «жəне цифрлық қаржы активтері» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша «бағалы қағаздармен» деген сөздерден кейін «, цифрлық қаржы активтерімен» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 107-баптың бірінші бөлігінде:
«ол» деген сөз «уəкілетті орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді.
25. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1 жəне 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жосықсыз практикалар - түрлері мен белгілері осы Заңның 15-25-бабының 2-тармағында белгіленген іс-қимылды қадағалау субъектілерінің əрекеттері (əрекетсіздігі);
2) қаржылық көрсетілетін қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кəсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кəсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды немесе мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының көрсетілетін қызметтерін сатып алу ниеті бар немесе көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
4) қаржы нарығы - қаржылық қызметтерді көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен жəне олардың айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілеттi орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар - іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық жəне əділ қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен əрекеттер жиынтығы;
7) қаржы нарығындағы кəсіби қызмет - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кəсіпкерлік қызмет;
8) қаржы өнімі - қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет;
9) қаржы ұйымы - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;
11) тексеру материалдары - тексеру барысында жəне нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау органы қалыптастыратын материалдар;
12) уəкілетті агент - іс-қимылды қадағалау субъектісінің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлға, оның ішінде сақтандыру агенті;
13) іс-қимылды қадағалау - уəкілетті органның осы Заңның 2-4-тарауында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жəне (немесе) олардың уəкілетті агенттерінің əрекеттерімен (əрекетсіздігімен) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың алдын алуға, анықтауға жəне жолын кесуге бағытталған қызметі;
14) іс-қимылды қадағалау субъектісі - банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген коллекторлық агенттік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.»;
«3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың негізгі мақсаты, міндеттерi мен қағидаттары
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың негізгі мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəрдемдесу болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негізгі мақсатты іске асыру үшін уəкілетті органға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың мынадай міндеттері жүктеледі:
1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі жəне олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың жəне халық үшін қаржылық қолжетімділіктің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету;
4) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;
5) қаржылық тұрақтылықты қолдап отыру мақсатында қаржы нарығының тəуекелдерге неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
6) осы баптың 1-тармағында көзделген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған, осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің жəне қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі.»;
2) 6-5-баптың екінші бөлігінде:
4) тармақша алып тасталсын;
25-тармағы 2) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 18-3), 18-4) жəне 18-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-3) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу шарттары мен тəртібін айқындайды;
18-4) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу жəне сақтау тəртібін бекітеді;
18-5) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Уəкілетті органның функциялары мен өкілеттіктері»;
4) 8-бап алып тасталсын;
5) 9-бапта:
1-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қаржы ұйымдарына жəне өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мəселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды жəне өзге де шараларды қолданады, сондай-ақ қадағалап ден қою шараларын қолдану тəртібін айқындайды;»;
25-тармағы 5) тармақшасының бесінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша «брокерлері филиалдарының» деген сөздерден кейін «уақытша əкімшіліктерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, микроқаржы ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) екінші деңгейдегі, оның ішінде мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді сауықтыру жөніндегі шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді банктердің орындауына бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) жəне 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша кепілге қабылдауы үшін қолайлы, банктердің нарықтық емес активтерін айқындау жөніндегі алдын ала рəсімді (кепіл препозициясы) жəне кепіл препозициясындағы нарықтық емес активтер мониторингін жүргізеді;»;
«20-2) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жасанды интеллект жүйелерін пайдалануын бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;»;
25-тармағы 5) тармақшасының он үшінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2-1-тармақ «пошта операторының» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Уəкілетті орган өз құзыреті шегінде банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің мəндерін сақтауын бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады.»;
25-тармағы 5) тармақшасының он алтыншы жəне он жетінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уəкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрін жəне қызметті жүргізуге арналған лицензиядан айыру, банкке реттеу режимін жəне реттеу құралдарын қолдану туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша əкімшілігінің банктің активтері мен міндеттемелерін беру, сақтандыру портфелін беру жөніндегі операцияны жүргізу туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нəтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.»;
6) мынадай мазмұндағы 9-4, 9-5, 9-6 жəне 9-7-баптармен толықтырылсын:
«9-4-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) нарық субъектісі деп банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан əрі - Қор), бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы, банк, сақтандыру холдингтері түсініледі;
2) филиал деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
3) басшы қызметкер лауазымына кандидат деп нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе нарық субъектісінің басқару органының мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі;
4) басшы лауазым деп мынадай лауазымдар түсініледі:
қаржы ұйымының, филиалдың басшы қызметкері;
қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды тікелей қаржы ұйымының басқару органы, атқарушы органының басшысы, мүшесі немесе қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкері жүзеге асыратын қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды тікелей филиал басшысы, басшының орынбасары, өзге де басшы қызметкері жүзеге асыратын филиалдың құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласында мемлекеттік реттеу жəне бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы, оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметші;
ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
мынадай:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;
қаржы ұйымдарына, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда аудит жүргізетін ұйымдардың;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды əзірлеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бірінші басшысы, оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін, қаржы ұйымының, филиалдың өзге де басшысы.
2. Нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына орналасу (лауазымға тағайындау (сайлау) үшін жеке тұлғаның:
1) мінсіз іскерлік беделінің болуы;
2) жоғары білімінің болуы;
3) мынадай еңбек өтілінің болуы қажет:
басқару органының басшысы үшін - кемінде бес жыл;
басқару органының мүшесі үшін - кемінде екі жыл;
бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде үш жыл;
атқарушы орган басшысының орынбасары, мүшелері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы басшының орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының орынбасары, сақтандыру брокерінің басшысы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, оның орынбасары үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл;
бас бухгалтер үшін - кемінде үш жыл;
бас бухгалтердің орынбасары үшін - кемінде екі жыл;
өзге де басшы қызметкерлер үшін - кемінде бір жыл.
Мыналар:
қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің атқарушы органының тек қана қауіпсіздік мəселелеріне, əкімшілік-шаруашылық мəселелеріне, ақпараттық технологиялар мəселелеріне жетекшілік ететін мүшелері лауазымдарына кандидаттар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының мүшесі лауазымына кандидат болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықты əлеуметтік қорғау саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
ұлттық басқарушы холдингтің басқару органының, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі лауазымына кандидат болып табылатын, қаржы мəселелеріне жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін оның орынбасары үшін еңбек өтілінің болуы талап етілмейді;
4) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы он жыл ішінде адамның:
25-тармағы 6) тармақшасының отыз алтыншы абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
банкке реттеу режимі қолданылғанға дейін;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, филиалды таратуға жəне (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиясынан айырғанға дейін;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы жеке тұлға, қаржы ұйымына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) заңды тұлғаның басшысы болмағаны туралы мəліметтердің болуы қажет.
25-тармағы 6) тармақшасының қырқыншы абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Осы тармақшаның талабы Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін тағайындалған (сайланған) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
5) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде адамнан басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу жəне (немесе) оны қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы жəне (немесе) өзге де нарық субъектісінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жағдайларының болмауы;
6) мынадай:
адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің болмауы;
басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде адамның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны, сондай-ақ əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны туралы мəліметтердің болуы;
7) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде адамның мынадай мəн-жайлардың бірі болған:
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлемеу төрт немесе одан көп қатар кезеңге созылған;
дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген жəне (немесе) одан көп мөлшерін құраған;
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құраған кезде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген эмитент қаржы ұйымының басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) эмитент заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері (оның орынбасары) болмағаны туралы мəліметтердің болуы қажет.
3. Еңбек өтілін есептеу кезінде:
қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізу, қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді реттеу бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарындағы;
ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацында көзделген лауазымдардағы;
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды əзірлеу бойынша;
сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий ретіндегі;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдардағы жұмыс өтілі есепке алынады.
Еңбек өтілін есептеу кезінде қаржы ұйымындағы, филиалдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, əкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты (ақпараттық технологияларды дамытуды жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда) жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс есепке алынбайды.
Халықаралық сертификаттармен расталған кəсіби біліктілігі бар, басшы қызметкер лауазымына кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер жəне осындай сертификаттардың тізбесі уəкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші, тоғызыншы жəне оныншы абзацтарында көзделген жұмыс өтілінің болуы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкері лауазымына кандидат үшін есепке алынбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі сегізінші абзацының талабы бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына кандидатқа қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері банк, сақтандыру холдингтерінің басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидаттарға қолданылмайды.
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында белгіленген талаптарға сай келмейтін адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директоры бола алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты жəне (немесе) оны лауазымға келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде сондай лауазымда болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директоры бола алмайды.
Уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директор аталған лауазымды бір банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында, бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушысында, Қорда бірінші тағайындалған күннен бастап қатарынан тоғыз жылдан астам атқаруға құқылы емес.
5. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органының басшысы лауазымына сайлана алмайды.
Акционерлік қоғам нысанында құрылған нарық субъектісінің атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.
6. Мыналарды:
тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын басқару органының мүшесін;
уəкілетті органның банк, сақтандыру холдингтері мəртебесін иеленуге келісімі болған кезде тұлға банк, сақтандыру холдингтерінің белгілерін иеленген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспаған банк, сақтандыру холдингтері мəртебесін иеленетін тұлғаның басшы қызметкерлерін қоспағанда, уəкілетті органның тиісті келісімі жоқ адамның нарық субъектісінің басшы қызметкерінің функцияларын орындауына жол берілмейді.
7. Филиалды қоспағанда, нарық субъектісінің басқару органының мүшесі лауазымына адам кемінде күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ:
басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уəкілетті органның бас тартуын алғаннан кейін;
уəкілетті органның келісімі берілгенге дейін басқару органы мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін;
осы баптың 6-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін жəне оны келісу үшін құжаттар ұсынылмағаннан кейін қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Осы тармақта көзделген тыйым салу банк, сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
8. Мыналарды орындау:
атқарушы орган басшысының міндеттері атқарушы органның мүшесін тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімі бар адамға;
бас бухгалтердің міндеттері бас бухгалтердің орынбасарын тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімі бар адамға күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сай келмейтін жəне уəкілетті органмен келісілмеген адамдардың нарық субъектісінің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған адамды алмастыруға) тыйым салынады.
Уəкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарға атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды (уақытша болмаған адамды алмастыруды) қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық жүктеуге жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде жəне осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін жəне құжаттардың толық топтамасы уəкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уəкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда басшы қызметкер лауазымына кандидат басшы қызметкердің өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқылы емес.
9. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері басқа, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын банктерде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында атқарушы органның мүшесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы, басшысының орынбасары), бас бухгалтері лауазымын атқаруға құқылы емес.
Егер:
банктер бір-біріне қатысты бас жəне еншілес ұйым болса;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бір-біріне қатысты бас жəне еншілес ұйым болса көрсетілген шектеу қолданылмайды.
Филиал басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері:
қаржы ұйымындағы, басқа филиалдардағы басшы қызметкер;
атқарушы органның басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға лауазымын атқаруға құқылы емес.
10. Нарық субъектісі басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, өз бетінше тексереді.
11. Уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сəйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімін беру тəртібі мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды, халықаралық сертификаттармен расталған кəсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді жəне осындай сертификаттардың тізбесін қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын қоспағанда, басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім берген үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Басшы қызметкердің (басшы қызметкер лауазымына кандидаттың) іскерлік беделін бағалауды уəкілетті орган, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабына сəйкес уəжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.
Уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уəжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Көрсетілген мерзім уəжді пайымдаудың жобасы басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға жіберілген кезден бастап уəкілетті орган уəжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
Уəжді пайымдауды қалыптастыру жəне пайдалану кезінде уəкілетті орган нарық субъектісіне тиісті хабарлама жібереді.
12. Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімі бар адам көрсетілген келісімді алған кезден бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімі бар басшы қызметкер, көрсетілген келісімнің қолданысы тоқтаған жағдайды қоспағанда, уəкілетті органның келісімін қайта алмастан, басшы қызметкердің өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуы мүмкін.
Қаржы ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директоры лауазымына уəкілетті органмен келісілген адам өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап он екі ай ішінде осы бапта жəне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 20) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келген жағдайда уəкілетті органның келісімін алмастан, осы қаржы ұйымында көрсетілген лауазымға қайта сайлануы мүмкін.
13. Басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімі мынадай:
1) басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидат осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде тағайындалмаған (сайланбаған);
2) уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
14. Уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында жəне «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нəтижесі.
Мыналар:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нəтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уəкілетті орган айқындаған тестілеу тəртібін бұзуы;
уəкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу мерзімі өткенге дейін белгіленген уақытта тестілеуге келмеуі тестілеудің теріс нəтижелері болып табылады;
3) уəкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уəкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың осы баптың 6-тармағында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
4) кандидатты басшы қызметкер лауазымына сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртібінің бұзылуы;
5) басшы қызметкер өз лауазымын осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде уəкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
6) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған жəне (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге алып келген деп танылған əрекеттер жасағаны туралы ақпараттың уəкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың бірі неғұрлым ертерек туындаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уəкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидаттың əрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уəкілетті органның мұндай əрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірілген фактіні растайтын ақпаратты алуы;
7) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы ұйымына қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған əрекеттерді жасағаны үшін уəкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған жəне (немесе) оған Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабы бойынша əкімшілік жаза қолданылған осы қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндетін атқарушы адам) болғаны туралы ақпараттың уəкілетті органда болуы;
8) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндетін атқарушы адам), əрекеттері мəмілеге қатысатын қаржы ұйымына жəне (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге алып келген қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың уəкілетті органда болуы;
9) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мəселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кіретін қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың уəкілетті органда болуы.
Осы тармақтың 7), 8) жəне 9) тармақшаларында белгіленген талаптар санамаланған оқиғалардың бірі неғұрлым ертерек туындаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уəкілетті органның қаржы ұйымының əрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың əрекеттері салдарынан қаржы ұйымына жəне (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірілгенін растайтын ақпаратты уəкілетті органның алуы.
Уəкілетті орган резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған ақпарат да осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7), 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа жатады.
15. Уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда:
1) басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу жөніндегі құжаттар уəкілетті орган оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткен соң уəкілетті органға қайта ұсынылуы мүмкін;
2) қаржы ұйымының басқару органының мүшесі уəкілетті орган оны сайлауға келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткен соң қаржы ұйымының басшы қызметкері болып сайлануы мүмкін.
16. Уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді мынадай негіздер бойынша кері қайтарып алады:
1) басшы қызметкердің осы бапта, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында жəне 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) келісім беруге негіз болған анық емес мəліметтердің анықталуы;
3) уəкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында жəне «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға бастапқы біржолғы жəне қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді соңғы он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
25-тармағы 6) тармақшасының бір жүз отыз бірінші жəне бір жүз отыз екінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы омбудсманының қызметіне міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді соңғы он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
6) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы омбудсманының шешімін осы шешімде белгіленген мерзімде соңғы он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет орындамауы;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды қатарынан он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы, оның ішінде оны бұрмалауы жəне (немесе) толық жəне (немесе) уақтылы бермеуі;
8) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмауы.
Уəкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы нарықтың өзге де субъектілерінде осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.
Уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған басшы қызметкердің өкілеттіктері мұндай кері қайтарып алуды алған кезден бастап тоқтатылады.
17. Нарық субъектісі мынадай:
1) уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртібі бұзылған;
3) уəкілетті органның уəжді пайымдауы негізінде басшы қызметкер деп танылған адамды уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына келіспеген жағдайда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға жəне (немесе) оның өкілеттіктерін тоқтату жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті.
18. Уəкілетті органды нарық субъектісі (банк, сақтандыру холдингтерін қоспағанда) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен басшы қызметкерлерге байланысты барлық өзгеріс туралы, оның ішінде:
басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), оны басқа лауазымға ауыстыру;
басшы қызметкермен еңбек шартын бұзу жəне (немесе) оның өкілеттіктерін тоқтату;
басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық, əкімшілік жауаптылыққа тарту;
басшы қызметкердің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергені туралы хабардар етеді.
19. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
банк, сақтандыру холдингтерінде тізбесін уəкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» рейтингісінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк, сақтандыру холдингтері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай холдингтер шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растамасы болған;
уəкілетті орган жəне резиденті банк, сақтандыру холдингтері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған, сондай-ақ банк, сақтандыру холдингтерінде рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг жəне рейтингтік агенттіктердің тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
20) Осы баптың 2-тармағының 1), 4), 5) 7) жəне тармақшаларын қоспағанда, осы баптың талаптары:
банктің акцияларына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды көрсетілген банктің акцияларына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі көрсетілген банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарға тікелей иеленетін Қазақстан Республикасының резидент банк холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету арқылы жанама иеленетін банк холдингіне;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарға тікелей иеленетін Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету арқылы жанама иеленетін сақтандыру холдингіне қолданылмайды.
9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім беру тəртібі
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алғысы келетін тұлға осы баптың 8, 9, 10, 11, 13 жəне 14-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мəліметтерді қоса бере отырып, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша уəкілетті органға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мəртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алу үшін алым төленеді, оның мөлшері мен төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары жəне көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге уəкілетті органның келісімін оларда не олардың бас ұйымында рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде ала алады. Рейтингтік агенттіктердің ең төмен рейтингі мен тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рейтингтің болуы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздары арқылы (бұдан əрі осы баптың мақсатында - акциялар) жиынтығында он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді, пайдалануды жəне оларға билік етуді немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын жəне талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент басқа заңды тұлғасының дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге жанама əсер етуді (дауыс беруді) болжайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы үшін талап етілмейді.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының акционері бола алады. Рейтингтік агенттіктердің талап етілетін ең төмен рейтингі мен тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену үлесі зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы ғана мынадай шарттар орындалған кезде:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (рұқсат) болса, мұндай лицензия (рұқсат) осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) болса, мұндай келісім (рұқсат) осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі бола алады.
7. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған акцияларының құнын шегергенде) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған жəне сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі өтініш беруші:
1) жеке тұлға үшін:
кəсіпкерлік, еңбек жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде - сыйға тарту, мұра, ұтыстар жəне (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан түсетін кірістер түрінде;
2) заңды тұлға үшін:
кəсіпкерлік жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер, түсімдер ретінде;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған өтініш берушінің банктік шотындағы ақша болуы мүмкін.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе өзге де нормативтерді (лимиттерді) қаржы ұйымының бұзуына алып келмеген жағдайда, қаржы ұйымының активтері қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болуы мүмкін.
8. Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу шарттары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі (пайда болу көзі) туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы жəне сыйға тартушыда осы қаражаттың, мүліктің пайда болу көзі туралы мəліметтерді де ұсынады;
3) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде мəліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының ірі қатысушысы болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады;
4) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайларда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қайта капиталдандыру жоспарын;
5) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мəліметтерді, барлық міндеттемелер бойынша қолда бар берешегі туралы ақпаратты ұсынады.
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы салық органының қабылдағаны туралы белгісі бар, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтініш уəкілетті органға берілген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күннен ерте емес күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жасалған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін де ұсынады.
Көрсетілген мəліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бағалаушы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
6) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мəліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің жəне өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген, оларда алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
7) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген құжат:
«электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасалған;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алған жағдайда ұсынылмайды.
9. Егер жеке немесе заңды тұлға сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының негізінде немесе мұраны қабылдау нəтижесінде уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келген болса, ол тиісті мəртебені иелену туралы өтініш берген кезде:
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұраға беру шарттары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) осы баптың 8-тармағының 3), 4), 5), 6) жəне 7) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) егер өтініш беруші заңды тұлға болса, осы баптың 10-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар;
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болса, осы баптың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат;
5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұраға берудің нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мəліметтер қосымша ұсынылады.
Сыйға тарту немесе мұраға беру нəтижесінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын меншігіне алған өтініш беруші банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қайта капиталдандыру жоспарына сəйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін өтініш берушіден талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болуға тиіс.
Егер тұлға уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келген болса, ол банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына жəне (немесе) стратегиясына (саясатына) ықпал етуге бағытталған ешқандай əрекет жасауға жəне (немесе) осы баптың ережелеріне сəйкес уəкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Көрсетілген жағдайда банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тиісті мəртебені иелену туралы өтініш уəкілетті органға, егер бұл тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акцияларды иеліктен шығаруды жоспарламаса, көрсетілген мерзімнің ішінде ұсынылады. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдау туралы ақпарат уəкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу беріледі.
Уəкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, мұндай тұлға жазбаша хабарламаны алған кезден бастап алты ай ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын тұлға мұндай белгілерге сай келуін тоқтататын деңгейге дейін азайтуға міндетті.
10. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мəртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) өтініш берушінің тиісті органының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
2) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (тізім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
4) осы баптың 8-тармағының 1), 3), 4) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
5) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші олардың мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің жəне өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар бойынша өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген, оларда алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
6) өтініш берер алдында өтініш берушінің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар - 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылына қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылына жəне соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептіліктің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік мынадай жағдайда:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылса;
егер өтініш беруші заңды тұлға ретінде бір жылдан аз уақыт тіркелген болса жəне өтініш беруші ірі қатысушы мəртебесін иеленуге өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мəртебесі бар тұлға оның ірі қатысушысы болып табылса, ұсынылмайды;
7) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
11. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелерін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленуге өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органы (қаржылық қадағалау органы) берген келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органынан (қаржылық қадағалау органынан) мұндай келісім (рұқсат) талап етілмейтіні туралы растаудың көшірмесін;
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болса, өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы берген растаудың көшірмесін ұсынады.
12. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігінде осы баптың 8-тармағы 3) тармақшасының жəне өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігінде осы баптың 10-тармағы 2) тармақшасының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) өтініш берушіде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-»-тен төмен емес кредиттік рейтингі болса;
2) өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтер өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында болса, қолданылмайды.
Осы баптың 10-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері деп танылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өтініш берушісінің басшы қызметкерлеріне қатысты өтініш беруші осы баптың 10-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мəліметтерді ұсынады.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда, осы баптың 10-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды.
13. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банк холдингі мəртебесін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымында тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-»-тен төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде өтініш беруші осы баптың 8-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларында, 10-тармағының 1), 2), 6) жəне 7) тармақшаларында жəне 11-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді ұсынады.
14. Дауыс беретін акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен акцияларды сатып алу кезінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мəліметтерге қосымша таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уəкілетті орган белгілейді.
15. Осы баптың талаптарына сəйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді уəкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде қабылдауға тиіс.
Уəкілетті орган осы Заңның 13-5-бабына сəйкес өтініш берушіге қатысты уəжді пайымдауды қалыптастырған кезде, уəкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Бұл мерзім уəжді пайымдау жобасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін алу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға жіберілген кезден бастап уəкілетті орган уəжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иелену туралы өтінішті уəкілетті орган банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иелену туралы өтінішті уəкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
Уəкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нəтижелері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мəртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
Уəкілетті орган банкке басқа банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мəртебесін иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім берген кезде өтініш беруші тиісті рұқсат алған кезде бір мезгілде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат береді.
16. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден уəкілетті органның бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша:
1) осы Заңның 9-4-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) жəне 7) тармақшаларында белгіленген талаптар сақталмағанда (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы орнықсыз болғанда жүргізіледі.
Өтініш берушінің қаржылық жағдайының орнықсыз болуы деп мынадай белгілердің біреуінің болуы түсініледі:
өтініш беруші ірі қатысушы мəртебесін иеленуге өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мəртебесі бар тұлға өтініш берушінің ірі қатысушысы болатын жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші заңды тұлғаның өтініш берілген күнге дейін екі жылдан аз уақыт бұрын құрылуы;
өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталына қатысу үлесіне орналастырылған жəне банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу болжанатын активтер сомасын шегергенде оның активтерінен асып түсуі;
аяқталған екі қаржы жылының əрқайсысының нəтижелері бойынша залал шегуі;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қауіп төндіруі;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының алдында өтініш берушінің мерзімі өткен жəне (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының балансына жатқызылған берешегінің болуы;
өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегергенде) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы;
өтініш берушінің қаржылық жағдайының орнықсыздығын жəне (немесе) банкке жəне (немесе) оның депозиторларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жəне (немесе) оның клиенттеріне, инвестициялық портфельді басқарушыға жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына залал келтіруі мүмкін екенін куəландыратын, уəжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған өзге де негіздер;
3) ұсынылған құжаттар осы баптың талаптарына сəйкес келмегенде немесе ұсынылған құжаттар бойынша уəкілетті органның ескертулері жойылмағанда;
4) өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуі нəтижесінде Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылғанда;
5) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уəкілетті орган белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген заңды тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленетін тұлға болып табылатын жағдайларда;
6) өтініш беруші «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, сақтандыру холдингтеріне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамағанда;
7) өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжағанда;
8) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензия (рұқсат) болмағанда;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасында не оның бас ұйымында осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уəкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингі болмағанда;
10) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы мүмкін болған жағдайда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспары тиімсіз болғанда;
11) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкері - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделі болмағанда;
12) уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, оларды таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату туралы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушының бірінші басшысы заңды тұлға жəне (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайларда жүргізіледі.
Көрсетілген талап уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, оларды таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату туралы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
13) банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленгісі келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы осы баптың 6-тармағында көзделген талаптарға сəйкес келмегенде;
14) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайларда;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамасы олардың жəне банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін болмағанда;
16) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болғанда жүргізіледі.
Егер банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру, иелену не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қомақты қатысуды иелену үшін басқа банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленгісі келсе, уəкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 9-6-бабының 3-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту негіздері болған кезде уəкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады;
17) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес айқындалған заңды тұлға - өтініш берушінің бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болғанда жүргізіледі.
17. Уəкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісімді мынадай:
1) келісім беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігі белгілі болған;
2) өтініш берушінің ірі қатысушы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуі нəтижесінде Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған;
3) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, банк холдингі, сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент ірі қатысушысында, банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, инвестициялық портфельді басқарушыда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингінде тізбесін уəкілетті орган айқындайтын рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингі болмаған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мəртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алған кезде уəкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Келісімді кері қайтарып алған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісімді кері қайтарып алған күннен бастап алты ай ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мəртебесін иеленуге уəкілетті органның келісімін алуды талап етпейтін деңгейге дейін азайтуға жəне уəкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы бапқа сəйкес берілген келісімі кері қайтарып алынған тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уəкілетті орган тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уəкілетті орган осы тұлғалардың уəкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.
18. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі уəкілетті органды банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзі тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы өзгерген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, мұндай өзгеріс банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы немесе банк холдингі, сақтандыру холдингі өз акцияларын өзге акционерлерден сатып алуы салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етуге міндетті.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының а кциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына ұлғаю жағына өзгерген жағдайда (пайыздық немесе абсолюттік мəнде), банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болу көзі) туралы мəліметтерді уəкілетті органға осындай мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынуға тиіс. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары жеке тұлғалар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 7-тармағында көрсетілген.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акциялары санының пайыздық арақатынасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем санға дейін өзгерген жағдайда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не уəкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді өз бетінше анықтаған жағдайда, уəкілетті органның бұрын берген жазбаша келісімі уəкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уəкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялардың саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша жəне осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уəкілетті орган белгілейді.
19. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін алу жөніндегі талаптар:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
ұлттық басқарушы холдингке;
зейнетақы активтері есебінен банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) туынды бағалы қағаздарын иеленетін инвестициялық портфельді басқарушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) туынды бағалы қағаздарын номиналды ұстаушы, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) мəртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау жəне (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы көрсетілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын жəне (немесе) туынды бағалы қағаздарын жанама иеленетін (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау жəне (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға;
өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын жəне банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) мəртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау жəне (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы көрсетілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын жəне (немесе) туынды бағалы қағаздарын жанама иеленетін (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау жəне (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасына қолданылмайды.
20. Осы баптың рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы жөніндегі талаптары жəне уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы ұлттық басқарушы холдингтен Қазақстан Республикасының резидент банкінің жүз пайыз акцияларын сатып алған жағдайларға қолданылмайды.
9-6-бап. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру тəртібі
1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уəкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында жəне «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында белгіленген тізбеге сəйкес еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға құқылы.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге жəне (немесе) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға, иеленуге рұқсат алуға өтініші уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, мынадай құжаттар:
1) еншілес ұйым құрған жағдайда - құру туралы шешім не құрылтай шарты немесе жарғы жобасы;
2) еншілес ұйымды иеленген жағдайда - еншілес ұйымды иелену туралы шешім жəне жарғы;
3) талаптары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;
4) өтініш берер алдында иеленетін еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі, сондай-ақ иеленетін еншілес ұйымның соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілігі қоса беріле отырып ұсынылады.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар - 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылына қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылына жəне соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептіліктің көшірмелері, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға аудиторлық есеппен расталған жылдық қаржылық есептілік ұсынылады.
Егер иеленетін еншілес ұйым қызметін бір жылдан аз жүзеге асырған болса, қаржылық есептілік өтініш берер алдында соңғы аяқталған тоқсанға ұсынылады.
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
6) тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
7) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, еншілес ұйымды бақылауды иелену көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.
Осы тармақтың 1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болған жағдайда, олар ұсынылмайды.
3. Еншілес ұйым құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені:
1) уəкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулері уəкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмағанда;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы болжамды болуы нəтижесінде банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы пруденциялық нормативтерді сақтамағанда;
3) еншілес ұйымның қызметі немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайтын қаржылық салдарды талдау бойынша;
4) иеленетін еншілес ұйым резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, уəкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде жəне (немесе) өтінішті қарау кезеңінде иеленетін еншілес ұйым белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамағанда;
5) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жəне (немесе) иелену болжанатын еншілес ұйымда өтініш берілген күнге жəне (немесе) құжаттарды қарау кезеңіне «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 8) жəне 13) тармақшаларында, 81-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы жəне сегізінші бөліктерінде, 227, 229, 230-баптарында жəне 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін əкімшілік жазалар болғанда;
6) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын құрған немесе иеленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының резиденттері - банк холдингі, сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім беруге қатысты осы Заңда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтамағанда;
7) банктің еншілес ұйымдарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеленуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 жəне 50-баптарында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 жəне 48-баптарында белгіленген талаптарды банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтамағанда жүргізіледі.
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініші осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
5. Уəкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.
Уəкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Банк басқа банк құрған немесе банк басқа банктің капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк ашуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген еншілес ұйым құруға немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті уəкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
6. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді кері қайтарып алу жəне (немесе) оның күшін жою тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай:
1) еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат:
рұқсат беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігі белгілі болған;
банктің еншілес ұйымының қызметіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің бұзылуына алып келген талаптарын банк сақтамаған;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес келмейтіні анықталған кезде кері қайтарып алынған;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының не банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымның қызметі қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу нысанында) немесе тарату арқылы тоқтатылған;
3) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған жағдайларда жойылады.
8. Уəкілетті органның еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаты уəкілетті орган осы баптың 7-тармағының 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішін алған күннен кейінгі не уəкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.
9. Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде шешім қабылдайды.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мұндай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде осы банкпен, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты емес тұлғаларға өздеріне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не көрсетілген ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеліктен шығаруды жүргізуге жəне уəкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
10. Егер банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленгісі келген банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрса немесе иеленсе не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленсе, уəкілетті орган еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе капиталына қомақты қатысуға рұқсатты еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті жəне рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген құжаттарды ұсынбай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге уəкілетті органның келісімі бар құжатты бір мезгілде бере отырып, банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат осы алым «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда ұсынылмайды.
11. Осы баптың талаптары:
1) банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында көзделген шарттарда еншілес ұйымды құру (иелену) жағдайларына;
2) банктің басқа банктің акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мəліметтердің анықтығын растағаннан кейін жəне банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жариялайды.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уəкілетті органның талап етуі бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының интернет-ресурсында уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге жəне мерзімдерге сəйкес өзге де есептілікті орналастырады.
Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті аудиторлық растаусыз, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері банк холдингтері, Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру холдингтері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жариялайды.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде:
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мəліметтердің анықтығын растағаннан кейін жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жариялайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.»;
7) 10-баптың 9) жəне 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
25-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«9) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген жағдайларда банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін, банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшілікті тағайындайды;»;
«10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдайды жəне банктің уақытша əкімшілігін, қызметі мəжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;»;
8) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
«12-3-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау
1. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімдерін жүргізеді;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тəртібін белгілейді;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларында, сондай-ақ стандарттарында белгіленген талаптарды сақтамауы фактілерін анықтау жəне (немесе) олардың алдын алу мақсатында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін тексеруді жүргізеді;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды қолданады;
6) бұқаралық ақпарат құралдарында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы мəліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалауды уəкілетті орган осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес жəне өзінің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидаларын, стандарттарын бұзушылықтарын, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүзеге асырады.
3. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар ұсынатын ақпаратты жəне есептілікті талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен қашықтан қадағалау арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады.»;
9) 13-5-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уəкілетті орган:
1) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру топтарына жəне (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыларға (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, микроқаржы ұйымдарына;
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарға қатысты уəжді пайымдауды пайдалануға құқылы.
2. Уəкілетті органның алқалы органының негізделген кəсіби пікірі уəжді пайымдау деп түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Уəкілетті орган уəжді пайымдауды мынадай:
1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім, ұйымдардың капиталдарына банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуына рұқсат, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат, сондай-ақ банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабардар еткен кезде банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (келісім беруден бас тарту), банк лицензияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің өз міндеттерін жүзеге асыруы кезеңінде немесе банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімнің қолданылуы кезеңінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау;
3) қызметкердің банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің функцияларына тəн қызметті жүзеге асыру белгілерінің болуын айқындау;
4) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздерімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мəмілелерді жеңілдікті шарттары бар мəмілелерге жатқызу;
5) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында өзара байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау;
25-тармағы 9) тармақшасы он екінші абзацының қолданысы 2026 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
6) банктегі жəне банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы жəне сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), микроқаржы ұйымындағы тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының, микроқаржы ұйымының қызмет сипатына, ауқымына жəне күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сəйкес келетін тиімді ішкі саясат пен рəсімдердің болуы жəне іске асырылуы тұрғысынан бағалау;
7) банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі əдістемелердің банктің, микроқаржы ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының тəуекелдеріне сəйкестігі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау;
8) банктің директорлар кеңесі мүшесінің - банктің тəуелсіз директорының тəуелсіздікке қойылатын талаптарға сəйкестігін бағалау;
9) аудиторлық есептерді аудиторлық ұйымның мүдделі болуы аудит жүргізілетін субъектінің қаржылық есептілігінің анықтығы туралы пікірге əсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының бар-жоғы тұрғысынан бағалау;
10) банк жасайтын (жасау болжанатын) мəмілені жоғары тəуекел белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан бағалау;
11) қаржы ұйымдарының, уəкілетті агенттердің жəне қаржы нарығының басқа да қатысушыларының қызметін (операцияларын) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну кезінде жосықсыз практикалардың бар-жоғы тұрғысынан бағалау жағдайларында пайдалануға құқылы.»;
10) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уəкілетті орган өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің қаржылық жəне өзге де есептілігін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға ұсынады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уəкілетті органның, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған мəліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.»;
11) 15-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
25-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«төлем ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары - цифрлық активтер көрсетілетін қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер көрсетілетін қызметтері провайдерлерінің, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың, цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармағы 11) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«(бұдан əрі - тексерілетін субъект)» деген сөздердің алдынан «, қаржы омбудсманының» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармағы 11) тармақшасының бесінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«жүйелері,» деген сөзден кейін «цифрлық активтер,» деген сөздермен толықтырылсын;
«іс-қимыл,» деген сөздерден кейін «өзін-өзі реттеу, жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «не» деген сөз «жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 15-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруді жүргізу кезінде бақылау жəне қадағалау органы тексерілетін субъектілердің үлестес тұлғаларының қызметін олардың тексерілетін субъектілердің қызметіне əсер ету дəрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
Осы тармақтың талаптары қаржы ұйымының ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру холдингтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысының немесе банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А» рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ заңды тұлға - қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі, қаржы ұйымының ірі қатысушысының немесе банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының аталған бейрезидент тұлғалары шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растау болғанда;
уəкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болғанда қолданылмайды. Рейтингтік агенттіктердің ең төмен рейтингі мен тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін тексеруді жүргізген кезде уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.»;
25-тармағы 12) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақтың бірінші бөлігінің 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банкке күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, сондай-ақ банктік қызмет қабілеттілігіне бағалау жүргізу үшін;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда жүзеге асырады.»;
13) 15-3-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе бақылау жəне қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда, тиісті акт жасалады, оған бақылау жəне қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеуге негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуларында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, осы баптың шарттарын тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкін болмауына алып келген орындамау жағдайларында, сондай-ақ тексерілетін субъектінің тексеру материалдарына қосып тіркеу үшін барлық қажетті мəліметтерді, құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде тексерілген құжаттардың көшірмелерін беруден бас тартуына байланысты тексеру материалдарын қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уəкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда
жазылсын:
«Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімдерде барлық мəліметтерді, ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін тексеру үшін жəне тексеру материалдарына қосып тіркеу үшін беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 жəне 9-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Тексеруші қызметкерлердің тəуекел дəрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде:
1) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
2) тəуекел дəрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің нысанасына жататын, техникалық бақылау құралдарының, байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото-, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға құқығы бар.»;
«9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексерулерді жүзеге асыруы кезеңінде уəкілетті ұйымның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару туралы өтініші бойынша осы тексеруді тоқтатуға жол берілмейді.»;
14) 15-4-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы «құжаттардың» деген сөзден кейін «жəне ақпараттың» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«құжаттар мен» деген сөздер «құжаттарды, ақпаратты жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұсынады» деген сөз «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құжаттық тексеру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, уəкілетті лауазымды адамның құжаттық тексеруді жүргізудің мүмкін еместігі туралы шешімге қол қойған күні құжаттық тексеруді тоқтату болып табылады.»;
15) 15-5-баптың 11-тармағындағы «бақылау жəне қадағалау органының нұсқауы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
16) 15-6-баптың 1-тармағында:
25-тармағы 16) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) күшейтілген қадағалау режимін немесе қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылданған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық жəне мүліктік жай-күйін бағалау (талдау), оның ішінде банкке барып жəне (немесе) көрсетілетін қызметіне банк қаражаты есебінен ақы төленетін (өтелетін) бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды жəне (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып бағалау (талдау);»;
мынадай мазмұндағы 13-1) жəне 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) банкке реттеу режимін қолдану немесе банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау үшін банктің қызмет қабілеттілігін бағалау;
13-2) жүйелік маңызы бар банкті реттеу жоспарын, оның ішінде оны реттеуге мемлекеттік қатысу мəселесін қарау үшін жасау;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) банктің уақытша əкімшілігінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша əкімшілігінің (уақытша əкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;»;
17) 15-7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «Қазақстанның Даму Банкі,» деген сөздерден кейін «өзін-өзі реттеу, коллекторлық қызмет,» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 15-18-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «қатысушыларға» деген сөз алып тасталсын;
1) жəне 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағында көрсетілген, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның мүлкіне;
2) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген микроқаржы ұйымының мүлкіне;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттыққа қатысушылар бола алады.»;
19) мынадай мазмұндағы 2-4 жəне 2-5-тараулармен толықтырылсын:
«2-4-тарау. Іс-қимылды қадағалау
15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар
1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті, онда:
25-тармағы 19) тармақшасының бесінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) қаржы өнімдерін басқару;
2) қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашып көрсету;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу;
4) уəкілетті агенттердің қызметі үшін жауапкершілік алу;
5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде тиісті іс-шараларды əзірлеу жəне іске асыру арқылы арттыру көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақшаларында белгіленген талаптар уəкілетті агенттерге қолданылады.
2. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
25-тармағы 19) тармақшасының он үшінші - жиырма сегізінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15-23-бап. Қаржы өнімдерін басқару
1. Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімін əзірлеу, ілгерілету (жарнамалау), ұсыну, мониторингтеу жəне ұсынуды тоқтату кезеңдерінде қаржы өнімін басқарудың үздіксіз процесін жүзеге асырады.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімін əзірлеу кезінде:
1) қаржы өнімінің сипаттамаларын жəне оны ұсыну шарттарын айқындайды;
2) мақсаттарына (қажеттіліктеріне) қаржы өнімі сəйкес келетін қаржылық көрсетілетін қызметтерді ықтимал тұтынушылар санатын айқындайды;
3) қаржы өніміне ие болуына (оны алуына) жəне оны пайдалануына байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін тəуекелдерді бағалайды;
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы өнімінің тəуекелдерін төмендетуге бағытталған өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.
Қаржы өнімін ілгерілету (жарнамалау) кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-2-бабында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында көзделген талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының талаптарын сақтайды.
Қаржы өнімін ұсыну кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қаржы өнімінің жарамдылығы өлшемшарттарын негізге ала отырып, қаржы өнімдерін ұсынады.
Қаржы өнімін мониторингтеу кезінде іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы өнімінің тəуекелдерін, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімін пайдалануы туралы ақпаратты жəне қаржы өніміне қатысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын талдау негізінде анықтауға міндетті.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімін басқару шеңберінде қаржы өнімін ұсынуды тоқтату үшін əлеуетті негіздерді, сондай-ақ қаржы өнімін ұсынуды тоқтатқан кезде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға хабар беру жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі іс-қимылдарды айқындауға тиіс.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі уəкілетті органды іс-қимылды қадағалау субъектісі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаржы өнімін бекіту, өзгерту жəне ұсынуды тоқтату туралы хабардар етеді.
Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уəкілетті органды бекіту, өзгерту жəне ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тəртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мəліметтердің тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уəкілетті орган қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар үшін тəуекелдер туғызатын жəне (немесе) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарға сай келмейтін қаржы өнімін анықтаған кезде іс-қимылды қадағалау субъектісінен анықталған тəуекелдер жойылғанға дейін жəне мұндай қаржы өнімі көрсетілген талаптарға сəйкес келтірілгенге дейін қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға оларды ұсынуды тоқтата тұруды талап етеді.
15-24-бап. Қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашып көрсету
Іс-қимылды қадағалау субъектілері осы Заңның 15-22-бабының 2-тармағында көрсетілген уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес қаржы өнімдерін ұсыну шарттары туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға хабар беру арқылы өздерінің қаржы өнімдері туралы толық жəне анық ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу
1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржы өнімдерін ұсыну кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларға жол бермеуге міндетті.
2. Жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жосықсыз практикаларды анықтау тəртібі уəкілетті орган бекіткен банк қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарда, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің жəне (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тəртібінде, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарда айқындалады.
3. Іс-қимылды қадағалау субъектілері өз қызметкерлеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларды болғызбауға бағытталған сыйақы беру саясатын əзірлейді.
15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уəкілетті агенттердің қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жауапкершілігі
Іс-қимылды қадағалау субъектілері уəкілетті агенттер арқылы қаржы өнімдерін ұсыну кезінде:
1) іс-қимылды қадағалау субъектінің ішкі құжатында белгіленген тəртіппен уəкілетті агенттердің тіркелімін жүргізуге;
2) уəкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсыну үшін қажетті кəсіби құзыретін қамтамасыз етуге;
3) уəкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының жəне іс-қимылды қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарау
Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімдеріне жəне (немесе) уəкілетті агенттердің қызметіне байланысты жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен қарауға жəне олар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті.
25-тармағы 19) тармақшасының қырқыншы - екі жүз жиырмасыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-5-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу тəртібі. Қаржы омбудсманы, оның мəртебесі, оны сайлау жəне өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібі, қаржы омбудсманы қызметі
15-28-бап. Дауларды сотқа дейін реттеу тəртібі
1. Осы тараудың мақсаттары үшін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы деп:
1) сақтандыру қызметтері үшін:
сақтандырудың барлық түрі бойынша жеке тұлғалар, шағын кəсіпкерлік субъектілері;
айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспайтын талаптар сомасымен тек көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша - заңды тұлғалар;
2) өзге де қаржылық көрсетілетін қызметтер үшін - жеке тұлғалар, оның ішінде дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар түсініледі.
Осы тараудың қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға қатысты қолданылатын ережелері сақтандыру ұйымы осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда басқа сақтандыру ұйымына талаптар қойған кезде сақтандыру ұйымына қолданылады.
2. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мен іс-қимылды қадағалау субъектісі арасындағы дауды сотқа дейін реттеу тəртібі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы қаржы омбудсманына жүгінген кезде мынадай жағдайларда:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының іс-қимылды қадағалау субъектісіне қаржы өнімін ұсыну туралы жасалған шарттан туындайтын мүліктік талаптары болған кезде;
2) банк не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тартқан немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабына сəйкес қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлғаның жолданымы (өтініші) бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде;
3) микроқаржы ұйымы не микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартқан немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сəйкес қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлғаның жолданымы (өтініші) бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде;
4) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар болған кезде;
5) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті жəне ерікті сақтандыру мəселелері бойынша туындайтын даулар болған кезде;
6) сақтандыру ұйымы жеке немесе заңды тұлғаға міндетті сақтандыру шартын жасасудан, ерікті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуден бас тартқан кезде (шарттарда сақтанушылардың, сақтандырылушылардың, пайда алушылардың құқықтарын бұзатын талаптар болған жағдайларда) сақталады (қолданылады).
3. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мен іс-қимылды қадағалау субъектісінің арасындағы дауды сотқа дейін реттеу тəртібі мыналарды:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржы өніміне байланысты дауға немесе өзге жағдайға қатысты іс-қимылды қадағалау субъектісіне жүгінуін;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолданымға іс-қимылды қадағалау субъектісінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде жауап алмауына байланысты жағдайларда не іс-қимылды қадағалау субъектісінің мұндай жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандырмауына байланысты дауды реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгінуін көздейді.
15-29-бап. Қаржы омбудсманы
1. Қаржы омбудсманы - осы Заңның 15-28-бабының 2-тармағында көзделген мəселелер бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, сақтандыру ұйымының жолданымдарын қарау арқылы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мен іс-қимылды қадағалау субъектісі арасында жасалған қаржы өнімін ұсыну туралы шарттан туындайтын дауларды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы сақтандыру шартынан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға.
2. Қаржы омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) заңдылық;
2) дауды қарау кезінде тараптардың теңдігі;
3) дауды қарау кезінде қаржы омбудсманының тəуелсіздігі мен бейтараптығы;
4) дауды қарау барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді жария етпеу;
5) қаралатын дау бойынша тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
6) дауды қарау рəсімінің ашықтығы, сондай-ақ дау бойынша шығарылған шешімнің негізділігі;
7) дауды қарау кезінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау;
8) осы Заңның 15-33-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып, қаралатын дау бойынша тараптар үшін қаржы омбудсманы шешімінің міндеттілігі.
3. Қаржы омбудсмандарының жəне қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен жəне қаралған жолданымдары туралы ақпаратты уəкілетті органға беру тəртібі осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Мыналар қаржы омбудсманы ретінде əрекет етеді:
1) бас қаржы омбудсманы;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтердің тиісті салаларындағы қаржы омбудсмандары.
5. Қаржы омбудсманы болып сайлану үшін жəне қаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыру кезеңінде адам мынадай талаптарға сəйкес келуге:
1) жоғары экономикалық жəне (немесе) заң білімі болуға;
2) мінсіз іскерлік беделі болуға;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне (немесе) реттеу саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға;
4) қаржы омбудсманы лауазымына тұлғаның кандидатурасын ұсынудың алдындағы бес жыл ішінде тұлғаның:
25-тармағы 19) тармақшасының жетпіс сегізінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
банкке реттеу режимін қолданғанға;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген лицензиясынан айырғанға;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылмағаны туралы мəліметтер болуға;
5) адамға қатысты оны əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің жоқ екендігі туралы мəліметтер болуға;
6) адамның психикалық тұрғыдан саулығын сақтау қызметі ұйымдарында психикалық мінез-құлқының бұзылуын (ауыруын), оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылуын (ауыруын) динамикалық байқау үшін есепте тұрмайтыны туралы мəліметтер болуға;
7) мемлекеттік тілді білуге тиіс.
Қаржы омбудсманы іс-қимылды қадағалау субъектілерінде, коллекторлық агенттіктерде, уəкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, іс-қимылды қадағалау субъектілері жəне (немесе) коллекторлық агенттіктер мүшелері болып табылатын ұйымдарда (қоғамдық бірлестіктерде, одақтарда, қауымдастықтарда) кез келген лауазымды атқаруға, сондай-ақ іс-қимылды қадағалау субъектісінің жəне (немесе) коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.
6. Қаржылық көрсетілетін қызметтердің тиісті салаларында бас қаржы омбудсманын жəне қаржы омбудсмандарын сайлауды қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі ұсынатын жəне осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптарға сəйкестігі тұрғысынан уəкілетті органмен алдын ала келісілген кандидаттар арасынан қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі жүзеге асырады.
Қаржы омбудсмандары үш жыл мерзімге сайланады. Бір адам қаржы омбудсманы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Қаржы омбудсманын сайлау жəне оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібі осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7. Бас қаржы омбудсманының айрықша құзыретіне мынадай мəселелер жатады:
1) қаржы омбудсманы қызметі басшысының өкілеттіктерін жүзеге асыру;
2) қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастыру;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қаржы омбудсманы қызметінің атынан өкілдік ету;
4) үшінші тұлғалармен қатынастарда қаржы омбудсманы қызметінің атынан өкілдік ету құқығына сенімхат беру;
5) қаржы омбудсманы қызметінің қызметкерлерін лауазымға тағайындау, оларды ауыстыру жəне қызметтен шығару туралы бұйрық шығару;
6) қаржы омбудсманы қызметінің қаржы омбудсмандары болып табылмайтын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін айқындау;
7) қаржы омбудсманы қызметінің бюджетін қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің бекітуіне ұсыну;
8) қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бас қаржы омбудсманы қаржылық көрсетілетін қызметтердің тиісті саласында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары бойынша шешімдерді қарауды жəне қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.
8. Көрсетілетін сақтандыру қызметтері саласында қаржы омбудсманының құзыретіне мыналар жатады:
1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ерекшеліктерін ескере отырып, көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалаудың пайдаланылатын əдістемесінің жекелеген ережелерін қолдану бойынша шешімдер қабылдау;
2) мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүзеге асыру;
3) көрсетілетін сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін сақтандыру шарттарының талаптарын алып тастау (өзгерту) туралы орындалуы міндетті нұсқауларды іс-қимылды қадағалау субъектілеріне жіберу.
9. Қаржы омбудсмандарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мынадай негіздер:
1) осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуінің анықталуы;
2) өз құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзуы;
3) денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де себептер бойынша өз міндеттерін ұзақ уақыт бойы (қатарынан кемінде төрт ай) атқара алмауы бойынша қабылдайды.
Қаржы омбудсмандарының өкілеттіктерін өздерінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату қаржы омбудсманы қызметінің ішкі қағидаларында айқындалған тəртіппен өкілеттіктері тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
15-30-бап. Қаржы омбудсманы қызметі
1. Қаржы омбудсманы қызметі - қаржы омбудсмандарының қызметін қамтамасыз ететін, жеке мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.
Қаржы нарығында қаржы активтерінің кемінде жетпіс пайызын жиынтығында иеленетін, іс-қимылды қадағалау субъектілерін біріктіретін, қауымдастық нысанындағы коммерциялық емес ұйым қаржы омбудсманы қызметінің құрылтайшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында бір ғана қаржы омбудсманы қызметі құрылуы жəне жұмыс істеуі мүмкін.
2. Қаржы омбудсманы қызметінің құрылтайшысы қаржы омбудсманы қызметінің жарғысын бекітеді жəне оған өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізеді.
3. Қаржы омбудсманы қызметінің міндеттері мыналар:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қабылдау жəне өңдеу жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы омбудсманы олардың жолданымдары бойынша шығарған шешімдерді ұсыну;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде тиісті іс-шаралар əзірлеу жəне іске асыру арқылы арттыру;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын есепке алуды жəне өңдеуді автоматтандыру бойынша қаржы омбудсманы қызметінде мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдануды, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеу платформасының жұмыс істеуін жəне оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға консультациялық қызметтер көрсету үшін қаржы омбудсманы қызметіне колл-орталықты не қауырт желіні ендіруді қамтамасыз ету;
5) уəкілетті органды қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау кезінде анықталған іс-қимылды қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы анықталған күнінен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету;
6) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша жетілдіру жөнінде уəкілетті органға ұсынымдар беру;
7) қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің міндетті жарналар жəне (немесе) өзге де төлемдер төлеуін бақылау болып табылады.
4. Қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) қаржы омбудсманы қызметінің, оның ішінде оның бөлімшелері мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мүшелерінің құрамы;
3) қаржы омбудсманы қарауға тиіс даулар;
4) жолданымдарды қабылдау жəне қарау тəртібі;
5) қаржы омбудсмандары қызметінің қорытындылары туралы жылдық есеп;
6) қаржы омбудсмандарының жəне қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру мəселелері жөніндегі ішкі қағидалар;
7) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген, қаржы омбудсмандарының жəне қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру тəртібіне сəйкес өзге де ақпарат.
5. Қаржы омбудсманы қызметі мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары жəне тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша қарыз алушы жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеу платформасының (бұдан əрі - платформа) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Платформа мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша келісілген шешімдер əзірлеу мақсатында қарыз алушы жеке тұлғалардың, банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктер мен қаржы омбудсманының (бұдан əрі - қатысушылар) өзара іс-қимыл жасауына арналған.
Платформа:
1) берешекті реттеуге жүгінген қарыз алушылар туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді жəне талдауды;
2) берешекті реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыруды;
3) реттеуге қатысушылар арасында деректер алмасуды автоматтандыруды;
4) уəкілетті органға қарыз алушы жеке тұлғалардың борыштық жүктемесін төмендету жөніндегі шараларды мониторингтеу жəне олардың тиімділігін бағалау үшін талдамалық деректерге қолжетімділік беруді қамтамасыз етеді.
Платформаның жұмыс істеу тəртібі қатысушыларды қосу талаптарын, қол жеткізу деңгейлерін, дербес деректерді алмасу мен қорғауды қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
15-31-бап. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі
1. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі - қаржы омбудсманы қызметінің тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мынадай мүшелерден:
1) қаржы омбудсманы қызметінің құрылтайшысынан бір өкілден;
2) банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан бір өкілден;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан бір өкілден;
4) микроқаржы ұйымдарынан бір өкілден;
5) бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан бір өкілден;
6) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтары (талаптары) берілген коллекторлық агенттіктерден бір өкілден;
7) уəкілетті органнан бір өкілден тұрады.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мүшелерінің мінсіз іскерлік беделі жəне жоғары экономикалық жəне (немесе) заң білімі болуға тиіс.
2. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің құзыретіне мынадай мəселелер жатады:
1) қаржы омбудсманы қызметі жұмысының оның жарғылық мақсаттарына сəйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
2) қаржы омбудсманы қызметінің құрылымын, штатын жəне қаржы омбудсмандарының санын бекіту;
3) бас қаржы омбудсманы мен қаржылық көрсетілетін қызметтердің тиісті салаларындағы қаржы омбудсмандары лауазымдарына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну;
4) бас қаржы омбудсманы мен тиісті салалардағы қаржы омбудсманын сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) қаржы омбудсмандарының еңбегіне ақы төлеу жəне оларға сыйлықақы беру жүйесін айқындау;
6) қаржы омбудсманы қызметінің жылдық бюджетін, оны қаржыландыру тəртібі мен мерзімдерін жəне қаржы омбудсманы қызметі жұмысының қорытындылары туралы жылдық есепті бекіту;
7) қаржы омбудсмандарының жəне қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру мəселелері бойынша ішкі қағидаларды бекіту;
8) сақтандыру шарттары бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға келтірілген зиянның мөлшерін айқындау əдістемесін бекіту;
9) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысы, егер отырысқа қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің кемінде бес мүшесі қатысса, заңды жəне кворум талаптары сақталды деп танылады. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі шешімді өкілдерінің жай көпшілік даусымен қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 6) жəне 7) тармақшаларында көзделген мəселелер бойынша шешім уəкілетті органнан қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі өкілінің оң шешімі болған кезде ғана қабылданды деп есептеледі.
Бас қаржы омбудсманын сайлау туралы шешім қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Бас қаржы омбудсманы қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
4. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің мүшелері өз функцияларын өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібі қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында айқындалады.
15-32-бап. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру
1. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру іс-қимылды қадағалау субъектілерінен түсетін міндетті жарналар мен өзге де төлемдер есебінен қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің ішкі қағидаларына сəйкес қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі айқындаған тəртіппен жəне мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға (жүргізуге) арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру не тоқтату (лицензиядан айыру) іс-қимылды қадағалау субъектісін қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналар мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен босатпайды.
Барлық операцияларды жүзеге асыруға (жүргізуге) арналған лицензияның қолданысын тоқтату (лицензиядан айыру) іс-қимылды қадағалау субъектісін қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті төлемдер мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен көрсетілген лицензияның қолданысы тоқтатылған (лицензиядан айырған) күннен бастап босатады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған (лицензиядан айырған) жағдайда, микроқаржы ұйымы қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті төлемдер мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылған күннен бастап босатылады.
Коллекторлық агенттіктер тізілімінен коллекторлық агенттік шығарылған кезде коллекторлық агенттік кредиторлар коллекторлық агенттікке құқықтар (талаптар) берген банктік қарыз шарттары мен микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылған күннен бастап қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті төлемдер мен өзге де төлемдерді жүзеге асыру міндетінен босатылады.
3. Қаржы омбудсманы қызметі іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы уəкілетті органға хабар береді.
4. Қаржы омбудсманы қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін іс-қимылды қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
15-33-бап. Қаржы омбудсманының жолданымдарды қарау тəртібі
1. Қаржы омбудсманының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарауы ақысыз негізде жүзеге асырылады.
2. Қаржы омбудсманы, қаржы омбудсманы қызметінің қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
3. Қаржы омбудсманы қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қаржы омбудсманына, оның ішінде қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында немесе мобильдік қосымшасында үздіксіз жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
4. Қаржы омбудсманы қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын ол қаржы омбудсманына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеуді қамтамасыз етеді жəне көрсетілген жолданымның көшірмесін өзіне қатысты жолданым берілген іс-қимылды қадағалау субъектісіне жібереді.
5. Қаржы омбудсманы мынадай:
1) қаржы омбудсманы қарауға тиіс емес;
2) соттың қарауына қабылданған жəне (немесе) заңды күшіне енген сот актісі немесе атқарушылық жазба бар;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен іс-қимылды қадағалау субъектісіне жүгінгеніне жазбаша дəлелдемелер ұсынбаған;
4) істің жаңа мəн-жайлары болмаған кезде қайта жіберілген жолданымдарды қарамайды.
6. Қаржы омбудсманы жолданымдарды қарау процесінде:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыдан жəне (немесе) іс-қимылды қадағалау субъектісінен жолданым нысанасына қатысы бар құжаттардың түпнұсқаларын немесе тиісті түрде куəландырылған көшірмелерін сұратуға;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыдан жəне (немесе) іс-қимылды қадағалау субъектісінен жолданым нысанасы бойынша жазбаша жəне (немесе) ауызша түсініктер (түсіндірмелер) алуға құқылы.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі, сұратылған құжаттарды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды қоспағанда, сұратылған құжаттардың уəкілетті органның қолтаңбасымен куəландырылған көшірмелері мен түсініктерді, егер қаржы омбудсманының сұрау салуында неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Іс-қимылды қадағалау субъектісі құжаттарды (немесе) түсініктерді белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда:
қаржы омбудсманы қызметі бұл жөнінде уəкілетті органға хабар береді;
іс-қимылды қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
7. Қаржы омбудсманы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының алынған жолданымы бойынша шешімді жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған кезде өтінішті қарау мерзімін қаржы омбудсманы тағы он бес жұмыс күніне ұзартуы мүмкін, бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
8. Қарыз алушы жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша, микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша қаржы омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жəне банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы тараптармен келісілген шешім қабылдауға жəрдемдеседі.
Қаржы омбудсманының жолданымды қарауы нəтижелері бойынша хаттама ресімделеді, оған қаржы омбудсманы, банк қарызы шартының, микрокредит беру туралы шарттың тараптары қол қояды жəне онда банк қарызы шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту талаптары туралы мəліметтер қамтылады.
9. Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жолданымды қарау нəтижелері бойынша қаржы омбудсманы мынадай:
1) жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандыру;
2) жолданымды қанағаттандырудан бас тарту;
3) жолданымды қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Қаржы омбудсманының шешімі негізделген болуға, Қазақстан Республикасы заңдарының, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жəне қаржы омбудсманы қызметінің қағидаттарына сəйкес келуге тиіс.
Жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған кезде шешімде іс-қимылды қадағалау субъектісінің мұндай шешімді орындау тəртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
10. Қаржы омбудсманының шешімі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға, іс-қимылды қадағалау субъектісіне қабылдаған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қаржы омбудсманының шешімі:
қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы қаржы омбудсманының шешімімен жазбаша келіскен жағдайда - іс-қимылды қадағалау субъектісі;
міндетті жəне ерікті сақтандыру мəселелері бойынша сақтандыру ұйымдары арасындағы дауды қарау жағдайларында жəне оның нəтижелері бойынша сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.
11. Қаржы омбудсманының шешімін іс-қимылды қадағалау субъектісі белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда:
қаржы омбудсманы қызметі мұндай орындамау фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уəкілетті органға бұл туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар береді;
іс-қимылды қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Қаржы омбудсманының шешімі міндетті болып табылатын, қаржы омбудсманы қараған даудың (жолданымның) тараптары осы шешіммен келіспеген жағдайда, қаржы омбудсманының шешімін алған күннен кейін бір ай ішінде осы шешімге дау айту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Қаржы омбудсманының шешімдері міндетті болып табылмайтын дау (жолданым) тараптары қаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, іс-қимылды қадағалау субъектісімен болған дауды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Талап қоюды сотқа беру қаржы омбудсманының шешімін орындауды тоқтата тұрады.
12. Қаржы омбудсманы жолданымды қарауды мынадай жағдайларда:
1) жолданымды қарау процесінде жолданымның қаржы омбудсманының қарауына жатпайтынын көрсететін мəн-жайлар анықталса;
2) егер іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманы жолданымды қарауды аяқтағанша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын қанағаттандырса;
3) егер қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жəне (немесе) оның заңды өкілі қаржы омбудсманы құжаттарды жəне (немесе) түсініктерді белгілеген мерзімде ұсынбаса;
4) жолданымды қараудың кез келген сатысында тараптар өзара келісімге келу негізінде татуласса;
5) қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушының жолданымын толық немесе ішінара қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдау мүмкін болмайтын, дауды сотқа дейін реттеу тəртібіне жатпайтын болса;
6) іс-қимылды қадағалау субъектісінің əрекеттерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жəне (немесе) шарт талаптарын бұзушылықтар анықталмаса;
7) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлға қайтыс болса немесе ол хабар-ошарсыз кетті деп танылса немесе қайтыс болды деп жарияланса;
8) іс-қимылды қадағалау субъектісі таратылса, тоқтатады.
Жолданымды қарауды тоқтату туралы шешім қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушыға, іс-қимылды қадағалау субъектісіне қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша жолданымды қарау тоқтатылған жағдайда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жəне (немесе) оның заңды өкілі барлық қажетті құжаттарды жəне (немесе) түсініктерді ұсына отырып, қаржы омбудсманына қайта жүгінуге құқылы.
Осы тармақтың 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жолданымды қарау тоқтатылған жағдайларда, қаржы омбудсманы іс-қимылды қадағалау субъектісіне өтініш берушінің жолданымын реттеу туралы ұсыным жіберуге құқылы.
15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.».
26-тармақ 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
26. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың тақырыбындағы, бірінші абзацындағы, 1), 2) жəне 4) тармақшаларындағы «қамтамасыз етілген» деген сөздер алып тасталсын.
27-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
27. «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 7-2-баптағы «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
1-тармақтың 3-1) жəне 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
4) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
2-1-тармақтың 6) жəне 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;
7) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 13-баптың 2-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;»;
5) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тартуға негіздер болған кезде сақтандыру төлемі туралы өтініш берген тұлғаға осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен толық немесе iшінара бас тарту туралы тиістi шешімді бас тарту себептерін уəжді түрде негіздей отырып жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескеріп, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар ете отырып, жазбаша нысанда жіберуге міндетті.»;
6) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар, сақтандырылушылар (пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар, шағын кəсіпкерлік субъектілері мен сақтандырушы арасындағы туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының), қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
28. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сəйкестендіру кодтары дерекқорының операторы өзінің дерекқорындағы мəліметтерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабында айқындалған функцияларды орындауы үшін қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.».
29. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 5) жəне 16-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жазбаша нұсқама - уəкілетті органның кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданатын ықпал ету шарасы;»;
29-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«16-2) нақты уақыт режимі - əрекет дереу, бірақ бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;»;
2) 4-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан əрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар)» деген сөздер «коллекторлық агенттіктерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармағы 3) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған екі жəне одан көп ақпарат берушілерге мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын (тұтынушылық микрокредит беру туралы шартты) жасасуға өтініштер бергені туралы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілерді нақты уақыт режимінде хабардар ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер;»;
4) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уəкілетті орган кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.»;
1-3 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3. Кредиттік бюро, коллекторлық агенттік уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, уəкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен ұзартуы мүмкін.»;
«3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым Қазақтан Республикасының кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған жағдайда, уəкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақтан Республикасының Заңына жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қадағалап ден қою шараларын жəне санкцияларды қолданады.»;
5) 17-баптың 1-тармағында:
29-тармағы 5) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған екі жəне одан көп ақпарат берушіге мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын (тұтынушылық микрокредит беру туралы шартты) жасасуға өтініштерді бір сағат ішінде бергені туралы ақпаратты жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ақпаратты нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығына беруге;»;
29-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10-1) тармақшадағы «4-2), 4-4) жəне 4-5)» деген сөздер «4-2) жəне 4-4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында жəне (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан əрі - сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар;»;
7) 19-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «61-2» деген цифрлар «68» деген цифрлармен ауыстырылсын;
29-тармағы 7) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тəртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары (тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар) бойынша кредиттік тарих субъектісі жеке тұлға туралы ақпарат беруге міндетті, онда:
жеке тұлғаның жеке сəйкестендіру нөмірі, өтініштің сəйкестендіргіші, банктік қарыздың (микрокредиттің) сомасы көрсетіле отырып, шарт жасасуға өтініш беру күні мен уақыты;
осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтінішті мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту күні мен уақыты, осындай өтініштің сəйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша мақұлданған банктік қарыздың (микрокредиттің) жəне ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы;
осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтініш бойынша банктік қарызды (микрокредитті) беру күні мен уақыты, осындай өтініштің сəйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша берілген банктік қарыздың (микрокредиттің) жəне ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы қамтылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында жасалған жəне қарыз сомасын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) тікелей банктік шотына аударуды көздейтін тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтініштерді қоспағанда, бұрын жасалған, талаптарында өтініш негізінде ақшаны толық көлемде немесе бөліп-бөліп беру көзделген шарт шеңберінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) сомасын ұлғайтуға арналған өтінішке не тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтінішке қолданылады.»;
29-тармағының 8) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 20-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) жəне 4-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;»;
«4-4) қаржы омбудсманы;»;
4-5) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы «4-2), 4-4) жəне 4-5)» деген сөздер «4-2) жəне 4-4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21-бапта:
2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар кредиттік есептерді тегін алады.»;
4-тармақта:
29-тармағының 9) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
29-тармағы 9) тармақшасы сегізінші абзацының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
«4) кредиттік есепте қамтылған ақпаратты «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-29-бабында көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;»;
10) 24-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 3-3) тармақшасындағы «берешекті» деген сөз «жеке тұлғаның берешегін» деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармағы 10) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) осы тармақта көзделген ақпараттан басқа, осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты береді.»;
1-1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Коллекторлық агенттіктер банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ие болған банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөнінде жəне сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:»;
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) сақтанушының (сақтандырылушының) банктік қарыз шартынан жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша тұлғаның жауапкершілігін сақтандыру нəтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға қатысты құқықтарын (талаптарын) сенімгерлік басқару нəтижесінде берешекті реттеуді жүргізу туралы мəліметтер;»;
29-тармағының 11) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11) 25-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік бюролардың осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод- орталығына беруіне жəне осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 8-1) тармақшасында көзделген қызметті көрсету кезінде кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.»;
29-тармағының 12) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 27-баптың 3-тармағының 2) жəне 9) тармақшаларындағы «4-2), 4-4) жəне 4-5)» деген сөздер «4-2) жəне 4-4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармағының 13) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) 28-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасында аталған тұлғалар кредиттік бюрода тіркелу үшін мынадай құжаттарды:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің оларды сайлау туралы шешімінен үзінді көшірмені;».
30. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
28-баптың 1-2 жəне 3-2-тармақтарының бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
31-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
31. «Қызметi үшіншi тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
7-1) тармақша алып тасталсын;
2) 7-1-бапта «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына, не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 13-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) жəне 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, сақтанушыға (пайда алушыға) бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жазбаша нысанда жіберуге;»;
«7) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.»;
5) 14-баптың 1-тармағының 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мəселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не қаржы омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
6) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандырушы күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылдайды жəне сақтанушыға (сақтандырылушыға) жəне (немесе) пайда алушыға бас тарту себептерін уəжді түрде негіздей отырып жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескеріп, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар ете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.»;
7) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар (үшінші тұлғалар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар, шағын кəсіпкерлік субъектілері мен сақтандырушы арасындағы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының), қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
32-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
32. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
8-2) тармақша алып тасталсын;
2) 6-2-баптың бірінші бөлігіндегі «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 1-тармағының 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына, не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 9-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) жəне 5-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтінішті жəне осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде пайда алушыға бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін жəне сақтанушының (пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жазбаша нысанда жіберуге;»;
«5-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;»;
5) 10-баптың 7) жəне 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына, не сотқа, еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, уəкілетті органға жүгінуге;
8) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
6) 24-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар (пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар, шағын кəсіпкерлік субъектілері мен сақтандырушы арасындағы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының) жəне (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
33-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
33. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) қаржы омбудсманы - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дауларды, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
2) 6-1-баптағы «сақтандыру омбудсманына» деген сөздер «қаржы омбудсманына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына, не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 12-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) жəне
12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жіберуге;»;
«12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) қаржы омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.»;
5) 13-баптың 5-1) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына, не сотқа жүгінуге;
6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.»;
6) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тартуға негіздер болған кезде сақтандыру төлемi туралы талапты мəлімдеген тұлғаға талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен толық немесе iшінара бас тарту туралы тиісті шешімді бас тарту себептерін уəжді түрде негіздей отырып жəне сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескеріп, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар ете отырып, жазбаша нысанда жіберуге міндетті.»;
7) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Сақтанушылар (пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар, шағын кəсіпкерлік субъектілері мен сақтандырушы арасындағы міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-5-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды жəне дауды одан əрі реттеу тəртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының) жəне (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға жəне шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
34. «Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын;
2) 14-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер кредиторлардың жəне (немесе) қарыз алушылардың ең болмағанда біреуі шетелдік ұйым, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы жəне (немесе) халықаралық қаржы ұйымы болып табылса, тараптардың келісімі бойынша синдикатталған қарыз шарты шетелдік құқықпен реттелуі мүмкін.».
35. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспесі мынадай мазмұнда жазылсын:
«Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кəсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың жəне кəсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған жəне исламдық банк депозиттерін жəне исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу жəне қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тəртібін жəне жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мəселелерін айқындайды.»;
2) 1-бапта:
6) тармақшадағы «осы Заңға сəйкес» деген сөздер «осы Заңның 18-бабында айқындалған мөлшерде жəне тəртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1) тармақшадағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-баптың 1-тармағындағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2-1), 6) жəне 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
35-тармағы 5) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;»;
«6) қатысушы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін қолдану кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшіліктің құрамына қатысады;
7) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша əкімшіліктің құрамына қатысады;»;
6) 6-баптың 1-тармағындағы, 2-тармағының екінші жəне төртінші бөліктеріндегі «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-бапта:
1-тармақтың 2), 8) жəне 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
35-тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«2) өзіне қатысты қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі қолданылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшіліктен активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтерді қоса алғанда, осындай банктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) қызметі туралы, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды сұратуға;»;
«8) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша əкімшіліктен, мəжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мəжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін жəне оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша жəне тəртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;»;
«10) уəкілетті органның қатысушы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.»;
2-тармақтың 3) жəне 3-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банктің депозиторларына осы Заңда көзделген тəртіппен кепілдік берілген өтемді төлеуге;
35-тармағы 7) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3-1) реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;»;
8) 10-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған банк лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған банк лицензиясы туралы мəліметтерді ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.
3. Уəкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтінішті ұсынбаған банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сəйкес жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған банк лицензиясынан айыру туралы мəселені қарайды.»;
9) 11-бапта:
2-тармақта:
6) тармақшадағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
35-тармағы 8) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«8) қатысушы банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы толық немесе ішінара төленбеген жарналар сомаларын, сондай-ақ қатысушы банк жарналарды төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын есептен шығаруға арналған төлем талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшін жауаптылығы туралы талаптар;»;
9) тармақшадағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-баптың 3-тармағындағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармағының 11) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11) 13-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «жарна ставкалары» деген сөздер «жарналар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тəртібі туралы» деген сөздер «кепілді өтемнің мөлшерлері, оны төлеу мерзімдері мен тəртібі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) қатысушы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі қолданылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша қатысушы банктің активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтерді қоса алғанда, өз қызметі туралы, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды беруге;»;
7) жəне 8) тармақшалардағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан», «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан» деген сөздер тиісінше «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан», «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша əкімшілік (қызметі мəжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша жəне тəртіппен ұсынуға міндетті.
Осы Заңның талаптарына сəйкес кепілдік берілген өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды жəне өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді жəне қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырады.»;
12) 15-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уəкілетті органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған банк лицензиясынан не операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыруы;»;
3) тармақшадағы «банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны» деген сөздер «банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған банк лицензиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уəкілеттi орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған банк лицензиясынан не банк операцияларының барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған кезде - уəкілетті органның осындай лицензиядан айыру туралы шешімi күшіне енген күннен бастап;»;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «лицензиядан» деген сөз «банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 16-бапта:
тақырып пен 1 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру операциясын жүргізу ерекшеліктері
1. Депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру операциясын жүргізуге жол беріледі, оны жүргізу тəртібі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.»;
«3. Осы баптың 1-тармағына сəйкес басқа банкке (басқа банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшерінен асып түскен жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы арнаулы резервтің қаражаты есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтерінің есебінен толтыруға міндетті.»;
14) 17-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда, банктік шоттарында жатқан жəне банктік шот жəне (немесе) банктік салым шарттарымен куəландырылған ұлттық жəне шетел валюталарындағы депозиттерді жəне қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны депозиторларға қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады.»;
15) 18-баптың бүкіл мəтіні бойынша «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан», «Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан», «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан» деген сөздер тиісінше «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан», «Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан», «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 20-баптың екінші бөлігіндегі «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан», «Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан», «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан» деген сөздер тиісінше «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан», «Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан», «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеудің басталу күнін, кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктердің тізбесін, кепілдік берілген өтемді төлеу кезеңін не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, оны төлеудің басталуын кейінге қалдыруды, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеуге жүгіну тəртібі мен тəсілдерін көрсете отырып, қазақ жəне орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабар береді.»;
3-тармақтағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша əкімшілікті жəне мəжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мəжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу жəне олардың қол жеткізу тəртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындайды.»;
18) 21-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «күнтізбелік отыз күн» деген сөздер «отыз жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 22-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозиттерге міндеттi кепілдік берудi жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтері ескеріле отырып, арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес пайызынан кем болмайды.»;
35-тармағы 19) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;»;
20) 23-баптың екінші бөлігіндегі «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздер «операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 48-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақшаның екінші бөлігінде:
«34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздер «59-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«7-бабының 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде» деген сөздер «3-3-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында» деген сөздер «57-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 55-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың талаптары жылжымайтын мүлікке құқықтарды инвестициялық депозит туралы шарт бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын əмбебап банк лицензиясы бар банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктері филиалдарының жəне исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын əмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының клиенттеріне мемлекеттік тіркеуге де қолданылады.».
37. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 1-тармағында:
37-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
20) тармақша алып тасталсын;
22) тармақшадағы «операторлары жатады.» деген сөздер «операторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26) жəне 27) тармақшалармен толықтырылсын:
37-тармағы 1) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«23) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары;
24) цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары;
25) цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары;
26) цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері;
27) цифрлық активтер саласында қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылар жатады.»;
37-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 4-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақшада:
бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың, цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының пайдасына немесе олардың атынан клиент жасайтын ақшамен операциялар;
клиент жасайтын, клиенттің пайдасына, клиенттің атынан немесе клиенттер арасында жасалатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың, цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының клиенті жасайтын, клиентінің пайдасына, клиенті атынан немесе клиенттері арасында жасалатын ақшамен операциялар.»;
екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның жетінші абзацында көзделген талаптар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушыларға, цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысына қолданылады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару кезінде соманың теңгедегі баламасы шетел валютасында тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті операция жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған валюта айырбастау бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертациялау арқылы, осындай операция жасалған күнгі цифрлық активті айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі;»;
3) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық əдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен жəне инвестициялық пай қорларының пайларымен, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сəйкес цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын акциялармен жəне инвестициялық пай қорларының пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мəмілелер;»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерімен мəмілелер;»;
5) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын инвестициялық пай қорларының акциялары мен пайларын қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерімен мəмілелер;»;
37-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 11-баптың 3-2-тармағында:
екінші абзацтағы «жəне 11)» деген сөздер «, 11) жəне 26) («Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «жəне 12)» деген сөздер «, 12), 23), 24), 25), 26) («Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері бөлігінде), 27)» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «9), 10) жəне 20)» деген сөздер «9) жəне 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 16-бапта:
13-9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-11) жəне 13-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізеді;
13-12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу үшін ақпараттың құрамын, оны ұсыну мерзімдері мен нысанын қамтитын тəртіпті айқындайды;».
38. «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
38-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 42-баптың бірінші бөлігінде:
8) тармақшадағы «немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім» деген сөздер алып тасталсын;
10) жəне 10-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде өзгеше көзделмесе, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган банкке көрсетілген шешімді қабылдаған;
10-1) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшілік көрсетілген режим енгізілген күннен кейін берілген борыштарды банктен өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінген;»;
38-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 44-бапта:
4) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген жағдайда - банкті реттеу режимі тоқтатылғанға дейін;
5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда - егер банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшіліктің өтінішінде өзгеше көрсетілмесе, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі тоқтатылғанға дейін;»;
38-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 47-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) банктердің орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына;»;
5) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) банктердің орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына;»;
6) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) банктердің орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақшасынан жəне (немесе) бағалы қағаздарынан;».
39. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 6-2-тармағының бірінші абзацындағы жəне 7-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты - сервистік компания мен «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;»;
6-2) жəне 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-2) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;»;
«7-1) сервистік компания - құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;»;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Микроқаржылық қызмет
1. Микроқаржылық қызметке:
1) микроқаржы ұйымының жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
2) ломбардтың жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлкін кепілге салғыза отырып, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралын кепілге қойғыза отырып, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде бір жылға дейінгі мерзімге нысаналы емес микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
3) кредиттік серіктестіктің өз қатысушыларына кредиттік серіктестіктің жоғары органы бекіткен кредиттік серіктестіктің ішкі қағидаларында айқындалатын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уəкілетті орган береді.
3. Микроқаржы ұйымы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен жəне бейрезиденттерінен қарыз тарту (кəсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);
2) меншікті активтерін бағалы қағаздарға жəне өзге де қаржы құралдарына инвестициялау;
3) қарыз алушыға оның кəсіпкерлік қызметіне байланысты мəселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
4) меншікті мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыру мақсатында жалданған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы жалға) беру;
5) меншікті мүлкін өткізу;
6) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
7) төлем агентінің жəне қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан жəне тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру;
10) факторингтік операциялар: төлем жасамау тəуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру;
11) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
12) заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді жəне өзге де міндеттемелерді беру;
13) микроқаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе микроқаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды əзірлеу, іске асыру жəне оған қолдау көрсету;
14) осы тармақтың 6), 10), 11), 12) жəне 13) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
4. Ломбард осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алуға, сақтауға жəне сатуға құқылы.
5. Кредиттік серіктестік осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) жəне 12) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 6), 7), 8), 10), 11) жəне 12) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы.
6. Микроқаржы ұйымына, ломбардқа, кредиттік серіктестікке осы Заңда көзделмеген өзге де кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 жəне 3-3-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Микроқаржылық қызметке қойылатын жалпы талаптар
1. Микроқаржы ұйымдары (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында қаржылық қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық жəне əділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен іс-қимылдар жиынтығын көздейтін, оның ішінде мыналарға:
40-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) қаржы өнімдерін басқаруға;
2) микрокредиттер беру жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуге;
3) қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде жосықсыз практикаларға жол бермеуге;
4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауға;
5) тиісті іс-шараларды əзірлеу жəне іске асыру арқылы клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға қатысты жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті.
Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-тарауында белгіленеді.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан əрі - микроқаржы ұйымдары) қызметін олардың жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады.
3. Микрокредиттер беру қағидалары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сəйкес келуге тиіс.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар:
1) микрокредиттер беру қағидаларын қамтуға тиіс мəліметтер тізбесін;
2) микрокредиттер беру жəне клиенттерге консультация беру кезінде ақпаратты ашып көрсету тəртібін;
3) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғамен микрокредит беру туралы шарт жасасу тəртібін, оның ішінде оның мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды;
4) микрокредиттер беру кезіндегі адал мінез-құлық қағидаттарын;
5) жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілерін, сондай-ақ микрокредиттер беру кезінде оларды анықтау тəртібін;
6) төлемге қабілетсіз клиенттермен жұмыс істеу кезінде берешекті өндіріп алудың тəртібі мен жауапты іскерлік практикаларын;
7) микроқаржылық қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын микроқаржы ұйымдарының қарау тəртібін;
8) клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды əзірлеуге жəне іске асыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
40-тармағы 3) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма үшінші абзацтары 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Микрокредиттер беру қағидаларында тізбесі уəкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мəліметтерден басқа, клиенттермен жұмыс істеу тəртібі туралы ереже, оның ішінде:
мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптарын ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету тəртібі;
сенім білдірілген адамның қатысуымен мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету ерекшеліктері қамтылуға тиіс.
4. Микрокредиттер беру қағидалары ашық ақпарат болып табылады жəне коммерциялық құпияның немесе микрокредит беру құпиясының нысанасы бола алмайды.
5. Микроқаржы ұйымдары тəуекелдерді бағалау жəне басқару мақсатында өз қызметін жүзеге асыру жəне (немесе) қызметтер көрсету кезінде жасанды интеллектіні пайдалануға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып қабылданған шешімдер үшін жауапты болады.
3-2-бап. Электрондық тəсілмен микрокредиттер беру ерекшеліктері
1. Микроқаржы ұйымдары уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен электрондық тəсілмен микрокредиттер беруге құқылы.
2. Микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаны биометриялық аутентификациялауды жүргізбей, онымен Интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады.
Биометриялық аутентификациялауды жүргізу тəртібін, сондай-ақ биометриялық аутентификациялаудың нəтижелерін сақтау мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындайды.
Егер микрокредит сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын болса, қарыз алушыны биометриялық аутентификациялау «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс істеуі көзделген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сəйкестендіру деректерін алмасу орталығы арқылы жүргізіледі.
3. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға хабар береді, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз əрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды жəне он жұмыс күні ішінде мұндай əрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сəйкес қылмыстық қудалау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынудың не қарыз алушы жеке тұлғаны алаяқтық тəсілмен микрокредит ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жəбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржы ұйымы көрсетілген ұсынуды не қаулыны алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, көрсетілген микрокредитке қатысты:
берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын;
сыйақыны жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.
Микроқаржы ұйымы қарыз алушы жеке тұлғаның сəйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы жəне пайдалануы салдарынан, оның ішінде микроқаржы ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану жəне (немесе) микроқаржы ұйымының биометриялық аутентификациялауды жүргізу тəртібін не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген алаяқтықтың ішкі, сыртқы фактілерін жəне (немесе) өзге де тəсілдерін анықтау, тіркеп-белгілеу жəне талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы микрокредитті ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған осындай жеке тұлғаға алаяқтық тəсілмен микрокредит ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оның тиісті микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы, сондай-ақ осындай микрокредит бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды қарыз алушы жеке тұлғаға қайтару бойынша шаралар қабылдайды.
3-3-бап. Мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіге берілетін микрокредит ерекшеліктері
1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымдарының осындай əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызметті өткеруі кезеңінде оларға микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай əскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 4-бабының 14-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
2. Микроқаржы ұйымдары мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
3. Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Микрокредит беруге қойылатын ең төмен талаптар
1. Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жəне микрокредиттер беру қағидаларына сəйкес микрокредиттер береді.
2. Микрокредит беру туралы шарт жасасу тəртібі, оның ішінде шарттың жəне микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар, сондай-ақ микрокредитті өтеу графигінің нысаны уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
3. Микроқаржы ұйымдары микрокредиттер беру шеңберінде өтініш берушімен өзара іс-қимыл жасау кезінде мынадай талаптарды сақтауға міндетті:
1) өтініш берушіге сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін қоса алғанда, микрокредиттің талаптары жəне микрокредит алуға байланысты тəуекелдер, оның ішінде өтініш берушінің микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы анық жəне толық ақпарат беру;
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы туралы ақпараттың негізінде оның кредит төлеу қабілеттілігіне (төлем қабілеттілігіне) бағалау жүргізу;
3) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кредиттік бюроға ақпарат беру;
4) қарыз алушы микрокредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеген немесе толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, оның микрокредитті пайдаланған күндерінің нақты саны үшін ғана сыйақыны есепке жазу;
5) теңгемен берілген микрокредитті беру туралы шарт бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық немесе өзге де баламаға байланыстыра отырып индекстеуге жол бермеу;
6) жеке тұлғамен микрокредит беру жəне (немесе) жеке тұлғаның микрокредитін өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген кезде негізгі борыштың сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айыппұлдарға, өсімпұлдарға), микрокредит беруге жəне оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге сыйақыны есепке жазуға жол бермеу.
4. Қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту жағдайларын қоспағанда, микроқаржы ұйымдары оларды біржақты тəртіппен өзгертуге құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп мыналар түсініледі:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгерту немесе оның толық күшін жою;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына өзгерту;
3) микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру жəне (немесе) бөліп төлеу.
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.
5. Микроқаржы ұйымдары жақсарту талаптарын қолданған жағдайда қарыз алушы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы микрокредит беру туралы шарт талаптарының өзгергені жөнінде хабардар етіледі;
Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
6. Қарыз алушы микроқаржы ұйымының тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде микроқаржы ұйымы ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартуға жəне микрокредит беру туралы шартта айқындалған тəртіппен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы микроқаржы ұйымына өзінің шешімі туралы хабарлауға құқылы.
Микроқаржы ұйымдарының микрокредит бойынша ай сайынғы төлемдерді ұлғайтпай, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды жəне (немесе) бөліп төлеуді ұсынуы өтініш берушінің келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
7. Микроқаржы ұйымдары мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін сомадан асатын тұтынушылық микрокредит беруге құқылы емес.
8. Жеке тұлға жеке тұлғаның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталында немесе микроқаржы ұйымының «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып тегін белгілеуге немесе олардан алып тастауға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымдарының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым салу ломбардтың микрокредит беру жағдайларына қолданылмайды.
9. Микроқаржы ұйымының мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сомадан асатын, тіркелуге жататын, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттерді жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз беруіне тыйым салынады.
Тіркелуге жататын, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті алуға жұбайының (зайыбының) келісімін алу тəртібі жəне жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
10. Микроқаржы ұйымының кредиттік есебінде бұрын алынған микрокредиттер жəне (немесе) банктік қарыздар туралы ақпарат жоқ жеке тұлғамен осы жеке тұлғаның микроқаржы ұйымында берген жазбаша келісімінің негізінде микроқаржы ұйымында өзінің жеке қатысуымен осындай жеке тұлғаға биометриялық сəйкестендіру жүргізбей, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады.
Тұтынушылық микрокредит шартын жасасқан кезде осы тармақтың бірінші бөлігіне сəйкес жеке тұлғаның өзінің жеке қатысуы міндетті болатын осындай шарт бойынша микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
40-тармағы 4) тармақшасының отыз бірінші - отыз төртінші абзацтары 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Микроқаржы ұйымы жеке тұлғаның кепілмен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шарт жасасуға берген өтініші келіп түскен кезден бастап бір сағаттың ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шарт жасасуға берген өтініші бойынша оң шешім қабылдауына, сондай-ақ кредиттік есебінде осы жеке тұлғаның өзге микроқаржы ұйымына немесе банкке микрокредит беру туралы шарт немесе қабылданған шешім туралы мəртебесі жоқ, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген банктік қарыз шартын жасасуға берген өтініші туралы ақпарат болған кезде мұндай шарт жасасуына тыйым салынады.
Микроқаржы ұйымы кредиттік бюроға жеке тұлғаның мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шарт жасасуға өтініш бергені жəне ол бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат бермеген жағдайда, микроқаржы ұйымының мұндай шарт жасасуына тыйым салынады.
Осы тармақтың бесінші жəне алтыншы бөліктерінде белгіленген талаптар сол микроқаржы ұйымында алынған қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредиті бойынша берешекті өтеу үшін мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру жағдайларына қолданылмайды.
Қарыз алушы жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша микроқаржы ұйымы он жұмыс күнінен кешіктірмей, қарыз алушыға оған биометриялық сəйкестендіруді жүргізу күні мен тəсілін қоса алғанда, осы биометриялық сəйкестендіруді жүргізу процесі, микроқаржы ұйымы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының дерекқорларында ол туралы ақпараттың болуы тұрғысынан жүргізілген деректерді салыстырып тексеру туралы мəліметтерді, сондай-ақ тұтынушылық микрокредит беру туралы шарт жасасуға берілген өтінішті қарау жəне осындай шарт жасасу кезінде пайдаланылған борыштық жүктеме коэффициентінің мəнін ұсынады.
11. Уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда жəне тəртіппен микроқаржы ұйымы жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана осындай шарт жасасады.
Мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шарт Интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода не «электрондық үкіметтің» веб-порталында, не микроқаржы ұйымының «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
12. Микроқаржы ұйымы Интернет арқылы жасалған, мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын микрокредит беру туралы шарттың негізінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған не микрокредит сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес ресімделген жəне микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен кейін алған тұтынушылық микрокредитті алуға қарыз алушының келісімі (растауы) болған кезде жүзеге асырады.
Қарыз алушыға Интернет арқылы мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, қосу нəтижесінде сомасы уəкілетті органның осы Заңның 3-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық микрокредит сол бір микроқаржы ұйымында күнтізбелік бір күннің ішінде берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген ең төмен мөлшерден асып кеткен микрокредиттерге қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген талапты сақтайды, сондай-ақ көрсетілген микрокредиттерді уəкілетті органның осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды ескере отырып, ішкі құжаттарға сəйкес алаяқтық белгілерінің болмауы тұрғысынан тексереді.
13. Осы баптың 8-тармағының екінші бөлігінде, 11-тармағында жəне 12-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптар мынадай жағдайларға:
1) микроқаржы ұйымының тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беруіне;
2) микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның осы микроқаржы ұйымындағы басқа микрокредит бойынша берешегін өтеу мақсатында оған микрокредит беруіне;
3) микроқаржы ұйымының қарыз алушының салықтар, айыппұлдар, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегін төлеу мақсатында жеке тұлғаға микрокредит беруіне қолданылмайды, мұндай жағдайда микрокредит сомасы қарыз алушы көрсеткен, осындай төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын тиісті уəкілетті органның не өндіріп алушылар пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтау үшін банкте ашылған жеке сот орындаушысының банктік шотына аударылады.
14. Микроқаржы ұйымы осы баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғаға микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы:
1) аталған жеке тұлғадан осындай микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге құқылы емес;
2) көрсетілген микрокредитті беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шаралар қабылдайды:
қарыз алушы жеке тұлғаның осындай микрокредит бойынша берешегін толық есептен шығару (кешіру) туралы шешім қабылдайды;
осындай микрокредит бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
қарыз алушы жеке тұлғаның кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына осындай микрокредит жөніндегі ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы түзетулер енгізеді;
осындай микрокредит бойынша негізгі борыштың, сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын қарыз алушы жеке тұлғаға қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шаралар, микроқаржы ұйымы осы Заңның 3-2-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық қудалау органдарының процестік құжаттарын алған жағдайда, оның осы баптың 3-2-бабының 2-тармағында, 8-тармағының екінші бөлігінде, 10-тармағының бірінші бөлігінде, 11 жəне 12-тармақтарында көзделген талаптардың кез келгенін сақтамай, микрокредит беру жағдайларына қолданылады.
15. Микроқаржы ұйымдары «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен жеке тұлғаға қатысты соттан тыс банкроттық рəсімінің немесе сот арқылы банкроттық рəсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде аталған жеке тұлғаға микрокредиттер беруге, сондай-ақ мұндай жеке тұлғадан микрокредит беру туралы шарттар бойынша кепіл, кепілдік жəне (немесе) кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.
Осы тармақтың талаптары мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып ломбардтар беретін микрокредиттерге қолданылмайды.
16. Микроқаржы ұйымдары мөлшерін микроқаржы ұйымдары өз бетінше айқындайтын микрокредитті бергені жəне оның талаптарын өзгерткені үшін заңды тұлғаларға комиссиялар жəне (немесе) өзге де төлемдер белгілеуге жəне оларды алуға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары заңды тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарттарда микрокредитті беруге жəне оның талаптарының өзгеруіне байланысты алуға жататын комиссиялардың жəне (немесе) өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті.
Микроқаржы ұйымдары заңды тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың шеңберінде комиссиялардың жəне (немесе) өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тəртіппен енгізуге құқылы емес.
5) 6-бапта:
1-1-тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер қарыз алушы жеке тұлға жүргізген төлем сомасы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілген сома қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) осы баптың 3-тармағына сəйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұлдар);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыштың сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
6) микроқаржы ұйымдарының орындауды алу бойынша шығасылары.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғамен жасалған, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару жəне (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткізіп алынған əрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, бірақ микрокредит беру туралы шарт қолданылатын əрбір жылға берілген микрокредит сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.»;
6) 7-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) осы Заңда көзделген мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғаларының жеке басын куəландыратын құжаттарының көшірмелерін жинауға;»;
2-тармақта:
1) жəне 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрған жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда бұл туралы уəкілетті органды, сондай-ақ қарыз алушыларды (өтініш берушілерді) микроқаржы ұйымының тұрған жері бойынша, сондай-ақ қарыз алушы (өтініш беруші) жеке тұлғаның заңды мекенжайы бойынша жəне қарыз алушы (өтініш беруші) заңды тұлғаның тұрған жері бойынша екi баспа басылымында қазақ жəне орыс тілдерінде тиісті ақпарат жариялау арқылы не мұндай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде əрбір қарыз алушыны (өтініш берушіні) жазбаша хабардар ету арқылы жазбаша хабардар етуге;
1-1) қатысушылардың (акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, бұл туралы жəне қатысушылардың (акционерлердің) осы Заңның 14-бабы 6-тармағының талаптарына сай келуі туралы уəкілетті органды мұндай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленген тəртіппен жазбаша хабардар етуге;»;
мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3) жəне 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмені қоса бере отырып, уəкілетті органды тауар белгісінің (тауар белгілерінің) тіркелгені туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды;
1-3) оның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі, микрокредиттер бойынша жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтер туралы өзекті ақпарат, микроқаржы ұйымының атауы көрсетілген тауар белгісінің (тауар белгілерінің) бейнесі, микроқаржы ұйымының тұрған жері, телефон нөмірлері, жұмыс істеу графигі туралы ақпарат, сондай-ақ микроқаржы ұйымының қалауы бойынша өзге де ақпарат орналастырылатын өз интернет-ресурсының болуы міндетті.
Сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтер туралы ақпарат қолданыстағы сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтерге өзгерістер енгізу күні туралы мəліметтер, ішкі құжаттың нөмірі мен осы өзгерістерді қабылдаған орган көрсетіліп, жаңартып отыру режимінде болуға тиіс.
Осы тармақшаның талаптары ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды;
1-4) микроқаржы ұйымының тиісті органының басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органды жазбаша хабардар етуге;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесін микроқаржы ұйымы қарыз алушысының (өтініш берушісінің) көруі жəне онымен танысуы үшін қолжетімдi жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында, сондай-ақ кредиттік серіктестіктің, ломбардтың интернет-ресурсы бар болса, сонда орналастыруға;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
40-тармағы 6) тармақшасының он сегізінші абзацының талаптары бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
«4-2) талаптарында сақтандыру шартын жасасу көзделген микрокредит бойынша міндеттемені қарыз алушы толық мерзімінен бұрын орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен қарыз алушыны оның осындай сақтандыру шартын бұзуға жəне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 842-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген тəртіппен сақтандырудың пайдаланылмаған кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға құқығы туралы хабардар етуге;»;
8-1) жəне 11-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-3), 11-4), 11-5) 11-6) жəне 11-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-3) өз қызметін осы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген микроқаржылық қызметтің бір түріне қатысты жүзеге асыратын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мынадай оқиғалардың бірі:
микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды уəкілетті органның тізіліміне енгізу;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу жəне уəкілетті органның тізіліміне енгізілген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның болуы;
микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өзінің мүшелігін (қатысуын) тоқтату басталған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күннің ішінде кіруге;
11-4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым белгілеген жарналарды төлеуге;
11-5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның сұрау салуы бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым айқындайтын тəртіппен тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынуға;
11-6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;
11-7) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті қоспағанда, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша кепілге (өзге де қамтамасыз ету) өндіріп алуды қолдану жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нəтижесінде сатып алған мүлікті банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
Микроқаржы ұйымы мыналарды:
өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін;
микроқаржы ұйымы ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік сатып алынған күннен бастап он екі айдан кешіктірмей өзінің үй-жайы ретінде пайдаланудың басталуы шартымен осылайша пайдалануға ниеттенетін көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті қоспағанда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті сатып алынған күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің үшінші абзацында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда, микроқаржы ұйымы тиісті ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алған күннен бастап үш жыл ішінде оны банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
Ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өзінің үй-жайы ретінде пайдалану тоқтатылған жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті аталған пайдалану тоқтатылған күннен бастап екі жыл ішінде банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті тікелей атаулы сату уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларында айқындалған жағдайларда жəне тəртіппен банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында жүзеге асырылады.
Осы тармақшада белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1), 1-2) жəне 1-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымдарының уəкілетті органды хабардар етуі жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
1-1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік елу күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беруге құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелмеген тауар белгісін (тауар белгілерін) пайдалануға;»;
7) 9-1-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«микроқаржылық қызметтің осыған ұқсас түрін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымына;»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға осы құқықтарға (талаптарға) қатысты кредитор (қарыз беруші) деп танылады, оның микрокредит беру туралы шартта белгіленген барлық құқықтары мен міндеттері болады, Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтайды, оның ішінде мыналарды:
Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен кредиттік бюроларға микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы жəне оның міндеттемелері туралы ақпаратты беру мен жаңартып отыруды;
қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау тəртібінің, сондай-ақ уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өтінішті қарау нəтижелері туралы уəкілетті органға хабар беру тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, сервистік компанияның микрокредит беру туралы шартта белгіленген барлық құқықтары мен міндеттері болады, сондай-ақ ол осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар мен шектеулерді сақтайды.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтары (талаптары) берілген тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптарды жəне (немесе) шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
8) 9-2-бапта:
1, 2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шарт бойынша ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алудың туындағаны туралы мерзімін өткізіп алу туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушы жеке тұлғаны жазбаша хабардар етуге міндетті.
Көрсетілген хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:
1) хабарламада көрсетілген күнге микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткізіп алынған төлемдердің мөлшері;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткізіп алынған төлемдерді енгізу туралы талап;
3) қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарын түсіндіру;
4) қарыз алушы жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында айқындалған тəртіппен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығына нұсқау;
5) микроқаржы ұйымының қалауы бойынша өзге де мəліметтер.
Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.
2. Микроқаржы ұйымының қарыз алушы жеке тұлғаға осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламаны жіберген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы:
1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша ай сайынғы төлемді кемінде үш ай мерзімге микрокредит беру туралы шартта белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайтуға;
3) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға;
4) берешекті өтеу əдісін жəне (немесе) берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тəртіппен өтей отырып өзгертуге;
5) микрокредиттің мерзімін өзгертуге;
6) микрокредитке қызмет көрсетуге байланысты мерзімі өткізіп алынған негізгі борышты жəне (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) күшін жоюға;
7) тараптардың келісімімен белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше өткізуіне;
8) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына микроқаржы ұйымына кепілдік жəне (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
9) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге қатысты ұсыныспен микроқаржы ұйымына жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен жүгінуге құқылы.
Қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген жолданымында қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауының мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, ағымдағы кірістері туралы мəліметтер, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жүгінуін негіздейтін басқа да мəн-жайлар қамтылуға тиіс.
Банктік қарыз шартының жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тəртібі, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің жəне микроқаржы ұйымының уəкілетті органға қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нəтижелері туралы хабар беру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Микроқаржы ұйымы қарыз алушы жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушы ұсынған талаптарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарауға жəне микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен қарыз алушы жеке тұлғаға жазбаша, сондай-ақ микроқаржы ұйымы қабылдаған:
1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуге келісетіні;
2) микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы қарыз алушыға қарсы ұсынысы;
3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесімен қоса, осындай бас тарту туралы шешімдердің бірі туралы ақпараттандыру объектілері арқылы хабарлауға міндетті.
Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
Қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымы бойынша микроқаржы ұйымының шешімін осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, микроқаржы ұйымының жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі тəртібіне сəйкес микроқаржы ұйымы қабылдайды.
Жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларға қойылатын талаптар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 жəне 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Микроқаржы ұйымы, егер:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен кез келген қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайларда осы баптың 2-тармағының 2) жəне (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген өзгерістерді енгізу туралы ұсыныспен жолданымын микроқаржы ұйымына жіберген болса, мұндай өзгерістерді шарттың талаптарына енгізуге міндетті.
3-2. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шартқа осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген өзгерістерді енгізуі мынадай жағдайлардың:
1) қарыз алушы жүгінген айдың алдындағы екі айға есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісінің аталған қарыз алушының жүгінген айдың алдындағы он екі айға есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеуі;
2) қарыз алушы микроқаржы ұйымына жүгінген кезде оның мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмекті алуы жағдайларының кез келгені болған кезде жүзеге асырылады.
3-3. Микроқаржы ұйымы қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын қарау кезеңінде микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Қарыз алушы микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Көрсетілген мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.»;
40-тармағының 8) тармақшасының қырқыншы - қырық төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. Қарыз алушы:
микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған;
осы баптың 3-3-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген күннен бастап үш ай ішінде бір мезгілде бұл туралы микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, қаржы омбудсманына кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит бойынша берешекті сотқа дейінгі реттеу жөнінде жүгінуге құқылы.
Қаржы омбудсманының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес, тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сот арқылы өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
40-тармағының 8) тармақшасының қырық бесінші - қырық жетінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Микроқаржы ұйымдары, банктер не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі жəне одан көп кредиторлардың алдында тұтынушылық микрокредиттер жəне (немесе) мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі болған кезде қарыз алушы қаржы омбудсманының қызметі жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеу үшін жүгінуге құқылы.
Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізудің тəртібі мен шарттары уəкілетті органның осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінің 1) тармақшасында» деген сөздер «екінші бөлігінің 2) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 12-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастырған кезде жарғылық капиталды қалыптастыру осы Заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мыналар:
1) жеке тұлға үшін:
микроқаржы ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының) кəсіпкерлік қызметтен, еңбек қызметінен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, ақы төленетін өзге де қызметтен алатын кірістері;
микроқаржы ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының) құжатпен расталған ақшалай жинақтары жарғылық капиталды төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша сыйға тарту, ұтыстар, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
Құрылтайшы (қатысушы) микроқаржы ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) сыйға тарту түрінде алынған мүліктің есебінен сатып алған кезде көрсетілген мүлікті сыйға тартушы мен оның сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мəліметтерді ұсынады;
2) заңды тұлға үшін:
кəсіпкерлік қызметтен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер, түсімдер;
осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түріндегі қаражат жарғылық капиталды төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.»;
10) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау жəне микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар
1. Заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уəкілетті органға жүгінеді.
2. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уəкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органды өзінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.
3. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уəкілетті органға «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының тұрған жері өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сəйкес келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не тұрған жерінің өзгеруіне байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
4. Уəкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден уəжді бас тартуды береді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс.
5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің мүшелері (бар болса), директорлар кеңесінің мүшелері (бар болса), бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 9-тармағында көрсетілген еңбек өтілінің болуы бойынша мерзімдерді қоспағанда, микроқаржы ұйымының, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың басшы қызметкерлері аталған баптың талаптарына сай келуге тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарға уəкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады).
Директорлар кеңесінің мүшелеріне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қойылатын талаптар байқау кеңесінің мүшелеріне де қолданылады.
Микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда микроқаржы ұйымы уəкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді.
6. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.
Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды.
Мынадай:
1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын;
2) тізбесін уəкілетті орган белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар;
3) уəкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) жəне 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылатын;
4) уəкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы жəне (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылатын;
5) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес айқындалған бенефициарлық меншік иесі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар заңды тұлға болып табылатын тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
7. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) атқарушы органның басшысы, байқау кеңесінің басшысы (бар болса), микроқаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы (бар болса) лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымына кандидаттар үшін кемінде бір жыл;
2) байқау кеңесінің мүшелері (бар болса), директорлар кеңесінің мүшелері (бар болса), атқарушы органның (алқалы) мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
3) бас бухгалтер лауазымына кандидаттар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Кредиттік серіктестіктің жəне ломбардтың басшы қызметкерлері үшін осы тармақта көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
8. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленген тəртіппен басшы қызметкерлерді тағайындаған (сайлаған), басқа лауазымға ауыстырған немесе олармен еңбек шартын бұзған (өкілеттіктерін тоқтатқан) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың құрамында болған өзгерістер туралы уəкілетті органды хабардар етеді.»;
11) 14-1-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уəкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің жəне (немесе) толықтырулардың нотариат куəландырған көшірмелерін қағаз жеткізгіште не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынуға міндетті.»;
7 жəне 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе микроқаржы ұйымы филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы уəкілетті органға микроқаржы ұйымы органының қабылданған шешім туралы шешімінен микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайларын қамтитын үзінді көшірмені қоса бере отырып, жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабарлама ұсынуға міндетті.
8. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы жəне (немесе) өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уəкілетті органды микроқаржы ұйымы филиалының жəне (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етуге тиіс.»;
12) 16-бапта:
1-тармақта:
2) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) бұзу;»;
«5) қадағалап ден қою шарасын орындамау;»;
40-тармағының 12) тармақшасының алтыншы жəне жетінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің уəкілетті органның талаптарына сəйкес келмеуі;»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған жəне жойылатын сипаты бар мəн-жайларды жоймау;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзылуына алып келген, осы Заңның жəне (немесе) уəкілетті органның жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу фактілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) анықтау;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзу;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзу не уəкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) микроқаржы ұйымының осы Заңда белгіленген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелік туралы талапты бұзуы;»;
8) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жол берілген бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің жəне олардың, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін салдарының ауқымы жəне айтарлықтай болуы;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шаралары мен санкцияларының болуы жəне тиімділігі (нəтижелілігі);»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) анықталған кемшіліктерді, тəуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға жəне олардың тиімділігіне бағытталған дербес шаралар қабылдауы ескеріледі.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға арналған өтінішке микроқаржылық қызметті жүзеге асырумен байланысты барлық міндеттемелердің орындалуы жəне баланста қолданыстағы микрокредиттердің жоқ екені туралы хат қоса беріледі.»;
7, 8 жəне 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салуға алып келеді.
Микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде олардың қолданылу мерзімін ұзартуға қарыз алушының келісімімен жəне микрокредит беру туралы шарттың қолданыстағы талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз ететін жəне негізгі борыш сомасын, микрокредит бойынша мерзімді төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды жəне қарыз алушының жəне (немесе) микроқаржы ұйымының жауапкершілігін көздемейтін талаптарда ғана жол беріледі.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымының, сондай-ақ осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуіне сыйақы мөлшерлемесін азайту жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе оның толық күшін жоюды қоса алғанда, қарыз алушының келісімімен жəне микрокредит беру туралы шарттың қолданыстағы талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз ететін жəне микрокредит бойынша негізгі борыш сомасын, мерзімді төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды жəне қарыз алушының жауапкершілігін көздемейтін талаптарда ғана жол беріледі.
9. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 3) жəне 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымы лицензиясы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рəсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Құқықтарды (талаптарды) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға беруді қоспағанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған, оның ішінде осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған микроқаржы ұйымының, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруіне тыйым салынады.
Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылғанға дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымы, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына, сондай-ақ кредиттік бюролардың дерекқорларындағы барлық қарыз алушылар жөніндегі ақпаратты жаңартуға қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы тоқтатылған микроқаржы ұйымының, сондай-ақ осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуіне қарыз алушының келісімімен жəне сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе оның толық күшін жоюды көздейтін жақсарту талаптарында ғана жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымы жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредиттері бойынша берешекті өндіріп алуды жəне (немесе) осы Заңның 9-1-бабында белгіленген тəртіппен микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді уəкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жүзеге асырады.
Жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттар бойынша өндіріп алынбаған жəне (немесе) құқықтары (талаптары) басқаға берілмеген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредиттері бойынша берешегі уəкілетті органның микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап жиырма төрт ай ішінде кешірілуге тиіс.»;
13) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
1. Микроқаржы ұйымдары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сəйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асырумен байланысты жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдарын қарайды.
2. Өтініш берушінің жолданымын қарау мерзімі микроқаржы ұйымына келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған кезде жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Осы тармақта көзделген мерзімдер осы Заңның 9-2-бабының 2-тармағына сəйкес қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін қарау жағдайларына қолданылмайды.
3. Жолданымды қарау нəтижелері бойынша микроқаржы ұйымы өтініш берушіге оның жолданымының мəні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
4. Мынадай:
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне жеке сəйкестендіру нөмірі немесе оның толық атауы мен бизнес-сəйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;
3) жолданымда былапыт не қорлайтын сөздер, микроқаржы ұйымының мүлкіне қатер төндіру, микроқаржы ұйымы қызметкерінің жəне (немесе) оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне қатер төндіру жазылған;
4) жолданымның мəтіні оқуға келмейтін;
5) жолданымды уəкілетті емес адам берген жағдайларда өтініш берушінің жолданымы қараусыз қалдырылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымы өтініш берушінің жолданымын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жауап жібереді.
40-тармағының 13) тармақшасының он бесінші - он жетінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Жеке тұлға болып табылатын, оның ішінде микрокредиттер жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асырумен байланысты, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мəселелер бойынша өтініш беруші микроқаржы ұйымына (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) жүгінгеннен кейін мынадай жағдайларда:
микроқаржы ұйымы өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқанда немесе өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде микроқаржы ұйымының жауабын алмағанда;
осы Заңның 9-2-бабының 4-тармағына сəйкес сотқа дейінгі реттеу тəртібі шеңберінде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
6. Микроқаржы ұйымдары (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) уəкілетті органға тізбесі, нысандары, мерзімдері мен ұсыну тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, жеке жəне заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады.»;
40-тармағының 14) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Қаржы омбудсманы
1. Қаржы омбудсманы дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібі шеңберінде осы Заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушінің жолданымдарын қарайды.
2. Өтініш берушінің жолданымын қарау нəтижелері бойынша қаржы омбудсманы өтініш берушінің микроқаржы ұйымы үшін міндетті болып табылатын шешімімен келіскен кезде осындай шешім қабылдайды немесе «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда жолданымды қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы қаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған кезде уəкілетті орган микроқаржы ұйымына осы Заңның 28-бабына сəйкес қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Қаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, қаржы омбудсманы қараған дау (жолданым) тараптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Қаржы омбудсманының өтініш берушілердің жолданымдарын қарау тəртібі мен мерзімдері, сондай-ақ қаржы омбудсманының осындай жолданымдар бойынша шешімдер шығаруының салдары «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Осы баптың талаптары кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.»;
15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі
40-тармағының 15) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) басқару органының (бар болса), атқарушы органның, бөлімшелердің тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рəсімдерді;
3) микроқаржылық операциялардың түрлері бойынша жеке-жеке тəуекелдердің рұқсат етілген мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі есептілікті микроқаржы ұйымының органдарына ұсынудың ішкі рəсімдерін;
5) тəуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын қамтуға тиіс.
Микроқаржы ұйымдары үшін тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уəкілетті орган тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сəйкес келуін бағалауды жүзеге асырады.
3. Өзінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін кредиттік серіктестік, ломбард ішкі бақылау қызметін құруы мүмкін.
4. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс істеу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ кредиттік серіктестіктің, ломбардтың ішкі қызметін реттейтін қағидаларда, ережеде жəне өзге де құжаттарда айқындалады.»;
16) 21-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға: өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша беріледі.»;
40-тармағы 16) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Микрокредит беру құпиясы қаржы омбудсманына қарыз алушы жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған қарыз алушы жеке тұлғалардың қаржы омбудсманының қарауында жатқан, микрокредит беру туралы, оның ішінде құқықтары (талаптары) осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында жəне 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға берілген шарттан туындайтын дауларды реттеуге байланысты жолданымдары бойынша ашылуы мүмкін.»;
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, микроқаржы ұйымдары, өзге де қаржы ұйымдары, «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынатын төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары жəне құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уəкілетті орган, қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша антифрод-орталыққа қатысушылар болып табылатын өзге де тұлғалар арасында алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылатын өзге де төлемдер жəне (немесе) аударымдар бойынша мəліметтер алмасу микрокредит беру құпиясын ашу болып табылмайды.»;
17) 24-баптың тақырыбы жəне 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Микроқаржы ұйымы тарататын жəне орналастыратын жарнама»;
«2. Микроқаржы ұйымдарына:
1) жөнсіз жарнама жасауға;
2) Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сəйкес келмейтін шарттарда микрокредит ұсынуға байланысты жарнама жасауға;
40-тармағының 17) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарда, іс-қимылды қадағалау субъектісі уəкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту жəне берудің тоқтатылғаны туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесінде (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлама беру тəртібінде, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мəліметтер тізбесінде айқындалған қаржы өнімдеріне тəн тəуекелдер туралы ақпаратты қамтымайтын жарнама жасауына тыйым салынады.»;
18) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру резервтік капиталдың жəне (немесе) бөлінбеген пайданың есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.»;
19) 25-1-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уəкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат берумен бір мезгілде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5 бабында көзделген тəртіппен рұқсаттар мен келісімдер береді.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тəртіппен банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында көзделген тəртіппен бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.»;
20) 25-2-бапта:
1-тармақта:
1), 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банк атауының «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес келмеуі;
2) банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мəртебесін иеленетін микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген белгілердің бірінің болуы түсініледі;»;
3) акционер жеке тұлға не акционер заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы:
оның жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болған;
Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уəкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған жағдайларда жүргізіледі.
Көрсетілген талап уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
5) уəкілетті органның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мəртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;»;
6) тармақша алып тасталсын;
12) жəне 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өтініш берілген күнге жəне құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында осы Заңның 28-бабында көзделген жазбаша нұсқама түрінде қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шарасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде жəне 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін əкімшілік жазалардың болуы;
13) осы Заңның 25-1-бабының талаптарының сақталмауы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Рұқсатты беруге негіз болған анық емес мəліметтер анықталған жағдайда, уəкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат кері қайтарып алынған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уəкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі айдың ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға өзіне берілген рұқсатты уəкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін ерікті түрде қайтаруға құқылы.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға бұрын берілген рұқсаттың жəне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес берілген келісімнің күші жойылды деп есептеледі.»;
21) 25-3-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабына сəйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу;»;
22) 25-4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру туралы хабарландыруды қазақ жəне орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды жəне микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастырады;»;
23) 25-5-баптың 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Микроқаржы ұйымы уəкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уəкілетті органға «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тəртіппен банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
4. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беруден бас тарту «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген жағдайларда жүргізіледі.»;
24) 27-баптың бірінші бөлігінде:
4-1) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды уəкілетті орган халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкестігі, олардың сақталуы мен қолданылуы тұрғысынан, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) қадағалап ден қою шараларын қолданады;»;
7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңның 16-бабының 9-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) жəне 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымының немесе қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы микроқаржы ұйымының құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаның лицензиядан айыру кезіне микроқаржы ұйымы орындамаған микрокредит беру туралы шарттар бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) құқыққа сыйымсыз ұсталған сомаларын қарыз алушы жеке тұлғаларға қайтаруды көздейтін қадағалап ден қою шараларын мəжбүрлеп орындау туралы сотқа талап қоюды береді;
7-2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты тексеру жүргізуге тапсырма береді;»;
25) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Уəкілетті орган микроқаржы ұйымының кредиторлары мен клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына жəне микроқаржы ұйымының қызметіне байланысты тəуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында микроқаржы ұйымына қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы заңдарының жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау;
2) уəкілетті орган бақылау жəне қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уəжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, микроқаржы ұйымының қызметіндегі микроқаржы ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне жəне (немесе) оның кредиторларының жəне (немесе) клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер жəне (немесе) тəуекелдер;
3) уəкілетті органның бақылау жəне қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен қызметкерлерінің өз клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген құқыққа сыйымсыз əрекеттерін немесе əрекетсіздігін анықтауы;
4) уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) əрекеттерін (əрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтін жəне (немесе) олардың микроқаржы ұйымына жəне (немесе) оның клиенттеріне жəне (немесе) кредиторларына залал келтіргенін айғақтайтын əрекеттер (əрекетсіздік) деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша мəліметтерді ұсынбау жəне (немесе) анық емес мəліметтер ұсыну;
6) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну;
7) осы Заңға сəйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
40-тармағы 25) тармақшасының он екінші жəне он үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
40-тармағы 25) тармақшасы он екінші жəне он үшінші абзацтарының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
8) микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) қаржы омбудсманы қызметіне міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
9) микроқаржы ұйымының қаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы.
3. Уəкілетті орган анықталған бұзушылықтарды, оның ішінде уəжді пайымдау пайдаланыла отырып анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында микроқаржы ұйымына:
1) микроқаржы ұйымы қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін қамтамасыз ету;
2) шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын жəне материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру (толық қалыптастыру);
40-тармағы 25) тармақшасы он сегізінші жəне он тоғызыншы абзацтары қолданысы 2026 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
4) ішкі саясат пен рəсімдерді, тəуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді, тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рəсімін қайта қарау;
5) осы Заңның 14-бабында жəне (немесе) уəкілетті органның тəуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету бойынша, оның ішінде микроқаржы ұйымы осы Заңның 14-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан уəкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін шеттеткен жағдайда;
6) микроқаржы ұйымы кредиторларының жəне (немесе) клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді жəне (немесе) жағдайларды жою бойынша талаптар қою арқылы қадағалап ден қою шараларын қолданады.
4. Бір қадағалап ден қою шарасын қолдану басқа да қадағалап ден қою шараларының қолданылуын жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданысын тоқтата тұрмайды жəне тоқтатпайды.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
6. Осы баптың 3-тармағында белгіленген, орындалуы міндетті шараларды қабылдауға микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада уəкілетті органның осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.
Іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері жəне (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін микроқаржы ұйымы өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесі көрсетіле отырып, осы баптың 3-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы уəкілетті орган мен микроқаржы ұйымы арасында жасалған жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның шарттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Жазбаша келісімге микроқаржы ұйымы тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
8. Микроқаржы ұйымы уəкілетті органды жазбаша нұсқамада жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында жəне (немесе) жазбаша келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындау туралы хабардар етуге міндетті.
9. Бұзушылықты жазбаша нұсқамада жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында жəне (немесе) жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы жəне (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзім уəкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, микроқаржы ұйымы уəкілетті органды орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ай сайын, айдың жиырмасыншы күніне дейін хабардар етеді.
10. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде уəкілетті орган осындай бұзушылыққа ұқсас қайта жасалған бұзушылықты анықтаған жағдайда микроқаржы ұйымына осы баптың 11-тармағында көзделген санкциялар қолданылуы мүмкін екендігі туралы уəкілетті органның хабардар етілуі жазбаша ескерту болып табылады.
11. Уəкілетті орган қадағалап ден қоюдың қолданылған шараларына қарамастан, микроқаржы ұйымына осы Заңның 16-бабында белгіленген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияны қолдануға құқылы.»;
40-тармағының 26) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26) 4-1-тарау алып тасталсын;
27) мынадай мазмұндағы 4-2-тараумен толықтырылсын:
«4-2-тарау. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар
29-5-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды құру
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым деп микроқаржы ұйымдарының немесе кредиттік серіктестіктердің немесе ломбардтардың міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, өз мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау үшін құрылған, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізіліміне енгізілген өзін-өзі реттейтін ұйым танылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады жəне қауымдастық (одақ) нысанында құрылады жəне өз қызметін осы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген микроқаржылық қызметтің бір түріне қатысты жүзеге асырады.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысымен, стандарттарымен жəне қағидаларымен, сондай-ақ уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тəртібімен реттеледі.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тəртібі мыналарды:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптарды;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мəліметтерді;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз қызметі барысында пайда болған, сондай-ақ мүшелердің (қатысушылардың) қызметіне қатысты құжаттар мен мəліметтерді микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға немесе уəкілетті органға беру тəртібін белгілейді.
4. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар бір мезгілде микроқаржылық қызмет саласындағы екі жəне одан көп өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) бола алмайды.
5. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым құрамында мүшелері (қатысушылары) ретінде микроқаржы ұйымдарының немесе кредиттік серіктестіктердің немесе ломбардтардың жалпы санының кемінде жиырма бір пайызын біріктіруге тиіс. Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктер мен ломбардтардың жалпы саны уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпараттың негізінде айқындалады.
6. Мүшелік (қатысу) шарттарында біріктіруші микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында:
микроқаржы ұйымдарының атауында «микроқаржы ұйымдарының өзін-өзі реттейтін ұйымы» деген сөздер болуға тиіс;
кредиттік серіктестіктердің атауында «кредиттік серіктестіктердің өзін-өзі реттейтін ұйымы» деген сөздер болуға тиіс;
ломбардтардың атауында «ломбардтардың өзін-өзі реттейтін ұйымы» деген сөздер болуға тиіс.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында «ұлттық», «мемлекеттік», «республикалық» немесе «орталық» деген сөздерді кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы ретінде микроқаржы ұйымдарының атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дəрежеге дейін ұқсас белгілерді пайдалануға жол берілмейді.
7. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі - Өзін-өзі реттеу туралы заң) 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде уəкілетті органға мынадай мəліметтер мен құжаттарды ұсынады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жалпы жиналысы бекіткен жарғының көшірмесі;
2) Өзін-өзі реттеу туралы заңда, осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес əзірленген жəне микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы бекіткен микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тəсілдердің бар екенін растайтын мəліметтер мен құжаттар;
4) атқарушы басқару органының басшысы қол қойған, микроқаржы ұйымдарының немесе кредиттік серіктестіктердің немесе ломбардтардың жалпы санының кемінде жиырма бір пайызын қамтитын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімінен үзінді көшірме;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңға сəйкес өз өкілеттіктерін орындау мүмкіндігін растайтын бюджеті.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптар уəкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын мəліметтер мен құжаттар.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мəліметтер уəкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сəйкес ұсынылады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері болып алқалы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне мүшелері, атқарушы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы басқару органының мүшелері танылады.
29-6-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-1-бабында көзделген талаптардан басқа, мыналарды қамтуға тиіс:
1) кіру жарналары мен мүшелік жарналардың мөлшері жəне (немесе) оларды есептеу тəртібі, төлеу тəртібі;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің кəсіби əдебінің қағидалары;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тəртібі, оның тізбесі, нысандары мен мерзімдері;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-2-бабында көзделген талаптардан басқа:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тəуекелдерді басқару жүйесін басқаруы туралы ережелерді қамтуға тиіс.
Осы тармақшаның талабы мүшелері (қатысушылары) кредиттік серіктестіктер немесе ломбардтар болып табылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қолданылмайды;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауы;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) пруденциялық нормативтерді жəне сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруы туралы ережелерді;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
29-7-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне мыналар жатады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексерулер ұйымдастыру мен жүргізудің микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым белгілейтін тəртібіне сəйкес, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы тұрғысынан оларға тексерулер жүргізу;
2) өз мүшелері (қатысушылары) ұсынатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тəртіппен қарау;
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес өз мүшелері (қатысушылары) ұсынатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын қарау микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне жатқызылған осындай жолданымды бір жұмыс күні ішінде жəне жолданым тіркелген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеуді қамтамасыз етеді, көрсетілген жолданымның көшірмесін өзіне қатысты жолданым берілген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушыларына) жібереді.
Жолданымдарды қарау мерзімі олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Жолданымды қарау нəтижелері бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жазбаша нысанда немесе ақпараттандыру объектілері арқылы не микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тəсілмен жауап жіберуге міндетті.
Өзіне қатысты жолданым берілген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өтініш берушінің жолданымын қарау нəтижелері туралы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде хабар береді.
40-тармағы 27) тармақшасының елу екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қаралуы қаржы омбудсманының құзыретіне жатқызылған қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары бойынша өтініш берушіге жазбаша нысанда немесе ақпараттандыру объектілері арқылы не микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тəсілмен оның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабында көзделген қаржы омбудсманының жолданымдарды қарау тəртібіне сəйкес қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарлауға міндетті;
3) өз мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын қарау;
4) өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық жəне өзге де есептілігін талдауды жүзеге асыру;
5) өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыруда өз мүшелеріне (қатысушыларына) жəрдемдесу;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңның 29-10-бабының 4-тармағында көзделген қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты ықпал ету шараларын қолдану;
7) микроқаржыландыру нарығын одан əрі жетілдіру жəне дамыту бойынша құқық қолдану практикасын қорыту жəне ұсынымдар мен ұсыныстар əзірлеу;
8) өз мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімін жүргізу;
9) мүшелік жарналарды жинау жəне микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастыру.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым:
кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар көрсететін қызметтер мен операциялар бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке тұлғалардың;
микроқаржы ұйымдары жəне кредиттік серіктестіктер көрсететін қызметтер мен операциялар бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы заңды тұлғалардың;
микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын;
40-тармағы 27) тармақшасының алпыс төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
қаралуы қаржы омбудсманының құзыретіне жатқызылмаған өзге де жолданымдарды қарайды.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын уəкілетті орган келіскенге дейін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
29-8. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері осы Заңда, сондай-ақ Өзін-өзі реттеу туралы заңда айқындалады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым:
1) қаржы ұйымдарының акцияларын жəне (немесе) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуға;
2) өзге тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін өзіне тиесілі мүлікті кепілге беруге;
3) өз міндеттемелерінің орындалуын өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүлік кепілімен, сондай-ақ олар берген кепілдіктермен жəне кепілгерліктермен қамтамасыз етуге;
4) кепілгер немесе кепілдік беруші ретінде əрекет етуге құқылы емес.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының басшы қызметкері, оның орынбасары жəне мүшелері:
1) қаржы ұйымдарымен жəне микроқаржылық қызмет саласындағы басқа да өзін-өзі реттейтін ұйымдармен бір мезгілде еңбек қатынастарында жəне өзге де қатынастарда болуға;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) эмитенттері болып табылатын бағалы қағаздарды сатып алуға;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерімен (қатысушыларымен) микрокредит беру туралы шарттар, кепілгерлік немесе кепілдік шарттарын жасасуға құқылы емес.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті қағидалары мен стандарттарын бекітуге жəне оларды уəкілетті органмен келісуге;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелерді (қатысушыларды) қосу туралы жəне одан шығару туралы растайтын құжаттарды бере отырып, шешім қабылданған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органды хабардар етуге;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмейтіні туралы, сондай-ақ оны ауыстыру туралы уəкілетті органды хабардар етуге;
4) уəкілетті органның осы Заңның 29-5-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сəйкес оның басшы қызметкерлерінің тағайындалуын (сайлануын), басқа лауазымға ауыстырылуын немесе еңбек шартын бұзуын (өкілеттіктерін тоқтатуын) қоса алғанда, олардың құрамында болған өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органды хабардар етуге;
5) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша оған жүктелген мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды уəкілетті органға беруге;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мекенжайының (тұрған жерінің), оның ішінде микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның пошта мекенжайының, электрондық пошта мекенжайының, байланыс телефондары нөмірлерінің, интернет-ресурсы мекенжайының өзгергені туралы уəкілетті органды хабардар етуге;
7) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар туралы хабардар етуге;
8) өз мүшесінің (қатысушысының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бұзғаны, сондай-ақ осы Заңның 29-10-бабының 3-тармағына сəйкес өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы уəкілетті органға хабар беруге;
9) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасындағы дауларды қарау жөніндегі орган құру туралы уəкілетті органға хабар беруге;
10) тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін есептілікті уəкілетті органға ұсынуға;
11) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ақпаратты қорғауға қойылатын талаптарын сақтай отырып, орналастыру тəртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленетін ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) жəне 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның уəкілетті органды хабардар етуі (оған хабар беруі) жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өздеріне белгілі болған мəліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды өздері жүзеге асыру барысында алынған мəліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өзінің мүліктік жауапкершілігін жəне өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін мынадай тəсілдердің бірін қолданады:
1) мүшенің (қатысушының) жəне микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) мүліктік жауапкершілікке тарту;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің өзге де тəсілдерін пайдалану.
Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тəсілдерін пайдалану тəртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленеді.
29-9-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары
1. Мыналар микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары болып табылады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия).
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарын қалыптастыру тəртібі, олардың құрылымы, құзыреті жəне өкілеттіктерінің мерзімі, осы органдардың шешімдер қабылдау тəртібі осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жоғары басқару органы болып табылады, ол осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне өзінің жарғысымен өз құзыретіне жатқызылған, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мəселелерін қарауға өкілетті.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тəртіппен жəне кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындау;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды ерікті түрде тарату жəне тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшысын, орынбасарын жəне мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшыларының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру жəне оның өкілеттіктерін тоқтату;
6) алқалы жəне атқарушы басқару органдарының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) жəне мамандандырылған органдардың есептерін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тəртіппен жəне кезеңділікпен бекіту;
7) кіру жарнасы мен мүшелік жарналардың мөлшерін белгілеу;
8) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тəсілдерін айқындау;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына жəне микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына сəйкес өзге де шешімдер қабылдау.
4. Егер микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жартысынан көбі қатысса, жиналыс өз құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқықты.
5. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері - жалпы жиналысқа қатысатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) дауыстары санының көпшілік дауысымен немесе ол сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) дауыстарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
6. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу тəртібі, отырыстардың күн тəртібін қалыптастыру тəртібі, дауыс беруді өткізу шарттары мен тəртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
7. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға басшылық етуді микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында сайланған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы жүзеге асырады.
Алқалы басқару органының сандық құрамы, оны қалыптастырудың, оның қызметінің, шешімдер қабылдауының, өкілеттіктерін тоқтатудың тəртібі мен шарттары микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
8. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының құзыретіне мыналар жатады:
1) мəселелерді микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының қарауына шығару;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) болып кіру жəне микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді жəне олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін бекіту, оған өзгерістер енгізу;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекіту жəне оларға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген өзге де мəселелер.
Алқалы басқару органы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) өкілдерінің, сондай-ақ тəуелсіз мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің саны кемінде жеті адамды құрауға тиіс.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйыммен немесе оның мүшелерімен еңбек қатынастары жоқ адамдар тəуелсіз мүшелер болып саналады. Тəуелсіз мүшелер микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің кемінде бестен бірін құрауға тиіс.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының əрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.
Алқалы басқару органының мүшесі өзі акционері (қатысушысы), қызметкері болып табылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесіне (қатысушысына) қатысты мəселелер бойынша дауыс бере алмайды.
9. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жұмысын ұйымдастырады, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды жəне жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін білдіреді;
4) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының жəне оның алқалы басқару органының құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Бақылау органы (ревизиялық комиссия) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның органы болып табылады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына есеп береді жəне оның бақылауында болады.
Бақылау органының (ревизиялық комиссияның) есептерін ұсыну тəртібі мен мерзімдері микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
29-10-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеру:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауын бақылау мақсатында;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы шағым түскен кезде;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) тексеру жүргізу туралы уəкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтамағаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде міндетті түрде жою туралы талап қою;
2) жазбаша нысанда ескерту шығару;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тізілімнен шығару;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген ықпал ету шараларын қолдану тəртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
29-11-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі жəне оларды тізілімнен шығару
1. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінде қамтылған мəліметтер ашық мəліметтер болып табылады, олар уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады жəне жаңартылып отырады.
Осы Заңның 29-5-бабы 5-тармағының талаптарына сəйкес келетін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым туралы мəліметтер «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес хабарлама негізінде микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізіледі.
3. Мыналар микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды тізілімнен шығаруға негіз болып табылады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды тізілімнен ерікті түрде шығару, тарату немесе біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) Өзін-өзі реттеу туралы заңның 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде жəне осы Заңның 29-5-бабының 7-тармағында көзделген құжаттарды екі ай ішінде ұсынбау;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
4) уəкілетті органның жазбаша нұсқамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;
5) уəкілетті органға есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) ұсынбау жəне (немесе) анық емес есептілікті ұсыну;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде осы Заңның 29-5-бабының 5-тармағында белгіленген талапқа сəйкес келмеуі.
4. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде мұндай коммерциялық емес ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне ие бола алмайды.
5. Тізілімнен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылған микроқаржы ұйымдарына қатысты оның осы Заңның 29-7-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларында жəне 29-10-бабында белгіленген оның функциялары микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күннен бастап тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзге өзін-өзі реттейтін ұйымға ауысады, ал жұмыс істеп тұрған тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда микроқаржы ұйымы тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген жəне микроқаржылық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күнге дейін уəкілетті органның бақылауы мен қадағалауында қалады.
6. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайда, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелері (қатысушылары) жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы құқықтық қатынастардан қалыптасқан жəне туындайтын барлық құжат пен мəліметті мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) кірген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға, ал жұмыс істеп тұрған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уəкілетті органға беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мəліметтер уəкілетті органға берілген кезде уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі (қатысушысы) мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарынан туындайтын мүліктік сипаттағы өзге де міндеттемелерді атқармайды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді беру тəртібі осы Заңның 29-5-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіде белгіленеді.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген материалдарды беру жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тізілімнен шығарылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
29-12. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары жəне оларды қолдану негіздері
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметіне қойылатын талаптарын, қағидалар мен стандарттарды сақтамаған кезде, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз əрекеттері немесе əрекетсіздігі анықталған кезде уəкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.
Ықпал ету шаралары деп орындалуы міндетті жазбаша нұсқама мен санкциялар түсініледі.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға бағытталған орындалуы міндетті шараларды қабылдауға берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада уəкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамалары, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапты басшы қызметкерлері көрсетіледі.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
3. Жазбаша нұсқама уəкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерін шеттету жəне (немесе) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңның 29-7-бабында көзделген барлық функциясының немесе олардың бір бөлігінің атқарылуын тоқтата тұру туралы талап жіберуге құқылы.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері шеттетілген жағдайда оны алмастыру тəртібі мен міндеттерді орындау мерзімдері микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
4. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға осы Заңның 29-11-бабы 3-тармағының 2), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару түріндегі санкцияны қолдануға құқылы.
29-13. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату
1. Микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігін (қатысуын) ерікті түрде тоқтату микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады;
2) микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
3) микроқаржы ұйымын лицензиядан айыру уəкілетті орган осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
4) микроқаржы ұйымын тарату осы Заңға сəйкес микроқаржы ұйымы таратылған күннен бастап жүзеге асырылады;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мынадай:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) сақтамаған;
2) мүше (қатысушы) мүшелік жарналарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) төлемеген;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау үшін мүше ұсынған құжаттарда анық емес мəліметтер анықталған жағдайда микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Микроқаржы ұйымы өзінің микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуына байланысты төлеген кіру жарнасы мен мүшелік жарналар микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуы тоқтатылған кезде қайтарылуға жатпайды.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту немесе оның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешіміне, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), оның мүшелеріне (қатысушыларына) кандидаттың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға болады.»;
40-тармағының 28) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
28) 31-1-бап алып тасталсын.
41. «Оңалту жəне банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеген кезде осы Заңның 104-1-бабына сəйкес қанағаттандырылған кепілді кредиторлар талаптарының мөлшері ескерілмейді.»;
2) 15-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уəкілетті орган оңалтуды, банкроттықты басқарушыларды жəне өзі тағайындаған жағдайда уақытша басқарушыны шеттетеді;»;
3) 25-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «хабар беру тəсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.» деген сөздер «хабар беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта арқылы кредиторға кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторлар жиналысын өткізу туралы мəтіндік хабарламаны жіберу тəсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде хабардар ету тəсілі ретінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық поштаға осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде хабарламаның жөнелтілу фактісі тиісінше хабардар ету болып есептеледі.»;
4) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Əкімші кредиторлар комитетінің отырысын өткізу туралы хабарламаны отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай тəсілдердің бірімен:
пошта арқылы тапсырысты хатпен;
кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта арқылы жібереді.
Бұл ретте кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде хабардар ету тəсілі ретінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық поштаға осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде хабарламаның жөнелтілу фактісі тиісінше хабардар ету болып есептеледі.
Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырған кезде кредиторлар жиналысының отырысын өткізу туралы хабарлама осы бапта көзделген тəртіппен жіберіледі.»;
5) 48-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер өтініш банкроттық рəсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе банкроттық рəсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл өткенге дейін берілсе, сот банкроттық рəсімін қолдану туралы борышкер бастамашылық жасаған өтінішті қайтарады.»;
6) 63-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер борышкерде салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша кредитордан басқа өзге кредиторлар болмаса, оңалту рəсімі қолданылмайды.»;
7) 84-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «жəне» деген сөзден кейін «қайта ұзарту мерзімінен кейін есепке жазылған» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 89-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы «тану туралы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуін жарамсыз деп тану туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысымен келісілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, сотқа қорытынды есепті жəне тарату балансын бекіту үшін ұсынуға;»;
9) 99-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банкроттың мүлкін, сондай-ақ банкроттың кəсіпорнын тікелей сату кезінде кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге талаптары қанағаттандырылмаған барлық кредиторлар жиналысқа қатысқан жағдайда кредиторлар жиналысы заңды болып табылады.
Кредитор кредиторлар жиналысының өткізілу уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етіле отырып, оған дəлелді себепсіз екі рет келмеген жағдайда, кредиторлар жиналысы мұндай кредитордың қатысуынсыз заңды болып есептеледі.
Кредиторлар жиналысы заңды болған кезде кредиторлар жиналысының күн тəртібіне енгізілген мəселені қарауды ауыстыруға жол берілмейді.
Сату шарттары, сондай-ақ сатып алушы жəне онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауызды шешімімен айқындалады.»;
41-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 100-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Екінші кезекте осы Заңның 104-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда кепілді кредиторлардың талаптары, банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуының нəтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкроттың орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған жəне орындамаған мəмілелердің салдарынан туындаған талаптары жəне кредиторлардың мүлік кепілімен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері бойынша талаптары қанағаттандырылады.»;
11) 104-1-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы бапта белгіленген тəртіп:
1) талаптары банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нəтижесінде туындаған кредиторларға;
41-тармағы 11) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) мүлік кепілімен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері бойынша кредиторларға қолданылмайды.».
12) 109-баптың 2-тармағы «3-тармағына» деген сөзден кейін «жəне 11-бабының 4-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын.
42. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы сегізінші абзацындағы «Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын қызметте;» деген сөздер «Ұлттық пошта операторы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға берген, сондай-ақ Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жəне (немесе) көрсетілген активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде осы акционерлік қоғам жүзеге асыратын қызметте;»;
2) 34-баптың 5-1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы оған исламдық банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезден бастап тоқтатылады;»;
3) 35-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексеруді аяқтағанға жəне ол анықтаған бұзушылықтар бойынша шешімдер қабылдағанға дейін лицензияның жəне лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтатуға жол берілмейді.»;
4) 45-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Рұқсаттың жəне (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру бұзушылық (бұзушылықтар) жасауға ықпал еткен себептерді жəне (немесе) жағдайларды жою мақсатында жүзеге асырылады.»;
5) 1-қосымшада:
53-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 53. | Банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (базалық, əмбебап):
| 1. Банк операциялары: 1) заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; 2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; 3) банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының корреспонденттік шоттарын ашу жəне жүргізу; 4) жеке жəне заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу жəне жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдар мен бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі; 5) аударым операциялары: жеке жəне заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау; 6) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды жəне сақтауды қоса алғанда, оны қабылдау жəне беру; 7) шетел валютасымен қолма-қол жəне (немесе) қолма-қол емес айырбастау операциялары; 8) банктік қарыз операциялары: ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда банктік қарыздар беру (банкаралық қарыздарды қоспағанда); 9) аккредитивті ашу (ұсыну) жəне растау жəне ол бойынша міндеттемелерді орындау; 10) ақшалай нысанда орындауды көздейтін банк кепілдіктерін беру (банкаралық кепілдіктерді қоспағанда); 11) ақшалай нысанда орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін банк кепілгерліктерін жəне өзге де міндеттемелерді беру (банкаралық кепілгерліктерді қоспағанда); 12) банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау; 13) есепке алу операциялары: жеке жəне заңды тұлғалардың вексельдерін жəне өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); 14) инкассоға төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) қабылдау; 15) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдарды (депозиттерді) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу жəне жүргізу; 16) салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй, аралық тұрғын үй жəне алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру; 17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтаушы салымшылардың салымдарын қабылдау, банктік шоттар ашу жəне жүргізу жəне оларға тұрғын үй қарыздарын беру (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 18) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 19) тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 20) жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есептеу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 21) тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) білім беруге ақы төлеу мақсатында жеке тұлғалардың нысаналы жинақтау төлемдерін есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 22) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған білім беру жинақтау салымынан жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 23) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беру (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 24) қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен айырбастау операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін). 2. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар: 1) факторингтік операциялар: төлем жасамау тəуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру; 2) лизингтік қызметті жүзеге асыру; 3) сенімгерлік операциялар: құрылтайшы көрсеткен тұлғаның мүддесі үшін сенімгерлік басқару құрылтайшысының тапсырмасы бойынша банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша ақшаны, тазартылған бағалы металдарды, құқықтарды (талаптарды) басқару; 4) сейфтік операциялар: сейф жəшіктерін, шкафтарды, үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжат нысанында шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер; 5) құймалардағы тазартылған бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобындағы металдар), бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау жəне сату; 6) құрамында бағалы металдар жəне (немесе) асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау жəне сату; 7) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельге ақы төлеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну, домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тəртіппен жасалған вексельдер акцепті; 8) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу; 9) банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар; 10) сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқарудың сенімгерлік операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 11) жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу жəне денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілеріне, əлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 12) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін). | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рəсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
42-тармағы 5) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
54-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 54. | Бағалы қағаздар нарығындағы жəне цифрлық активтер нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. Кастодиандық қызмет 2. Бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет 3. Қаржы құралдарымен мəмілелер жөніндегі клирингтік қызмет 4. Трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру 5. Брокерлік қызмет 6. Дилерлік қызмет 7. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет: 1) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры); 2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рəсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 57. | Исламдық банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. Жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу жəне жүргізу. 2. Ислам банкінің депозиттерін қабылдау: жеке жəне заңды тұлғалардың талап етуіне дейін пайызсыз депозиттерді қабылдау; жеке жəне заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау. 3. Банктік қарыз операциялары: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарында жəне сыйақыны өндіріп алусыз ақшалай нысанда кредиттер беру (банкаралық қарыздарды қоспағанда). 4. Коммерциялық кредитті: тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шартынсыз; тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарында беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке жəне заңды тұлғаларды банктік қаржыландыру. 5. Заңды тұлғалардың капиталына қатысу жолымен жəне (немесе) əріптестік шарттарында өндірістік қызметті жəне сауда қызметін банктік қаржыландыру. 6. Лизинг (жалдау) шарттарындағы банктік инвестициялық қызмет. 7. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезіндегі агенттік қызмет. | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рəсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
6) 2-қосымшада:
42-тармағы 6) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 84-3 жəне 84-4-жолдармен толықтырылсын:
«
| 84-3. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне енгізу | Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген цифрлық қаржы активтерімен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынуына рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама | |
| 84-4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізу | Цифрлық активтердің сауда платформасы операторының «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген цифрлық қаржы активтерімен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынуына рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама |
»;
87-13-жол алып тасталсын;
242, 248 жəне 249-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 242. | Банкке еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына немесе банктің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган Басқармасының банкке еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына немесе банктің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рəсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
«
| 248. | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат беру | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рəсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің жəне 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
| 249. | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рəсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің жəне 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
».
43-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
43. «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Аударымдар жəне (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде аударымдар жəне (немесе) жарналар жүргізілетін қызметкерлердің тізімін хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.».
44. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған адамдар Ұлттық пошта операторының басшы қызметкерлері болып табылады.».
45. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 10-1), 10-2) жəне 38-1) тармақшалармен толықтырылсын:
45-тармағы 1) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«8-1) ашық банкинг жүйесі - ақпараттық жүйеге қатысушылардың клиенттерін сəйкестендіруді, олардың көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің электрондық банк қызметтерін көрсетуіне келісімдерін жинауды, сақтауды жəне өңдеуді, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін авторландырылған берушілердің тізілімін жүргізуді жəне олардың арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
8-2) ашық банкинг жүйесінде көрсетілетін төлем қызметтерін авторландырылған беруші (бұдан əрі - көрсетілетін төлем қызметтерін авторландырылған беруші) - ашық банкинг жүйесіндегі қауіпсіздік, қорғау жəне ақпарат алмасу режимі жөніндегі талаптарға сəйкестігіне аккредиттеуден өткен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;»;
«10-1) банкаралық мобильді төлемдер жүйесі - операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын, өз қатысушыларының клиенттері арасында мобильді қосымшалар арқылы, оның ішінде штрих-кодты, биометриялық аутентификациялау құралдарын пайдалана отырып, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
10-2) банкаралық төлем карточкалары жүйесі - Қазақстан Республикасының резиденттері екінші деңгейдегі банктер жəне операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын операциялар бойынша өңдеу мен клирингті қоса алғанда, банкаралық төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;»;
«38-1) Сəйкестендіру деректерімен алмасу орталығы - клиенттерді сəйкестендіру, оның ішінде биометриялық аутентификациялау рəсімдерін жүргізу үшін клиенттердің қолжетімді көздерден алынған деректерімен алмасу бойынша қаржы жəне төлем ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) төлем жүйесіне қатысушы - төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда жəне тəртіппен - төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан төлем ұйымы;»;
мынадай мазмұндағы 62-1), 62-2), 62-3), 62-4), 62-5), 62-6), 62-7), 62-8), 62-9), 62-10) жəне 62-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«62-1) ұлттық төлем жүйесі - операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын, олардың қатысушылары арасында төлемдер мен ақша аударымдарын теңгемен жүргізуге арналған төлем жүйелерінің жиынтығы;
62-2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы - ұлттық төлем жүйесінің, цифрлық теңге платформасының, ашық банкинг жүйесінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының, инфрақұрылым құрауыштары болып табылатын Сəйкестендіру деректерімен алмасу орталығының жəне инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ілеспе ақпараттық жүйелер мен технологиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын басқа да құрауыштардың жиынтығы;
62-3) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталық (бұдан əрі - ұлттық банкаралық орталық) - ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық жəне өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы;
45-тармағы 1) тармақшасының он төртінші - жиырма бірінші абзацтары 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
62-4) цифрлық теңге - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының цифрлық нысаны жəне заңды төлем құралы;
62-5) цифрлық теңгені бағдарламалау технологиясы (бұдан əрі - цифрлық теңгенің смарт-келісімшарты) - цифрлық теңгені айналысқа жіберудің, пайдалану мен өтеудің қағидаларын, шарттарын жəне өлшемшарттарын белгілеу;
62-6) цифрлық теңгені таңбалау - цифрлық теңгені одан əрі сəйкестендіру мақсатында оған бірегей əріптік-цифрлық немесе графикалық белгілер беру;
62-7) цифрлық теңге платформасы - эмитенттің (оператордың), цифрлық теңге платформасына қатысушылардың жəне цифрлық теңге платформасын пайдаланушылардың өзара іс-қимыл жасауы арқылы осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жəне операциялардың өзге де түрлерін цифрлық теңгені пайдалана отырып жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық- техникалық құралдар мен қатынастардың жиынтығы;
62-8) цифрлық теңге платформасына қатысушы - цифрлық теңге платформасын пайдаланушылардың цифрлық шоттарына қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші немесе өзге де заңды тұлға;
62-9) цифрлық теңге платформасын пайдаланушы - цифрлық теңгемен операциялар жасау мақсатында цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық теңге платформасына қолжетімділікке ие жеке тұлға, оның ішінде дара кəсіпкер, заңды тұлға;
62-10) цифрлық теңге платформасының операторы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
62-11) цифрлық шот - цифрлық теңге иелерінің оған билік етуін қамтамасыз ететін, цифрлық теңге платформасында цифрлық теңгені есепке алу жəне онда сақтау тəсілі;»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1-тарау. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы
4-2-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері, жұмыс істеу қағидаттары жəне құрауыштары
1. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері:
1) ұлттық төлем жүйесі арқылы банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын, мобильді төлемдерді, цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операцияларды жүргізу кезінде банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
2) қаржы жəне төлем ұйымдарының клиенттерін биометриялық аутентификациялауды жүргізу;
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша жəне өзге де төлем транзакцияларына қатысушылар арасында деректер алмасу арқылы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасауға жəрдемдесу;
4) екінші деңгейдегі банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, банкаралық төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында өңдеу;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ашық бағдарламалық интерфейстер бойынша ақпарат алмасу үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету;
6) қаржы нарығы мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығына қатысушы клиенттердің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілерге деректерді беруіне келісімдерін жинау, сақтау жəне өңдеу.
2. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мынадай қағидаттармен жұмыс істейді:
1) қатысушылардың ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарына тең жəне ашық түрде қол жеткізуі;
2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қаржы нарығы мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығында инновацияларды дамытуға жəне бəсекелестікті ынталандыруға жəрдемдесу.
3. Мыналар ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштары болып табылады:
1) ұлттық төлем жүйесі;
2) ашық банкинг жүйесі;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы;
4) Сəйкестендіру деректерімен алмасу орталығы;
5) цифрлық теңге платформасы;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын өзге де құрауыштар.
4. Сəйкестендіру деректерімен алмасу орталығының жұмыс істеу жəне қызметтер көрсету тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық банк қызметтерін көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
45-тармағы 2) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5. Электрондық банктік көрсетілетін қызметтерді мобильді қосымшалар жəне (немесе) қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы ұсынатын екінші деңгейдегі банктер банкаралық мобильді төлемдер жəне ақша аударымдары, цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операциялар, клиенттерді қашықтан биометриялық аутентификациялау, көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің төлем қызметтерін көрсетуіне клиенттердің келісімдерін өңдеу бойынша клиенттерге қызметтер көрсету үшін ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарын пайдалануға міндетті.
4-3-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының операторы
1. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарын айқындайды;
2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы құрауыштарының жұмыс істеу жəне оларды басқару қағидаларын, ерекшеліктерін бекітеді;
3) қатысушылардың ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысу жəне олардың құрауыштарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарын айқындайды, сондай-ақ ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылардың оларды сақтауын қамтамасыз етеді;
4) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік шараларын іске асырады;
5) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштары шеңберінде қатысушылар арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
6) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылармен шарттар жасасады;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде жəне ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жекелеген құрауыштары операторының функцияларын орындауды ұлттық банкаралық орталыққа жүктеуге құқылы.
4-4-бап. Ұлттық төлем жүйесі
1. Ұлттық төлем жүйесі ақша аударымдарының банкаралық жүйесінен, банкаралық клиринг жүйесінен жəне операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын басқа да төлем жүйелерінен тұрады.
2. Ұлттық төлем жүйесі:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатының операциялары бойынша төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдарын жүргізуді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақшаны пайдалана отырып, қаржы ұйымдары арасында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін төлем жүйелерінің қағидаларында айқындалған осы төлем жүйелеріндегі клирингтің нəтижелері бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының резиденттері екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, өңдеу мен клирингті қоса алғанда, банкаралық төлем карточкалары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында банкаралық төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
5) банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысушылардың клиенттері арасында лездік мобильді төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға бағытталған.
45-тармағы 2) тармақшасының қырық төртінші абзацы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің ұлттық төлем жүйесіне қатысу шарттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
45-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 4-1 жəне 14-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысушылардың өз клиенттері үшін электрондық төлем құралдарын, мобильді қосымшаларды жəне (немесе) штрих-кодты пайдалана отырып, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын қамтамасыз ететін басқа төлем жүйелерінде осы қатысушылар ұсынатын ұқсас көрсетілетін төлем қызметтеріне арналған тарифтерден асатын осы жүйеде операциялар жасауға арналған тарифтерді белгілеуіне тыйым салынады.»;
«4-1. Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, ол көрсететін қызметтерге арналған тарифтерді, сондай-ақ оларды жүйеге қатысушылармен келісу тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.»;
«14. Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын электрондық төлем құралдарын, мобильді қосымшаларды жəне (немесе) штрих-кодты пайдалана отырып банкаралық төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын қамтамасыз ететін төлем жүйелеріне қатысушылардың клиенттерге банкаралық төлем қызметтерін көрсету тəртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
45-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 12-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «банктік» деген сөзден кейін «жəне (немесе) цифрлық» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «есепке жатқызу» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) цифрлық шотты толықтыру» деген сөздермен толықтырылсын;
45-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 13-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Клиенттің банктік жəне (немесе) цифрлық шотына қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші клиенттің банктік жəне (немесе) цифрлық шоттарының бар екені, нөмірі жəне банктік жəне (немесе) цифрлық шоттары бойынша операциялар туралы ақпаратты бұйрық бойынша жəне клиенттің сəйкестендіру құралдары арқылы расталған келісімімен үшінші тұлғаларға беруге тиіс.»;
6) 16-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді (дипломның (дипломдардың) жəне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтініш;
2) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) жарғы;
4) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжат;
5) штатта ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді əкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жəне комплаенс-бақылау қызметі басшысының немесе комплаенс-бақылау жүргізу жүктелетін өзге де адамның бар екенін (жұмысқа қабылданғанын) растайтын мəліметтер мен құжаттар;
6) төлем ұйымдары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары;
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
3-тармақтағы «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлем ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілетін төлем қызметтері туралы мəліметтерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) ұсынбаған;
2) төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдауға əсер ететін көрсетілетін төлем қызметтері туралы анық емес мəліметтерді не осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мəліметтерді ұсынған;
3) Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы жəне (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзған;
4) төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген төлем ұйымы қатарынан күнтізбелік алты ай бойы төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;
5) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген мəн-жайлар анықталған;
6) төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енген;
7) төлем ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мəліметтер Бизнес-сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген;
8) төлем ұйымы қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады. Бұл ретте төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындайды. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелердің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;
9) төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексеру жүргізуге кедергі келтірген не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқамаларын орындамаған;
10) төлем қызметтерін көрсетуден бас тарту көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, мұндай бас тарту болғанда төлем ұйымының өтініші келіп түскен;
11) осы Заңның талаптарына сəйкес төлем ұйымдары үшін тыйым салынған қызметті жүзеге асырған жағдайларда, төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады.»;
8) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай:
1) банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оны лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған;
2) төлем ұйымы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдары тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде осы төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының бұрын атқарушы органының басшысы, төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған;
3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамды төлем ұйымының атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.»;
9) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары
Мыналарды:
1) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адамдарды;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі;
3) уəкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған;
4) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, ірі қатысушы заңды тұлғасының ірі қатысушысы не бірінші басшысы жəне (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған;
5) тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар адамдарды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар жəне заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.»;
45-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) 25-бапта:
3-тармақ 5) тармақшадағы «пайдалану тəсілдерімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) цифрлық теңгені беру (аудару) тəсілдерімен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Цифрлық теңге пайдаланыла отырып жүргізілетін төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен цифрлық шоттар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі «банктік» деген сөзден кейін «жəне (немесе) цифрлық» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-2-тармақпен толықтырылсын:
«10-2. Мобильді қосымшалар жəне (немесе) қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, оның ішінде штрих-кодты пайдалана отырып, көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынатын екінші деңгейдегі банктер клиент жеке тұлғалардың нұсқаулары бойынша банкаралық мобильді төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін банкаралық мобильді төлемдер жүйесімен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.»;
11-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кəсіпкерлер жəне (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкалары пайдаланыла отырып төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды жəне қолдануды жəне банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде клиент дара кəсіпкерлерге жəне (немесе) заңды тұлғаларға төлем карточкалары пайдаланыла отырып төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнататын банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған формат бойынша штрих-код қалыптастыра отырып, төлемдерді банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген қызмет түрлерінің жəне төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға жəне банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;»;
11) 25-1-бапта:
2-1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) прокурор келіскен, қылмыстық қудалау органының транзакцияны алаяқтық транзакция деп тану туралы қаулысында көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тəртібі айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар антифрод-орталықтың қызметіне қатысушы тұлғалар болып табылады:
1) қаржы ұйымдары;
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынатын төлем ұйымдары;
3) ұялы байланыс операторлары;
45-тармағы 11) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) кредиттік бюролар;
5) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган;
8) қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімімен айқындалатын өзге де тұлғалар.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары туралы дерекқорда болған бенефициардың пайдасына төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы клиенттің алдында жауапты болады жəне оған ақшасын өтейді.»;
45-тармағының 12) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
12) 26-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) клиенттің орталық депозитарийде ашылған банктік шоты немесе оның қызмет көрсетуді орталық депозитарий жүзеге асыратын цифрлық теңге платформасындағы цифрлық шоты бойынша;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы құралдарымен жасалатын мəмілелер (операциялар) бойынша есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңге платформасында ашылған жəне орталық депозитарий қызмет көрсететін цифрлық шоттардағы цифрлық теңге пайдаланыла отырып та жүзеге асырылуы мүмкін.»;
13) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктік шот ашу арқылы қашықтан іскерлік қатынастар орнату кезінде клиенттерді биометриялық аутентификациялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сəйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы жүзеге асырылады.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі 12) тармақшасындағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, банктердің орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі «банктік шотындағы ақшаға,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, банктердің орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы ақшасына жəне (немесе) бағалы қағаздарына,» деген сөздермен толықтырылсын;
45-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14) 29-баптың 12-тармағы «корреспонденттік шот» деген сөздерден кейін «жəне цифрлық шот» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 32-баптың 6-тармағы үшінші бөлігіндегі «Бұл ретте ақша жөнелтушінің ағымдағы шотында» деген сөздер «Ағымдағы шотта» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар
Төлем карточкаларымен жасалатын операцияларға мыналар жатады:
1) төлем карточкасын шығару, төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып жасалатын төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары, оның ішінде қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға жəне (немесе) төлем карточкасының эмитенті айқындаған басқа да операцияларға байланысты операциялар;
2) қол жеткізу төлем карточкасы арқылы, оның ішінде балама сəйкестендіргішті пайдаланумен қамтамасыз етілетін банктік шотты пайдалана отырып жасалатын төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары;
3) төлем карточкаларымен операцияларды технологиялық жағынан қолдау, оның ішінде төлемге қатысушылардың деректерін жинау, өңдеу, сақтау, оларды аутентификациялау жəне осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген операциялар бойынша есеп айырысуға қатысушыларға ақпаратты тарату;
4) осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген операцияларға қатысушылар арасындағы клиринг жəне есеп айырысу;
5) осы тармақтың 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларында аталған көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды, сондай-ақ төлем жүйесіне қатысушы мен оператор арасындағы, төлем карточкалары бойынша операцияларды өңдеуді қамтамасыз ететін төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы комиссияларды төлеу.»;
17) 41-баптың 1-тармағындағы «жəне төлемдер клирингі» деген сөздер «мен олардың клирингін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелері тізіліміне енгізілген төлем жүйесінің операторы жүзеге асырады жəне ол» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармағының 18) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
18) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Цифрлық теңге
41-1-бап. Цифрлық шот
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне цифрлық теңге платформасының өзге де қатысушылары клиентпен цифрлық шот шарты жасалғаннан кейін клиенттің цифрлық шот ашуға өтінімі негізінде цифрлық теңге платформасында цифрлық шот ашады.
Цифрлық теңгені айналысқа жіберу, цифрлық шоттар ашу жəне жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңге платформасында жүзеге асырылады.
Цифрлық теңге платформасының операторымен жасалған шарттың негізінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, орталық депозитарий, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер мен заңды тұлғалар цифрлық теңге платформасына қатысушылар бола алады.
Цифрлық шот ашуға өтінімнің нысаны, цифрлық шот шартының мазмұнына қойылатын талаптар жəне цифрлық шотты ашу кезінде оның иесіне берілетін жеке сəйкестендіру кодының форматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында айқындалады.
Цифрлық шотқа қызмет көрсету цифрлық шоттың иесіне төлемдер мен аударымдарды жəне цифрлық шотты пайдалана отырып жасау үшін қолжетімді операциялардың өзге де түрлерін жасауға арналған ақпараттық ресурстар (жүйелер) арқылы цифрлық шотқа қолжетімділік беруді қамтиды.
2. Цифрлық шот бойынша мынадай операциялар орындалады:
1) цифрлық теңгені цифрлық шотқа қабылдау (есепке жазу), оның ішінде цифрлық шот шартында көзделген талаптарда цифрлық шотты алынған қаражаттың орнына баламалы сомамен толықтыруды жүзеге асыру;
2) цифрлық теңгені цифрлық шот шартында көзделген тəртіппен цифрлық шоттардың өзге иелерінің пайдасына аударуды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарының жəне таңбаланған цифрлық теңгенің жұмыс істеу режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының банктік шоттардағы ақшаға қатысты заңдарында көзделген негіздер бойынша үшінші тұлғалардың цифрлық теңгені алып қою туралы нұсқауларын орындау;
4) цифрлық шот шартында көзделген талаптарда клиенттің нұсқауы бойынша клиентке немесе үшінші тұлғаға қолма-қол ақшаны берудің немесе олардың банктік шотын баламалы сомамен толықтырудың орнына цифрлық шоттан цифрлық теңгені алып қою;
5) цифрлық шот иесінің талабы бойынша цифрлық шот шартында көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде клиенттің цифрлық шоттағы цифрлық теңгесінің сомасы жəне жүргізілген операциялар туралы ақпарат беру;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында жəне (немесе) цифрлық шот шартында көзделген клиентке өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
Цифрлық теңгенi пайдалана отырып жасалатын төлемдер мен аударымдар цифрлық шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
Жинақ цифрлық шоттарды ашуға жол берілмейді.
3. Цифрлық теңге платформасына қатысушы мен цифрлық шот иесі арасындағы шартта мыналар:
1) цифрлық теңгені пайдалану, сатып алу, цифрлық шоттың цифрлық теңгесімен толықтыру жəне цифрлық шоттан цифрлық теңгені шығарып алу шарттары туралы;
2) цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операцияларға қызмет көрсету кезінде комиссиялық сыйақы алудың мөлшері мен тəртібі туралы;
3) клиенттің цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушымен байланысуға арналған ақпаратты қоса алғанда, наразылықтар білдіру тəсілдері мен оларды қарау тəртібі туралы;
4) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Цифрлық теңге платформасына қатысушы клиенттің цифрлық шотына қызмет көрсету үшін қажетті қосымша шарттар көздеуі мүмкін.
4. Цифрлық теңге платформасына қатысушының цифрлық шот иесімен жасалған шартта белгіленген мөлшерлер шеңберінде цифрлық шот иелерінің операцияларына қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы алуына жол беріледі.
Цифрлық теңге платформасына қатысушылардың цифрлық шот иелерінің операцияларына қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақысының түрлері мен шекті мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында белгіленеді.
5. Цифрлық теңге платформасына қатысушы цифрлық шот шартының талаптарына сəйкес цифрлық шотқа санкцияланбаған қол жеткізудің немесе цифрлық теңге платформасына қатысушының ақпараттық ресурсы (жүйесі) арқылы цифрлық шотқа қол жеткізу арқылы оны санкцияланбаған пайдаланудың, сондай-ақ цифрлық теңге платформасына қатысушының бағдарламалық қамтылымының жұмыс істеуіндегі қателердің немесе іркілістердің салдарынан цифрлық шоттың иесіне келтірілген залал үшін цифрлық шот иесінің алдында жауапты болады.
6. Цифрлық теңге платформасына қатысушы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес алаяқтықты жəне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ оларды болғызбау жөніндегі шараларды қабылдайды.
Цифрлық теңге платформасына қатысушы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мəліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органға береді.
7. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, цифрлық шоттарға қатысты клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою, қаражатқа билік етуге тыйым салу мен шектеулер бөлігінде осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының банктік шоттарға қатысты қолданыстағы ережелері қолданылады.
Цифрлық шотты жабу осы Заңның 28-бабының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
8. Цифрлық теңге платформасына қатысушы цифрлық теңгенің иелері мен оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалған операциялар туралы мəліметтерді тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабында көзделген негіздер бойынша жəне шектерде ұсынады.
41-2-бап. Цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру мақсатында цифрлық теңге платформасына қатысушыларға цифрлық шоттар ашады, цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларын белгілейді, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады жəне цифрлық шоттарды ашу жəне оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды қоса алғанда, цифрлық теңге платформасының операциялық жəне технологиялық функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасына жүктеуге құқылы.
Цифрлық теңгені есепке алу жəне сақтау қаражатқа билік етуге мүмкіндік беретін сыртқы электрондық жеткізгіштерде де жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Цифрлық теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен цифрлық теңгенi шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында айқындалған тəртіппен халықаралық төлемдер мен ақша аударымдарында пайдаланылуы мүмкін.
3. Цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңгені шығару мен өтеуді жүзеге асыруының тəртібі мен шарттары;
2) цифрлық теңге платформасына қатысушылар мен цифрлық шоттардың иелеріне қойылатын талаптар;
3) цифрлық теңге платформасына қатысушының цифрлық шоттарға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтату шарттары;
4) цифрлық шотқа қолжетімділік беру, цифрлық шотқа қолжетімділікті тоқтата тұру, қайта бастау жəне тоқтату тəртібі;
5) цифрлық теңгені есепке алу, сақтау жəне оған билік ету құралы ретінде сыртқы электрондық жеткізгіштерді пайдалану шарттары мен тəртібі;
6) цифрлық теңгемен жасалатын операциялардың түрлері жəне оларды жасау тəртібі;
7) цифрлық теңгені таңбалаудың жəне цифрлық теңгені пайдалану кезінде цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарын қолданудың, сондай-ақ оларды алудың тəртібі мен шарттары;
8) таңбаланған цифрлық теңге мен цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарын пайдалану жəне олардың қолданылу ерекшеліктері;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңге платформасының тəуекелдерін жəне үздіксіз жұмыс істеуін басқару тəртібі;
10) цифрлық теңге платформасы мен цифрлық теңге платформасына қатысушылардың ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
11) цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де талаптар мен ережелер қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгемен операциялар жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, цифрлық теңге платформасына қатысушылардың жəне цифрлық шоттар иелерінің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланылатын электрондық хабарлардың тізбесін, форматтарын, оларды қалыптастыру тəртібін жəне деректемелерін айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңге платформасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
41-3-бап. Цифрлық теңгені шығару, өтеу, толықтыру жəне цифрлық шоттан шығарып алу
1. Тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ғана цифрлық теңгенi шығаруға жəне өтеуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi цифрлық шот иесінен алынған ақшаның орнына цифрлық теңге шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгенi өтеудi цифрлық шот иесінің банктік шотына баламалы ақша сомасын аудару арқылы жүргізеді.
3. Цифрлық теңге иесінің құқықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық шотқа цифрлық теңге түскен кезден бастап туындайды.
4. Цифрлық шоттың иесі оның цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық шотты цифрлық теңгемен толықтыруға немесе цифрлық теңгені цифрлық шоттан шығарып алуға құқылы.
Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық шотты цифрлық теңгемен толықтыру жəне оны цифрлық шоттан шығарып алудың тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында айқындалады.
41-4-бап. Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыру
Цифрлық теңге платформасын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе цифрлық теңге платформасының операциялық жəне технологиялық функциялары жүктелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасына цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыру туралы өтініш жіберу арқылы өзінің цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыруға құқылы.
Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыруды жүргізудің тəртібі мен шарттары жəне өтініштің үлгілік нысаны цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында белгіленеді.»;
19) 42-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі «елу еселенген» деген сөздер «үш еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «немесе оңайлатылған сəйкестендіру жолымен» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші жəне бесінші бөліктер алып тасталсын;
20) 44-бапта:
4, 5 жəне 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электрондық ақшаны сəйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
5. Электрондық ақшаны сəйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды.
5-1. Электрондық ақшаны сəйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлғаның электрондық əмиянынан электрондық ақша пайдаланыла отырып, жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің жəне (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.»;
9-тармақтағы «50-бабында» деген сөздер «69-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармағының 21) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
21) 46-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бенефициардың банкі жүзеге асырылу тəртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында айқындалатын цифрлық теңгені беру (аудару) жөніндегі операциялар бойынша бас тартуды қоспағанда, бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды алған операциялық күннің ішінде нұсқауды орындаудан бас тартады.»;
45-тармағының 22) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
22) 47-бапта:
1, 2 жəне 3-тармақтардағы «көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу», «төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу» деген сөздер «ашық банкинг» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ашық банкинг жүйесі клиенттің келісімі негізінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің электрондық банктік қызметтерді көрсетуге ашық банкинг жүйесіне қатысушы клиенттердің келісімдерін жинауды, сақтауды жəне өңдеуді, ашық банкинг жүйесіне қатысушы клиенттерді сəйкестендіруді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді авторландыруды жəне авторландырылған көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді тізілімін жүргізуді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер, оның ішінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілер арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің электрондық банктік қызметтерді көрсетуі электрондық банктік қызметтер көрсетуді реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес ашық банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады.»;
45-тармағының 23) тармақшасы 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
23) 48-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы «ұсынылған нұсқауларды орындауға қолданылмайды.» деген сөздер «ұсынылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8-тармақшамен толықтырылсын:
«8) цифрлық теңгені беру (аудару) түрінде көрсетілген нұсқауларды орындауға қолданылмайды.»;
45-тармағының 24) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
24) 50-баптың 4-тармағындағы «61-9-бабында» деген сөздер «92-бабының 6-тармағында жəне 102-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармағының 25) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
25) 53-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, банкті реттеу режимі қолданылған кезеңде банк қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, реттеу режимі тоқтатылғанға дейін міндеттемелерінің орындалуы тоқтатыла тұрған нұсқауларды қабылдайды жəне сақтайды.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, банкті реттеу режимі тоқтатылған жағдайда, банк мұндай нұсқауды орындамай, оны жөнелтушіге қайтаруға міндетті.
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимінде, банкті реттеу режимінде міндеттемелерін орындау тоқтатыла тұрмаған нұсқауларды банк осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тəртіппен орындайды.»;
26) 57-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
45-тармағы 26) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) тармақшадағы «48-1-бабында» деген сөздер «84-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«органынан прокурор санкциялаған» деген сөздер «органының прокурор келіскен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хабарламада» деген сөз «қаулыда» деген сөзбен ауыстырылсын;
«хабарламаны» деген сөз «қаулысын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«санкциялаған, қылмыстық құдалау органынан» деген сөздер «келіскен, қылмыстық құдалау органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хабарлама» деген сөз «қаулы» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 58-бапта:
1-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «елу» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда ақша жөнелтушіні сəйкестендіруді жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып, төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру салдарынан алаяқтық фактісі жөніндегі қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған клиентке заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ақшаны өтейді.».
46. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сервистік компания - құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;
2) 3-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «1), 2), 3), 4), 5), 6) жəне 7)» деген сөздер «1), 4), 5), 6), 7), 9) жəне 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
46-тармағы 2) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Коллекторлық агенттік банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) иеленген жағдайда қаржы омбудсманы қызметіне міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеуге міндетті.
Коллекторлық агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) иеленген жағдайда қаржы омбудсманы қызметіне міндетті жарналарды жəне (немесе) өзге де төлемдерді төлеуге міндетті.»;
3) 6-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
4) 6-1-бапта:
2-тармақтың екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Коллекторлық агенттік мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінге күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы туралы мəліметтермен алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
46-тармағы 4) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, банк жəне (немесе) микроқаржы» деген сөздер «төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, қаржы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандары» деген сөздер «Қаржы омбудсманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандары» деген сөздер «Қаржы омбудсманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
46-тармағы 4) тармақшасының оныншы - он екінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі жəне одан көп кредиторлардың алдында мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар жəне (немесе) тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманының қызметі жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы.
Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізу тəртібі мен шарттары осы Заңның 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен мынадай негіздердің бірі бойынша шығарылады:
1) коллекторлық агенттіктің жəне (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлерінің осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) жəне 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз əрекеттердің бірін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет жасауы;
2) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мəліметтер мен ақпараттың анықталуы;
3) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптардың сақталмауы;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) ұсынылмауы немесе уақтылы ұсынылмауы;
5) коллекторлық агенттіктің уəкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сəйкес талап етілетін ақпаратты немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бермеуі, уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің уəкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сəйкес ұсынылуы талап етілетін мəліметтер қамтылмаған ақпаратты беруі не анық емес ақпарат беруі;
6) коллекторлық агенттіктің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өзі қабылдаған жəне (немесе) оған уəкілетті орган жүктеген міндеттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) орындамауы, уақтылы орындамауы;
7) коллекторлық қызметтің қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмауы;
8) коллекторлық агенттіктің осы Заңда белгіленген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүше болу туралы талапты бұзуы;
9) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот актісінің заңды күшіне енуі;
10) коллекторлық агенттіктің тексеру жүргізуге соңғы күнтізбелік он екі айда үш жəне одан көп рет кедергі жасауы;
11) коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген жағдайда коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын иеленген құқықтардың (талаптардың) болмауы туралы хат қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарудың орындылығын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) бұзушылықтардың сипаты жəне салдары;
2) жол берілген бұзушылықтардың ауқымы мен айтарлықтай болуы жəне олардың салдары;
3) бұзушылықтардың жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың туындауына негіз болған себептер;
5) бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының болуы жəне тиімділігі (нəтижелілігі);
6) анықталған бұзушылықтарды жоюға жəне олардың тиімділігіне бағытталған дербес шаралар қабылдауы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Коллекторлық агенттікке өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уəкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар жəне (немесе) банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талаптардың) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан əрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасауға тыйым салынады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқықтарды (талаптарды) беруді қоспағанда, коллекторлық агенттікке оның коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уəкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы коллекторлық агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаға банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуге тыйым салынады.
Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылғанға дейін коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған коллекторлық агенттік, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы коллекторлық агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлға банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына, сондай-ақ кредиттік бюролардың дерекқорындағы барлық борышкер бойынша ақпаратты жаңартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.»;
6) 11-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға: өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша;»;
46-тармағы 6) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коллекторлық қызметтің құпиясы қаржы омбудсманына оның қарауындағы, міндеттемелері «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4 жəне 5-тармақтарында аталған тұлғаға берілген банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру туралы шарттан туындайтын дауларды реттеу жөніндегі жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша ашылуы мүмкін.»;
7) 12-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшадағы «1), 2), 3), 4), 5), 6) жəне 7)» деген сөздер «1), 4), 5), 6), 7), 9) жəне 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын, қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингі заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.
Көрсетілген талап уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы қаржы ұйымына реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл ішінде қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың басшы қызметкерлері осы баптың 1 жəне 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.»;
8) 14-бапта:
5) тармақшадағы «36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында» деген сөздер «61-бабы 11-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1) тармақшаның екінші бөлігінің екінші абзацында:
«34-бабы 3-тармағының» деген сөздер «57-бабы 4-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3-бабының 6-тармағы» деген сөздер «4-бабының 4-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-2), 18-3), 18-4) жəне 18-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-2) мынадай оқиғалардың бірі басталған:
коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уəкілетті органның тізіліміне енгізілген;
коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген жəне уəкілетті органның тізіліміне енгізілген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым бар болған;
коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдағы өзінің мүшелігін (қатысуын) тоқтатқан күннен кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге;
18-3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауға;
18-4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым белгілеген жарналарды төлеуге;
18-5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның сұрау салуы бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым айқындайтын тəртіппен тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты беруге;»;
10) 18-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «1), 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 6) жəне 7)» деген сөздер «1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) жəне 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым
19-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды құру
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым деп коллекторлық агенттіктердің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, өз мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау үшін құрылған, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның тізіліміне енгізілген өзін-өзі реттейтін ұйым танылады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады жəне қауымдастық (одақ) нысанында құрылады.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысымен, стандарттарымен жəне қағидаларымен, сондай-ақ уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тəртібімен реттеледі.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тəртібі мыналарды:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптарды;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мəліметтерді;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз қызметі барысында пайда болған, сондай-ақ мүшелердің (қатысушылардың) қызметіне қатысты құжаттар мен мəліметтерді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға немесе уəкілетті органға беру тəртібін белгілейді.
4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым құрамында мүшелері (қатысушылары) ретінде коллекторлық агенттіктердің жалпы санының кемінде жиырма бір пайызын біріктіруге тиіс. Коллекторлық агенттіктердің жалпы саны уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпараттың негізінде айқындалады.
Коллекторлық агенттік коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшесі (қатысушысы) бола алады.
5. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында «коллекторлық агенттіктердің өзін-өзі реттейтін ұйымы» деген сөздер міндетті түрде болуға тиіс.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында «ұлттық», «мемлекеттік», «республикалық» немесе «орталық» деген сөздерді кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы ретінде коллекторлық агенттіктердің атауымен бірдей немесе оларға айырғысыз дəрежеге дейін ұқсас белгілерді пайдалануға жол берілмейді.
6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі - Өзін-өзі реттеу туралы заң) 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде уəкілетті органға мынадай мəліметтер мен құжаттарды ұсынады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жалпы жиналысы бекіткен жарғының көшірмесі;
2) Өзін-өзі реттеу туралы заңда, осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес əзірленген жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы бекіткен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тəсілдерінің бар екенін растайтын мəліметтер мен құжаттар;
4) атқарушы басқару органының басшысы қол қойған, коллекторлық агенттіктердің жалпы санының кемінде жиырма бір пайызын қамтитын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімінен үзінді көшірме;
5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңға сəйкес өз өкілеттіктерін орындау мүмкіндігін растайтын бюджеті.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптар уəкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің осы Заңның 12-бабының 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын мəліметтер мен құжаттар. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мəліметтер уəкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сəйкес ұсынылады.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері болып алқалы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне мүшелері, атқарушы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы басқару органының мүшелері танылады.
19-2-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-1-бабында көзделген талаптардан басқа, мыналарды қамтуға тиіс:
1) кіру жарналары мен мүшелік жарналардың мөлшері жəне (немесе) оларды есептеу тəртібі, төлеу тəртібі;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің кəсіби əдебінің қағидалары;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тəртібі, оның тізбесі, нысандары мен мерзімдері;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы заңның 20-2-бабында көзделген талаптардан басқа, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) борышкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы жөніндегі ережелерді жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
19-3-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне мыналар жатады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексерулер ұйымдастыру мен жүргізудің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым белгілейтін тəртібіне сəйкес, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы тұрғысынан оларға тексерулер жүргізу;
2) берешегі оның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкерлердің жəне берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу жəне реттеу жөніндегі қызметтерді оның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымдарын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тəртіппен қарау.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым берешегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкердің жəне берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу жəне реттеу жөніндегі қызметтерді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымын қарау коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне жатқызылған осындай жолданымды бір жұмыс күні ішінде жəне жолданым тіркелген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеуді қамтамасыз етеді, көрсетілген жолданымның көшірмесін өзіне қатысты жолданым берілген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) жібереді.
Жолданымдарды қарау мерзімі олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Жолданымды қарау нəтижелері бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өтініш берушіге жазбаша нысанда немесе ақпараттандыру объектілері арқылы не коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тəсілмен жауап жіберуге міндетті.
Өзіне қатысты жолданым берілген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға көрсетілетін қаржы қызметтерін тұтынушының жолданымын қарау нəтижелері туралы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде хабар береді.
46-тармағы 11) тармақшасының қырық бірінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым берешегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкерлердің қаралуы қаржы омбудсманының құзыретіне жатқызылған жолданымдары бойынша өтініш берушіге жазбаша нысанда немесе ақпараттандыру объектілері арқылы не коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тəсілмен оның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабында көзделген қаржы омбудсманының жолданымдарды қарау тəртібіне сəйкес қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарлауға міндетті;
3) өз мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын қарау;
4) өз мүшелерінің (қатысушыларының) есептілігін талдауды жүзеге асыру;
5) өз мүшелері (қатысушылары) борышкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыруда өз мүшелеріне (қатысушыларына) жəрдемдесу;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңның 19-6-бабының 4-тармағында көзделген қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты ықпал ету шараларын қолдану;
7) коллекторлық агенттіктердің қызметін одан əрі жетілдіру мен дамыту бойынша құқық қолдану практикасын қорыту жəне ұсынымдар мен ұсыныстар əзірлеу;
8) өз мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімін жүргізу;
9) мүшелік жарналарды жинау жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастыру.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым:
коллекторлық агенттік берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асыратын банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алумен байланысты мəселелер бойынша жолданымдарды;
қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы заңды тұлғалардың аталған тұлғалар мен банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген коллекторлық агенттік арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын мəселелер бойынша;
коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын;
46-тармағы 11) тармақшасының елу үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
қаралуы қаржы омбудсманының құзыретіне жатқызылмаған өзге де жолданымдарды қарайды.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уəкілетті органның коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын келісуі кезеңінде осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
19-4-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері осы Заңда, сондай-ақ Өзін-өзі реттеу туралы заңда айқындалады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым:
1) қаржы ұйымдарының акцияларын жəне (немесе) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуға;
2) өзге де тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін өзіне тиесілі мүлікті кепілге беруге;
3) өз міндеттемелерінің орындалуын өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүлік кепілімен, сондай-ақ олар берген кепілдіктермен жəне кепілгерліктермен қамтамасыз етуге;
4) кепілгер немесе кепілдік беруші ретінде əрекет етуге құқылы емес.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне мүшелері:
1) қаржы ұйымдарымен жəне коллекторлық қызмет саласындағы басқа да өзін-өзі реттейтін ұйымдармен бір мезгілде еңбек қатынастарында жəне өзге де қатынастарда болуға;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) эмитенттері болып табылатын бағалы қағаздарды сатып алуға;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерімен (қатысушыларымен) кепілгерлік немесе кепілдік шарттарын жасасуға құқылы емес.
4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті қағидалары мен стандарттарын бекітуге жəне оларды уəкілетті органмен келісуге;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелерді (қатысушыларды) қосу туралы жəне одан шығару туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шешім қабылданған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органды хабардар етуге;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерінің осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтіні туралы, сондай-ақ оны ауыстыру туралы уəкілетті органды хабардар етуге;
4) уəкілетті органның осы Заңның 19-1-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сəйкес оның басшы қызметкерлерінің тағайындалуын (сайлануын), басқа лауазымға ауыстырылуын немесе еңбек шартын бұзуын (өкілеттіктерін тоқтатуын) қоса алғанда, олардың құрамында болған өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органды хабардар етуге;
5) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша оған жүктелген мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды уəкілетті органға беруге;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мекенжайының (тұрған жерінің), оның ішінде коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның пошта мекенжайының, электрондық пошта мекенжайының, байланыс телефондары нөмірлерінің, интернет-ресурсының мекенжайының өзгергені туралы уəкілетті органды хабардар етуге;
7) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар туралы хабардар етуге;
8) өз мүшесінің (қатысушысының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бұзғаны, сондай-ақ осы Заңның 19-6-бабының 3-тармағына сəйкес өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы уəкілетті органға хабар беруге;
9) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) борышкерлері жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасындағы дауларды қарау жөніндегі орган құру туралы уəкілетті органға хабар беруге;
10) тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін есептілікті уəкілетті органға ұсынуға;
11) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ақпаратты қорғауға қойылатын талаптарын сақтай отырып, орналастыру тəртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленетін ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) жəне 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның уəкілетті органды хабардар етуі (оған хабар беруі) жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өздеріне белгілі болған мəліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды жүзеге асыру барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға міндетті.
7. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өзінің мүліктік жауапкершілігін жəне өз мүшелерінің (қатысушыларының) борышкерлер алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін мынадай тəсілдердің бірін қолданады:
1) мүшенің (қатысушының) жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) мүліктік жауапкершілікке тарту;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің өзге де тəсілдерін пайдалану.
Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тəсілдерін пайдалану тəртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленеді.
19-5-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары
1. Мыналар коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары болып табылады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия).
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарын қалыптастыру тəртібі, олардың құрылымы, құзыреті жəне өкілеттіктерінің мерзімі, осы органдардың шешімдер қабылдау тəртібі осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жоғары басқару органы болып табылады, ол осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне оның жарғысымен өз құзыретіне жатқызылған, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мəселелерін қарауға өкілетті.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тəртіппен жəне кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналасының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындау;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды ерікті түрде тарату жəне тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшысын, орынбасарын жəне мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшылардың не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымнан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру жəне оның өкілеттіктерін тоқтату;
6) алқалы жəне атқарушы басқару органдарының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) жəне мамандандырылған органдардың есептерін коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тəртіппен жəне кезеңділікпен бекіту;
7) кіру жарнасы мен мүшелік жарналардың мөлшерін белгілеу;
8) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тəсілдерін айқындау;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына сəйкес өзге де шешімдер қабылдау.
4. Егер коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жартысынан көбі қатысса, жиналыс өз құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқықты.
5. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері - жалпы жиналысқа қатысатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) дауыстары санының көпшілік дауысымен немесе ол сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) дауыстарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу тəртібі, отырыстардың күн тəртібін қалыптастыру тəртібі, дауыс беруді өткізу шарттары мен тəртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
7. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға басшылық етуді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында сайланған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы жүзеге асырады.
Алқалы басқару органының сандық құрамы, оны қалыптастырудың, оның қызметінің, шешімдер қабылдауының, өкілеттіктері тоқтатылуының тəртібі мен шарттары коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
8. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының құзыретіне мыналар жатады:
1) мəселелерді коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының қарауына шығару;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) болып кіру жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді жəне олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін бекіту, оған өзгерістер енгізу;
5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекіту жəне оларға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген өзге де мəселелер.
Алқалы басқару органы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) өкілдерінің, сондай-ақ тəуелсіз мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің саны кемінде жеті адамды құрауға тиіс.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйыммен немесе оның мүшелерімен еңбек қатынастары жоқ адамдар тəуелсіз мүшелер болып саналады. Тəуелсіз мүшелер коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің кемінде бестен бірін құрауға тиіс.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының əрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.
Алқалы басқару органының мүшесі өзі акционері (қатысушысы), қызметкері болып табылатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) қатысты мəселелер бойынша дауыс бере алмайды.
9. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жұмысын ұйымдастырады, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды жəне жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін білдіреді;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының жəне оның алқалы басқару органының құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Бақылау органы (ревизиялық комиссия) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның органы болып табылады.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына есеп береді жəне оның бақылауында болады.
Бақылау органының (ревизиялық комиссияның) есептерін ұсыну тəртібі мен мерзімдері коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
19-6-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеру:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауын бақылау мақсатында;
2) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы шағым түскен кезде;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) тексеру жүргізу туралы уəкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтамағаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде міндетті түрде жою туралы талап қою;
2) жазбаша нысанда ескерту шығару;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу;
4) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тізілімнен шығару;
5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар.
4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген ықпал ету шараларын қолдану тəртібі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
19-7-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі жəне оларды тізілімнен шығару
1. Уəкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінде қамтылған мəліметтер ашық мəліметтер болып табылады, олар уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады жəне жаңартылып отырады.
Осы Заңның 19-1-бабы 4-тармағының талаптарына сəйкес келетін коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым туралы мəліметтер «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес хабарлама негізінде коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізіледі.
3. Мыналар коллекторлық қызмет саласындағы өзін өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығаруға негіз болып табылады:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды тізілімнен ерікті түрде шығару, тарату немесе біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) Өзін-өзі реттеу туралы заңның 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде жəне осы Заңның 19-1-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды екі ай ішінде ұсынбау;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
4) уəкілетті органның жазбаша нұсқамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;
5) уəкілетті органға есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) ұсынбау жəне (немесе) анық емес есептілікті ұсыну;
6) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде осы Заңның 19-1-бабының 4-тармағында белгіленген талапқа сəйкес келмеуі.
4. Уəкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде мұндай коммерциялық емес ұйым коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне ие бола алмайды.
5. Тізілімнен шығарылған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылған коллекторлық агенттіктерге қатысты осы Заңның 19-3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларында жəне 19-6-бабында белгіленген оның функциялары коллекторлық агенттік коллекторлық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күннен бастап тиісті түрдегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін өзге ұйымға ауысады, ал жұмыс істеп тұрған тиісті түрдегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда коллекторлық агенттік тиісті түрдегі коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның тізіліміне енгізілген жəне коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін осындай ұйымға кірген күнге дейін уəкілетті органның бақылауы мен қадағалауында қалады.
6. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайда, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелері (қатысушылары) жəне борышкерлер арасындағы құқықтық қатынастардан қалыптасқан жəне туындайтын барлық құжат пен мəліметті мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) кірген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға, ал жұмыс істеп тұрған коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уəкілетті органға беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мəліметтер уəкілетті органға берілген кезде уəкілетті орган берешек бойынша құқықты (талапты) басқаға беру нəтижесінде туындаған кредитор құқығы бар, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) жəне борышкер арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарынан туындайтын мүліктік сипаттағы өзге де міндеттемелерді атқармайды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді беру тəртібі уəкілетті органның осы Заңның 19-1-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген материалдарды беру жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тізілімнен шығарылатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
19-8-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары жəне оларды қолдану негіздері
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметіне қойылатын талаптарын, қағидалар мен стандарттарды сақтамаған кезде, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің құқыққа сыйымыз əрекеттері немесе əрекетсіздігі анықталған кезде уəкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.
Ықпал ету шаралары деп орындалуы міндетті жазбаша нұсқама жəне санкциялар түсініледі.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға бағытталған орындалуы міндетті шараларды қабылдауға берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада уəкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамалары, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапты басшы қызметкерлері көрсетіледі.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
3. Жазбаша нұсқама уəкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уəкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерін шеттету жəне (немесе) осы Заңның 19-3-бабында көзделген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның барлық функциясының немесе олардың бір бөлігінің атқарылуын тоқтата тұру туралы талап жіберуге құқылы.
Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері шеттетілген жағдайда оны алмастыру тəртібі мен міндеттерді орындау мерзімдері коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
4. Уəкілетті орган коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға осы Заңның 19-7-бабы 3-тармағының 2), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару түріндегі санкцияны қолдануға құқылы.
19-9-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату
1. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға коллекторлық агенттіктің мүшелігін (қатысуын) тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігін (қатысуын) ерікті түрде тоқтату коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады;
2) коллекторлық агенттікті коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
3) коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару уəкілетті орган осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
4) коллекторлық агенттікті тарату осы Заңға сəйкес коллекторлық агенттік таратылған күннен бастап жүзеге асырылады;
5) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мынадай:
1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі (қатысушы) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) сақтамаған;
2) мүше (қатысушы) мүшелік жарналарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) төлемеген;
3) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау үшін мүше ұсынған құжаттарда анық емес мəліметтер анықталған жағдайда коллекторлық агенттікті коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуына байланысты төлеген кіру жарнасы жəне мүшелік жарналар коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуы тоқтатылған кезде қайтарылуға жатпайды.
4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту немесе оның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешіміне, сондай-ақ коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), оның мүшелеріне (қатысушыларына) кандидаттың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға болады.».
47. «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша «шетелдік банктегі» деген сөздерден кейін «, халықаралық қаржы ұйымындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«цифрлық теңге;»;
11) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) аумағында заңды төлем құралы болып табылатын, цифрлық нысанда шығарылатын шет мемлекеттің ұлттық валютасы;»;
2-тармақта:
2) тармақшада:
сегізінші абзац «тиесілі ақшаны» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) қаржы құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац «валюталық құндылықтарды» деген сөздерден кейін «, жылжымайтын мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Капитал қозғалысы операцияларына мыналар теңестіріледі:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында жүзеге асырылатын, мыналарға:
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздарға;
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің капиталына қатысу үлестеріне;
Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікке меншік құқығының жəне (немесе) өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы резиденттерінің, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің капиталына қатысу үлестеріне меншік құқығының жəне (немесе) өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында:
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздарды;
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің капиталына қатысу үлестерін;
Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікті өтеусіз беру;»;
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері деп танылатын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) танылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шет мемлекеттердің заңнамасына сəйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан заңды тұлғалар жəне заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;»;
2) 6-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк операцияларына жəне уəкілетті банктер өздеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган берген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асыруға құқылы өзге де операцияларға жататын валюталық құндылықтармен жүзеге асырылатын операцияларды жүргізу бойынша уəкілетті банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;»;
15) тармақшадағы «Салық кодексінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «Салық кодексіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «төлемдер жүргізу жағдайлары кірмейді.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес өнім сапасы банкінің тетігі шеңберінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалданатын өнімді жөнелтушілер арасындағы өзара ақшалай есеп айырысулар жүргізу жағдайлары кірмейді.»;
3) 7-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) осы Заңда белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар арқылы жүзеге асырылатын бейрезиденттермен жасалатын операциялар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ уəкілетті банктердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы корреспонденттік шоттары арқылы төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын;»;
15) тармақша «шетелдік банктердегі» деген сөздерден кейін «, халықаралық қаржы ұйымдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «Капитал қозғалысы операциялары» деген сөздерден кейін «жəне оларға теңестірілген операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Резиденттер осы Заңның 16-бабының ережелерін ескере отырып, осы Заңда көзделген жағдайларда шетелдік банктерде, халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады.»;
5) 9-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігі «шетелдік банктердегі» деген сөздерден кейін «, халықаралық қаржы ұйымдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақша «шетелдік банктердегі» деген сөздерден кейін «, халықаралық қаржы ұйымдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «шетелдік банктердегі» деген сөздерден кейін «, халықаралық қаржы ұйымдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 10-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу жəне (немесе) сату тəртібі, банк клиенттерінің (жеке тұлғаларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мəлімделген мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ көрсетілген талаптардан алып тастау тəртібі айқындалады.
Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мəлімделген мақсаттарға пайдалану тəртібі қолданылатын шекті мəн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
7) 4-тараудың тақырыбы «шетелдік банктердегі» деген сөздерден кейін «, халықаралық қаржы ұйымдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 13-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Валюталық операцияларды мониторингтеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысушы резиденттерден жəне (немесе) валюталық операцияларды жүзеге асыратын уəкілетті банктерден валюталық операциялар, сондай-ақ шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырады.»;
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) капитал қозғалысы операциялары жəне оларға теңестірілген операциялар солардың негізінде жəне (немесе) оларды орындау үшін жүргізілетін валюталық шарттарға (бұдан əрі - капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар) есептік нөмірлер береді жəне олар бойынша жүргізілетін валюталық операциялар мен олармен байланысты бейрезиденттерге қойылатын талаптар жəне бейрезиденттер алдындағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;»;
2) тармақша «хабарламалар» деген сөзден кейін «жəне (немесе) мəліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) резиденттер (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) ашқан шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы мəліметтер алады жəне осындай шоттарға есептік нөмірлер береді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңда белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уəкілетті банктер валюталық операциялардың мониторингін ұйымдастыру жəне жүзеге асыру үшін, солардың негізінде жəне (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шарттарға, сондай-ақ резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына есептік нөмірлер береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулар осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді. Уəкілетті банктер есеп айырысулар уəкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді.
Егер валюталық шартта капитал қозғалысы бойынша операциялардың немесе оған теңестірілген операциялардың жүргізілуі жəне экспорттың немесе импорттың жүзеге асырылуы көзделсе жəне ол бойынша есеп айырысулар уəкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, онда резидент (уəкілетті банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тəртіппен уəкілетті банкке жүгінеді.
Егер валюталық шартта қаржылай қарыз, оның ішінде лизинг беруші мен лизинг алушы арасында қаржы лизингі, инвестициялық жобаларды іске асыруға гранттар беру жəне экспортты немесе импортты жүзеге асыру көзделсе жəне ол бойынша есеп айырысулар уəкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, резидент (уəкілетті банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тəртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне уəкілетті банкке жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулары осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру бойынша іс-қимылдар жасауы əкімшілік актінің қабылдануына байланысты болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4 жəне 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, есеп айырысулары шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беруі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады. Есептік нөмірдің болуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтан босату үшін негіз болып табылмайды.
5. Резидент (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру жəне шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру үшін мəліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру рəсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тəсілмен ұсынады.
Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша есептерді, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы ақша қозғалысы бойынша есептерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру рəсімдері сақтала отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тəсілмен жүзеге асырылады.»;
9) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу
1. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беріледі. Валюталық шартқа қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмір берілген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша мəліметтер мен есептерді ұсынады.
Резиденттер (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс.
2. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа қатысушы болып табылатын резидент (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілуі үшін оның тараптарының кез келгені осындай валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін жүгінеді.
Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді резидент орындар алдында мүлік бейрезиденттен резиденттің пайдасына берілсе (ақша түссе), онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін жəне (немесе) түскен ақша резиденттің уəкілетті банктердегі банктік шоттарына есепке жатқызылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу нəтижесінде есептік нөмір беруге арналған өлшемшарттар мен талаптарға сəйкес келсе, онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру тараптар енгізілген өзгерістермен жəне (немесе) толықтырулармен бірге капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін (егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін бейрезидент міндеттемені орындауды бастаса, мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін) жүзеге асырылады.
Есептік нөмір берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық бақылау агенттерінің валюталық операцияларды жүргізуі есептік нөмір болған кезде ғана жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттардың жəне оларға өзгерістердің жəне (немесе) толықтырулардың түпнұсқаларын, сондай-ақ капитал қозғалысы операциясын жүзеге асыруға қатысты жəне (немесе) ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған өзге де құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді танысу үшін сұратуға құқылы.
Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмірді беру резидент талап етілетін құжаттар мен мəліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операциялар есептік нөмірлер берілмей жүзеге асырылады.
5. Резиденттердің (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлерді алу тəртібі жəне олардың міндеттемелердің туындауын, орындалуын жəне тоқтатылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, есептердің нысандарын жəне банктер мен осындай шарттарға қатысушылар болып табылатын резиденттердің оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақша қозғалысы мен міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу тəртібі, талаптар мен өлшемшарттар, оның ішінде олар болған кезде осындай шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мəні жəне есептік нөмірлер беру рəсімдеріне жатпайтын жағдайлар Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
6. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.»;
10) 15-бапта:
тақырыптағы «хабардар ету» деген сөздер «хабарламалар жəне (немесе) мəліметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«хабардар етуді» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) мəліметтер ұсынуды» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
2-тармақта:
бірінші бөлік «хабардар етеді» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) мəліметтер ұсынады» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Валюталық операция бойынша төлем жəне (немесе) ақша аударымы туралы осы тармақта көрсетілген мəліметтерді клиент уəкілетті банкке ұсынады немесе уəкілетті банк клиент ұсынған құжаттар жəне (немесе) мəліметтер негізінде Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде өз бетінше көрсетеді. Валюталық бақылау агенті ретінде уəкілетті банк валюталық операцияның кодын жəне осы тармақта көзделген өзге де мəліметтерді көрсетудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
бесінші бөлік «Хабардар етуге жататын» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) мəліметтері ұсынылуға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есептердің нысандарын жəне оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, уəкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жəне (немесе) мəліметтер ұсыну тəртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды жасау мəн-жайларын нақтылау мақсатында валюталық бақылау агенттерінен немесе резидент жөнелтушіден немесе резидент бенефициардан мəліметтері жəне (немесе) хабарламасы ұсынылатын төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша осындай төлем жəне (немесе) ақша аударымы валюталық шарт негізінде жəне (немесе) оны орындау үшін жүзеге асырылған осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ осындай валюталық шарт бойынша өзге де мəліметтерді талап етуге құқылы.»;
11) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарды мониторингтеу
1. Резидент заңды тұлға (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында шот ашылғаны туралы осындай шотты пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырғанға дейін оған есептік нөмір беру үшін осындай шот бойынша мəліметтерді ұсыну арқылы хабардар етеді. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру резидент талап етілетін құжаттар мен мəліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Резидент заңды тұлға (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмірін көрсете отырып, шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында ашылған шотты пайдаланып жүргізілген операциялар бойынша ақпарат береді.
Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың деректемелері өзгерген немесе ол жабылған жағдайларда резидент заңды тұлға (банкті жəне шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
Резиденттің шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы есептік нөмір берілуге тиіс шоттары бойынша есептік нөмірі болған кезде ғана осындай шотты пайдалана отырып, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүргізу жүзеге асырылады.
2. Резидент жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары туралы мəліметтерді ұсынбайды. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) ақша аударымдары туралы мəліметтерді осындай ақша аударымдарын жүзеге асыратын уəкілетті банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тəртіппен ұсынады.
3. Резидент заңды тұлғалардың (банктерді жəне шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар үшін есептік нөмірлерді алу тəртібі, осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы жөніндегі есептердің нысандарын жəне оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, олардың шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот деректемелерінің өзгергені немесе оның жабылғаны туралы хабардар ету тəртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
Уəкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы есептерді ұсыну тəртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
4. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қолданылмайды.»;
12) 19-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уəкілетті банктің валюталық операцияны жүргізуіне, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды іске асыруына байланысты мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты уəкілетті банктен сұратуға құқылы.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы «валюталық операциялар туралы» деген сөздерден кейін «мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
5 жəне 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Валюталық бақылау агенті резиденттің жəне (немесе) бейрезиденттің валюталық операцияларын олар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сəйкес талап етілетін құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.»;
«8. Валюталық бақылау агенттері тұлға Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сəйкес талап етілетін мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты ұсынбаған, ол анық емес құжаттарды ұсынған жағдайларда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген əрекеттерді жүзеге асырмаған кезде валюталық операцияны жүргізуден бас тартады.»;
13) 20-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерулер немесе өзге де бақылау нысандары шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уəкілетті банктердің валюталық операцияларды ішкі бақылауды іске асыруы туралы мəліметтерді, құжаттарды жəне (немесе) ақпаратты сұратуға құқылы.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) валюталық бақылау агентіне тапсырманың мəні жəне оны орындау мерзімдері көрсетілген жазбаша нысандағы тапсырманы жіберуді қамтиды. Валюталық бақылау агенті валюталық бақылау органының тапсырмасын осындай тапсырмада көрсетілген нысанда жəне мерзімдерде орындайды;»;
14) 21-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уəкілетті банктер жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны əкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялар бойынша уəкілетті банк клиенттерінің төлемдерін жəне (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ айқын экономикалық мағынасы жоқ валюталық операцияларды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тəртіппен жəне ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын уəкілетті банктің клиенті уəкілетті банкке осы төлем жəне (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына жəне құқық қорғау органдарына беруіне рұқсат берген кезде жүзеге асырады.»;
2-тармақ «жалтаруға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ айқын экономикалық мағынасы жоқ валюталық операцияларға» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 22-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уəкілетті банктерге жəне клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жазалар қолданылады, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қойылады.».
48. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасының бірінші бөлігі «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздерден кейін «(ломбардтарды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктік қарыз шарты жəне микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиторларға қойылатын талаптардың немесе міндеттемелердің болуын қоспағанда, борышкерге немесе оның кредиторларына талаптары немесе міндеттемелері болған;»;
3) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жиынтық берешегі өтініш берілген күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 600 еселенген мөлшерінен аспайтын жəне міндеттемелерін орындамау мерзімі бес жылдан асатын борышкерге қатысты соттан тыс банкроттық рəсім көрсетілген мəліметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастырылған күннен бастап бір ай жүргізіледі.»;
4) 19-баптың 1-тармағындағы «алты ай» деген сөздер «осы Заңның 17-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзім» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
49-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 1-бапта:
1) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) есептік тіркеу - цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізу;»;
«3) қамтамасыз етілмеген цифрлық актив - цифрлық қаржы активі болып табылмайтын цифрлық актив;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде цифрлық активтер нарығында дилерлік қызметті - өз клиенттерінің мүддесі үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу жəне (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын цифрлық активтер қызметтерінің провайдері;
3-2) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) цифрлық актив - цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография жəне компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі жəне (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген жəне ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік.
Мыналар цифрлық активтердің түрлері болып табылады:
цифрлық қаржы активі;
қамтамасыз етілмеген цифрлық актив;»;
4-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 5-1), 5-2), 5-3) жəне 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) цифрлық актив əмияны - криптографиялық кілттерді сақтау немесе оларды басқару үшін пайдаланылатын, цифрлық активтерге қол жеткізуді жəне олармен транзакциялар жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық немесе аппараттық құрал;
4-3) цифрлық активтер айналымы (айналысы) - цифрлық активті сатып алуды, сатуды, айырбастауды, аударуды, сақтауды қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының азаматының, резидентінің немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның қатысуымен цифрлық активтермен азаматтық-құқықтық мəмілелер жасау;»;
«5-1) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізілген, цифрлық активтер бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылық жəне техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді цифрлық активтер қызметтері провайдерінің сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей өткізу арқылы жүзеге асыратын цифрлық активтер қызметтерінің провайдері;
5-2) цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының бірыңғай тізбесі;
5-3) цифрлық активтер қызметтерінің провайдері - цифрлық активтермен байланысты қызметтер көрсететін жəне Интернеттің қазақстандық сегментінде тіркелген цифрлық активтер нарығының субъектісі.
Мыналар цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері болып табылады:
цифрлық қаржы активтері платформасының операторы;
цифрлық активтердің сауда платформасының операторы;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы;
цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржасын қоса алғанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;
5-4) цифрлық активтермен жасалатын операцияларды талдау жəне бақылау жүйесі (бұдан əрі - операцияларды талдау жəне бақылау жүйесі) - цифрлық активтермен жасалатын операцияларды мониторингтеуге, операцияларды қадағалауға жəне күдікті əрекеттерді анықтауға арналған цифрлық платформа немесе сервис;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7), 6-8), 6-9) жəне 6-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) цифрлық қаржы активтерін орналастыру - цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылатын, инвесторларға цифрлық қаржы активтерін бастапқы ұсыну;
6-3) цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесі - цифрлық қаржы активтері платформасы операторының есепке алу жүйесі, ол:
цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар жəне оларға тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы мəліметтерді есепке алуды жəне сақтауды;
цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды белгілі бір уақытқа сəйкестендіруді;
цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді тіркеуді;
цифрлық қаржы активтері бойынша айналысқа немесе құқықтарды іске асыруға тіркелген шектеулер (ауыртпалықтар) туралы мəліметтерді есепке алуды жəне сақтауды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мəліметтерді есепке алуды жəне сақтауды қамтамасыз етеді.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тəртібі, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға жəне сақталуға тиіс өзге де мəліметтердің тізбесі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мəліметтерді орталық депозитарийге беру тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады;
6-4) цифрлық қаржы активтері платформасының операторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне енгізілген, цифрлық платформаға қолжетімділікті жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдері, осы платформа пайдаланыла отырып:
цифрлық қаржы активтерін шығару жəне (немесе) айналымға (айналысқа) жіберу;
цифрлық қаржы активтерін есепке алу жəне сақтау;
көрсетілген цифрлық платформада шығарылған жəне (немесе) айналыстағы цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін қалыптастыру, жүргізу жəне сақтау жүзеге асырылады;
6-5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының бірыңғай тізбесі;
6-6) цифрлық қаржы активі:
цифрлық активтің базалық активіне қатысты ақшалай жəне (немесе) өзге де талап ету құқығын куəландыратын, цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында шығарылатын жəне цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында айналыста болатын осындай цифрлық актив;
цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында шығарылатын жəне цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында айналыста болатын қаржы құралы жəне (немесе) қаржы активі.
Цифрлық қаржы активін орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу осындай цифрлық қаржы активін шығару шарттарына сəйкес жүзеге асырылады;
6-7) цифрлық қаржы активін өтеу - цифрлық қаржы активі эмитентінің тиісті міндеттемелерін өтеуге байланысты жəне (немесе) цифрлық қаржы активін шығару шарттарына сəйкес өзге де негіздер бойынша осындай цифрлық қаржы активін айналымнан (айналыстан) алу;
6-8) цифрлық қаржы активінің базалық активі - құны немесе шамасы (құнының немесе шамасының құбылуын қоса алғанда) тиісті цифрлық қаржы активінің құнын айқындайтын жəне оған қатысты цифрлық қаржы активін ұстаушыда ақшалай жəне (немесе) өзге де талап ету құқығы туындайтын мүлік.
Қаржы құралы (оның ішінде ақша, туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), мүліктік құқық (талап), тауар жəне (немесе) өзге де мүлік цифрлық қаржы активінің базалық активі бола алады;
6-9) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым - цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, оны есепке алуды жəне сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы;
6-10) цифрлық қаржы активінің эмитенті - цифрлық қаржы активтерін шығаруды (эмиссиясын) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы;»;
49-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Уəкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерін, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық активтері қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;
2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық активтері қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың жəне осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
3) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын есептік тіркеуді жүзеге асырады жəне олардың тізілімдерін жүргізеді;
4) осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптарды айқындайды;
5) «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық активтері қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің жəне осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;
7) цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке - қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны (бұдан əрі - қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия) береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;
8) цифрлық активтермен байланысты қызметке қатысты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-тарауында көзделген тəртіппен ерекше реттеу режимін енгізеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мыналарды бекітеді:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары, онда мыналар айқындалады:
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын лицензиялау тəртібі жəне қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптары;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесі;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкеріне жəне құрылтайшыларына (қатысушыларына) (құрылтайшыларының біріне, қатысушыларына немесе акционерлеріне), бенефициарлық меншік иесіне қойылатын талаптар;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;
ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қайта ұйымдастыру тəртібі;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптары;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру тəртібі;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату жəне (немесе) айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу тəртібі;
операцияларды талдау жəне бақылау жүйесіне қойылатын талаптар;
клиенттердің операциялары бойынша шектеулер мен лимиттер;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының екінші деңгейдегі банктермен жəне Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тəртібі;
клиенттердің цифрлық активінің əмияндарын ашу жəне оларға қызмет көрсету тəртібі;
2) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары, онда мыналар айқындалады:
цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын есептік тіркеу тəртібі;
есептік тіркеуден өту үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынатын құжаттардың тізбесі;
өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;
өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;
цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерінің базалық активінің болуын жəне жай-күйін (сақталуын) куəландыру жəне мониторингтеу тəртібі;
цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларына қойылатын талаптар;
цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформаларына қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;
цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын қайта ұйымдастыру тəртібі;
цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне цифрлық активтердің сауда платформасы операторының біліктілік талаптары, кəсіптік қызмет түрлерін ұштастыру шарттары мен тəртібі;
цифрлық қаржы активтері платформасының операторларында, цифрлық активтер сауда платформасының операторларында есепке алынатын жəне сақталатын барлық деректі (мəліметті), оның ішінде цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар жəне оларға тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы деректерді (мəліметтерді) цифрлық қаржы активтері платформасының басқа операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының басқа операторына беру тəртібі;
цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға жəне сақталуға тиіс өзге де мəліметтер тізбесін жүргізу тəртібі;
3) базалық активі ақша жəне олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар;
4) цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу қағидалары, онда мыналар айқындалады:
цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу тəртібі мен шарттары;
цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне жəне цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптар;
цифрлық қаржы активтерінің инвесторларына қойылатын талаптар;
цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді жүзеге асыру мақсатында тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тəртібі мен шарттары;
білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтерінің тізбесі;
5) нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну қағидалары;
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидалары;
7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары;
8) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары;
9) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының мəліметтерді бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне ұсыну қағидалары;
10) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары;
11) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар;
12) офшор аймақтардың тізбесі;
13) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларын цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары;
14) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығару үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына рұқсат беру қағидалары.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган:
1) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;
2) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу шарттары мен тəртібін айқындайды;
3) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптарды айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тəртібін бекітеді;
5) осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу жəне сақтау тəртібін бекітеді;
6) осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тəртібін бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша цифрлық қаржы активтері нарығындағы əрекеттерді айла-шарғы қолдану мақсатында жасалған деп танудың қағидалары мен шарттарын бекітеді;
9) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Цифрлық майнинг саласындағы уəкілетті орган:
1) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;
2) салықтың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органмен келісу бойынша салық салу мақсатында цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мəліметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;
3) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
4) рұқсаттар жəне хабарламалар саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;
5) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеуді жүргізеді;
6) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендердің тізілімін жүргізеді;
7) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендерді есепке алу жəне олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган:
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізеді;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу үшін ақпараттың құрамын, оны беру мерзімдері мен нысанын қамтитын тəртіпті айқындайды;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;
2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
49-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Цифрлық қаржы активтері»;
49-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 5, 6 жəне 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Цифрлық қаржы активтерінің түрлері Мыналар цифрлық қаржы активтерінің түрлері болып табылады:
1) базалық активі ақша болатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин);
2) ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар жəне (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активтері;
3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.
6-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару жəне айналымға (айналысқа) жіберу
1. Цифрлық қаржы активтерін шығаруды цифрлық қаржы активтерінің эмитенті цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында көрсетілген эмитенттің осы цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімі негізінде жүзеге асырады.
Цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу тəртібі мен шарттарын, цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне жəне цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптарды, цифрлық қаржы активтерінің инвесторларына қойылатын талаптарды, оның ішінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтерінің тізбесін:
осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді;
осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2. Цифрлық қаржы активтерінің шығарылуын тіркеуді цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жүзеге асырады жəне онда эмитент ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін қарау қамтылады.
3. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы:
1) цифрлық қаржы активтерінің эмитенті цифрлық қаржы активтерін шығару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне өзінің қаржы активтерінің цифрлық платформасына қолжетімділік беруді;
2) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында жазбаны орналастыру арқылы цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асырады.
Цифрлық қаржы активін шығару шарттарында базалық активтің болуы көзделген жағдайларда цифрлық қаржы активін шығару цифрлық қаржы активтері платформасының операторы осындай базалық активтің бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
4. Цифрлық қаржы активінің базалық активін есепке алуды жəне сақтауды цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
Осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесі (түрлері), осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу жəне сақтау тəртібі, осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Есептіліктің нысандарын, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оны ұсыну тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган бірлесіп айқындайды.
5. Бір түрдегі цифрлық қаржы активтерін басқа түрдегі цифрлық қаржы активтеріне айырбастауды қоса алғанда, цифрлық қаржы активтерінің айналымы цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында жүзеге асырылады.
Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісті есептік тіркеуі болған кезде цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде əрекет ете алады.
Цифрлық активтердің сауда платформасының операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тəртіппен цифрлық активтермен сауда-саттықты ұйымдастырады.
6. Орталық депозитарий «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитарийге мəліметтер ұсыну тəртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитариймен өзара іс-қимыл жасауының өзге де мəселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.
7. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі есептік тіркеудің негізінде жүзеге асырады.
Цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу, бақылау жəне қадағалау мақсатында жүзеге асырылады жəне цифрлық активтер платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының тиісті қызметтерді көрсетуі кезінде міндетті шарт болып табылады.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асырылатын қызметтер көрсету жөніндегі жұмысына жол берілмейді.
8. Есептік тіркеуден өту үшін цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
9. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының есептік тіркеуден өту тəртібін, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы мен цифрлық активтердің сауда платформасы операторының біліктілік талаптарын, кəсіптік қызмет түрлерін біріктіру шарттары мен тəртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітеді.
10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік тіркеуден өту үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі;
2) өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;
3) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;
4) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерінің базалық активінің болуын жəне жай-күйін (сақталуын) куəландыру жəне мониторингтеу тəртібі;
5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларына қойылатын талаптар;
6) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформаларына қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;
7) цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын қайта ұйымдастыру тəртібі қамтылады.
11. Мыналарды:
1) осы баптың 12-тармағында аталған;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент жəне бейрезидент жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының құрылтайшылары жəне қатысушылары (акционерлері) бола алады.
12. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын жəне (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген, заңды тұлға мəртебесі жоқ заңды тұлғалар жəне (немесе) шетелдік ұйымдар:
цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының дауыс беретін акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
базалық активі цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама иелене жəне (немесе) пайдалана жəне (немесе) оларға билік ете алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі адамдарға да қолданылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының дауыс беретін акцияларын, туынды бағалы қағаздарын жəне (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету деп заңды тұлға мəртебесі жоқ басқа заңды тұлғалардағы жəне (немесе) шетелдік ұйымдардағы дауыс беретін акцияларын, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену арқылы цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасы операторы қатысушысының (акционерінің) шешімдерін айқындау мүмкіндігі түсініледі.
13. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын жəне (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген жеке тұлғалар цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерлері бола алмайды.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерінің лауазымына:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адамды сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген тыйым салу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ адамды сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері;
2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері;
3) бас бухгалтер цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерлері деп танылады.
14. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жарғылық капиталы цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгінгенге дейін қалыптастырылады.
15. Есептік тіркеуден өту үшін цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттар мен мəліметтерді ұсынады:
1) атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді де (дипломның (дипломдардың) жəне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген жарғылық капиталға ақы төленгенін растайтын құжат;
3) өтініш беруші үлгілік жарғы бойынша қызметті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;
4) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық активтердің сауда платформасының операторымен, банкпен жəне (немесе) Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжат;
5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асырудың өтініш берушінің басқару органы бекіткен ішкі қағидалары;
6) өтінішті жəне оған қоса берілетін құжаттар мен мəліметтерді беруге адамның өкілеттігін растайтын құжат.
16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде есептік тіркеуден өту үшін берілген өтінішті есептік тіркеуден өту үшін қажетті құжаттардың толық жинақталымы ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай жағдайлардың кез келгенінде:
ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде қамтылған өтініш беруші жəне (немесе) оның құрылтайшылары, қатысушылары (акционерлері) туралы анық емес деректер (мəліметтер) анықталғанда;
ұсынылған құжаттардың жəне (немесе) мəліметтердің мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келмегенде;
ұсынылған құжаттар мен мəліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді жүзеге асыру қажет болғанда цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде есептік тіркеуден өту үшін берілген өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынылған құжаттарға жəне (немесе) мəліметтерге берген ескертулерін өтініш берушінің жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.
Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде есептік тіркеуден өту үшін өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынылған құжаттарға жəне (немесе) мəліметтерге берген ескертулерін жойғаннан кейін жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілген құжаттардағы жəне (немесе) мəліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде нақтыланған (түзетілген) құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептік тіркеуден өткен өтініш берушіге цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының тіркеу нөмірін береді, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінде, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінде жазбаны жүзеге асырады жəне өтініш берушіге тіркеу нөмірін көрсете отырып, осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама жібереді.
Есептік тіркеуден өткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімі жəне цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда есептік тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
18. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторын, цифрлық активтердің сауда платформасы операторын есептік тіркеуден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтердің жəне (немесе) ақпараттың анық болмауы жəне (немесе) толық болмауы;
2) құжаттардың толық жинақталымының ұсынылмауы немесе құжаттардың осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес келмеуі;
3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторы, цифрлық активтердің сауда платформасы операторы құрылтайшысының, қатысушысының (акционерінің) осы баптың 11 жəне 12-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
4) басшы қызметкерлердің осы баптың 13-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі;
5) осы баптың 14-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы;
6) бенефициарлық меншік иесінде алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.
19. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге өтінішті қайта ұсынуға немесе өз атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторын, цифрлық активтердің сауда платформасы операторын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
Қайта ұсынылған өтінішті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі он жұмыс күні ішінде қарайды.
20. Есептіліктің нысандарын, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оны ұсыну тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
21. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттардың жəне Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
22. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруына жол беріледі.
23. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруына жол беріледі.
24. Осы баптың 7-тармағын қоспағанда, осы баптың талаптары қор биржасы мен орталық депозитарий цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде қызметін жүзеге асырған кезде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген бөлігінде қор биржасына жəне орталық депозитарийге қолданылады.
Қор биржасы жəне орталық депозитарий цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретіндегі қызмет үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген біліктілік талаптарына сəйкес келген кезде осындай қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асыруға құқылы.
25. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің бірлескен актісінде айқындалған тəртіппен жəне шарттарда «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға құқылы.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған тəртіппен жəне шарттарда цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруға құқылы.
26. Цифрлық қаржы активтерін аударуды жүзеге асыру кезінде цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы цифрлық қаржы активтерін жөнелтуші мен алушы туралы ақпаратты, оның ішінде аталған тұлғаларды жəне (немесе) бенефициарлық меншік иелерін сəйкестендіруге мүмкіндік беретін мəліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тəртіппен жинауды жəне сақтауды жүзеге асырады.
27. Осы баптың 26-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған не толық берілмеген жағдайда, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы клиент талап етілетін ақпаратты бергенге дейін кемінде қырық сегіз сағат мерзімге операция жүргізуді тоқтата тұруға тиіс.
Клиент жөнелтушіні жəне (немесе) алушыны сəйкестендіру үшін қажетті ақпаратты бермеген жағдайда, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы белгіленген мерзім өткеннен кейін операцияны жүргізуден бас тартады.
7-бап. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін бақылау жəне қадағалау
1. Цифрлық қаржы активтері нарығын бақылау жəне қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметіне қатысты тексеруді жəне бақылаудың (қадағалаудың) өзге де нысандарын жүзеге асырады.
2. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметіне қатысты тексерулер жəне бақылаудың (қадағалаудың) өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасында белгіленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауды жəне қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тəртібіне сəйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде өз құзыретіне кіретін мəселелер бойынша цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына қатысты осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сəйкес шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық қаржы активтері платформасының операторларына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларына қатысты Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін шектеулі ықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолданады:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама жіберу;
2) жазбаша ескерту шығару;
3) жазбаша келісім жасау.
Цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тəртібі, сондай-ақ қолданылатын шектеулі ықпал ету шарасының түрін таңдау үшін негіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен мынадай негіздердің кез келгені бойынша шығарылады:
1) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) соттың цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы;
3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерлеріне жəне (немесе) қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптардың сақталмауы;
4) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзуы;
5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған шектеулі ықпал ету шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамауы;
6) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының есептік тіркеу күнінен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қызметін есептік тіркеуге сəйкес жүзеге асырмауы немесе қатарынан күнтізбелік алты айдан астам кезеңге қызметін тоқтатуы;
7) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келмеу;
8) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жүзеге асырылатын қызмет бойынша деректерді (мəліметтерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) ұсынбауы;
9) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) жүзеге асырылатын қызметі бойынша анық емес деректерді (мəліметтерді) ұсынуы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан операторға қатысты бақылау мен қадағалау жүргізілуіне кедергі жасалуы;
11) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде анық емес деректердің (мəліметтердің) анықталуы.
6. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен шығарылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарылған күннен бастап бұл туралы цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді жəне өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен шығару туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шешіміне шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
8. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен шығару туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде:
1) өз атауынан «цифрлық қаржы активтері платформасының операторы» немесе «цифрлық активтердің сауда платформасының операторы» деген сөздерді алып тастау мақсатында атауының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізуге не төлем ұйымын тарату туралы шешім қабылдауға;
2) өздерінің цифрлық платформаларында есепке алынатын жəне сақталатын барлық деректердің (мəліметтердің), оның ішінде цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар жəне өздеріне тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы деректердің (мəліметтердің) басқа цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тəртіппен берілуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
49-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 9-баптың 4-тармағында:
бірінші абзац «тоқтата тұру» деген сөздерден кейін «цифрлық майнинг саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «уəкілетті» деген сөз «цифрлық майнинг саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «майнер» деген сөзден кейін «цифрлық майнинг саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «майнер» деген сөзден кейін «цифрлық майнинг саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
49-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 10-баптың 3-тармағы «пул» деген сөзден кейін «цифрлық майнинг саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
49-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 11-бап алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Ұлттық стратегиялық крипторезерв туралы жалпы ережелер
1. Ұлттық стратегиялық крипторезерв - цифрлық активтерге, базалық активі цифрлық активтер болып табылатын туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ цифрлық активтерді дамытатын жəне (немесе) соларға инвестициялайтын компаниялардың акциялары мен үлестеріне инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған қор.
2. Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқаруды брокерлік, дилерлік көрсетілетін қызметтерді жəне инвестициялық портфельді басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
3. Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқару нəтижелері туралы жыл сайынғы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңеске қарауға ұсынылады.
4. Ұлттық стратегиялық крипторезерв активтерін инвестициялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық актілеріне сəйкес жүзеге асырылады.»;
49-тармағының 9) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Цифрлық қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау
Цифрлық майнинг саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;
49-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
10) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер
12-1-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға жəне айналымға (айналысқа) жіберуді ұйымдастыру жөніндегі қызметке тек қана мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуі бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары немесе цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары жүзеге асыратын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару жəне қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуды, сатуды жəне (немесе) айырбастауды қоса алғанда, оларды айналымға жіберуді ұйымдастыру жағдайларында жол беріледі.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату жəне (немесе) айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу тəртібін қоса алғанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын операцияларды талдау жəне бақылау жүйесін ендіруге міндетті;
2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары арқылы жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару жəне айналымға жіберуді ұйымдастыру жағдайларында жол беріледі.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржасына жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушыларына қойылатын талаптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сəйкес айқындалады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтерді шығару жəне айналымға жіберуді ұйымдастыру;
4) құқық қорғау органдарының жəне арнаулы мемлекеттік органдардың цифрлық активтерге тыйым салуға, оларды алып қоюға жəне тəркілеуге байланысты цифрлық активтерді айналымға (айналысқа) жіберуі;
5) цифрлық майнерлер цифрлық майнинг нəтижесінде алған цифрлық активтердің айналымы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне (немесе) оның еншілес ұйымдарының цифрлық активтерді айналымға жіберуі жəне айналымға (айналысқа) жіберуді ұйымдастыруы жағдайларында жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер төлем құралы, қаржы құралдары немесе қаржы активтері деп танылмайды.
Цифрлық қаржы активтеріне қатысты осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес келмейтін цифрлық активтер осы Заңның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер деп танылады.
3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде жəне (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған банктік шоттарды пайдалана отырып, клиенттердің операцияларына қызмет көрсетеді.
Екінші деңгейдегі банк жəне Ұлттық пошта операторы цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы (рұқсаты) болған кезде цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлеріне банктік шоттарды ашады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржаларының жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушыларының екінші деңгейдегі банктермен жəне Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тəртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының екінші деңгейдегі банктермен жəне Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтері биржасының жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары есептілігінің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тəртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.
4. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары жəне цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің құнын өзгерту үшін жауаптылықта болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыратын тұлғаға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге жəне олармен операциялар жасауға байланысты тəуекелдер туралы хабар беруге міндетті.
5. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шектеулер мен лимиттерге сəйкес клиенттердің операцияларына қызмет көрсетеді.
6. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен клиентті сəйкестендіру жүргізілгеннен кейін клиенттердің операцияларына қызмет көрсетеді.
7. Клиенттердің цифрлық активінің əмияндарын ашуға жəне оларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
8. «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары, цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді аударуды жүзеге асыру кезінде цифрлық активтерді жөнелтуші мен алушы туралы ақпаратты, оның ішінде аталған тұлғаларды жəне (немесе) бенефициарлық меншік иелерін сəйкестендіруге мүмкіндік беретін мəліметтерді жинауды жəне сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырады.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған не толық берілмеген жағдайларда «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары, цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары операция жүргізуді клиент талап етілетін ақпаратты бергенге дейін кемінде қырық сегіз сағат мерзімге тоқтата тұруға тиіс.
Клиент жөнелтушіні жəне (немесе) алушыны сəйкестендіру үшін қажетті ақпаратты бермеген жағдайда, белгіленген мерзім өткеннен кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары, цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары операция жүргізуден бас тартады.
10. «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 211-бабында айқындалған, мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау жəне одан əрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі уəкілетті органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан жəне арнаулы мемлекеттік органдардан цифрлық активтің əмиянын ашқаны жəне жүргізгені үшін, сондай-ақ цифрлық активтермен жасалатын операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссия алмайды.
12-2-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін реттеу
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензиясы жоқ тұлғалар жүзеге асыратын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметтерін көрсету жөніндегі қызметке жол берілмейді.
3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын лицензиялау тəртібін жəне қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген нормативтік құқықтық актісі мыналарды қамтиды:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесі;
2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;
4) ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қайта ұйымдастыру тəртібі.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін өтінішті өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген құжаттардың толық жинақталымын ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттар мен мəліметтерді ұсынады:
1) атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді де (дипломның (дипломдардың) жəне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріле отырып) қамтитын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген жарғылық капиталға ақы төленгенін растайтын құжаттар;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы үлгілік жарғы бойынша қызметті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының банкпен немесе Ұлттық пошта операторымен, цифрлық активтер биржасымен немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге қолжетімділікті ұсынатын өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжат;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басқару органы бекіткен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асырудың міндетті шарттары мен қағидаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді;
6) өтінішті жəне оған қоса берілетін құжаттар мен мəліметтерді беруге адамның өкілеттігін растайтын құжат.
7. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны бергені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
8. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия шексіз мерзімге беріледі.
9. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында қазақ жəне орыс тілдерінде орналастырылады.
10. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгінгенге дейін қалыптастырылады.
11. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттардың жəне Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
12. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басқа ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) жарғылық капиталына қатысуына жол берілмейді.
13. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының кəсіпкерлік қызметінің айрықша түрі болып табылады.
14. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну нысандарын, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
15. Мыналарды:
1) мінсіз іскерлік беделі жоқ адамдарды;
2) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес терроризмді, экстремизмді қаржыландырумен жəне (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамдарды;
3) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент жəне бейрезидент жеке тұлғалары мен заңды тұлғалары қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының немесе акционерлерінің бірі), бенефициарлық меншік иелері болып табылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекет (аумақ) деп қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган жасаған тізбеге «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес енгізілген мемлекет (аумақ) түсініледі.
16. Мыналарды:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында аталған адамдарды;
2) жоғары білімі жоқ адамды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкері болып табылады.
12-3-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының лицензиясын беруден бас тарту негіздері
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының лицензиясын беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтердің жəне (немесе) ақпараттың анық болмауы жəне (немесе) толық болмауы;
2) құжаттардың толық жинақталымын ұсынбау немесе құжаттардың осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес келмеуі;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атқарушы органы басшысының белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі;
4) бенефициарлық меншік иесінде алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.
12-4-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар
Мынадай:
1) банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған;
2) бұрын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының тізілімінен шығарылған, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атқарушы органының басшысы болған адамды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады. Осы тармақшада көрсетілген негіз қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының тізілімінен шығарылған күннен бастап қатарынан күнтізбелік бес жыл бойы қолданылады;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адамды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
12-5-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін бақылау жəне қадағалау
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметіне қатысты тексеруді жəне бақылаудың (қадағалаудың) өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жəне Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасында белгіленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібіне сəйкес жүзеге асырады.
2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданады.
3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қадағалап ден қою шараларының мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
2) қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
3) қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шаралары.
4. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау жəне қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде:
1) тəуекел деңгейі, бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің, олардың салдарының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің, олардың салдарының ауқымы мен айтарлықтай болуы;
3) бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі, ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің қаржылық жай-күйге əсері;
5) таңдалған қадағалап ден қою шарасын қолдану нəтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы жəне тиімділігі (нəтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың жəне (немесе) кемшіліктердің жəне (немесе) тəуекелдердің туындауына негіз болған себептер ескеріледі.
5. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатымен ресімделеді, онда осы шараны қолдану негіздері жəне анықталған кемшіліктер, тəуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарлама жəне (немесе) анықталған кемшіліктерді, тəуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кемшіліктерді, тəуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайларда қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескерту қамтылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кемшіліктерді, тəуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады. Қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жазбаша нұсқамада орындалуы міндетті шаралар қабылдауды жəне жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну қажеттілігін нұсқап көрсетеді.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тəуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының əрбір тармағын орындау үшін жауапты басшы қызметкерлер қамтылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулері болған жағдайда жəне (немесе) егер жоспарланатын іс-шаралар көлемі жиырма іс-шарадан асатын болса, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімі тек бір рет он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарына ескертулері болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді жəне (немесе) бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулерін ескере отырып пысықталған іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға оны іске асыруға кіріседі.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметіндегі бұзушылықтарды жою мақсатында қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шараларын қолданады.
Қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының əрбір тармағының орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасында белгіленген мерзімде ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ескертулері болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді жəне (немесе) бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулерін ескере отырып пысықталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе ол бойынша өз қорытындысын жібереді, онда қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаға жоспарланған іс-шараларды жəне (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігі туралы нұсқау қамтылады.
8. Қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шара, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі мақұлданған іс-шаралар жоспарын немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шарасы қолданылған тұлғаға жоспарланған іс-шараларды жəне (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігіне нұсқауы бар қорытындысын алған күннен басталады.
Қаржылық жай-күйін жақсарту жəне (немесе) тəуекелдерді барынша азайту жөніндегі шара, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың мəжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін іс-шаралардың орындалуы туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген əрбір іс-шара бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген, оларды жүзеге асыру күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
12-6-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру үшін негіздер
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензияны беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігінің анықталуы;
2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкерлеріне жəне (немесе) қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының сақтамауы;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының осы Заңда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғысында немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияда белгіленген оның құқық қабілетінің шегінен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келмеу;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, сатуға жəне (немесе) айырбастауға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша мəліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) ұсынбау;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, сатуға жəне (немесе) айырбастауға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша анық емес мəліметтерді ұсыну;
7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізілуіне кедергі келтіруі.
2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиялардан айыру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қайта ұйымдастыру немесе тарату не соттың қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының кəсіпкерлік қызметтің өзге түрін жүзеге асыруы;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған өзіне берілген лицензияға сəйкес ол берілген немесе өз қызметін қатарынан алты айдан асатын кезеңге тоқтатқан күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қызметін жүзеге асырмауы.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензиядан айыру туралы шешімді қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осындай шешімді қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының назарына жеткізген күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы алдын ала шешім туралы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданатын күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атынан оның бірінші басшысы ғана шағым жасауға құқылы.».
50. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тəуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді жəне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
5-тармақтың 9) тармақшасының отыз екінші абзацы алып тасталсын;
17-тармақтың 9) тармақшасының жиырма алтыншы абзацындағы «3-бабының 6-тармағында» деген сөздер «4-бабының 4 жəне 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы «жеке тұлғаның» деген сөздер «қарыз алушы жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметпен байланысты емес микрокредиті бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
1-тармақтың 9) тармақшасында:
«2026 жылғы 1 мамырдан бастап» деген сөздер «2027 жылғы 1 мамырдан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5-тармағы 9) тармақшасының отыз екінші абзацын,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші абзацта:
«2026 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздер «2027 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5-тармағының 10) тармақшасы он төртінші абзацының жəне» деген сөздер алып тасталсын;
«осы абзацтар» деген сөздер «осы абзац» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «5-тармағының 9) тармақшасы отыз екінші абзацының жəне» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«2026 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздер «2027 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«банктік қарыз шарты немесе» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «2026 жылғы 1 мамырдан кейін» деген сөздер «2027 жылғы 1 мамырдан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
51. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 8) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс жəне артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы Заңына:
1) 1-бапта:
6-тармақтың 20) тармақшасының алтыншы жəне жетінші абзацтары алып тасталсын;
22-тармақтың 7) тармақшасындағы «үшінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
30-тармақтың 6) тармақшасының он алтыншы абзацы алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «6-тармағы 20) тармақшасының алтыншы жəне жетінші абзацтарын,» жəне «, 30-тармағы 6) тармақшасының он алтыншы абзацын» деген сөздер алып тасталсын.
1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 7) тармақшасын жəне 43-тармағын;
2) 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 4-тармағының 1) жəне 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - оныншы, он екінші - он алтыншы абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші, сегізінші - он екінші абзацтарын, 10-тармағы 1) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын, 13-тармағының 2) тармақшасын, 15-тармағы 21) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтарын, 24-тармағы 1) тармақшасының үшінші, сегізінші - он бірінші абзацтарын, 2), 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының екінші, бесінші, алтыншы, оныншы жəне он бірінші абзацтарын, 22) жəне 27) тармақшаларын, 29) тармақшасының екінші - он төртінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтарын, 30), 31) жəне 32) тармақшаларын, 25-тармағы 2) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 5) тармақшасының он үшінші абзацын, 11) тармақшасының үшінші жəне бесінші абзацтарын, 26-тармағын, 37-тармағы 1) тармақшасының екінші, төртінші - жетінші абзацтарын, 2), 3) жəне 4) тармақшаларын, 41-тармағының 10) тармақшасын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 42-тармағы 5) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 49-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), жəне 10) тармақшаларын;
3) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 7), 8) жəне 9) тармақшаларын, 5-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 4), 5), 6), 7) жəне 8) тармақшаларын, 8-тармағын, 9-тармағы 3) тармақшасының алтыншы, жетінші жəне он бірінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 6) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, он үшінші, он төртінші жəне он бесінші абзацтарын, 15-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 15) тармақшасын, 23) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 18-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларын, 24-тармағының 6), 9), 10), 11), 12), 14) жəне 15) тармақшаларын, 20) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 24) тармақшасының жиырма төртінші абзацын, 25-тармағы 5) тармақшасының бесінші, он алтыншы жəне он жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының отыз алтыншы жəне қырқыншы абзацтарын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 12) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы жəне оныншы абзацтарын, 16) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 19) тармақшасының бесінші, он үшінші - жиырма сегізінші жəне жетпіс сегізінші абзацтарын, 35-тармағы 5) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші жəне сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 13) тармақшасын, 19) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 38-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларын, 40-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын, 8) тармақшасының қырық бесінші, қырық алтыншы жəне қырық жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының алтыншы жəне жетінші абзацтарын, 15) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтарын, 17) тармақшасының алтыншы абзацын, 28) тармақшасын, 45-тармағының 24), 25) тармақшаларын жəне 26) тармақшасының үшінші абзацын, 46-тармағы 4) тармақшасының оныншы, он бірінші жəне он екінші абзацтарын;
4) 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 40-тармағы 3) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма үшінші абзацтарын;
5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 3) тармақшасын, 5) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 40-тармағы 4) тармақшасының отыз бірінші - отыз төртінші абзацтарын, 45-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, он төртінші - жиырма бірінші абзацтарын, 2) тармақшасының жиырма төртінші, қырық төртінші абзацтарын, 3), 4), 5) жəне 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 12), 14), 18), 21), 22) жəне 23) тармақшаларын;
6) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 10) жəне 11) тармақшаларын, 15-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы жəне оныншы абзацтарын, 4) тармақшасын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші жəне он алтыншы абзацтарын, 7) тармақшасының жетінші абзацын, 8) тармақшасын, 20) тармақшасының төртінші, бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 24) тармақшасының екінші, үшінші жəне төртінші абзацтарын, 28), 30) жəне 31) тармақшаларын, 20, 21, 22 жəне 23-тармақтарын, 24-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші жəне төртінші абзацтарын, 23) тармақшасының он төртінші абзацын, 25-тармағы 6) тармақшасының бір жүз отыз бірінші жəне бір жүз отыз екінші абзацтарын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 19) тармақшасының қырқыншы - екі жүз жиырмасыншы абзацтарын, 27-тармағын, 29-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 12) жəне 13) тармақшаларын, 31, 32 жəне 33-тармақтарын, 40-тармағы 8) тармақшасының қырқыншы - қырық төртінші абзацтарын, 13) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 16) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 25) тармақшасының он екінші жəне он үшінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 27) тармақшасының елу екінші жəне алпыс төртінші абзацтарын, 46-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші жəне бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші жəне тоғызыншы абзацтарын, 6) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 11) тармақшасының қырық бірінші жəне елу үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1) осы Заңның 1-бабы 25-тармағы 9) тармақшасы он екінші абзацының жəне 40-тармағы 25) тармақшасы он сегізінші жəне он тоғызыншы абзацтарының қолданысы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6) банктегі жəне банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы жəне сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының қызметі сипатына, ауқымына жəне күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сəйкес келетін тиімді ішкі саясат пен рəсімдердің болуы жəне іске асырылуы тұрғысынан бағалау;»;
«4) ішкі саясат пен рəсімдерді, тəуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді қайта қарау;»;
«5) осы Заңның 14-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету бойынша, оның ішінде микроқаржы ұйымы осы Заңның 14-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан уəкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін шеттеткен жағдайларда;»;
2) осы Заңның 1-бабы 15-тармағының 24) тармақшасы екінші, үшінші жəне төртінші абзацтарының, 29-тармағы 9) тармақшасы сегізінші абзацының, 40-тармағы 25) тармақшасы он екінші жəне он үшінші абзацтарының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«12) уəкілетті орган бекіткен, міндетті жарналардың мөлшерін есептеу əдістемесінде, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тəртібінде жəне мерзімдерінде белгіленген мерзімде сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманы офисіне міндетті жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық көлемде төлемеуі;
13) сақтандыру ұйымының сақтандыру омбудсманы шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы;»;
«4) жеке тұлғаның жəне банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында жеке тұлғаның жолданымы бойынша оның банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан банктік қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ қарыз алушының жолданымы негізінде жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы мен осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жүзеге асырылған жағдайларда ғана кредиттік есепте қамтылған ақпаратты пайдалануға;»;
«8) микроқаржы ұйымының микроқаржы омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
9) микроқаржы ұйымының микроқаржы омбудсманының шешімін қарыз алушы жеке тұлға қабылдаған жағдайда осы Заңның 29-3-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде оны орындамауы.».
1) микроқаржылық қызмет саласында жəне (немесе) коллекторлық қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген кəсіпкерлік немесе кəсіптік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар қызметінің басталғаны туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржылық қызмет саласында жəне (немесе) коллекторлық қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап екі ай ішінде хабардар етеді;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары қадағалап ден қою шараларына теңестіріледі;
3) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қалыптастырылған сақтандыру жəне микроқаржы омбудсмандары өкілдерінің кеңестері өз қызметін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады;
3-тармағының 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4) қарыз алушы жеке тұлға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға жүгінгеннен кейін:
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредит беру туралы шартқа қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуден бас тарту туралы шешімін алған;
микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген;
қарыз алушының, оның ішінде микрокредитті алаяқтық тəсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жəбірленуші деп танылған қарыз алушының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру бөлігінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен келісімге қол жеткізбеген жағдайларда дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібімен микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы деп белгіленсін.
Осы тармақшаның екінші жəне үшінші абзацтарында көзделген жағдайларда қарыз алушы жеке тұлға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды микроқаржы омбудсманына жүгінгені туралы бір мезгілде хабардар ете отырып, күнтізбелік он бес күн ішінде микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
Микроқаржы омбудсманының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушыдан келіп түскен ипотекалық қарыз, оның ішінде кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жолданымды қарауы кезеңінде кепілге салынған мүлікке сот арқылы немесе соттан тыс өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) жеке тұлғалардың 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін микроқаржы омбудсманына жіберілген, олар бойынша шешімдер қабылданбаған жолданымдары, сондай-ақ жолданымдарға қатысты өзара қолайлы шешімге қол жеткізуге жəрдемдесу жүзеге асырылмаған жəне тараптар шарттарды өзгерту туралы келісілген шешім қабылдамаған, микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау талаптарының өзгеруіне байланысты жолданымдар 2027 жылғы 14 қаңтарға дейін қаржы омбудсманына берілуге тиіс;
6) көрсетілетін сақтандыру қызметтерін тұтынушылар мен сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманына 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жіберілген, олар бойынша шешімдер қабылданбаған не өзара келісімге келу негізінде тараптарды татуластыру жолымен не сақтандыру омбудсманының ұсынымдары немесе түсіндірмелері арқылы реттелмеген жолданымдары 2027 жылғы 14 қаңтарға дейін қаржы омбудсманына берілуге тиіс деп белгіленсін.
Аталған жолданымдар бойынша оларды қарау мерзімін есептеу оларды қаржы омбудсманының қызметі алған күннен басталады;
7) қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі осы Заңның талаптарына сəйкес 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қалыптастырылуға тиіс деп белгіленсін.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі тиісті салаларда қаржы омбудсмандарын 2026 жылғы 1 қазанға дейін сайлауға тиіс;
8) микроқаржы омбудсманы осы Заңның 40-тармағы 8) тармақшасының қырық алтыншы жəне қырық жетінші абзацтарына сəйкес микроқаржы омбудсманы жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеуді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырады;
9) осы Заңның 40-тармағы 6) тармақшасының он сегізінші абзацының талаптары бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
10) осы Заңның 40-тармағы 4) тармақшасының отыз бірінші - отыз төртінші абзацтарында көзделген талаптар:
осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң жасалған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттарға (тұтынушылық банктік қарыз шарттары);
тұтынушылық микрокредиттің (банктік қарыздың) сомасын ұлғайтуға арналған өтініштерге, сондай-ақ бұрын жасалған шарт шеңберінде осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң берілген, талаптарында ақшаны толық көлемде не өтініш негізінде бөліп-бөліп беру көзделген, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті (банктік қарызды) беруге арналған өтініштерге қолданылады;
11) осы баптың 3-тармағының 4) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
12) цифрлық активтер саласындағы уəкілетті орган берген қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне айналысқа жіберуге арналған рұқсаттар «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-тарауы қолданысқа енгізілген кезден бастап 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысын тоқтатады;
13) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан əрі - микроқаржы ұйымы) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде банк жəне микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы мынадай мүлікті:
микроқаржы ұйымының (ломбардтарды қоспағанда) балансындағы жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша кепіл (өзге де қамтамасыз ету) нысанасына өндіріп алуды қолдану нəтижесінде өзі 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін сатып алған мүлікті;
микроқаржы ұйымының (ломбардтарды қоспағанда) балансындағы жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нəтижесінде өзі 2024 жылғы 20 тамызға дейін сатып алған мүлікті өткізуге міндетті деп белгіленсін.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша кепіл (өзге де қамтамасыз ету) нысанасына өндіріп алуды қолдану жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нəтижесінде сатып алынған мүліктің микроқаржы ұйымының балансында болуының жалпы мерзімі ол микроқаржы ұйымының меншігіне түскен күннен бастап үш жылдан аспауға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскелеріне қолданылмайды.
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Егер резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капиталдың сомасынан аз болса, онда бөлінбеген бүкіл таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің билік етуінде қалады жəне резервтік капитал жарғылық капиталдың мөлшеріне жеткенге дейін оны толықтыруға жіберіледі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 16 қаңтар
№ 259-VIII ҚРЗ