ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 19 шілдедегі № 110-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «тұрғын үй төлемдеріне,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 57-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «және бастапқы статистикалық деректерді бөлек-бөлек ұсынады» деген сөздер «бөлек-бөлек жасайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«жасайды, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
«қаржылық есептілікті және бастапқы статистикалық деректерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлек-бөлек ұсынады» деген сөздер «бөлек-бөлек жасайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.»;
4-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 63-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы тоғызыншы абзацтағы «шетелдік заңды тұлғаларда еңбек өтілі жоқ;» деген сөздер «шетелдік заңды тұлғаларда;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда еңбек өтілі жоқ;»;
4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы және оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымы түсініледі.»;
7-тармақта:
төртінші бөліктегі «Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне» деген сөздер «Атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне, бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.»;
12-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 223-баптың 3-тармағындағы «тәртібін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес алушы дербес айқындайды» деген сөздер «тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 224-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді» деген сөздер «кезеңділігі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың бірінші бөлігі «мемлекеттің ақша-кредит саясатын» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - ақша-кредит саясаты)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.»;
3) 6-баптың бірінші бөлігіндегі «ұйымдарымен» деген сөз «республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі - Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері. Осы Заңның қағидаттары»;
5) 7-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «мемлекеттің» деген сөз алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Осы Заңның қағидаттары
Осы Заң Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің заңдылығы, Қазақстан Республикасының Президентіне бағыныстылығы және Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оған берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіздігі қағидаттарына негізделеді.»;
7) 8-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;
3-2) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;»;
«8-2) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
8-3) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
8-4) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;»;
15) тармақша алып тасталсын;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады;
17) сыртқы сектор статистикасы жөніндегі статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;»;
18) тармақша алып тасталсын;
18-1) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау мен өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
19) осы Заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін арнаулы реттеу режимін енгізуге құқылы;»;
«24-3) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
26) тармақшадағы «Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке» деген сөздер «Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;»;
30) тармақша алып тасталсын;
31) тармақшадағы «Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенімгерлікпен» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) және 32-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;»;
«32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;»;
33) тармақша алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысады;»;
35) тармақша «және оларды қолдану тәртібін айқындайды» деген сөздермен толықтырылсын;
38-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-3) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық саласында және өз қызметімен байланысты басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізеді;
38-4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
8) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген» деген сөздер «Ұлттық Банкі белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 12-баптың үшінші бөлігіндегі «филиалдар, өкілдіктер, ведомстволар мен ұйымдар» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары мен ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкілеттіктері
1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыреттеріне сәйкес келісу бойынша не бірлесіп мынадай:
1) ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) банкноттар мен монеталарды сатуды, сатып алуды, айырбастауды, ауыстыруды, олардың төлемділігін айқындауды және айналыстан алып қоюды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының эмиссиясы, қолма-қол ақша айналысы, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды жүзеге асыру;
3) төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу, көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;
4) валюталық реттеу және валюталық бақылау;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу;
6) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру;
7) құзыреті шегінде үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде шектеулі ықпал ету шаралары мен қадағалап ден қою шараларын қолдану;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару, оның ішінде оларды сыртқы басқаруға беру;
10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтын сатып алуға басым құқығын іске асыру;
11) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде сыртқы сектор статистикасы жөніндегі есептердің статистикалық нысандарын ұсыну;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде әкімшілік деректерді жинау (қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну);
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруы;
16) қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін, оның ішінде шоттардың үлгілік жоспарларын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, оларға әдістемелік ұсынымдарды реттеу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру;
17) өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын есептік тіркеу;
18) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне жəне іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілеу;
19) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі жəне жабуы;
20) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтермен операциялар жүргізуі;
21) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет көрсетуі;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік жəне брокерлік қызметті жүзеге асыруы;
23) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жəне заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау;
24) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау жəне олармен жасалған еңбек шартын тоқтату;
26) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
27) банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау;
28) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сəйкес осы тармақта көзделмеген Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша актілерді қабылдайды.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын қарайды, мақұлдайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің жəне оның ведомстволарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жəне əлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) бекітеді;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;
6) ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін жəне (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру жəне олардың қызметіне қатысу туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы, қайта ұйымдастыру жəне тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
11) 19-баптың төртінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетін мəселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының)» деген сөздер «Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің жəне Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мəселелер қосылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 25-баптағы «мемлекеттің» деген сөз алып тасталсын;
13) 29-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын» деген сөздер «ақша-кредит саясатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 33-баптағы «сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырады» деген сөздер «сату Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіппен жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 34-баптың бірінші бөлігіндегі «мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің» деген сөздер «мөлшерлемесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен монеталарды сатуы жəне сатып алуы
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамадағы банкноттар мен монеталарды сатуы жəне сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.»;
17) 46-бапта:
бірінші бөлік «операторы» деген сөзден кейін «Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «монеталарды» деген сөзден кейін «олардың төлемділігі айқындалғаннан кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 51-2-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының жүйелік тəуекелдерін төмендету үшін экономикалық шектеулер болып табылатын макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілейді;»;
19) 51-4-бапта:
1-тармақ «режимі» деген сөзден кейін «цифрлық активтерге жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік «жəне (немесе)» деген сөздерден кейін «цифрлық активтерге жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.»;
20) 51-5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2), 3) жəне 5) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер жəне (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан əрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.»;
21) 52-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «туынды» деген сөз «Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіппен туынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 56-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) жəне 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) уəкілетті банктердің Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері жəне есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат беру тəртібін айқындайды;
7-2) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, ақпарат беру тəртібін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсыну талап етілетін қызмет түрлерін айқындайды;»;
23) 57-баптың он бірінші абзацындағы «Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне» деген сөздер «Банкі айқындайтын тəртіпке» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 70-бапта:
тақырып жəне екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өкілеттіктер»;
«Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органға оның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі өкілеттіктерін іске асыру үшін қажетті əкімшілік деректерді, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат пен мəліметтерді береді. Ақпаратты беру қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның Қазақстан Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы да жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді беру үшін пайдаланылатын қаржы нарығы жəне қаржы ұйымдары жөніндегі ақпараттың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында өзінің еншілес ұйымдарымен ақпарат алмасуды оларға тиесілі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүзеге асырады.».
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Банк қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты банк жүйесін құру мен ұстап тұру, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру, депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты банк секторын құру мен ұстап тұру жəне Қазақстан Республикасы банк секторының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының банк секторын реттеу, банк қызметін бақылау жəне қадағалау;
3) депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың қызметін реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылар қызметінің жəне қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың жауапкершілігі.»;
2) 2-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кəсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»;
6-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі Қазақстан Республикасының аумағында əрекет ететін өз филиалының міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады.»;
4) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.»;
5) 5-1-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі «үшін» деген сөзден кейін «осы Заңның 36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармағының 6) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 8-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай мазмұндағы жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші жəне жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«электрондық сауда алаңында жəне (немесе) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңында жəне (немесе) интернет-платформада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне өткізу жөніндегі, сондай-ақ өздеріне тиесілі алаңдар мен платформаларды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бағдарламалық қамтылымды, жабдықтар мен құрылғыларды жəне (немесе) биометриялық сəйкестендірумен жұмыс жөніндегі жүйелерді əзірлеуді, ендіру мен сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық қауіпсіздік жəне (немесе) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құралдарды əзірлеуді, сүйемелдеуді жəне ендіруді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді жəне сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
технологиялық платформаға қатысушылар арасындағы ақпараттық, телекоммуникациялық жəне технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);»;
2) тармақша он екінші абзацтағы «бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «бейрезиденттерін);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы жəне он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«электрондық сауда алаңында жəне (немесе) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңында жəне (немесе) интернет-платформада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне өткізу жөніндегі, сондай-ақ өздеріне тиесілі алаңдар мен платформаларды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бағдарламалық қамтылымды, жабдықтар мен құрылғыларды жəне (немесе) биометриялық сəйкестендірумен жұмыс жөніндегі жүйелерді əзірлеуді, ендіруді жəне сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
ақпараттық қауіпсіздік жəне (немесе) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құралдарды əзірлеуді, сүйемелдеуді жəне ендіруді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді жəне сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
технологиялық платформаға қатысушылар арасындағы ақпараттық, телекоммуникациялық жəне технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иемдену жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші жəне жиырма бесінші абзацтарында жəне 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы жəне он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың жарғылық капиталына банк немесе банк холдингі инвестициясының мөлшері, сондай-ақ осы ұйымдардың жарғылық капиталына банк немесе банк холдингі инвестицияларының жиынтық мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шектен аспауға тиіс.»;
14-тармақтағы «осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында жəне 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кəсіпкерлік қызмет, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген» деген сөздер «осы баптың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 8), 9), 9-1), 10), 12) жəне 15) тармақшаларында көзделген қызметті қоспағанда, осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында жəне 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кəсіпкерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 7) - 19) тармақшалары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 11-1-бапта:
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары (Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғалары үшін);»;
2) тармақшадағы «, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда - лицензияның көшірмесі» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы «, 14) жəне 15)» деген сөздер «жəне 14)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болуына қатысты осы Заңның 8 жəне 40-баптарында белгіленген талаптарды банктің, банк холдингінің сақтамауы;»;
13-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің бұзылуына алып келген, банк, банк холдингі, банктің еншілес ұйымы осы Заңның еншілес ұйымның қызметімен байланысты талаптарын сақтамаған не банктің жəне (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ капиталына банк жəне (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес келмеуі анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген рұқсатты бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат осы алым «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда ұсынылмайды.»;
8) 13-баптың 2-тармағы «дейін» деген сөзден кейін «не осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 13-1-бапта:
1, 2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уəкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің жиынтық активтерінің сомасы он миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) жəне терроризмді қаржыландырудың алдын алу жəне оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиал ашуына келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда осындай келісімнің (рұқсаттың) болуы;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болуы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін жəне өтімділік коэффициенттерін бұзудың болмауы.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен жəне мəліметтермен қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелері;
2) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банктік жəне өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі, онда мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы жəне осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің балансында есепке алу туралы;
осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сəйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мəселелер бойынша шешімдер де қамтылады;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтер, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
8) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген мəліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде оған қолданылмайды.
Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші уəкілетті орган оны қарап жатқан кез келген сəтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеу;
2) рұқсат алу үшін берілген құжаттардағы мəліметтер мен ақпараттың анық еместігі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі;
4) уəкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделінің болмауы.
Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беруге негіз болған құжаттарда анық емес мəліметтер мен ақпарат анықталған жағдайда рұқсатты кері қайтарып алады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданысы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған;»;
5-тармақтың төртінші бөлігі «дейін» деген сөзден кейін «не осы баптың 3-1 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктің құрылтай шарты мен жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мəліметтер мен ережелер міндетті түрде қамтылуға тиіс.»;
3-тармақ алып тасталсын;
11) 16-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
12) 17-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болып табылатын, банктің акцияларына тікелей иелік ететін жəне талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының басқа бейрезидент - заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы үшін осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.»;
1-1 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы ғана мынадай талаптар орындалған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (қолданыстағы рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензия (осындай рұқсат) болса;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай келісім (рұқсат) болса;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты жəне банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингі бола алады.»;
«3. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін уəкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 жəне 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мəліметтерді қоса бере отырып, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өтініш берушінің банктік шотындағы, өтініш беруші:
1) жеке тұлға үшін:
кəсіпкерлік, еңбек жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
сыйға тарту, мұра, ұтыстар түріндегі жəне (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан - банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) заңды тұлға үшін:
кəсіпкерлік жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған ақша банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің акцияларын сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.»;
4, 4-1, 5, 6, 6-1 жəне 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды жəне мəліметтерді:
1) банк акцияларын сатып алу шарттары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болуы) туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жеке тұлға сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен банктің акцияларын сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы жəне осы қаражаттың, мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мəліметтерді де ұсынады;
3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мəліметтерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасында ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады.
4) банктің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
5) кірістер мен мүлік туралы мəліметтерді, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасы банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті уəкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылған, нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесі мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімде ұсынылған, кірістер жəне мүлік туралы декларацияның нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған көшірмесін де ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Көрсетілген мəліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде бағалаушы айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мəліметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезидент - жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің жəне өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
7) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
4-1. Егер жеке немесе заңды тұлға уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты, сенімгерлік басқару шарты негізінде немесе мұраны қабылдау нəтижесінде банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне сəйкес келсе, ол осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сəйкес тиісті мəртебені иелену туралы өтінішті ұсынған кезде мыналар:
1) банк акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұрагерлік талаптары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6 жəне 7) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мəліметтер;
3) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, осы баптың 5-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар;
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылса, осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат;
5) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұрагерліктің нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мəліметтер қосымша ұсынылады.
Сыйға тарту немесе мұрагерлік нəтижесінде банктің акцияларын меншікке алған өтініш беруші банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде өтініш берушіден банкті қайта капиталдандыру жоспарына сəйкес банктің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болып табылуға тиіс.
5. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
2) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
4) осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
5) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мəліметтерді ұсынады;
6) аудиторлық есептермен расталған, өтініш берушінің соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің өтінішті беру алдындағы аяқталған соңғы тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік орналастырылған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелерін;
3) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін;
4) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылса, лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген растаманың көшірмесін ұсынады.
6-1. Осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі жəне осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талаптары мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
1) өтініш берушіде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болса;
2) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтер болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге қолданылмайды.
Осы баптың 5-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері болып танылады.
Осы баптың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды.
7. Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде, ол осы баптың 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларында, 5-тармағының 1), 2), 6) жəне 7) тармақшаларында жəне 6-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді ұсынады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «тармақшалары талаптарының» деген сөздер «тармақшаларында белгіленген талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «банктің» деген сөз «осы Заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензияның (осындай рұқсаттың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының осы баптың 1-1-тармағында көзделген талаптарға сəйкес келмеуі;»;
он бесінші абзац алып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы «қаржы ұйымы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Уəкілетті орган банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иеленуге келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігі;
2) өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мəртебесін иелену нəтижесінде Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы.
Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Келісім кері қайтарылып алынған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісім кері қайтарылып алынған күннен бастап алты ай ішінде банктің өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мəртебесін иеленуге уəкілетті органның рұқсатын алу талап етілмейтін деңгейге дейін азайтуға жəне растайтын құжаттарды уəкілетті органға ұсынуға міндетті.
Осы бапқа сəйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уəкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уəкілетті орган осы тұлғалардың уəкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.»;
18-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «уəкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат» деген сөздер «уəкілетті органға банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың көздері туралы (пайда болуы туралы) мəліметтерді осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген.»;
13) 19-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша беріледі.
3. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мəліметтер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар - жеке жəне заңды тұлғалар (уəкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мəліметтер, оның ішінде құрылтайшы - заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы құрылтайшы - заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі қоса берілуге тиіс.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, құрылтайшы - заңды тұлға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылындағы жəне соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік:
қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған кезде;
құрылтайшы - заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;
4) осы Заңның 17-1-бабының 3-тармағында көрсетілген банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті жəне осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында жəне 7-1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;
5) құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (пайда болуын) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы Заңның 17-1-бабының 3-1-тармағында көрсетілген;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай шартының нотариат куəландырған көшірмесі;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.»;
14) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлері болып танылады.»;
5-тармақтың бірінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын банктің басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) банктің басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
7) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.»;
«Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, əкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс кірмейді.»;
5-1-тармақта:
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының жəне ұлттық басқарушы холдингтің тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын еншілес ұйымының басқару органы басшысының, атқарушы органы басшысының, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының;»;
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) мыналардың:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардың бірінші басшысының жəне оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының;»;
6-тармақтың он екінші бөлігіндегі «он үшінші» деген сөздер «он төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «сегізінші» деген сөз «тоғызыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «сегізінші» деген сөз «тоғызыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақта:
«банк холдингінің басшы қызметкерлері» деген сөздер «Қазақстан Республикасының резидент - банк холдингінің басшы қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 17-1-бабы 6-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингінің басшы қызметкерлері болып танылады.»;
15-тармақтың екінші абзацындағы «бірінің А» деген сөздер «бірінің «А-» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы осы Заңның 19-бабында көрсетілген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.».
16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) банк атауының осы Заңның 15-бабы 2, 3 жəне 4-тармақтарының талаптарына сəйкес келмеуі;
2) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы - жеке тұлғаның не құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мəжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
5) осы Заңның 17-бабында белгіленген шектеулердің сақталмауы;
6) уəкілетті органның банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мəртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
7) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;
8) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтер мен ақпараттың анық еместігі.»;
17) 26-баптың 2, 2-1 жəне 2-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уəкілетті органның банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын) ашуға рұқсаты берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші уəкілетті органға уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш беруге тиіс.
Банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш бергенге дейін өтініш беруші жоспарланып отырған банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде:
уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сəйкес келетін үй-жайды, жабдықты жəне бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген операциялар жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидаларды жəне өзге де ішкі қағидаларды бекітуге;
уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сəйкес банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекітуге тиіс.
2-1. Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғаларының банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш, онда өтініш беруші жоспарланып отырған банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруды бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараның орындалғанын растайды;
2) өтініш беруші жарғысының нотариат куəландырған көшірмесі;
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сəйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сəйкес келетін өтініш берушінің таяу үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.
Өтініш берушінің даму стратегиясына өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы туралы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылына арналған бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде өтініш берушінің пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы болжамды деректер, сондай-ақ, егер өтініш берушінің бас ұйымының банк холдингі мəртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келсе, құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.
Егер өтініш қаржы жылы аяқталғанға дейін екі айдан аз уақыт бұрын берілсе, өтініш берушінің даму стратегиясына осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген өтініш берілетін жылдан кейінгі қаржы жылына арналған ақпарат қосымша енгізіледі;
6) қызметкерлердің тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;
7) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ең төмен мөлшері белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттарды көшірмелері.
2-2. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының банк операцияларын жəне өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының аумағында өзінің филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы жəне мұндай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
4) лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банк операцияларының жəне өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі - осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі жүзеге асыруға құқылы банк операцияларының жəне өзге де операциялардың тізбесі өзгерген немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда беріледі.»;
18) 27-баптың 1-тармағында:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мəні бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған банк операцияларына жəне өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясы (қолданыстағы рұқсаты) болмаған;»;
мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) жəне 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күші жойылған;
2-4) өтініш берушінің даму стратегиясы жəне (немесе) өзге де ұсынылған құжаттар уəкілетті органның тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сəйкес келмеген жəне (немесе) мыналарды:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін өтініш беруші қызметінің рентабельді болатынын;
өтініш берушінің жəне (немесе) құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындайтынын;
өтініш берушіде оның қызметінің жоспарларына сəйкес келетін ұйымдастырушылық құрылымның бар екенін растайтын мəліметтер ұсынылмаған;»;
«4-1) лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтер мен ақпарат анық емес болған;»;
19) 30-баптың 2-1-тармағында:
бірінші бөліктегі «2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15) жəне 16) тармақшаларында,» деген сөздер «2-тармағында жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы уəкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 12-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға да құқылы.»;
20) 31-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
7) тармақшадағы «тəртібі;» деген сөз «тəртібі болуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Клиенттің жолданымын қарау мерзімі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;»;
6-тармағы 20) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) клиенттермен жұмыс істеу тəртібі туралы ереже, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тəртібін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға жəне сенім білдірілген адамның қатысуымен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін қамтитын ереже;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидалар көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну, ақпаратты жария ету жəне банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын қарау тəртібіне сəйкес келуге тиіс.»;
21) 31-1-баптың екінші бөлігі «құжаттардың» деген сөзден кейін «жəне хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мəліметтердің» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармағының 22) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22) 33-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «жəне 74-3-бабы 5-тармағының» деген сөздер «, 74-3-бабы 5-тармағының, 74-5-бабы 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 34-бапта:
3-2-тармақтың екінші бөлігіндегі «банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер «кредиттік бюролардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызмет өткеруі кезеңінде банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мəліметтер алмасу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай əскери қызметшіге банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-2-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.»;
5-1 жəне 5-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Жеке тұлға банктік қарыздар алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
5-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оған банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алу тəртібі жəне келісу қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың ең төмен мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздарды жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз беруіне тыйым салынады.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын алынған банктік қарыздар жəне (немесе) микрокредиттер туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда өзінің қатысуынсыз жасасуына тыйым салынады. Жасасу үшін жеке тұлғаның өзінің қатысуы қажет болатын тұтынушылық банктік қарыз шарты бойынша банктік қарыздың ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6-тармағы 23) тармақшасының он үшінші абзацының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уəкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда жəне тəртіппен жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын осындай шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады. Көрсетілген шарт Интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталында не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талап банктік қарыз шартын жасасу, сондай-ақ тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
6-тармағы 23) тармақшасының он бесінші - он сегізінші абзацтары 2025 ж. 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
6-тармағы 23) тармақшасының он бесінші - он сегізінші абзацтарының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Интернет арқылы жасалған, мөлшері уəкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын банктік қарыз шарты негізінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) шартқа қол қойылған не банктік қарыз сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) қарыз алушы осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін уəкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сəйкес ресімделген тұтынушылық банктік қарызды алуға келісім бергеннен кейін жүзеге асырады.
Қарыз алушыға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, сомасы қосу нəтижесінде уəкілетті органның осы баптың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық қарыз Интернет арқылы берілген жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау рəсімдеріне сəйкес осы тармақтың алтыншы бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талапты сақтайды.
Осы тармақтың бірінші, төртінші жəне алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар тұтынушылық банктік қарыз сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына жəне (немесе) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның сол банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда алынған банктік қарыз бойынша қарыз алушының берешегін өтеу мақсаттарына жəне (немесе) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде беру жағдайларына қолданылмайды.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамай банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғадан мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай банктік қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай банктік қарыз бойынша сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген шаралар банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 15-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын алған жағдайда, осы тармақтың бірінші, үшінші, төртінші, алтыншы жəне жетінші бөліктерінде көзделген талаптардың кез келгенін сақтамай банктік қарыз беру жағдайларына қолданылады.»;
6-тармағы 23) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының күші 2024 ж. 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
5-5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, Интернет арқылы жеке тұлғамен банктік қарыз шартын жасасқан жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 5-2-тармағының оныншы бөлігінің талаптарын ескере отырып, тоғызыншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.»;
15-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың банктік қарыздарымен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға хабарлайды, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз əрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды жəне он жұмыс күні ішінде мұндай əрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы «тұлғаны» деген сөзден кейін «банктік қарызды алаяқтық тəсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «клиенттің қатысуынсыз» деген сөздер «клиенттің сəйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы жəне пайдалануы салдарынан, оның ішінде банктің қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану немесе банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның биометриялық сəйкестендіруді жүргізу тəртібін не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі жəне сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу жəне талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы банктік қарызды ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған клиентке» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 36-бапта:
6-тармағы 23) тармақшасының екінші - он екінші абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
1-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қарызды өтеу графигінде белгіленген төлемнің кемінде елу пайызын ай сайынғы төлем мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуге;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыз алушы - жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тəртібі, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) уəкілетті органға өтінішті қарау нəтижелері туралы хабарлау тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
1-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы - жеке тұлға банктік қарыз шартының талаптарына осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында жəне (немесе) 3) тармақшасында көзделген банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде банктік қарыз шарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей, кемінде үш ай мерзімге банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушының қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісі қарыз алушының қарыз алушы өтінішпен жүгінген не атаулы əлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.»;
1-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үшінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі «көзделген тұрғын үй төлемдерін,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемін есепке жатқызуға жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті беруге арналған банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармағының 25) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25) 36-1-баптың 4-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының екінші абзацы «жəне Қазақстанның Даму Банкін» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 39-бапта:
6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатпайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатады.
5-тармақ «ұйымдар,» деген сөз «ұйымдар қарыз алушы - заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Банктер тарифтерді өзгертудің болжамды күніне дейін үш ай бұрын клиентті хабардар еткеннен кейін жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдары бойынша тарифтерді ұлғайту жағына қарай өзгертуге құқылы.»;
27) 40-баптың 6-тармағында:
«уəкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
«актісінде көзделген тəртіппен, мерзімдерде жəне нысандар бойынша» деген сөздер «актісіне сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 40-1-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «жəне банк омбудсманының ішкі қағидаларының» деген сөздер алып тасталсын;
29) 40-2-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «тұрған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.» деген сөздер «тұрған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік тілді білмейтін адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.»;
30) 40-4-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк омбудсманы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, өкілдер кеңесі банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мəселені қарауға құқылы.»;
31) 40-5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «критерийлерін қамтуға тиіс.» деген сөздер «өлшемшарттарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы өнімдерін əзірлеудің, мақұлдаудың жəне ендірудің ішкі рəсімдерін қамтуға тиіс.»;
32) 41-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңның 1-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес банктердің қызметін реттеу саласында банктердің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы реттеудi жүзеге асырады. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
33) 42-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің жетінші абзацындағы «лимиттері;» деген сөз «лимиттері енеді.» деген сөздермен ауыстырылып, сегізінші жəне тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ислам банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктер, банк конгломераттары жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.»;
6-тармағының 33) тармақшасының жетінші - оныншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотта орналастырған ақша жəне (немесе) тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін сатып алатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері деп танылады.»;
үшінші бөлік «ең төмен мөлшерін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін жəне оларды сатып алу (өткізу) тəртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - ислам банктерінің филиалдары) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.»;
34) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
«42-1-бап. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер
1. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары міндетті түрде сақтауы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына мыналар кіреді:
1) контрциклдік капитал буфері;
2) секторлық контрциклдік капитал буфері;
3) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
4) қарыз алушының кірісіне борыш коэффициенті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары сақтауға міндетті, халықаралық банк практикасында пайдаланылатын қосымша макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілеуге құқылы.
Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мəндері жəне есептеу əдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уəкілетті орган банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
3. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді жəне (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын жəне (немесе) банктердің ірі қатысушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
4. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады.»;
6-тармағының 35) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
35) 44-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уəкілетті орган осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген» деген сөздер «Уəкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 36) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
36) 48-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда), тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің, банк холдингінің не банк холдингі бас ұйымының не ірі қатысушының - жеке тұлғаның болмауы;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағанда жүзеге асыратын мəні бойынша банк операцияларына жəне өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясының (рұқсаттың) қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) жəне 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалын ашуға келісімді (рұқсатты) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай келісім (рұқсат) талап етілетін жағдайда кері қайтарып алуы немесе оның күшін жоюы;
18-2) лицензияны беруге негіз болған құжаттардағы мəліметтер мен ақпараттың анық еместігі;»;
37) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 17) тармақшасындағы «қудалау органдары» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары жəне құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
6-тармағының 39) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
39) 52-17-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «14-бабының 3-тармағында жəне» деген сөздер алып тасталсын;
40) 54-баптың 1-тармағының бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шоғырландырылған негіздегі қаржылық жəне өзге де есептілікті қоса алғанда, қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жəне өзге де есептілікті ұсынады.»;
41) 54-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің ірі қатысушылары жəне банк холдингтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.»;
6-тармағының 42) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
42) 61-6-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
«13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына» деген сөздер «26-бабы 2-2-тармағының 3) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндеттемеге» деген сөзден кейін «(растауға)» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармағының 43) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
43) 74-5-бапта:
5-тармақтың он төртінші бөлігінде:
«міндеттемеге» деген сөзден кейін «(растауға)» деген сөзбен толықтырылсын;
«13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына» деген сөздер «26-бабы 2-2-тармағының 3) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген» деген сөздер «уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Жылжымайтын мүлік ипотекасы жəне ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Ипотекалық ұйымдардың міндеттемелерін қамтамасыз ету жəне қызметін жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік ипотекасын қолданудың құқықтық негіздерін белгілеу жылжымайтын мүлік ипотекасы жəне ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу, ипотекалық ұйымдардың қызметін бақылау жəне қадағалау;
2) кепіл берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) ипотекалық ұйымдар қызметінің ашықтығы;
3) ипотекалық ұйымдардың жауапкершілігі.».
2) 5-2-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.»;
3) 5-3-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсаты мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу саласында ипотекалық ұйымдардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
1-1-тармақ алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасында вексельдердің айналысына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) аударым вексельдеріне жəне жай коммерциялық вексельдерге қойылатын талаптарды белгілеу;
2) Қазақстан Республикасында вексельдер айналысының тəртібін айқындау;
3) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін вексельді қолдануды реттеу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексель айналысы саласындағы қызметі:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ету, вексельдік құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделеді.»;
2) 79-бап мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес вексель айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өз құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша қабылдайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.».
9-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9. «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«есепке алу саясатын қалыптастыру.».
10. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеті мен қағидаттары
1. Лизингтік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы лизингі саласында тиісті бəсекелес орта құру, лизинг алушылардың жəне лизинг берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды құқықтық қамтамасыз ету қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Лизингтік қызмет негізінде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
3. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) лизингтік қатынастар тараптарының тең құқықтылығы;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизингтік қызметті жүзеге асыру еркіндігі болып табылады.»;
2) 5-баптың 3-тармағындағы «табыстар» деген сөз «кірістер (оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес кіріс деп танылатын субсидиялар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) банктік қарыз операциялары: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.».
12. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары
Сақтандыру нарығына кəсіби қатысушылардың қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін құру жəне ұстап тұру, ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.»;
2) 3-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мiнсiз iскерлiк бедел - адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кəсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы;»;
12-тармағының 2) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) тармақшада:
«тұлға» деген сөз «тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
3) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе қаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді, іске асыруды жəне қолдауды;»;
4) 11-1-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сақтанушының (сақтандырылушының), жəбірленушінің (пайда алушының) жəне оның өкілінің жолданымдарын қарау мерзімі жолданым сақтандыру ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды қарау мерзімі жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы сақтанушыға (сақтандырылушыға), жəбірленушіге (пайда алушыға) жəне оның өкіліне жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;»;
12-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі саласындағы ұлттық стандарт талаптары ескеріле отырып, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету тəртібі қамтылатын клиенттермен жұмыс істеу тəртібі туралы ережені;»;
5) 16-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік тіркеу нөмірі жəне» деген сөздер алып тасталсын;
6) 16-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар»;
мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Терроризмді жəне экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне жəне (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке жəне заңды тұлғалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) бола алмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне жəне (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда, уəкілетті орган осы қатысушыға (акционерге) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талап жібереді.
Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) оның қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талапты алған күннен бастап алты ай ішінде оны орындауға жəне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.»;
7) 18-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Екінші деңгейдегі банк жəне (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым пайда алушы болып табылатын жəне (немесе) жасалуы банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит беру бойынша екінші деңгейдегі банктің жəне (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімінің талаптарынан туындайтын сақтандыру шартын, сондай-ақ банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит алу кезінде жасалатын өзге де сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсеткені үшін сақтандырушы сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері осы сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын, есепке жазылған сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің он пайызынан аспайды.»;
8) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ұлттық компания мəртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында кез келген тілде «ұлттық», «орталық», «бюджеттiк», «республикалық», «мемлекеттік» деген сөздердi толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.»;
9) 31-1-баптың екінші бөлігі «құжаттардың» деген сөзден кейін «жəне хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мəліметтердің» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармағының 10) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 34-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы сегізінші абзацындағы «тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ» деген сөздер «тұлғаларда» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында немесе Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде осы баптың 5-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;»;
5-тармақтың үшінші бөлігінде:
«дамыту» деген сөзден кейін «жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;
«жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, екі жəне одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласында реттеу жəне мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы жəне оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының жəне Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы жəне оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысы орынбасары лауазымы түсініледі.»;
6-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару атқарушы органының мүшесіне, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің филиалы басшысының міндеттерін атқару басшының орынбасарына, бас бухгалтердің міндеттерін атқару бас бухгалтердің орынбасарына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерінің міндеттерін уəкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды ауыстыруына) тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы басшысының, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды уəкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.»;
11) 41-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негізгі мiндеттерi мен қағидаттары»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру нарығына кəсіби жəне өзге де қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеу қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) сақтандыру нарығына кəсіби жəне өзге де қатысушылар қызметінің жəне қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) сақтандыру нарығына кəсіби жəне өзге де қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады.»;
12) 43-бапта:
21) жəне 21-1) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) осы Заңның 1-1-бабында жəне 41-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сақтандыру саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
30) тармақшадағы «, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға жəне оның лауазымды адамдарына» деген сөздер алып тасталсын;
13) 46-бапта:
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
10-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
12-тармақтың алтыншы жəне сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
14) 48-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша алтыншы абзацындағы «заңды тұлғаларды. Бұл ретте,» деген сөздер «заңды тұлғаларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Бұл ретте,» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші жəне сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жасанды интеллект, блокчейн жəне басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);»;
2) тармақша үшінші абзацындағы «тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «тұлғаларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым əзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жасанды интеллект, блокчейн жəне басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жетінші жəне сегізінші абзацтарында жəне 2) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарында белгіленген ережелер уəкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жəне сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - ұйымдарын құру, сондай-ақ акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылады.»;
12-тармағының 14) тармақшасының он екінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың 5-1) тармақшасындағы «немесе» деген сөз «, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 52-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «жүйесін қалыптастырады.» деген сөздер «жүйесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы өнімдерін əзірлеудің, мақұлдаудың жəне ендірудің ішкі рəсімдерін қалыптастырады.»;
16) 53-1-баптың 1-тармағы «сақтандыру брокеріне,» деген сөздерден кейін «сақтандыру брокерінің қатысушысына, акционеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 53-4-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «ұйымдарға» деген сөзден кейін «, сақтандыру брокерінің қатысушыларына (акционерлеріне)» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «Заңның» деген сөзден кейін «16-2-бабының 3-тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сақтандыру брокерінің қатысушысынан (акционерінен) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) иеліктен шығаруды талап етуге;»;
18) 54-1-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
19) 67-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі тоқтатылғаны тіркелгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы ерікті түрде тарату процесінің аяқталғаны туралы уəкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
20) 72-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уəкілетті органды Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату процесінің аяқталғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
21) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық жəне өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерi Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке қаржылық жəне өзге де есептiлікті ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жəне өзге де есептiлікті ұсынады.»;
22) 74-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ірі қатысушылары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.».
13-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «тұлғаларға кредит берудің» деген сөздер «тұлғаларды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларды, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларды қаржыландырудың жəне олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру шарттарын айқындау жəне (немесе) өзгерту кезінде, сондай-ақ Даму Банкі көрсетілген жəне (немесе) үшінші тұлғалармен өзге де мəмілелер жасасқан кезде «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында белгіленген талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалармен, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғалармен мүдделілік болуына орай жасалатын мəмілелерді жүзеге асыру тəртібі мұндай тұлғаларға қолданылмайды.».
14. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 2-тармағы:
«реттеу» деген сөзден кейін «, төлемдер жəне төлем жүйелері» деген сөздермен толықтырылсын;
«қадағалау,» деген сөзден кейін «төлем қызметтерін реттеу жəне көрсету тəртібі,» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Кредиттiк серiктестiктер қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Кредиттік серіктестіктердің қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған кредиттік серіктестіктердің қызметі үшін тең құқықты жағдайлар жасау кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кредиттік серіктестіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) кредиттік серіктестіктерге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, кредиттік серіктестіктердің қызметі жəне олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын жəне тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Кредиттiк серiктестiктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттiк серiктестiктер қызметінің ашықтығы;
3) кредиттiк серiктестiктердің жауапкершілігі.»;
15-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 9-баптың 4-тармағындағы «жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi» деген сөздер «кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысқан жəне ұсынылған қатысушылардың төрттен үшінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 10-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«есепке алу саясатын қалыптастыру.».
16. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Акционерлік қоғамдарды құрудың, олардың қызметінің, қайта ұйымдастырудың жəне таратудың құқықтық негіздерін белгілеу, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды белгілеу акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
2) акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауы.
3. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) акционерлік қоғамдар қызметінің ашықтығы;
2) корпоративтік басқарудың орнықтылығы.».
17. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу талаптарын белгілеу Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы - сақтандыру ұйымы мəжбүрлеп таратылған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) көлік оқиғасы орнынан жасырынған жəне жəбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайда, көлік оқиғасы салдарынан өмірі мен денсаулығына өзге адам зиян келтірген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.»;
3) 4-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қордың қызметін реттеу саласындағы Қор орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4) 4-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кəсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы мінсіз іскерлік бедел болып табылады.»;
17-тармағының 4) тармақшасының төртінші - он жетінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу жəне мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы жəне оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы жəне оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымдары түсініледі.»;
3-тармақта:
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару атқарушы органының мүшесіне не Қордың бас бухгалтерінің міндеттерін атқару Қордың бас бухгалтерінің орынбасарына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) уəкілетті органның келісімі жоқ адамның Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына, уақытша жоқ басшы қызметкерді ауыстыруына тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уəкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қордың атқарушы органы басшысының не бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.»;
5) 7-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тəуекелдері жəне сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тəртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
2) «өмірді сақтандыру» саласындағы жинақтаушы сақтандырудың барлық түрі.»;
6) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан бөлек, Қор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу мен олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді жəне беруді жүзеге асырады.»;
7) 14-баптың 2-тармағындағы «санкциялар жəне» деген сөздер алып тасталсын;
8) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынуға;».
18. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мақсаты, қағидаттары жəне міндеттері»;
1-тармақтағы «мақсаты» деген сөз «негізгі мақсаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілерге келтірілген мүліктік зиянның өтелуін қамтамасыз ету;
2) аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.».
19. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі мақсаты, қағидаттары мен міндеттері»;
1-тармақтағы «мақсаты» деген сөз «негізгі мақсаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ету;
2) тасымалдау кезінде өміріне, денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жолаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.».
20. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың негiзгi мақсаты, қағидаттары мен міндеттері»;
1-тармақтағы «мақсаты» деген сөз «негізгі мақсаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:
1) жоғары қауіптілік көзі ретінде көлік құралын пайдалану салдарынан үшінші адамдардың өміріне, денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ету;
2) жоғары қауіптілік көзі ретінде көлік құралын пайдалану салдарынан өміріне, денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.»;
2) 9-баптың 2-тармағындағы «өтініш жасаған кезде» деген сөздер «жүгінген кезде жəне (немесе) электрондық ақпараттық ресурстар алмасу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Р/с № | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық жəне облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Алматы облысы | 1,78 |
| 2. | Түркістан облысы | 1,01 |
| 3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
| 4. | Қостанай облысы | 1,95 |
| 5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
| 6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
| 7. | Ақмола облысы | 1,32 |
| 8. | Павлодар облысы | 1,63 |
| 9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
| 10. | Ақтөбе облысы | 1,35 |
| 11. | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
| 12. | Қызылорда облысы | 1,09 |
| 13. | Атырау облысы | 2,69 |
| 14. | Маңғыстау облысы | 1,15 |
| 15. | Абай облысы | 1,96 |
| 16. | Ұлытау облысы | 1,39 |
| 17. | Жетісу облысы | 1,78 |
| 18. | Алматы | 2,96 |
| 19. | Астана | 2,2 |
| 20. | Шымкент | 1,01 |
».
21. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-бапта:
48) тармақшадағы «эмиссиялық бағалы қағаздардың» деген сөздер «қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) тармақшадағы «пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының» деген сөздер «пакеттері ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының жəне (немесе) өзге де заңды тұлғаның жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) жасау фактілерінің, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кəсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»;
21-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
76) тармақшадағы «бағалы қағаздар рыногына кəсiби қатысушылар» деген сөздер «қаржы ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
92-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«92-1) шетелдік есепке алу ұйымы - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын, шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сəйкес уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған талаптарды ескере отырып, осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 92-2) тармақшамен толықтырылсын:
«92-2) шетелдік кəсіптік ұйым - уəкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды жəне (немесе) стандарттарды белгілейтін, заңды тұлға болып табылмайтын халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе шетелдік ұйым;»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Бағалы қағаздар нарығын жəне оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды жəне өзге де қаржы құралдарын шығарудың, орналастырудың, айналдыру мен өтеудің, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiн құру мен олардың қызметi ерекшелiктерiнің, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың жəне бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын қорғауды, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бəсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау жəне қадағалау тəртiбiн айқындаудың құқықтық негіздерін құру бағалы қағаздар нарығын жəне оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Бағалы қағаздар нарығын жəне оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылар қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымын дамыту жəне оның тиімділігін арттыру;
3) қаржылық тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында қадағалау ресурстарын тəуекелдерге неғұрлым бейім бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың қызметіне шоғырландыру;
4) бағалы қағаздар нарығында көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
3. Бағалы қағаздар нарығын жəне оның субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) бағалы қағаздар нарығы субъектілері қызметінің ашықтығы;
3) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің жауапкершілігі.»;
4) 3-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, басқа да жеке жəне заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті бағалы қағаздар нарығын жəне оның субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
3-тармақ алып тасталсын;
5) 22-1-бапта:
1-тармақта:
«, орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс» деген сөздер «мынадай көлемде:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін - орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде отыз пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде елу пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жəне (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында орналастырылуға тиіс.»;
6) 31-1-баптың екінші бөлігі «құжаттардың» деген сөзден кейін «жəне хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мəліметтердің» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармағы 7) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 36-баптың 1-тармағы «басқаға беру» деген сөздерден кейін «осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармағы 8) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 38-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «растау» деген сөзден кейін «осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармағы 9) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алудың жəне растаудың ерекшеліктері
1. Шетелдік есепке алу ұйымы клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарын есепке алу жəне олармен жасалатын мəмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде атына дербес шот ашылған шетелдік есепке алу ұйымының есепке алу жүйесінде тіркеу шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотын ашу, жүргізу жəне жабу Қазақстан Республикасының заңдарына, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес, сондай-ақ осы Заңның 78-бабы 1-1-тармағының ережелері ескеріліп жүзеге асырылады.
2. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға клиенттердің құқықтарын растауды шетелдік есепке алу ұйымы осы шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сəйкес жүзеге асырады.
3. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің сұратуы бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар тұлғалар туралы ақпаратты жəне осы шетелдік есепке алу ұйымының клиенттері беретін ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда, көлемде жəне мерзімдерде өзге де ақпаратты береді.»;
10) 45-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Клиринг ұйымының брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
11) 49-баптың 2-тармағындағы «, уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тəртiп пен мерзiмде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 49-1-баптың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «критерийлері қамтылуға тиіс.» деген сөздер «өлшемшарттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы өнімдерін əзірлеудің, мақұлдаудың жəне ендірудің ішкі рəсімдері қамтылуға тиіс.»;
13) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Лицензиаттар, орталық депозитарий мен бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.»;
21-тармағының 14) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
14) 54-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы сегізінші абзацындағы «тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;» деген сөздер «тұлғаларда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында осы баптың 4-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;»;
4-тармақтың үшінші бөлігінде:
«дамыту» деген сөзден кейін «жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;
«жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, екі жəне одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу жəне мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы жəне оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) дербес құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы мен оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымы түсініледі.»;
5-тармақта:
төртінші бөліктегі «Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне» деген сөздер «Атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне, бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уəкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды (уақытша жоқ адамды алмастыруды) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге жол берілмейді.»;
21-тармағы 15) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
15) 59-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған дербес шоттағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға байланысты əрекеттерді осы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар адамдардан алынған жазбаша нұсқаулықтарға сəйкес сенімхатсыз жасауға құқылы.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды төлеу осы эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға шетелдік есепке алу ұйымы арқылы жүзеге асырылады.»;
16) 72-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.»;
17) 73-бапта:
1-тармақ «банктер» деген сөзден кейін «, кастодиандық қызметке арналған лицензиясы болған кезде орталық депозитарий» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан» деген сөз «Орталық депозитарий немесе Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 80-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті осы Заңда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде жəне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен жəне тəртіппен жүзеге асырады.»;
21-тармағының 19) - 23) тармақшалары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19) 92-бап мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кəсіптік ұйым коммерциялық емес ұйым түрінде құрылады.»;
20) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кəсіптік ұйым өзінің жарғысына жəне ішкі құжаттарына сəйкес мынадай функцияларды жүзеге асыруға:
1) уəкілетті органға нормативтік құқықтық актілердің жобалары, бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыру тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу бойынша ұсыныстар беруге;
2) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік жəне халықаралық ұйымдарда кəсіптік ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіруге;
3) кəсіптік ұйым мүшелері арасындағы бағалы қағаздар нарығында туындайтын дауларды жəне мүшелер мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарауға;
4) оқу бағдарламаларын əзірлеуге жəне бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниетті адамдарды оқытуды жүргізуге;
5) кəсіптік ұйым мүшелерінің кəсіби қызметінің бірыңғай қағидалары мен стандарттарын белгілеуге, сондай-ақ кəсіптік ұйым мүшелерінің оларды сақтауын қамтамасыз етуге;
6) кəсіптік ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасауға жəне жариялауға;
7) кəсіптік ұйым мүшелерінің қызметіне тексерулер жүргізуге;
8) уəкілетті органға кəсіптік ұйым мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру жəне одан айыру туралы өтінішхат жіберуге;
9) өз мүшелерінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруға жəне оның ішкі құжаттарында белгіленген ықпал ету шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне кəсіптік ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген кəсіптік ұйым мүшелеріне қолдануға құқылы.»;
21) 94-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кəсіптік ұйымның iшкi құжаттарын кəсіптік ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.»;
22) 97-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ішкі құжаттарында жəне жарғысында осы Заңның 93-бабы 1-тармағының 3), 5), 6), 7), 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыру көзделген кəсіптік ұйымдарға қолданылады.»;
3-тармақ «не оның сараптама қорытындысын сұратады» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 100-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ішкі құжаттарында жəне жарғысында осы Заңның 93-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыру көзделген кəсіптік ұйымдарға қолданылады.».
22. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-5-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 3-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
7), 8) 13) жəне 17) тармақшалар алып тасталсын;
18-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жəне салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органмен бірлесіп, кəсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді;»;
22-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-6-бапта:
бірінші бөліктегі «алты» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағында:
3-5) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «шығарады» деген сөз «қабылдайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-1) жəне 15) тармақшалар алып тасталсын;
4) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
5) 11-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
6) 13-6-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 3-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
22-тармағы 7) тармақшасы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7) 14-баптың үшінші бөлігі «ақпаратты» деген сөзден кейін «, оның ішінде электрондық түрде жəне (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арқылы» деген сөздермен толықтырылсын.
23. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) санкцияланбаған трафик (фрод) - трафикті өткізуді жəне өзара есеп айырысу тəртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу жəне олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелуді, тіркеуді, өткізуді жəне қолдануды GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелу, тіркеу, өткізу жəне қолдану қағидаларына сəйкес байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады.
GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторлары оларды уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қайта тіркеуі немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізуі мүмкін.»;
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-24) тармақшамен толықтырылсын:
«19-24) кеден ісі саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелу, тіркеу, өткізу жəне қолдану қағидаларын бекіту;»;
4) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Байланыс операторларының ішкі антифрод-жүйелері болуға жəне олар санкцияланбаған трафикті (фродты) бұғаттауға міндетті.»;
5) мынадай мазмұндағы 15-4-баппен толықтырылсын:
«15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы
23-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы өз функцияларын орындау үшін абоненттің тегін, атын, əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпарат алу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сəйкестендіру кодтарының дерекқорымен жəне (немесе) ұялы байланыс операторларының базаларымен интеграцияланады.
2. Ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтаған кезде, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық əрекеттер анықталған кезде абоненттің тегін, атын, əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпаратты бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етуге міндетті.
Алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық əрекеттерді анықтау тəртібі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалады.
3. Ұялы байланыс операторлары осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан ақпарат алған кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы абоненттік нөмірге, оның ішінде GSM-шлюзге (сим-боксқа) байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.»;
6) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иелеріне жергілікті телекоммуникациялар желісінде, қалааралық, халықаралық жəне ұялы байланыста санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге тыйым салынады.»;
7) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ұялы байланыс операторы абоненттің өтініші бойынша жеке, отбасылық жəне өзге де мақсаттарда пайдалануға жеткілікті, оннан аспайтын абоненттік нөмірді ресімдеуге міндетті.
Ұялы байланыс операторы абоненттік құрылғылардың, оның ішінде абоненттік нөмірлер қолданылатын машинааралық өзара іс-қимылдың абоненттік құрылғыларының сипаттамасы мен сəйкестендіру кодтарын көрсете отырып, ұялы байланыс операторына тиісті негіздемелер, қажеттілік дəлелдері берілген кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тəртіппен абонентке оннан астам абоненттік нөмірді ресімдейді.
Сəйкестендірілетін адамның қазіргі бейнесін жəне адамның биометриялық деректердің эталондық базасынан алынған эталондық бейнесін салыстыру арқылы ұялы байланыс абонентін биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей, онымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
Дара кəсіпкерлер, заңды тұлғалар абоненттік нөмірді ресімдеген кезде олардың абоненттік нөмірлер пайдалануға берілетін жұмыскерлерінің абоненттік нөмірді ресімдеу туралы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде биометриялық сəйкестендіруден өтуі міндетті.».
24. «Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
24-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13-1) жəне 13-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісуі - кредиттік тарих субъектісін шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сəйкестендіруді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық құжат нысанында ресімделетін, осы кредиттік тарих субъектісінің шет мемлекеттің уəкілетті ұйымдарына өзі туралы ақпаратты беруге жəне (немесе) шет мемлекеттің уəкілетті ұйымдарынан өзі туралы ақпаратты алуға рұқсаты. Келісімге кредиттік тарих субъектісі өз қолымен немесе шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестірілген өзге де тəсілмен қол қоюға тиіс;
13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан əрі - ақпарат) - кредиттік тарихтарды қалыптастыру жəне оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылатын, кредиттік тарихтар субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы жəне қағаз жеткізгіштегі мəліметтер;»;
мынадай мазмұндағы 13-3) жəне 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-3) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің бар екендігі туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес банкрот деп танылғаны туралы мəліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;
13-4) кредиттік тарихтарды мониторингтеу - кредиттік тарихтар дерекқорында, өзге де ақпараттық жүйелерде бар ақпарат пен мəліметтердің негізінде кредиттік бюролар жүзеге асыратын кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихының өзгерістерін талдау, сондай-ақ кредиттік тарих субъектісіне жəне (немесе) кредиттік есептерді алушыларға анықталған өзгерістер туралы ақпарат беру;»;
24-тармағы 1) тармақшасының сегізінші - он екінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16-1) жəне 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) кредиттік тарихты пайдаланушы - осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат беруші, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кредиттік қатынастарды ресімдеу жəне (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында трансшекаралық алмасу үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған заңды тұлға;
16-2) нақты уақыт режимі - əрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;»;
мынадай мазмұндағы 16-3), 16-4), 16-5), 16-6) жəне 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-3) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жəне кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сəйкестігі туралы актіні (бұдан əрі - рұқсат) алу мақсатында уəкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;
16-4) проактивті режимдегі көрсетілетін қызметтер - кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектілерін банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда хабардар ету бойынша көрсететін қызметтері;
24-тармағы 1) тармақшасының он төртінші - он алтыншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16-5) трансшекаралық алмасу - тиісті халықаралық шарт жəне трансшекаралық алмасу туралы шарт негізінде шет мемлекеттің уəкілетті ұйымдарымен жəне кредиттік бюролармен кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мəліметтер алмасу;
16-6) трансшекаралық алмасу туралы шарт - трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру талаптарын, трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттердің уəкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тəртібі мен талаптарын айқындайтын шарт;»;
«17-1) уəкілетті ұйым - шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес кредиттік тарихты жинауды, өңдеуді, сақтауды жəне кредиттік есептерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Кредиттік бюролар қызметінің жəне кредиттік тарихты қалыптастырудың құқықтық негіздерін белгілеу кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) кредиттік тарихтар дерекқорындағы ақпараттың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету;
2) кредиттік тарихтар дерекқорын қорғау жəне оның сақталуын қамтамасыз ету.
3. Кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттік бюролар қызметінің ашықтығы;
3) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің жауапкершілігі.»;
3) 4-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
24-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) трансшекаралық алмасу туралы шарттың жобасын келісу;»;
4) 5-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру жəне оларды пайдалану мəселелерi бойынша мынадай» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «шарттары мен ең төмен талаптары туралы» деген сөздер «шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақшадағы «тізбесі туралы» деген сөздер «тізбесін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «тəртібі туралы» деген сөздер «тəртібін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3), 3-1) жəне 4) тармақшалардағы «шарттары мен тəртiбi туралы» деген сөздер «шарттары мен тəртiбiн айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды» деген сөздер «талаптарды айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кредиттік бюролардың қызметін реттеу жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы, кредиттік бюролардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
5) 7-бапта:
2-тармақта:
4) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу, кредиттік тарихтарды мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5) маркетингтік, статистикалық жəне талдамалық зерттеулер;»;
8) тармақшадағы «қызметтер жатады.» деген сөздер «қызметтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) проактивті режимде қызметтер көрсету;
10) кредиттік бюроның интернет-ресурсында маркетингтік, статистикалық жəне талдамалық зерттеулерді жариялау жатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро кредиттік тарих субъектілеріне қарыз жəне (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда жəне (немесе) бірыңғай сақтандыру дерекқоры субъектілеріне «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайларда хабарламаны 1414 бірыңғай нөмірімен қысқа мəтіндік хабар арқылы өтеусіз жіберуге құқылы.»;
6) 7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер дербес есептейді.
Кредиттік бюро кредиттік скорингті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес кредиттік бюро кредиттік скорингті есептеу туралы тиісті келісімдер жасасқан заңды тұлғалардың деректерін пайдалана отырып есептеуге құқылы.
Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпаратты беру тəртібін кредиттік бюро дербес айқындайды.»;
7) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынуға;»;
8) 19-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «болуға құқылы.» деген сөздер «болуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.»;
9) 20-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уəкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тəртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сəйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;»;
5) тармақшадағы «уəкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.» деген сөздер «уəкілетті орган;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.»;
10) 22-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.»;
11) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Заңды тұлғалар кредиттік бюромен жасалған шарт негізінде кредиттік есепке енгізілуі мүмкін кредиттік тарих субъектілері туралы мəліметтерді береді жəне (немесе) кредиттік бюродан дербес деректерді ашпай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес талдамалық жəне (немесе) статистикалық ақпаратты алады.»;
12) 26-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.» деген сөздер «растау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар қызметті жүзеге асырған кезде тəуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мəлiметтердi өздерінің маркетингтiк, талдамалық жəне статистикалық зерттеулердi жүзеге асыруы үшiн пайдалануға құқылы.»;
24-тармағы 12) тармақшасының алтыншы - жиырма алтыншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9 жəне 10-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Трансшекаралық алмасу шет мемлекеттердің уəкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимылы арқылы олардың арасында жасалған, уəкілетті органмен келісілген трансшекаралық алмасу туралы шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.
6. Трансшекаралық алмасу туралы шартта трансшекаралық алмасуды жүзеге асырудың мынадай талаптары қамтылады:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттері;
2) ақпарат қалыптастырылатын жəне берілетін тіл;
3) электрондық құжаттар мен мəліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;
4) сəйкестендіру деректерінің тізбесі (құрамы);
5) дауларды реттеу тəртібі, оның ішінде кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мəліметтерді даулау тəртібі;
6) ақпарат берудің қаржылық шарттары;
7) ақпаратты қорғауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
8) трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар.
7. Трансшекаралық алмасу кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады, келісім ұсынылған күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болады.
Кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мəміле жасасуға өтініші шеңберінде ресімделеді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мəміле жасалса, келісім шарттың не өзге де мəміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
8. Өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мəліметтер мен өзге де ақпаратта мыналар қамтылады:
1) кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салу;
2) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі;
3) кредиттік есеп;
4) кредиттік тарихтар құрамына кіретін мəліметтерді даулауға қатысты құжаттар.
9. Уəкілетті ұйымдар мен кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мəліметтер мен ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру кезінде олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
10. Кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасу кезінде алынған ақпарат пен мəліметтерді тек қана кредиттік қатынастарды ресімдеу жəне (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында пайдалануы мүмкін.»;
13) 28-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «лицензияларының» деген сөзден кейін «немесе электрондық нысандағы лицензиялардың» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «уəкілетті органның» деген сөздерден кейін «жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi күнтізбелік бір жылдың ішінде ұсынудың барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кредиттік есепте кредиттік тарих субъектісінің - жеке тұлғаның осы Заңның 19-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін бір ай ішінде банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпарат қамтылуға тиіс.».
25. «Инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Инвестициялық жəне венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Акционерлік инвестициялық қорды құрудың, оның қызметінің, қайта ұйымдастырудың жəне таратудың, инвестициялық пай қорын құрудың, оның жұмыс істеуінің жəне жұмысын тоқтатудың жəне инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылар қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ венчурлік қорлардың құқықтық жағдайын жəне қызметін ұйымдастыруды белгілеу инвестициялық қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Инвестициялық жəне венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу жəне сақтау жөніндегі қызметінің стандарттарын, сондай-ақ венчурлік басқарушының қызметі туралы ережелерді белгілеу;
2) инвестициялық жəне венчурлік қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) қадағалау ресурстарын бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты қызметіне шоғырландыру;
4) венчурлік қаржыландыру мақсатында жасалатын шарттардың ерекшеліктерін айқындау;
5) акционерлік инвестициялық қорлар акционерлерінің, инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылардың, венчурлік қорлардың акционерлері мен қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды, инвестициялық жəне венчурлік қорлардың, инвестициялық қорлар активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың жəне венчурлік қорлар активтерін басқаруды жүзеге асыратын венчурлік басқарушылардың қызметі туралы ақпараттың толықтығын жəне тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Инвестициялық жəне венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) инвестициялық жəне венчурлік қорлардың, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жəне венчурлік қорлар активтерін басқару жөніндегі венчурлік басқарушылар қызметінің ашықтығы;
3) инвестициялық жəне венчурлік қорлардың тиімді жұмыс істеуі.».
26. «Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
26-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-баптың 4-1) тармақшасы «, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-баптармен толықтырылсын:
«2-1-бап. Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландыру мен секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын анықтау, жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыру мен мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктерін, арнаулы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындау жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) арнаулы қаржы компанияларын құру, олардың қызметі, қайта ұйымдастыру жəне тарату тəртібін айқындау;
2) реттелуі уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша арнаулы қаржы компанияларының қызметін мониторингтеу;
3) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) арнаулы қаржы компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
2) арнаулы қаржы компанияларының жауапкершілігі.
2-2-бап. Уəкілетті органның құзыреті
Уəкілетті орган осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес арнаулы қаржы компанияларының қызметін реттеу саласындағы арнаулы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады.».
27. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары
1. Өзара сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қоғам қызметінің құқықтық негіздерін анықтау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
3. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігін қамтамасыз ету;
2) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.»;
3) 5-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндетке жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қоғамдардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;».
28. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу, сондай-ақ депозиттерді қабылдауды, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды жəне жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу талаптарын белгілеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəрдемдесу;
3) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілетін депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жауапкершілігі.».
29. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;».
30. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу, қызмет стандарттарын белгілеу, микроқаржылық қызметті бақылау жəне қадағалау;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің ашықтығы;
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігі.»;
2) 3-бапта:
3-2 жəне 3-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Жеке тұлға микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не «электрондық үкімет» веб-порталы не «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржы ұйымының ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
3-3. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым ломбардтың микрокредит беруі жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттерді беруіне тыйым салынады, келісімді алу тəртібі жəне келісім қажет болатын тұтынушылық микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Микроқаржы ұйымының бұрын алынған микрокредиттер жəне (немесе) банктік қарыздар туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шартты микроқаржы ұйымында өзінің қатысуынсыз жасасуына тыйым салынады. Жасасу үшін жеке тұлғаның өзінің қатысуы қажет болатын тұтынушылық микрокредит шарты бойынша микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
30-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады
Уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда жəне тəртіппен микроқаржы ұйымы жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шартты осындай шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады. Көрсетілген шарт интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталында не «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржы ұйымының ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген талап микрокредит беру туралы шарт жасасу, сондай-ақ тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
30-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтары 2025 ж. 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
30-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады
Микроқаржы ұйымы интернет арқылы жасалған, мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын микрокредитті беру туралы шарттың негізінде, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) шартқа қол қойылған не микрокредит сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін қарыз алушы уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сəйкес ресімделген тұтынушылық микрокредитті алуға келісім бергеннен кейін жүзеге асырады.
Қарыз алушыға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, сомасы қосу нəтижесінде уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық микрокредит интернет арқылы берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы уəкілетті органның осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды ескере отырып, ішкі құжаттарға сəйкес осы тармақтың жетінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талапты сақтайды.
Осы тармақтың бірінші, бесінші жəне жетінші бөліктерінде көзделген талаптар тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына жəне (немесе) кредитордың сол микроқаржы ұйымында алынған қарыз алушының микрокредиті бойынша берешекті өтеу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талапты сақтамай микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы жеке тұлғадан мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес. Микроқаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай микрокредит бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай микрокредит бойынша сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың оныншы бөлігінде көзделген шаралар, осы баптың 3-4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын микроқаржы ұйымы алған жағдайда, осы тармақтың бірінші, төртінші, бесінші, жетінші жəне сегізінші бөліктерінде көзделген талаптардың кез келгені сақталмай микрокредит беру жағдайларына қолданылады.»;
3-4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға хабарлайды, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз əрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды жəне он жұмыс күні ішінде мұндай əрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы «тұлғаны» деген сөзден кейін «микрокредитті алаяқтық тəсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «қатысуынсыз» деген сөз «сəйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы жəне пайдалануы салдарынан, оның ішінде микроқаржы ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану немесе микроқаржы ұйымының биометриялық сəйкестендіруді жүргізу тəртібін не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі жəне сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу жəне талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы микрокредитті ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған клиентке» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағы 23) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының күші 2024 ж. 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
3-5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғамен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасқан жағдайда, микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оныншы бөлікте көзделген шараларды осы баптың 3-3-тармағы он бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-6-тармақпен толықтырылсын:
«3-6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының осындай əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызметті өткеруі кезеңінде микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мəліметтер алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай əскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 3-3-тармағының оныншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.»;
3) 5-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.»;
4) 7-бапта:
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің жəне сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсынуға;»;
11-2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «кредиттік бюролардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады.
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) микрокредит сомасын қайтару жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін сыйақыны жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;»;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит бойынша сыйақыны жəне тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;»;
30-тармағы 5) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
5) 9-2-бапта:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ай сайынғы төлем мөлшерін микрокредитті өтеу графигінде белгіленген төлемнің кемінде елу пайызына азайту жағына қарай өзгертуге;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыз алушы - жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тəртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының өтінішті қарау нəтижелері туралы уəкілетті органға хабарлау тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешімді:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы - жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында жəне (немесе) 2) тармақшасында көзделген өзгерістерді енгізу туралы өтініш берген кезде кемінде үш ай мерзімге қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісі қарыз алушының өтінішпен жүгінген не атаулы əлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үшінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Микроқаржы ұйымы жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар
1. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті мынадай мəліметтерді қамтитын микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады:
1) микрокредит беруге өтініш беру тəртібі жəне оны қарау тəртібі;
2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тəртібі;
3) микрокредиттiң шекті сомалары жəне оны беру мерзiмдерi;
4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;
5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тəртiбi;
6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;
8) микрокредитті өтеу əдістері;
9) клиенттердің микрокредит беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тəртібі.
Клиенттің жолданымын қарау мерзімі жолданым микроқаржы ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;
10) микроқаржы ұйымы мен оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
30-тармағы 6) тармақшасының он алтыншы абзацы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11) клиенттермен жұмыс істеу тəртібі туралы, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тəртібін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына сенім білдірілген адамның қатысуымен көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін қамтитын ереже;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де шарттар, талаптар мен шектеулер.
2. Микрокредиттер беру қағидалары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету жəне клиенттердің микрокредиттер беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тəртібіне сəйкес келуге тиіс.»;
7) 21-баптың 6-тармағының 6) тармақшасындағы «қудалау органдары» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары жəне құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату жəне (немесе) орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
2-2. Микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату кезінде, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптердің өлшемі мен ресімделу стилі бойынша басқа да сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей нысандағы цифрлық мəнде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсеткен кезде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.»;
30-тармағының 9) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 25-3-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
10) 27-бапта:
тақырыптағы «жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін міндетті микроқаржылық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
11) 29-1-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «жəне микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларының» деген сөздер алып тасталсын;
12) 29-2-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «байқауда тұрған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.» деген сөздер «байқауда тұрған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік тілді білмейтін адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.»;
13) 29-4-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Микроқаржы омбудсманы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мəселені қарауға құқылы.»;
14) 31-1-баптың екінші бөлігі «құжаттардың» деген сөзден кейін «жəне хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мəліметтердің» деген сөздермен толықтырылсын.
31. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
«37. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ақылы, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беруі.»;
2) 2-қосымшада:
«
| 87-12. | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне олардың айналысына рұқсат беру | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне олардың айналысына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
| 87-13. | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат |
|
| 87-14. | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат |
|
| 87-14. | Заңды тұлғалардың түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі жəне өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру | Түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
» деген сөздер
«
| 87-13. | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне олардың айналысына рұқсат беру | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне олардың айналысына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
| 87-14. | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат |
|
| 87-15. | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат |
|
» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-сынып мынадай мазмұндағы 87-18-жолмен толықтырылсын:
«
| 87-18. | Заңды тұлғалардың түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі жəне өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру | Түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
».
32. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 37-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.».
34. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
1-баптың 7-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жəне өзге де төлем транзакцияларын анықтауға жəне болғызбауға бағытталған шараларды үйлестіруді жəне қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан əрі - антифрод-орталық);»;
34-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 2-баптың 3-тармағындағы «талаптары» деген сөз «ережелері» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Осы Заңның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Төлем жүйелерін ұйымдастыру жəне олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу жəне оларды қадағалау (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның міндеттері:
1) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің жəне төлем жүйелері операторларының төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға, төлем қызметтерін көрсетуге байланысты қызметін реттеу;
2) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығына қатысу үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау жəне төлем қызметтерін көрсету тəртібіне қойылатын талаптарды əзірлеу жəне белгілеу;
3) өз құзыреті шегінде көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттің қаржы жүйесі мен экономикасының орнықтылығын қамтамасыз етуге, алаяқтықты, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) жəне терроризмді қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық жəне рəсімдік іс-шараларға жəрдемдесу.
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуге, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу мынадай:
1) заңдылық;
2) баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету, төлем нарығы субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жəне көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
3) ұлттық төлем нарығының экономикалық қауіпсіздігі мен тəуелсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.»;
5) 4-баптың 1 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін ұйымдастыруды жəне олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, төлем жүйелерін реттеуді жəне оларды қадағалауды (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оларды бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын реттеуді осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес жүзеге асырады.
Төлем жүйелері, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы, төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары саласы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары жəне Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласының бір бөлігі болып табылады.»;
«3. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша қабылдайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.»;
6) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «ерекшеліктері» деген сөзден кейін «, электрондық банк қызметтерін көрсету жəне экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тəртібі» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 25-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға жəне болғызбауға жəрдемдеседі;»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «өтініші» деген сөз «жолданымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«егер» деген сөзден кейін «ақша жөнелтуші жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру жəне антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тəртібі;
2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен əрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді жəне антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тəртібі;
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту жəне оны тоқтата тұру тəртібі мен мерзімдері;
4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары жəне (немесе) əрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тəртібі, нысандары мен мерзімдері;
5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тəртібі;
6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының жəне құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі;
7) қылмыстық қудалау органынан алынған, прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарламада көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тəртібі айқындалады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктегі «қудалау органдары» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай əрекеттерді жүзеге асырады:
1) банктік шот, электрондық əмиян бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұрады немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;
2) себептері мен негіздерін көрсете отырып, клиентпен жасалған шартта белгіленген тəртіппен клиентке клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұру немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттау туралы ақпарат береді;
3) клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындау тоқтатыла тұрған немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасы бұғатталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларына, оның ішінде клиенттен мəн-жайларды анықтау жəне шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу бойынша талдау жүргізеді;
4) клиент талдау жүргізу мерзімі ішінде сұратылған ақпаратты бермеген жағдайда, банктік шотты, электрондық əмиянды клиенттен түсінік алатын кезге дейін бұғаттайды;
5) егер талдау нəтижелері бойынша қаржы ұйымы, төлем ұйымы транзакцияны алаяқтық деп танымау туралы шешім қабылдаса, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе осы төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды;
6) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға қатысуының негіздері немесе растауы болған кезде, клиентті алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру əрекеттері туралы базаға бір мезгілде енгізе отырып, антифрод-орталық арқылы қылмыстық қудалау органына кейіннен оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізуі үшін хабарлама жібереді.
Банктік шот, электрондық əмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде осы бапта белгіленген нормалар шеңберінде клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгінуге құқылы.»;
4 жəне 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық қудалау органы антифрод-орталықтан хабар (ақпарат) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы немесе төлем ұйымына одан арғы іс-қимылдар туралы, оның ішінде тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру жəне (немесе) клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастау немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастау үшін негіздердің бар не жоқ екендігі туралы хабар береді.
Қаржы немесе төлем ұйымдары антифрод-орталық хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң қылмыстық қудалау органының одан арғы іс-қимылдар туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе осы төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды.
Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында қаржы немесе төлем ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін антифрод-орталықты пайдалануға құқылы.
Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының жəне қаржы немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау, жолын кесу жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Қаржы не төлем ұйымы клиентті антифрод-орталықтың дерекқорына енгізу кезінде клиентке қаржылық көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беруден бас тартады не береді.
Қаржылық көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
6 жəне 8-тармақтар «Банкінің» деген сөзден кейін «осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы «қудалау органдарына» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарына жəне құқық қорғау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«Банкінің» деген сөзден кейін «осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Антифрод-орталықтың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де дереқорларды қалыптастыруға жəне жүргізуге құқығы бар.»;
11-тармақта:
«қудалау органдарымен» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарымен жəне құқық қорғау органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармағы 7) тармақшасының қырық бесінші абзацы 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«туралы мəліметтерді жəне клиентті жəне оның қатысуымен болатын төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын сəйкестендіру үшін қажетті басқа да мəліметтерді» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының аумағында болу мəртебесі туралы мəліметтерді жəне клиентті жəне оның қатысуымен болатын төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын сəйкестендіру үшін қажетті басқа да мəліметтерді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дерекқорынан алынған мəліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Қаржы жəне төлем ұйымдарының осы бапқа сəйкес жүзеге асырылатын əрекеттері, оның ішінде клиенттің банк шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру, клиенттің банктік шотындағы немесе электрондық əмиянындағы ақша сомаларын бұғаттау, сондай-ақ банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді беру қаржы жəне төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылыққа тартуға негіздер болып табылмайды.»;
8) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «сақтандыру төлемдерін» деген сөздерден кейін «, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
11-тармақтың екінші бөлігі «əлеуметтік төлемдерді,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем карточкаларын шығару тəртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды айқындайды.»;
10) 42-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану жəне өтеу тəртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне жəне электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.»;
11) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы «əлеуметтік төлемдерді,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 57-бапта:
1-тармақ 4) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бенефициардың банкі қылмыстық қудалау органынан прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану жəне хабарламада көрсетілген клиентке осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен бұғатталған ақша сомасын қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған жағдайларда жүзеге асырылады.
Ақшаны қайтару тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ «бойынша ақшаны» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен бұғатталған ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі төлемді жəне (немесе) ақша аударымын қате нұсқау немесе оған рұқсат етпеу фактісі анықталған күннен бастап немесе прокурор санкциялаған, қылмыстық қудалау органынан транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарлама алынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей, бенефициардың банктік шотында бар ақша есебінен, оның ішінде, егер банктік шот бойынша банктік шоттағы ақшаға тыйым салу және (немесе) мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.».
35. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Коллекторлық агенттіктер қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) коллекторлық агенттіктердің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;
3) борышкерлердің және (немесе) олардың өкілдерінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығы;
2) коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және бақылау стандарттарын, әдістерін арттыру;
3) коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі.».
2) 4-бапта:
2-тармақ «жағдайда» деген сөзден кейін «және қарыз алушы банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген кезде банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта кредитордың коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармағы 2) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
1) борышкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған;
2) борышкер қайтыс болған;
3) борышкер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен;
4) коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған;
5) борышкер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитор алдындағы міндеттемесін орындаған;
6) осы Заңның 15-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі.»;
3) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңдегі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі талаптарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимыл жасауына қолданылмайды.»;
4) 15-баптың 1-тармағында:
35-тармағы 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «жазбаша» деген сөзден кейін «немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «органды» деген сөзден кейін «жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) тармақша «ішінде» деген сөзден кейін «жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармағы 5) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 16-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу үшін кредит бюросына, коллекторлық агенттікке және (немесе) кредиторға жүгінуге;»;
6) 17-бапта:
тақырыптағы «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коллекторлық агенттіктердің орындауы үшін міндетті коллекторлық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
3-тармақ алып тасталсын.
36. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
тақырыптағы «мен міндеттері» деген сөздер «, міндеттері мен қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығы, анықтығы және уақтылылығы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы мен экономикасын қорғауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер сақталған кезде валюталық операцияларды жүргізуде шектеулердің болмауы.»;
2) 5-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі «Заңға» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өздерінің құзыретіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша не бірлесіп бекітеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
3) 10-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуын растау бойынша резидент - заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптар, сондай-ақ одан асып кеткен кезде осы талаптар қолданылатын сатып алу сомасы үшін шекті мән айқындалады.»;
7-тармақ алып тасталсын.
37. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11) соттан тыс банкроттық рәсімі - жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.»;
2) 5-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «арызда көрсетілген» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.»;
3) 6-баптың 2-тармағы 5) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді жүргізу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шараларды жүргізу туралы талаптар осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.»;
4) 8-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әдейі банкроттық белгілерін көрсететін құжаттар болған кезде борышкерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органға жүгінуге;»;
5) 18-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арызды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы берсе;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) борышкердің меншігіне өзінің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін мүлік түссе немесе оның қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгерсе;»;
4) тармақшадағы «борышкердің» деген сөз «соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген күнге борышкердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша рәсім тоқтатылған күннен кейін алты ай өткен соң қайта беруге құқылы.»;
6) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, өздері туралы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен кредиттік бюроларға ұсынылмаған кредиторлар алдындағы міндеттемелер банкрот деп танылған қарыз алушыға қатысты тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың күші үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдік етуші, кепілгер және (немесе) кепіл беруші болып табылатын борышкерлердің міндеттемелеріне қолданылмайды.»;
7) 20-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы «барлық» деген сөз «берешектің негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген барлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көзделген құжатты ұсыну мынадай жағдайларда, егер:
банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған болса;
мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі ай өтсе, талап етілмейді.»;
8) 23-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қаржы басқарушысы:
1) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, өзіне тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етіп алдырады, олар сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;
2) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органнан банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы ақпаратты сұратады, ол сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;
3) банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 14-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтайды және мұндай мәміле анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талаптар қояды;
5) сату жоспарына сәйкес банкроттың мүлкін сатуды жүзеге асырады;
6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
7) борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізеді;
8) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде береді;
9) банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде, сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды;
10) банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісі шығарылған жағдайда, оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарайды;
11) банкроттық рәсімін аяқтау туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
12) борышкерді банкрот деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге мүлікке, сондай-ақ материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды береді. Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік болған жағдайда, мұндай мүлікке құқық белгілейтін құжаттар кепіл кредиторына берілуге жатады;
13) қаржы басқарушысы шеттетілген жағдайда, жаңадан тағайындалған қаржы басқарушысына ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттың мүлкіне, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты береді;
14) осы Заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе,» деген сөздер «Осы Заңның 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы басқарушысы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.»;
10) 34-баптың 2-тармағы «бойынша сот» деген сөздерден кейін «осы Заңның 6-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 44-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «сыйақы төлеу» деген сөздер «уәкілетті органның сыйақы төлеуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы басқарушысына уәкілетті органның сыйақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
38. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-тарауында көзделген тәртіппен цифрлық активтерді Қазақстан Республикасының аумағында қаржы құралы, қаржы активі ретінде пайдаланған кезде немесе оларды қаржылық қызметтерді (төлем қызметтерін) көрсету шеңберінде пайдаланған кезде цифрлық активтерге байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді.»;
2) 11-баптың 5-тармағы «аумағын» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін» деген сөздермен толықтырылсын.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын, 6-тармағының 3), 6), 7) - 19) және 22) тармақшаларын, 33) тармақшасының жетінші - оныншы абзацтарын, 35), 36), 39), 42) және 43) тармақшаларын, 12-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 10) тармақшасын, 14) тармақшасының он екінші абзацын, 17-тармағы 4) тармақшасының төртінші - он жетінші абзацтарын, 21-тармағының 14) тармақшасын, 26-тармағының 2) тармақшасын, 30-тармағының 9) тармақшасын, 34-тармағының 3) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 25) тармақшасын, 9 және 13-тармақтарын, 15-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 21-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтарын, 7), 8), 9), 15), 19) - 23) тармақшаларын, 22-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші - он екінші, он төртінші - он алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының алтыншы - жиырма алтыншы абзацтарын, 35-тармағы 2) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 23) тармақшасының он бесінші - он сегізінші абзацтарын, 30-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 23-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 34-тармағы 7) тармақшасының қырық бесінші абзацын;
5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 20) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 12-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 22-тармағының 7) тармақшасын, 30-тармағы 6) тармақшасының он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 23) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының, 30-тармағы 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының күші 2024 жылғы 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 24) тармақшасының екінші - он екінші абзацтарының, 30-тармағы 5) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатпайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатады;
4) осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады;
5) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 23) тармақшасының он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарының және 30-тармағы 2) тармақшасының сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 маусым
№ 205-VIII ҚРЗ