2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсан № 287-IV шешімі
(2010.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат ХІХ сессиясында ШЕШТІ:
Атырау облыстық мәслихатының 2010.27.01. № 303-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 329-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.07. № 334-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 103 696 163 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 45 586 855 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 532 886 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 000 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 57 575 422 мың теңге;
2) шығындар - 94 489 732 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -675 556 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 300 444 мың теңге;
несиелерді өтеу - 1 442 784 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 10 361 659 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 10 379 659 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 18 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 12 888 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 12 888 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет табыстары Бюджет кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінен жасақталатыны белгіленсін:
Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне есептелетін сомаданбасқа әлеуметтік және жеке табыс салығы;