Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 175/23-V шешімі
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер өткізу орындары болып келесі аумақтар белгіленсін:
А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы шағын гүлбақ;
«Жерұйық 1» саябағының солтүстік-батысындағы алаң.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Е. Сыдықов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
Астана қаласы мәслихатының
2013 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 175/23-V шешіміне
қосымша
Астана қаласы мәслихатының күші жойылған шешімдерінің
тізбесі