Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 Қаулысы
(2012.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.29.05. № 698 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 3 қазандағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы
электрондық ақпараттық ресурстардың
тізбесі*
| Р/с | Параметрі | Өлшемдері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері | Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба |
| 2 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1. Почталық мекен-жайы 2. Электрондық почтаның мекен-жайы 3. Анықтамалық қызметтердің телефондары 4. Өкілеттіктерінің сипаттамасы 5. Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі 6. Мемлекеттік органның символикасы (олар бар болған кезде) 7. Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама |