Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 қазандағы № 8С-28/2-24 шешімі
Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 057 214,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 875 011,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 45 538,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 176 228,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2 960 437,7 мың теңге;
2) шығындар - 5 112 270,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 871,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 36 920,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 049,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -72 927,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 72 927,1 мың теңге.»;
7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының қоры 7 540,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы | М. Әбжіков |
Ерейментау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 14 қазандағы
№ 8С-28/2-24 шешіміне
1-қосымша
Ерейментау аудандық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 8С-12/2-23 шешіміне
1-қосымша
2024 жылға арналған аудандық бюджет
| Санаты | Сома, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Кіші сыныбы |
| | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |