2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 шешімі
(2024.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабындағы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024.09.02. № 8С-16/2-24 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.11.04. № 8С-19/2-24 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.07.06. № 8С-21/2-24 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.14.10. № 8С-28/2-24 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.13.12. № 8С-32/2-24 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 094 383,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 078 134,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 355,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11 287,4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2 997 606,6 мың теңге;
2) шығындар - 5 152 815,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 16 884,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 35 933,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 049,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -75 316,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 75 316,2 мың теңге.
2. 2024 жылда 295 640,0 мың теңге сомасында аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі ескерілсін.