Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/153-VIII шешімі
(2025.21.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2025.16.06. № 28/182-VIII шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 88, 91-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2025.16.06. № 28/182-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.21.07. № 30/193-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 366 837,2 мың теңге:
салықтық түсімдер - 2 224 874,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 11 911,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 39 852,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 090 200,2 мың теңге;
2) шығындар - 4 852 936,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -94 864,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -391 235,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 391 235,3 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 94 864,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 486 099,3 мың теңге.