Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкімі
(2023.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
ҚР Премьер-Министрінің 2022.09.04. № 72-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2022.16.06. № 150-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.14.06. № 95-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.28.11. № 187-ө өкімімен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 22 наурыздағы
№ 57-ө өкіміне
1-қосымша
Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)