Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 Қаулысы (2024.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 23 ноября 2000
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 марта 2024

Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 Қаулысы

(2024.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеуді реттеу мақсатында және әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. № 1342; 20.07.04 ж. № 775 (бұр. ред. қара); 15.10.04 ж. № 1059 Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2024.19.01. № 20 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.

 2. ҚР Үкіметінің 2005.15.03 ж. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 20.07.04 ж. № 775 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2018.07.12. № 817 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2024.19.01. № 20 Қаулысымен (2024 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2018.07.12. № 817 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2024.19.01. № 20 Қаулысымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.

 ҚР Үкіметінің 20.07.04 ж. № 775 Қаулысымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2000 жылғы 23 қарашадағы

№ 1749 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы № 28 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 1, 23-құжат).

2. «Орал және Қызылорда облыстарының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 13-құжат).

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 23 қыркүйектегі № 384-ө өкімі.

4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы № 28 қаулысына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы № 575 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 173-құжат).

5. «Атырау облысының аумағында уақыт есептеуді өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы № 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 91-құжат).

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами