Введите номер документа
Прайс-лист

Талдықорған қаласының бас жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1206 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 16 ноября 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 сентября 2017

Талдықорған қаласының бас жоспары туралы

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1206 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 568 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес және Алматы облысының әкiмшiлiк орталығы Талдықорған қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облыстық мәслихаты мен Талдықорған қалалық мәслихаты мақұлдаған Талдықорған қаласының бас жоспары бекітілсiн.

2. «Талдықорған қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1984 жылғы 12 шiлдедегi № 296 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов


Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 16 қарашадағы № 1206 қаулысымен

бекітiлген

Талдықорған қаласының бас жоспары

1. Бас жоспардың міндеті

Талдықорған қаласының 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Бас жоспары, тiршiлiк әрекетiнiң қолайлы ортасын жасау мен қаланы тұрақты түрде дамыту, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында Талдықорған қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгі құжаты болып табылады.

Бас жоспар Қазақстан Республикасы Президентiнің «Алматы облысының әкiмшiлiк орталығын Талдықорған қаласына көшiру туралы» 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 585 Жарлығын және қаланың жаңа мәртебесін ескере отырып әзiрлендi.

Бас жоспар қалалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық және бiрiнші кезектегi бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асырудың, табиғи кешен аумақтарын сақтау мен дамытудың, тұрғын үйлерді қайта жаңарту мен өндiрiстік аумақтарды қайта ұйымдастырудың, қоғамдық, iскер және мәдени орталықтарды дамытудың, туризм және демалыс нысандарын дамытудың, қалалық ортаны кешендi көріктендірудің және эстетикалық жағынан ұйымдастырудың, Талдықорғанның әкiмшiлiк аудандарының аумақтарын және оның басқа да аумақтық бірлiктерiн өркендетудiң, қала құрылысы жоспарларын, қаланы жоспарлау мен салу жобаларын әзiрлеудiң және iске асырудың негiзi болып табылады.

Талдықорған қаласын дамытудың Бас жоспарының негiзгі мақсаты экологиялық жағынан қолайлы, қауiпсiз және әлеуметтік жағынан тиiмдi тiршiлiк ортасын жасауға бағытталған қала құрылысы шараларының кешенiн жүргiзу.

2. Әлеуметтiк-экономикалық даму индикаторы

Демография

2015 жылға дейiнгi перспективада демографиялық процестердің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан қоғамдық даму факторларының және қоғам өмiріндегі үдей түскен әлеуметтік-экономикалық өзгерiстердiң және жаңарулардың барысында қалыптасатын жаңа факторлардың бүкiл жиынтығының өзара әсерiмен анықталатын болады.

Талдықорған қаласын демографиялық дамытудың сипаты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысына сәйкес анықталатын болады. Олардың ауқымы мен бағыттылығы мынандай әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың нәтижесіне: қаланың экономикалық әлеуетiнiң дамуына;

жұмыспен қамту және еңбекке ақы төлеу деңгейiне;

мемлекеттік және жергiлiктi әлеуметтік саясатқа, сондай-ақ басқада факторларға байланысты болады.

Халықтың перспективалық санын болжау варианттары бала туу көрсеткiшiнiң (1000 тұрғынға шаққанда 15 баладан 21 балаға дейiн) өсуi, өлiмнiң (1000 тұрғынға шаққанда 12,0 адамнан 9,0 адамға дейiн) төмендеуi, халықтың өмiр сүру ұзақтығының артуы мен көшi-қон өсiмі болжамдарын ескере отырып есептелген. Көшi-қон процесінің оң сальдосына 2002 жылы қол жеттi және болжамды кезеңнiң соңына дейiн осылай болады деп жорамалдануда.

Талдықорған халқының 2015 жылға дейінгі кезеңдегі болжамды саны Талдықорғанның таратып орналастыру жүйесіндегі және тұтасынан Қазақстан Республикасы бойынша алғандағы тиянақты да үдемелi демографиялық үрдiстермен анықталды.

Талдықорған халқының перспективалық саны екi түрлі варианттар бойынша саналған: реалистік - 140,0 мың адам және оптимистiк - 160,0 мың адам. Әрi қарай барлық есептеулер халықтың оптимистiк вариантында келтiрiледi - 160,0 мың адам. Сонымен қаланың резервтiк алаңдарын қосқандағы аумақтарының демографиялық сыйымдылығын 250,0 мың адам құрап отыр.

Халықты жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткiштері қаланың экономика салаларында жұмыс істейтіндер санының 2000 жылғы 30,7 мың адамнан 2015 жылы 65,6 адамға дейiн артады деп болжануда.

Қаланы әлеуметтiк және оның қала құрылысын дамытудың негізгi мақсаты - әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдай жасау және осы қаралып отырған аумақта тұрғындардың тұрмыс деңгейiнiң жоғарғы орта деңгейiн қалыптастыру.

2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда:

жалпы өңiрлiк өнім өндiру көлемiнiң 3,5 есеге;

күрделі қаржы көлемінiң салыстырмалы бағамен алғанда 2,8 есеге;

жан басына шаққандағы кiрiстiң 2 еседен астамға көбеюi Талдықорғанның қалақұрылысын дамытудың негiзгi бағыттарының экономикалық тиімділік көрсеткiштерi болып табылады.

Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

Тұрғын жайлар ортасын кешендi қалыптастырудың негiзгi бағыттары қаланың барлық тұрғын жай қорын 3 343,7 мың шаршы метр көбейте отырып тұрғын үймен қамтамасыз етудi орта есеппен 1 адамға шаққанда 21 шаршы метр жеткізудi қарастырады.

Құрылыс 857,5 га (жалпы алаңы 1259,7 мың шаршы метр) болатын бос аумақтарда, сондай-ақ ескi үйлердi бұзып алу есебiнен қайта жаңартылатын және бұрыннан салынып жатқан құрылыстар арасында үйлер тұрғызылатын көлемі 152,0 га (жалпы алаңы 118,3 мың шаршы метр) аумақтарда жүзеге асырылатын болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі бүкіл осы кезеңдегi тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 51% құрайды.

Жобалау кезеңi бойынша жалпы көлемi 1378 мың шаршы метр құрылыс салу көзделеді, оның iшiнде 506 (жалпы көлемінің 36,7%) мың шаршы метрін табыстары орташадан төмен халыққа жалға берілетін әлде қарызға ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қорының жүйесi арқылы, халық үшiн ең қол жетерлiк, муниципалды тұрғын үй құрылысы құрайды; жалпы көлемнің 702 мың шаршы метрін (51%) жеке құрылыс және 170 мың шаршы метрін (12,3%) жалдағы элиталық құрылысы құрайды. Муниципалды қордың жалпы көлемiнің 5% бюджет қаражатының есебiнен салынады және халықтың әлеуметтiк аз қамтылған тобына беріледi.

Құрылыс шығындарын төмендету мен қаланың қазіргі уақыттағы келбетiн құруды қамтамасыз ететін, Алматы, Еркiнкөктал және Жiбек Жолы жаңа тұрғын аудандарын кешендi құру, Талдықорған қаласын дамыту мен қайта құрудың басымдық бағдарламасы болып табылады.

Элиталық тұрғын үй құрылысы, қаланың ең маңызды қалақұрылыс тораптарының жақсартылған сәулеттiк келбетiн құру мақсатында Қаратал өзенiнiң жағалауы мен жалпы қалалық орталығында орналасқан.

Бас жоспарда жаңа әлеуметтiк-экономикалық және мекемелердің қамтамасыз етуi жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізу бағыттарындағы қалақұрылысы жағдайын 2015 жылға қарағанда қызмет көрсетудiң әлеуметтiк-кепiлдiк минимумын, сондай-ақ қалалық маңызы бар нысандарды дамытудың нормативтік көрсеткiштерін ескере отырып әлеуметтiк саланы дамыту ескерілген.

Алматы облысының облыстық орталығы, Жоңғар туристік ауданының құрылып жатқан инфрақұрылым орталығы статусына сәйкес перспективалық дамыту, қолда бар мәдени-ағарту тұрғысындағы мекемелердi, әлеуметтік мәнi бар денсаулық сақтау және білім беру объектiлерiн сақтап қалу мен дамыту, Қаратал өзенінде қорғаныс, суспорты және көңiл көтеру объектiлерiн және имараттарын салу, сондай-ақ эстетикалық келбетiн арттыра отырып қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлер салу әлеуметтiк саланы дамытудың негiзгі басымдықтары болып саналады.

Экономикалық қызметі

Экономикалық дамудың гипотезасы ресурстық әлеуеттің ежелден қалыптасқан өнеркәсіптiң дәстүрлi салаларын дамыту, қаланың Алматы облысының әкімшілiк орталығы деген жаңа мәртебеге ие болуы, экономика қызметiнiң туризм индустриясы деген жаңа саласын дамыту, Ұлы Жiбек жолындағы мамандандырылған өңiрлiк нарық кешендерiн дамыту негiзiнде әзiрленген.

Экономиканың мемлекеттік және жеке секторларын одан әрi тиiмдi үйлестiру, сондай-ақ олардың өзара iс-әрекетiн, шағын және орта кәсiпкерлiгiн дамыту жоспарлануда.

Материалдық өндiрiс салаларын қайта құрылымдауды жүзеге асыру экологиялық таза және pecypc сақтау технологиялары пайдасына жүзеге асыру ұсынылады.

Бас жоспарда өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылады, мұның өзi қаланы дамыту мүддесi үшiн өндiрiстiк аумақтардың экологиялық қауiпсiздiгiн арттыру мен осы аумақтардың қала құрылысы әлеуетiн тиiмдiрек пайдалану мақсатын көздейдi.

Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы

Бас жоспарда қала экономикасының тиiмдi саласы болып табылатын туризм индустриясын - Жетiсудың Ұлы Жiбек Жолы тарихи орталығын жандандыру және көлiк-коммуникациялық жүйелерi, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi өнiмдерiн шығару, қызмет көрсету және т.б. iлеспелi салаларын дамыта отырып бiрiгей табиғи Жоңғар Алатау кешенi әлеуетi негiзiнде құру ұсынылады.

Бас жоспар:

қазiргi кезде қолда бар қонақ үй базасын қайта жаңарту мен жаңа қонақ үйi базасын салуды;

мамандандырылған туристердi ертiп жүру қызметi орталығын құруды;

ақпараттық-анықтамалық қызмет орталығын, туристiк бюро мен көлiк агенттіктерiн құруды;

көңiл көтеру, көрмелер, жәрмеңкелер индустриясын, сауда-тұрмыстық объектiлер жүйесiн, спорттық-сауықтыру кешендерiн және медицина пункттерiн салуды;

әуежайда көлiк-туристiк қызмет көрсету жүйесiн, арнаулы көлiк қызметiн көрсететiн парктер мен кәсiпорындарды және автомобильдердi жалға берудi дамыту, туристiк аймақтардағы автотұрақтардың сыйымдылығын ұлғайтуды ұсынатын, орталығы Талдықорған қаласында орналасқан рекреациялық ресурстары бар қолайлы аудандарда (Жоңғар Алатауында және Алматы облысының шығыс өңiрiнде) туристiк тiрек кешендерi жүйесiмен бiрге туризм инфрақұрылымы жүйесiн құруды белгiлейдi.

3. Талдықорғанның қала құрылысын

дамытудың мақсаттары

Талдықорғанның қала құрылысын дамытудың басты мақсаты - қаланы тұрақты түрде дамыту және халықтың тiршiлiк етуiне қолайлы орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу мыналарды сипаттайды:

тiршiлiк ету ортасының экологиялық қауiпсiздiгi және табиғи кешеннiң тұрақтылығы;

қала құрылысы шешiмдерiнiң мәдени сабақтастығы;

кеңiстiктiк бiрлiк, эстетикалық айқындылық, қаланың үйлесiмдiлiгi мен ортаға тән әртүрлiгi;

көлiк және инженерлік инфрақұрылымның сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi;

тұрғын үй проблемасын шешудегi кешендiлiк, тұрғын үй аумақтарын қайта жаңарту мен өркендету және тұрғын үйлер ортасын қалыптастыру;

өндiрiстiк аумақтарды пайдаланудың тиiмдiлiгi;

қоғамдық орталықтар жүйесiн дамыту және оған қолдың жетiмдiлiгi.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу Талдықорған аумағын қайта құру мен көрiктендiру, салынған құрылыстарды қайта жаңарту, тiршiлiк ортасының сапалық сипаттамаларын арттыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс.

Экологиялық талаптар

Талдықорған қаласының құрылысын дамытуға қойылатын экологиялық талаптарға мыналар жатады:

табиғи кешеннiң қазiргi аумақтарын қолайсыз антропогендiк әсерлерден қорғау және резервтiк аумақтарда жаңа жасыл желектi алқаптарды қалыптастыру шараларын жүзеге асыру;

тiршiлiк ортасының жайлылығын, соның iшiнде аумақты көгалдандыру, қаланың тұрғын үйлерi мен қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.

Талдықорғанның қала құрылысын дамытуға арналған экологиялық талаптарды орындауға қажеттi шарттар:

экологиялық таза, қалдықтары аз және қалдықсыз технологияларды енгізу, ұйымдастырылмаған жолмен тасталған қоқыстар түпкөздерiнiң санын азайту, кәсiпорындардың тастама түпкөздерiн шаңсорғыш жабдықтарымен, өндiрiстердiң суы ақпайтын циклдарымен қосымша жарақтандыру, өнеркәсiп объектiлерiн сутазартқыш жабдықтармен жабдықтауды 100 пайызға жеткізу;

ауыз судың сапа стандарттарының сақталуын, өндiрiстiк және коммуналдық сарқынды сулардың, жердiң үстiңгi қабаттарындағы сулардың тазартылуын қамтамасыз ету;

көлiк қозғалысы қарқынының артуын бақылауды қамтамасыз ету және жүк легiн тарату;

«Қайнар» Акционерлік қоғамының «ПДВ жобасында көрсетiлген, қорғасын мен оның органикалық емес қосындыларының тасталған қалдықтарын қысқарту жөніндегі шаралардың iске асырылуына қатаң бақылау жүргiзудi қамтамасыз ету;

халық қоныстанған және өнеркәсiп аймақтарындағы ауа бассейнiнiң жағдайын қадағалайтын стационарлық постылар ұйымдастыру;

жүк көлiктерi мен аралас көлiктердiң қозғалысы басым айналма автомагистральдар салу;

Қаратал өзенiнiң ластануына жол бермеу, тазалау қондырғыларына жиналған лас суды бұру үшiн, сондай-ақ жиналған лай судың қаланың оң және сол жақ жағалауларындағы бөлiктердiң жабық нөсер канализациясының ендiк бағытындағы төсемдер арқылы лас заттардың шалшықталған жыралар мен сайларға ағып түсуiне жол бермеу;

жер асты суларының түп көзi болып табылатын аумақтарда санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру;

жобаланған объектiлер құрылысына байланысты қолданыстағы және потенциалдық ластану учаскелеріндегі жер асты суларының сапасы мен деңгейiне, астасу шарттарына жүйелi түрдегi режимдiк бақылауды ұйымдастыру;

жер асты суларының ластануын, бақылау ұңғымасы қондырғысын қоса, барлық табиғи-қорғау талаптарын сақтай отырып, қатты тұрмыс қалдықтарын қоймалау жөніндегі полигонның жобасын әзiрлеу;

түрлi инфекциялардың таралуын шектеу үшiн, аурухананың қалдықтарын, оларда залалсыздандыру жөніндегі талаптарды сақтай отырып қоймалауды жүзеге асыру;

барлық бекітілмеген, әсiресе Қаратал өзенiнiң жайылмасындағы қоқыс тастайтын жерлердi жою.

Аумақты қорғау мен қаланың орнықты

дамуын қамтамасыз ету жөніндегі iс шаралар

Талдықорған қаласының аумағын қауiптi табиғи процестерден қорғау шараларын белгiлеу кезiнде төмендегiлер ескерiлдi: аумақтардың жоғары сейсмикалылығы (аудан аясының сейсмикалылығы - 8 балл) және қаланың су жағалауындағы аудандарын Қаратал өзенi тасқын суының басып кету мүмкiндігі.

Аумақты пайдалану сипатына қарай қала құрылысын дамытуды анықтау функционалдық ұйымдастыру мен саралау барысында, 2002 жылы «ҚАЗМІИЗ» ЖАҚ орындаған «Талдықорған қаласының бас жоспарын әзiрлеуге қажет инженерлiк-сейсмикалық негiздi құрастыру жөніндегі есеп» және «Қазгидрометтiң» Қаратал өзенi бойынша гидрологиялық бақылау, ҚНжЕ II-50-74 «Гидротехникалық ғимараттар» жөніндегі мәлiметтер негiзге алынды.

Талдықорған қаласы тұрғындарының тұрақты түрде жұмыс iстеуiн арттыру және олардың халқын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау мақсатында жобада мынадай қала құрылысы шаралары ескерiлуде: сейсмика бойынша жекелеген учаскелер мен перспективалық құрылыс жүретiн аудандардың сейсмика жөніндегі аудандарға берiлген бағаларын ескере отырып, қала аумағын үйлердiң қабатына қарай аймақтандыру;

тасқын сулар басып кету мүмкiндiгiнен, Қаратал өзенiнiң жағалауына қорғау қондырғыларын салу (қорғаныс дамбалары, тұндырғы-суат, гидротехникалық су реттеу қондырғылары және т.б.);

қала аумағын бұрынғыдан да нақтырақ функционалдық аймақтандыру;

темір жол бойында өндiрістiк аймақтар қалыптастыру;

айналма транзиттi магистральдарға жақын орналасқан көлiк-өндiрiс кәсiпорындарын қалыптастыру;

шығу магистральдарына iрi рыноктық және қойма кешендерiн орналастыру;

қаладағы халық қоныстанған аймақтарды рекреациялық аймақтар жасыл бульварлар сияқты жоспарлау аудандарына бөлу, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты көшiру үшiн пайдаланылатын өзендердiң суын қорғау тілімдерiн көгалдандыру;

көше-жол жүйесiн одан әрi дамыта беру мен оның негiзiнде тұрақты түрде жұмыс iстейтiн жалпы қалалық жүйе құру.

Табиғи-ландшафттық орман-парк аймақтарын және қаланы

тарихи дамыту сабақтастығын сақтау талаптары

Талдықорғанның қала құрылысын дамытудың негiзгi бағыттары табиғи-ландшафттық орманпарк аймақтарын және қаланы тарихи дамыту сабақтастығын сақтаудың төмендегi талаптарының орындалуын қамтамасыз етуi тиiс:

санаторлық-курорттық объектiлерi бар орманпарк рекреациялық аймақтарын құру жолымен қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгіндегі бiрегей жайылма ормандарды сақтау;

көрсетiлген аймақтардың шекаралары мен қалақұрылысы қызметiн реттеу тәртiптерiн сол шекаралар көлемiнде анықтайтын мұндай ландшафттардың қорғалуын және көзбен көрiп қабылдаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ететiн жалпы қалақұрылысы регламенттерiн белгiлеу және сақтау;

қала ландшафтының тарихи келбетiн, көшелердiң тарихи жүйесiн және құрылыстардың, сондай-ақ көрiктендiрудiң мiнездемесiн сақтай отырып этнографиялық ойын-сауық орталығын салумен бiрге «Хутор» тарихи ауданын сақтау және дамыту, көрiктендiру;

қалақұрылысы және сәулет құралдарымен қаланың аумақтық негiздерiн анықтау және акценттеу.

Табиғи кешен аумақтарын сақтау мен

дамытудың негiзгi бағыттары

Талдықорған қаласының табиғи кешенi табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафтты қалыптастыру функцияларын басым атқаратын, өсiмдiк және су нысандары аумақтарының жиынтығын бейнелейдi. Табиғи кешеннiң аумақтарына мыналар жатады: орман-саябақ алқабы (қаланың солтүстiк-шығысы), Қаратал мен Көксу өзендерiнiң құрылыс салынбаған табиғи алқаптары; Ащыбұлақ, Балықты және т.б. кiшi өзендердiң алқаптары, жасанды каналдар, көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар бульварлар және гүлзалалар, сондай-ақ жаңа көгалдандырылған аумақтарды ұйымдастыруға арналған резервтегi аумақтар.

Табиғи кешеннiң аумақтарын сақтау мен дамытудың негiзгi бағыттары:

Талдықорған қаласының және Жоңғар Алатауы сiлемдерiнiң тұтастығын сақтау;

әртүрлi деңгейдегi рекреациялық аймақтарды қалыптастыру;

жобалау экологияландыруды қарастырады.

Аумақты сәулеттiк жоспарлауды ұйымдастыру

Қаланы аумақтық дамыту

Бас жоспарда қаланың оңтүстiк-батыс, Алматы бағытында және оң жақ жағалауда бос жатқан аумақтарды игеру есебiнен қаланың тарихи орталығындағы аз қабатты құрылыстарды қайта жаңарту мен қатар қаланы аумақтық дамыту ескерiлген.

Бас жоспарда мөлшерімен 250 мың адамға бағытталған (арырақтағы болашақ кезеңге арналған қаланың сыйымдылығы) қаланың аумақтық резервiн аяқтайтын, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығысына сырттағы көлікке арналған жартылай айналым жолдарын салу ескерiледi.

Бас жоспарда есептелген мерзiм шегiнде 2295,0 га бос аумақтарды игеру: соның iшiнде Алматы бағытында - 820,0 га, шығыс оң жақ бағытында - 1475,0 га, қайта жаңартылған аумақтарда - 152,0 га жердi игеру ескерілген.

Бас жоспарда көп қабатты және аз қабатты үйлердi салу арқылы жаңа тұрғын үй құрылысын жүргiзу ескерілген. Көп қабатты үйлердi салу қаланың орталық бөлiгіндегі үйлерді, таңдап қайта жаңарту есебiнен Алматы тұрғын үй ауданындағы оңтүстік-батыс бағытындағы келісілген құрылыс аймағындағы және жаңа оң жақ жағалаудағы ауданның қоғамдық орталығы тораптарында дәстүрлі жалғастырылуда. Көп қабатты үйлер құрылысы қаланың оң жағалауы және қаланың қолданыстағы бөлігінің солтүстiк-батыс ауданында дами бастайды.

Қаланың негiзгi магистральдары мен көлiк тораптарын одан ары дамыту, көлік тарату құрылыстары мен айналым магистральдары бойынша үзiлiссiз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында, бас жоспарда Желтоқсан, Сланов, Шевченко, Чкалов, Абай, Рүстембеков көшелеріндегі бір қабатты үйлердi бұзу ескерілген.

Келісілген құрылыс аймағын оның қайта жаңартылатын қалыптасқан бөлiгiнде қоғамдық орталық жүйесiнiң негiзгi қалақұрылысы тораптарын құны төмендеген бiр қабатты үйлерді бұзу жолымен дамыту ескерiлген.

Қаланың жоспарлау құрылымы

Қала құрылымы туралы жалпы мәлiметтер. Талдықорған қаласы Алматы облысының әкiмшiлiк орталығы. Қала Алматы облысының орталығында және Ұлы Жiбек Жолы трассасында, Қытайдан Алматы облысы арқылы Қырғызстан, Ресей және одан ары Европа елдерiне сауда-көлiк легi қозғалысы жолдарында орналасқандықтан, тиiмдi экономикалық-географиялық жағдайға ие болып отыр.

Сыртқы автокөлiк жолдары болып табылатын: Талдықорған Алматы, Талдықорған - Үштөбе, Талдықорған - Өскемен, Талдықорған Молалы, Матай - Ақтоғай, Талдықорған - Текелi, Талдықорған - Сарөзек Жаркент - Хоргос магистральдары қаланың негiзгi магистральдарымен қиюласып, оның негiзгi аумақтық даму бағыттарымен бiрге көлiк каркасын құрайды.

Жоталы көлiк байланысы болып табылатын Жансүгiров көшесi, Қаратал өзеніндегі көпiрдiң үстiнен өтiп әуежайға және Өскемен трассасына бұрылатын жолдармен жалғасып, Алматы мен Үштөбе автожолдарының қиылысынан басталады. Жансүгiров көшесiнiң қиылысынан басталатын қаланың бас көшесi - Тәуелсiздiк көшесi жарыспалы, жоталы көлiк жолының қосалқысы болып табылады. Бұл көшенiң бойында бас әкiмшiлiк алаң, жалпы қалалық орталық жүйесiнiң тораптары мен объектiлерi орналасқан.

Тәуелсiздiк пен Жансүгiров көшелерi тармақтарымен қоса қаланың жоспарлау құрылымдарының жүйе түзетiн негiзгi композициялық осi. Осы осьтан қаланың қоғамдық орталық жүйесi құралады.

Қаратал өзенiнiң жайылмасы қаланың жоспарлау құрылымының маңызды элементi - қаланың табиғи басым жағы болып табылады. Қаратал өзенi қаланы меридиан бойынша сол жақ жаға мен оң жақ жағаға бөледi. Қаратал өзенi қала аумағын солтүстiк жағынан шектеп, Бұрақой тауының етегiмен ағып, қала аумағы бойынша оңтүстiктен солтүстiкке және солтүстiк-батыс жаққа қарай ағады.

Қала оңтүстiк-шығыс жақтан көлiктiң сыртқы жартылай айналма жолымен шектелген. Жоталы осьқа перпендикуляр өтетiн меридионалдық бағыттағы негiзгi жолдардың негiзгiлерiне тұрғын үй аудандарының орталықтары тiзiледi.

Қаланың жоспарлау құрылымын дамыту. Табиғи басым ой болып табылатын Қаратал өзенiмен бiрге Жоңғар Алатауы сiлемiнiң ландшафты ретiнде келтiрiлген, табиғи-экологиялық кешен және көлiк-жоспарлау каркасы қаланың перспективалық жоспарлау құрылымының негiзiн қалыптастырады.

Бас жоспарда қаланың көлiк-жоспарлау каркасын дамыту және жетiлдiру ескерiлген. Бұрыңғы магистральдарға қосымша жаңа меридионалдық және ендiк магистральдар, айналма автомобиль жолдарын, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету желiлерін құру, көлiк тарату, жол сiлтемелерiн, эстакадалар т.т. салу ескерiлген.

Бас жоспарда Талдықорған қаласының аумақтық қорын болжаммен 250 мың адамға арналған (қаланың болашақтағы сыйымдылығы) қаланың аумақтық резервiн қоршап тұрған солтүстiк-батыс және солтүстiк-шығысына сыртқы көлiкке айналған айналым жолдарын сала отырып, қаланың жоспарлау құрылымын дамыту ескерiлген. Қаланың жоспарлау құрылымы, қаланың аумақтық дамуы мүмкiн негiзгi бағыттарын қоса аралас линейлiк-тарамдалған айналма жүйесi түрiнде орындалып, ұсынылған.

Қала аумағында, оның перспективалық жоспарлау құрылымына сәйкес, қаланың 6 тұрғын ауданы атап көрсетiлген. Ендiк бағытында Жансүгiров көшесi, меридиан бойынша - Желтоқсан көшесi мен Қаратал өзенiнiң жайылмасы қаланы екiге бөлушi болып саналады.

Тұрғын аудандардың құрамына: сол жақ жағадағы - Алматы, Көкбұлақ, Қаратал және Жетiсу сияқты тұрғын аудандары кiредi. Қаланың оң жақтағы жағасына Жiбек Жолы және Еркiн-Қаратал сияқты 2 тұрғын аудан кiредi.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!