Все сервисы
Tender
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары, киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы арасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 48/НҚ бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.25.06. № 354/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.14.01. № 17/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.25.06. № 354/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 21) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 292) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.25.06. № 354/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары, киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы арасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google