Все сервисы
Zanger
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығы
(2015.01.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Баспасөз хатшысы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, лауазымының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 маусымдағы № 06-2-2/4121 бұйрығы жойылсың.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Т. Есентаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова
29 қарашадағы 2013 ж.
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2013 жылғы 26 қарашадағы
№ 434 бұйрығымен бекітілді

Добавить в список основных источников в Google