Все сервисы
Zanger
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығы
(2026.01.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.01.04. № 45 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9015 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10969 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google