Все сервисы
Zanger
Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 шешімі
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Талдықорған қаласы әкімінің «Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 30 қазандағы № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3516 тіркелген, 2015 жылдың 11 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Талғат Сайлаубекұлы Қыдыралиевке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Талдықорған қаласының әкімі |
Д. Шалтабаев |
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
«Талдықорған қаласында сайлау
учаскелерін құру туралы»
№ 7 шешіміне қосымша
Талдықорған қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған
сайлау учаскелері
№ 966 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Ә. Әлімжанов көшесі № 20, № 27 орта мектебі (оңтүстік қанаты).
Шекарасы: Талдықорған қаласы, «Агропромышленник», «Красный камень», «Қаратал», «Шайқорған», бағбандар тұтынушы кооперативтері.
№ 967 сайлау учаскесі
Документ утратил силу
Демо – версия документа