Введите номер документа
Прайс-лист

«Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 10 шешімі (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 30 октября 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 декабря 2018

Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 10 шешімі

 

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 шешімімен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Талдықорған қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау комиссиялармен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Гаухар Жексенбайқызы Шоқановаға осы қаулының ресми жариялауын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жариялауын жүзеге асырсын.

3. Қала әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 23 ақпандағы № 3078 тіркелген, «Талдықорған» газетінде 2015 жылдың 3 наурызында № 11 жарияланған) № 2 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі

Е. Алпысов

 

Талдықорған қаласы әкімінің

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами