Все сервисы
Zanger
Арнайы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 134 бұйрығы
(2026.18.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы комиссияны қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 134 бұйрыққа
1-қосымша
Арнайы комиссияны қалыптастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026.31.08. № 140 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Добавить в список основных источников в Google