Все сервисы
Zanger
Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығы
(2025.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас Прокурорының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2022.14.06. № 130 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.20.02. № 24 бұйрығымен (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас Прокурорының 2025.25.08. № 106 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік істерді қарауы жөніндегі есеп» № 5 нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда әкімшілік істерді қарау жөніндегі есеп» № 5А нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда әкімшілік істерді қарау жөніндегі есеп» № 5К нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істерді қарауы жөніндегі есеп» № 5 ЖС нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған әкімшілік іске (талап қою) 1-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 2-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

Добавить в список основных источников в Google