Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 91-НҚ бұйрығы
(2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 98 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.16.01 № 4-НҚ бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 98 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) және 5-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т. Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.