Кiрiстер 1123,4 19,2 1128,4 19,3 5,1
Салықтық түсiмдер 979,2 16,7 984,2 16,8 5,0
Салықтық емес түсiмдер 36,9 0,6 37,0 0,6 0,1
Шығындар 1075,5 18,4 1089,5 18,6 13,9
Операциялық сальдо 47,9 0,8 39,0 0,7 -8,9
Таза бюджеттік кредит беру 54,1 0,9 54,1 0,9
Бюджеттік кредиттер 64,5 1,1 64,5 1,1
Бюджеттік кредиттерді 10,4 0,2 10,4 0,2
өтеу
Қаржы активтерiмен 81,5 1,4 86,3 1,5 4,8
жасалатын операциялар
бойынша сальдо
Қаржы активтерiн сатып алу 83,5 1,4 88,3 1,5 4,8
Мемлекеттің қаржы 2,0 2,0
активтерiн сатудан түсетiн
түсiмдер
Бюджет тапшылығы -87,8 -1,5 -101,4 -1,7 13,7
(профицитi)
__________________________________________________________________
Бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат 5850
бойынша ЖIӨ болжамы, млрд. теңге
5.1. Елдiң 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
2004 жылы ЖIӨ нақты өсуi 9,4 % құрады және көлемнiң өнеркәсiпте 10%-ға, құрылыста - 11,2%-ғa ұлғаюымен қамтамасыз етілдi. Қызметтер секторында көлiктiң барлық түрiмен жүктердi тасымалдау көлемi 9%-ға, байланыс - 32%-ға, сауда - 10,4%-ға ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 2003 жылдың деңгейiне 100,1% құрады.
Инфляцияның деңгейi жыл бойы орта есеппен 6,9 % мөлшерінде қалыптасты.
2004 жылы сыртқы тауар рыноктарында мұнайға және металлургиялық өнеркәсіп өнiмiнiң жоғары бағаларымен қатар әлемдiк экономиканың өсуi қазақстандық тауарлардың экспортына ықпал еттi.
Ауқымды шетел қарыз капиталының келiп түсуiмен қатар экспорттан түскен валюталық түсiмдер iшкi валюта рыногындағы шетелдік валютаның артық ұсынысына себеп болды. Теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы iшкi валюта рыногына көрсетiлген қысымның салдары болды. 2004 жыл iшіндегі теңгенiң орташа өлшемдiк айырбас бағамы бір долларға 136,04 теңгенi құрады. Жыл басынан бастап теңге номиналды мәнде АҚШ долларына қарағанда 9,3 %-ға нығайды. Теңгенiң айырбас бағамының АҚШ долларына нақты нығаюы 2004 жылы 5,3 % құрады.
Iшкi сұраныстың ұлғаюы мен теңгенiң айырбас бағамының АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан импорт көлемi өсті.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) бағалауы бойынша тауарлар экспорты (ФОБ) 20537 млн. АҚШ долларын, тауарлар импорты (ФОБ) - 13783,4 млн. АҚШ долларын, өсу тиiсiнше 55,6 % және 52,6 % құрады. 2004 жылы сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы 2003 жылмен салыстырғанда 61,9 %-ға ұлғайды және Министрлiктiң бағалауы бойынша 6753,6 млн. AҚШ долларына жетті.
Мұнай өңдеу саласындағы шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iрi инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық стратегияны iске асыру, сондай-ақ бірқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылған инвестициялардың көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкiндiк бердi. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негiзгi капиталға инвестициялар 10,6 %-ға ұлғайды.
5.2. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған негiзгi көрсеткiштерінің нақтыланған болжамы.
Бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат экономика дамуының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған бекiтілген орта мерзiмдi жоспарының базалық сценарийiне негізделген.
Әлемдiк тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, макроэкономикалық тұрақтылық, елде жүргізілiп отырған тиiмдi экономикалық саясат, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруы нәтижесiнде iшкi сұраныстың артуы, өндiрiс секторының тұрақты жұмысы, инвестициялық климаттың жақсаруы экономика дамуының жоғары қарқынына себеп болды, бұл негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi қайта қарау үшiн негiз болып табылды.
Болжамды көрсеткiштердiң ұлғаюына ықпал еткен негiзгi факторлар мынадай: 2004 жылғы неғұрлым жоғары нақты база, экспорт тауарларына арналған қолайлы конъюнктура, тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң неғұрлым жоғары өсу қарқыны.
2005 - 2007 жылдарға арналған ЖIӨ-нiң болжамы ұлғаю жағына қарай нақтыланды және 2005 жылы - 6580 млрд. теңге, 2006 жылы - 7808 млрд. теңге және 2007 жылы - 8892 млрд. теңге құрайды.
2005-2007 жылдары инфляцияның орташа жылдық деңгейi бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген 4,1 - 6,5 %-ға қарағанда, 5 - 7 % аралығында қалыптасады. Оған мұнайға және металдарға әлемдiк бағаның жоғары деңгейi, шетелдiк капиталдың келуi, сондай-ақ бюджеттен мемлекеттік қызметшiлер мен бюджет салаларының қызметкерлерiне жалақының, зейнетақының, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердiң артуы ықпал етуi мүмкiн.
Соңғы жылдары қалыптасқан мұнай өңдеу секторындағы өсу үрдiсiн негiзге ала отырып, 2005 - 2007 жылдарға арналған мұнайға әлемдiк бағаның болжамы нақтыланды. Базалық сценарий мұнайға әлемдiк бағаларды бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген бір баррель үшiн 28,5 - 32,9 AҚШ долларына қарағанда, бір баррель үшiн 40 - 42 АҚШ доллары аралығында көздейдi.
Мұнайға экспорттық бағалар бекітілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген бір баррель үшiн 21,4 - 24,7 АҚШ долларына қарағанда 30 - 31,5 АҚШ доллары деңгейiнде тұрақтанады.
Сауда теңгерiмiнің оң сальдосы жылына орта есеппен 5,6 млрд. жуық АҚШ долларын құрайды.
Мұнайға жоғары бағалар инвестициялардың құйылуына, өнеркәсiптiк өнiмдер, көлiктiк қызметтер көлемiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өсуiне оң ықпал етедi.
7-кесте
Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға
арналған макроэкономикалық көрсеткіштерiнiң болжамы
(базалық сценарий)
5.3. Салық және бюджет саясаты.
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрi - Жолдау) басты мақсаты саясатта, экономикада және азаматтардың әлеуметтiк қорғалушылығын бір мезгілде арттыра отырып, әлеуметтік салада, олардың әл-ауқатын өсiруде, шағын және орта бизнестi дамытуда ауқымды реформалар жүргiзу, сондай-ақ Қазақстанның көп ұлтты және көп конфессиялы халқына қатысты жатсынбаушылық саясатын жалғастыру болып табылады.
Мемлекеттің салық саясаты тұтастай алғанда, бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясаттың мiндеттерi шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, Жолдауда атап көрсетілгендей, мемлекет кәсіпкерлiк ортаның бастамашылықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауы тиiс.
Осыған байланысты, әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлігін дамыту жөніндегі жедел шаралар бағдарламасына сәйкес салық заңнамасын жетілдiрудiң негiзгi бағыттарына қосымша iс-шаралар енгiзілдi:
шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану саласын кеңейту және салықтық жүктеменi азайту, сондай-ақ оларды инвестициялар, ең алдымен экономиканың шикiзаттық емес секторына салуға тарту шараларын қабылдау;
өткізу бойынша ең төмен айналыс мөлшерiн ұлғайту, ол өскен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндеттi.
Сөйтiп, салық жүйесi экономикалық реттеуіш ретiнде жұмыс орындарының санын, өндiрілетiн жұмыс пен көрсетілетін қызметтер көлемiнiң ұлғаюын қамтамасыз ете отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілер санының өсуiн ынталандыратын болады.
Тұтастай алғанда, орта мерзiмдi кезеңде мемлекет жүргiзетiн бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес келетiн және орнықты экономикалық дамуды қолдауға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, бюджеттi жоспарлау мен атқару сапасын және мемлекеттік шығыстардың тиiмділiгiн арттыруға бағытталады.
Жолдауда көрсетілген шағын бизнесті қолдау, білім алуға қол жетiмділiк, студенттерге кредит берудiң қазiргi заманғы жүйесiн құру, халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру сияқты бағыттардағы маңызды бастамалар мемлекеттің бюджет саясатында көрiнiсiн тапты.
5.4. 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кiрiстерi.
Мемлекеттік бюджеттің кiрiстерi 2005 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткiштердi қайта қарау нәтижесiнде, 2004 жылдың қорытындысы бойынша есептiк көрсеткiштерге, сондай-ақ мұнай секторындағы кәсiпорындар бойынша біржолғы сипаттағы болжамды қосымша түсiмдерге негізделе отырып нақтыланды.
2005 жылы салықтық түсiмдердiң өсуi алдыңғы жылға қатынасы бойынша 23,9 %, 2006 және 2007 жылдары тиiсiнше - 10,6 % және 12 % құрайды.
Кiрiстердiң болжамын есептеулерде бұрын болжанған мерзiм 2005 жылғы 1 қаңтардың орнына 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібiн реттейтiн Салық кодексiнің ережелерiне енгiзiлген өзгерістер ескерiлдi.
2005 жылы салықтық емес түсiмдер 2004 жылға теңге бағамының нығаюымен және 2004 жылғы біржолдық төлемдердiң түсуiмен, 2006 жылы 2005 жылға нақтыланған болжамға 5,7 %-ға өсуiмен және 2007 жылы - 2006 жылғы нақтыланған болжамға 4 %-ға ұлғаюмен байланысты 49,2%-ға азаюмен болжанады.
8-кесте
2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бюджет кірістерінің болжамы
(ЖIӨ-ге пайызбен)
Орта мерзiмдi перспективада Ұлттық қорда қаражат жинақтау саясатын жалғастыру жоспарлануда.
Әлемдiк қаржы рыноктарындағы қолайлы конъюнктураға байланысты мемлекеттік бюджетке табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты түсетiн төлемдер едәуiр ұлғайды.
2005 жылы қолданыстағы заңнама жағдайында Ұлттық қорға 128 млрд. теңге, бұл бұрын болжанған сомадан 48,2 %-ға көп, 2006 жылы - 114 млрд. теңге (45,4 %-ға), 2007 жылы - 107,2 млрд. теңге (36%-ға) сомасында түсiмдер болжанады.
9-кесте
Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң құрылымы
(мемлекеттік бюджет кірiстерiне пайызбен)
5.5. 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттiң шығыстары.
Оң макроэкономикалық ахуал және соның нәтижесіндегі бюджет жүйесiнiң барлық деңгейлерiнде кiрiстер түсiмдерiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет шығыстарын қаржыландыруды ұлғайтуға және оның құрылымын өзгертуге айтарлықтай ықпал eттi.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек рыногында жеке сектордағы еңбекке ақы төлеу деңгейiмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшiлердiң еңбекақысының төмен деңгейiмен сипатталатын ахуал қалыптасты. Бұл мемлекеттік сектордағы жалақының деңгейiн жеке сектордың деңгейiне жақындату қажеттілiгiн негiздейдi.
Осы проблеманы шешу үшiн, орындалатын жұмыстың өнiмділiгi мен сапасын ынталандыру, мемлекеттік қызметке жоғары біліктi және кәсiптiк кадрларды тарту, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Жолдауға сәйкес 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттік қызметшілер мен бюджет сапасы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 32 %-ға, ал 2007 жылдан бастап - орта есеппен 30 %-ға ұлғайтылатын болады.
2005 жылғы 1 шілдеден бастап ең төменгi жалақы мөлшерi 9200 теңгенi құрайды.
Мемлекеттік қызметшiлер мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын ұлғайту үшiн мемлекеттік бюджетте 2005 - 2007 жылдары 242 млрд. жуық теңге, оның iшiнде 2005 жылы 53,2 млрд. теңге қосымша қаражат көзделетін болады.
Қазiргi уақытта экономика білімге негiзделген дамудың сапалы жаңа кезеңiнде ауысуда. Қатаң әлемдiк рыноктық бәсекелестік жағдайда мемлекеттің экономикалық өсуi мен өркендеуi қазiргi заманғы ойшыл, жұмысқа қабілеттi, білiмдi адамдарға байланысты, оларға өзiн өзi барынша көрсете білу және жаңа білiмдер алу үшiн барлық жағдайлар жасалатын болады.
Қазақстанға қазiргi әлемде лайықты орын алуға мүмкiндiк беретiн тиiмдi жұмыс iстейтiн білiм беру жүйесiн қалыптастыру, кадрларды оқыту мен даярлаудың неғұрлым жоғары деңгейiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен Білім берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілдi, оның iске асырылуына 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік бюджеттен 2004 жылдың деңгейiне қосымша 90 млрд. астам теңге жiберiлетін болады.
Мемлекет басшысы Жолдауында білім беру жүйесiн әлемдiк стандарттар деңгейiне шығару, болашақтың жоғары технологиялық әрi ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi үшiн кадрлық қорлар жасақтау мақсатында оны жетілдiру қажеттігi туралы атап өттi.
Осыған байланысты, студенттердiң оқуын бюджеттен қаржыландырудың бірыңғай жүйесiн құру мақсатында білім беру кредиттерiнiң есебiнен білiм беруге арналған кредиттердiң мөлшерi
50 % ұлғайтылады, сонымен бip мезгілде осы аталған кредиттердің қайтарылуына мемлекеттің кепiлдiгiн берудi қамтамасыз ете отырып, екiншi деңгейдегі банктер арқылы студенттерге кредит бөлудiң осы заманғы жүйесi жасалады.
Сондай-ақ, студенттерге берілетiн кредиттердi мемлекеттік кепiлдендiру жүйесiн iске асыру мақсатында таяудағы 5 жыл iшiнде «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы қосымша шамамен 2 млрд.теңге, оның ішiнде:
2005 жылы - 600 млн. теңге;
2006 жылы - 350 млн. теңге;
2007 жылы - 350 млн. теңге бөлiнетiн болады.
2005 жылғы 1 шiлдеден бастап жоғары оқу орындарының студенттерiне, сондай-ақ кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының оқушыларына стипендиялар мөлшерi екi еседен аса ұлғайтылатын болады. Осы мақсаттарға 2005 - 2007 жылдары бюджеттен 22,5 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасының шеңберiнде ең үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен әлемнің озық жоғары оқу орындарында тағлымдамадан өту үшiн қаражат бөлiнетiн болады.
Профессор-оқытушылар құрамын қолдау мақсатында «Үздiк оқытушы» мемлекеттік стипендия төленетiн болады, ол кез келген шетелге тәжiрибеден өтуге баруды қарастыратын әрi бір жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге берілетiн гранттың мәртебесiне ие болады.
Әзiрленетiн «Жасыл ел» бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөніндегі iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтiн жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөніндегі iс-шараларға студенттердiң қатысуы үшiн құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 3,5 %, 2006 жылы - 3,8 %, 2007 жылы - 4,4 % деңгейiнде көзделетiн болады.
Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекiтілдi, оның iске асырылуына 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік бюджетте 2004 жылдың деңгейiне қосымша шамамен 117,7 млрд. теңге сомасында қаражат көзделетін болады.
Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 2005 жылғы мемлекеттік бюджетте мыналарға қаражат көзделген:
жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен тегiн қамтамасыз етуге - 736,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 2,3 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 532,3 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 1,7 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық алдын-алу тексерулерiн жүзеге асыруға - 847,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 10,2 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 5,2 млрд. теңге;
«Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 2,6 %, 2006 жылы - 2,7 %, 2007 жылы - 2,8 % деңгейiнде көзделетiн болады.