Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 927 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 515 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған республикалық
бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 927 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 515 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұр. ред қара

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 333 Қаулысымен күші жойылды

 

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi бекітілсiн.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне енгiзiлсiн.

3. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1001 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 12 қыркүйектегі

№ 927 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 515 қаулысымен болжамды көрсеткiштерi жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға

арналған республикалық бюджетiнiң болжамды

көрсеткiштерi