Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық
бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі № 1001 қаулысы (ҚР Үкіметінің
24.04.03 ж. № 396 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 927 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi бекітілсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне енгізiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қыркүйектегi № 1197 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 24.04.03 ж. № 396 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1001 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған
республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері
Ескерту: 1 - бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ретінде бюджет
тапшылығы есебінің жаңа әдіснамасы бойынша есепке алынатын республикалық
меншік объектілерін жекелешендіруден түсетін түсімдерді қоспағанда