Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1001
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 16 және 17-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1001 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
№ 396 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1001 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған
республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері
Ескерту:
1 - бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ретінде бюджет тапшылығы
есебінің жаңа әдіснамасы бойынша есепке алынатын республикалық меншік
объектілерін жекелешендіруден түсетін түсімдерді қоспағанда