Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 Қаулысы
(2020.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018.25.10. № 679 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2018.25.10. № 679 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметтерін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.25.10. № 679 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 13 сәуірдегi
№ 347 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.