«Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысы (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысы

(2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 368 Қаулысымен күші жойылды

 

Өнiмдердiң адамның өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн, ұлттық қауiпсiздiкті және нормативтiк құжаттарға сәйкес келетін және тұтынушылардың талабын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті отандық өнiмдi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берілiп отырған:

1) мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесi;

2) сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тізбесi бекiтілсiн.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 4-бөлім толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді); ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 424 (бұр.ред.қара); 2008.28.06. № 637 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1117 (бұр.ред.қара); 2012.02.05. № 564 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2013.21.01. № 15 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 447 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 357 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 20 сәуірдегі

№ 367 қаулысымен

бекiтілген

 

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің

 тізбесі

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1117 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.05. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 15 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 447 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 357 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 20 сәуірдегі

№ 367 қаулысымен

бекiтілген

 


Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етілетін өнiмдердiң
тізбесi

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2005 жылғы 20 сәуiрдегі

№ 367 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған

кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi

 

1. «Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 586-құжат).

2. «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

3. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 тамыздағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 287-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шілдедегi № 751 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 302-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1193 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 492-құжат).

6. «Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестігiн растауға рұқсат етілетiн өнiмдердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 77 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 35-құжат).