Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсан № 1758 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 20; 26.12.03 ж. № 1325 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 10 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мүгедектердің жоғалтқан қарекетiнің орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабiлетiн қалпына келтiру және мүгедектердің қоғамға мейлiнше толығырақ кiрiгуiне септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2002 жылдан бастап жылына екi рет - әр жылдың 20 қаңтарына және 20 шілдесiне ақпарат берiп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі жыл сайын 25 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының