7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарының іске асырылуы;
- ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын анықтаудың жаңа әдістемесін енгізу;
- мүгедектерге және қарт кісілерге әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;
- 2007 жылға арналған оралман квотасын қалыптастыруға ұсыныстар жасап шығару;
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша видеофильмдер және жарнама роликтер, әдебиеттер, тұсқағаздар, кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу.
- еңбек, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау салаларында заңдылықтарды сақтауды қадағалау мақсатымен 10500 жоспарлы тексерулер жүргізілді;
- 300 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату;
- 25 адамды мемлекеттік тілге оқыту;
- 25 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Орталық және аумақтық органдарында жұмыс орындарын 10% автоматтандыру, 12% жиһазбен жарақтандыру.
Соңғы нәтиже: халықтың әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылуын кеңейту, жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын және еңбек қауіпсіздігін жақсарту. Жиһазбен жарақтандыруды 100%-ға жеткізу. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылату қажеттілігін 35%, мемлекеттік тілді оқытуды 25%, ағылшын тілін оқытуды 8% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір маманына кететін шығын жылына 930 мың теңге, аумақтық органдарда 546 мың теңге құрайды.
Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 12,1 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 20 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 20 мың теңге.
Уақтылығы: келісім-шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапа: әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нормативті-құқықтық базасын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтердің және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін жоғарылату және қол жеткізілімділігін арттыру.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 15%; ағылшын тілін оқыту курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 5%; біліктілігін жоғарылату курстарынан өткеннен кейін жоғары қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 2%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
130-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Зейнетақы бағдарламасы"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 255496364 мың теңге (екі жүз елу бес миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.22.11. № 1107 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 12, 16-баптары; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2, 5-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу конституциялық құқықтарын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылармен және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- ынтымақты зейнетақы - 1622,6 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар - 5,8 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін - 1663,4 мың адам.
Соңғы нәтиже: ынтымақты зейнетақы мөлшерін 8% көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері - 6700 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері - 10075 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапа:
- тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100% төлеу.
- радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
131-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 59995554 мың теңге (елу тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион бес жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 2-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты, әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектігі бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін кемінде 1000 теңгеге көбейту;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін асырауындағылардың санына қарай 300 теңгеден 1000 теңгеге дейін көбейту;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс шамасынан еселеп есептеу;
- жасына байланысты берілетін;
- мүгедектігі бойынша берілетін;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу.