Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
157-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1340102 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық миллион бір жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 5-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 28-бабы; «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 714 қаулысы; «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясаттың қалыптасуын, оның салааралық үйлесімін қамтамасыз ететін оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін, көлік-коммуникация саласында даму бағдарламасын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету; көлік және коммуникация саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, көлік және коммуникация саласында нарық қызметін қалыптастыру және бәсекелестік ортаны дамытуға ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін күтіп-ұстау; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру; Министрліктің және оның аумақтық органдарының жергілікті-есептеу желілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсету; ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; Министрліктің және оның аумақтық органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін қамтамасыз ету; лицензиялар және өзге де рұқсат құжаттарын беру; лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын сақтауына бақылау жасау; мамандарды бірыңғай нысандағы қызметтік киімдермен және омырау белгілерімен қамтамасыз ету, бақылау-өлшеу аспаптарын сатып алу; материалдық-техникалық базаны нығайту; өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерді, дағдылар мен машықтарды жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі штат санының лимитіне сәйкес 374 бірліктен тұратын орталық аппараты мен оның комитеттерін және 992 бірліктен тұратын аумақтық бөлімшелерін күтіп ұстау;
165 мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, оның ішінде аумақтық органдардан 20 адам, 72 адамды мемлекеттік тілге оқыту; 60 адамды ағылшын тіліне оқыту;
Көліктерді іске қосу және шығару кезінде ауаны нормадан жоғары ластайтын заттарды бақылау үшін 10 бірлік газталдағыш, 10 бірлік түтін өлшеуіш, осы жабдық үшін шығын материалдарын және Авиация қауіпсіздік ережесіне сәйкес әуежайларға кіргізу және объектішілік режимнің талаптарын қамтамасыз етуді орындау үшін азаматтық авиацияның ұшу экипажы мүшелері үшін біріздендіру карточкаларын дайындайтын жабдықтар (түрлі-түсті таспалар, қаптау орамдары, карточкалар, тазалағыш жиынтық, тазалайтын барабандар), аумақты тазалауға арналған техниканы 1 бірлік, жүк автомобилін 1 бірлік, шөмішті 1 бірлік, тазалағышты 1 бірлік сатып алу.
Шығыс материалдарын: жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді; есептеу техникасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді; «Лука бюджет», «Заңгер», «Қаржыландыру жоспарларын жасау» жергілікті міндеттерді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу; есептеу техникасына жүйелік қызмет көрсету; мемлекеттік қызметшілер оларға жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін есептеу техникасын сатып алу, соның ішінде сервер - 2 бірлік, компьютер - 125 бірлік, ноутбук - 5 бірлік, принтер - 21 бірлік, сканер - 9 бірлік, ҮҚК - 15 бірлік, модемдер - 6 бірлік; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
Соңғы нәтиже: көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттері мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілік деңгейін арттырудағы қажеттіліктерін 12%-ға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытудағы қажеттіліктерін 5,3%-ға және мемлекеттік қызметшілердің ағылшын тілін оқытудағы қажеттіліктерін 4,3%-ға қамтамасыз ету; істеп тұрған 63 көліктік бақылау бекеттерін 34,5% түтін өлшеуіштермен және 35,7% газталдағыштармен қамтамасыз ету. Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің аумақтық басқармаларының 18% күрделі жөндеумен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: Министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін жақсарту; орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға орташа шығын шамамен 1100 мың теңгені құрайды; аумақтық басқарманың бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға орташа шығын шамамен 790 мың теңгені құрайды; орталық аппараттың штаттан тыс бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға орташа шығын шамамен 345 мың теңгені құрайды; аумақтық басқарманың штаттан тыс бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға шығын шамамен 374 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығын: біліктілігін арттыруға 8153 теңге, мемлекеттік тілді оқытуға 30361 теңге және ағылшын тілін оқытуға 12611 теңге;
Уақтылығы: жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Д.Ахметовтің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 325-ө Өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметтің кәсіби талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан кейін іс қағаздарды жүргізуде мемлекеттік тілге көшкен қызметшілердің үлесі 6%, ағылшын тілін оқыту курстарынан кейін құжаттармен ағылшын тілінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2%, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін есептеу техникасымен жабдықтау орташа алғанда 80%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
158-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 44782738 мың теңге (қырық төрт миллиард жеті жүз сексен екі миллион жеті жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниеті туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» қарызы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруі үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін қалпына келтіру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автожолдарды салу, қалпына келтіру, қайта жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.12.12. № 1196 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: