7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: "Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау" бөлімі бойынша 14 облыстың және республикалық маңызы бар 2 қаланың Ортамерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының келісілген жобалары; Балқаш-Арал бассейнін тұрақты дамытудың бекітілген кешенді бағдарламасы және Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесінің тұжырымдамасы;
1 кодексті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 нормативтік қаулысын және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 10 нормативтік бұйрығын әзірлеу;
халықаралық конвенцияларды іске асыру жөніндегі 4 ұлттық есепті және баяндаманы дайындау;
келіп-түсуіне қарай инвестициялық жобалардың салалық қорытындыларын жасау;
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды беру;
табиғатты пайдалануға рұқсат беру және табиғатты пайдаланушылардың жүгінулеріне қарай мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары;
56 лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігі;
Табиғатты пайдаланушылардың жүгінулеріне қарай қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлімінде салық төлеушілер және салық салу объектілері Тізілімінің ақпараттық жүйесін енгізу;
өңірлерде 4 жергілікті семинар өткізу;
министрліктің 2 көшпелі алқасын өткізу;
16 аумақтық басқармада және 4 ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорында кешенді тексеріс жүргізу;
6 тақырып бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау;
өлшеулерді орындаудың 100 әдістемесін және зертханалық-аналитикалық бақылаудың нормативтік құжатын тіркеу және қайта тіркеу;
аналитикалық бақылау зертханасының 60 аспабын сертификаттау және тексеру;
2 аналитикалық бақылау зертханасын аккредиттеу;
Табиғатты қорғауды бақылау комитеті қызметкерлерінің 38 табиғатты пайдалану объектісінде және аумақтық басқармалар қызметкерлерінің 11000 табиғатты пайдалану объектісінде тексеріс жүргізуі;
523 мемлекеттік инспекторды формалық киім-кешектің бір жиынтығымен қамтамасыз ету;
екі облыста ғимараттарға және үймереттерге ағымдағы жөндеуді жүргізу;
аумақтық органдар мамандарының - 70 адамның кәсіби деңгейін көтеру;
92 адамға, оның ішінде аумақтық органдардың 80 адамына мемлекеттік тілді үйрету.
Аумақтық басқарманың бір әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
16 көшіру аппаратын, 16 факсимильді аппаратты, офистік жиһаздың 205 жиынтығын; Каспий теңізінде және Ертіс өзенінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін 1 теңіз кемесін және 1 өзен катерін; теңіз кемелері үшін алыстан ұстайтын 2 радиостанцияны; зертханалық жиһаздың 13 жиынтығын; 123 бірліктегі зертханалық жабдықты және аспапты, аспаптарға көмекші аксессуарды, химиялық реактивті (реагентті) және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының аналитикалық бақылау зертханалары үшін ыдысты сатып алу.
Компьютерлік жабдықтың 80 жиынын, 5 серверді, 21 принтерді, 10 сканерді, үздіксіз қоректену көзін, жиынтық және қосалқы бөлшектерді, шығын материалдарын сатып алу.
"Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры" деректерінің базасын қалыптастыру.
47 әдістеме үшін сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтерді және талаптарды) бекіту.
Соңғы нәтиже:
Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекторларын формалық киім-кешекпен 100% қамтамасыз ету.
Аумақтық басқармаларды 33%-тен 43%-ке дейін компьютерлермен қамтамасыз ету.
аумақтық басқармаларды 25,4%-тен 27,9%-ке дейін принтерлермен қамтамасыз ету.
21%-тен 45,9%-ке офистік жиһазбен қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғауды реттеу процесін күшейту, оны тұрақтандыру жөніндегі шаралардың кешенін әзірлеу;
мемлекеттік қызметшілердің 7% кәсіби деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің 9% мемлекеттік тілді үйрету.
Қаржылай-экономикалық нәтижесі:
қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекторының формалық киім-кешегінің бір жиынтығын тігуге орта есеппен 57,3 мың теңге жұмсау;
бір ұлттық есепті (баяндаманы) дайындаудың орташа құны 1029 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс негізіндегі бір тақырыптың орташа құны 1792 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін көтеруге орташа шығын 20,7 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйрету орташа шығын 16,6 мың теңге.
Уақыттылық:
қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендеуі;
қазіргі экономикалық шарттарға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Мемлекеттік тілді үйренген мамандардың үлесі жұмыс істейтіндердің жалпы санының орталық аппаратта - 8,4%, аумақтық басқармаларда - 9,9%. Кәсіби білімінің деңгейін көтерген мамандардың үлесі аумақтық басқармаларда - 8,5%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
351-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіптi
объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 8000 мың теңге (сегіз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы» Заңының 11, 13 және 14-баптары; «Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 8, 63, 64-баптары; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 21-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық талаптарға сәйкес келуді бағалау арқылы қоршаған ортаға жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтерді іске асыру кезіндегі теріс әсер ету салдарларының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қоршаған орта сапасының нормативтеріне және экологиялық талаптарға сәйкестігін уақытында анықтау, қоршаған ортаға сараптама құжаттамасында жоспарланған шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтермен қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың ғылыми негізделген талдауын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалған кем дегенде 92 жобаға экологиялық сараптамасының қорытындысын беру.
Соңғы нәтиже: жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер ету салдарларын барынша азайту.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: бір жобаның экологиялық сараптамасын жүргізуге шығын орта есеппен 119 мың теңгені құрайды.
Уақыттылық: Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімдерге сәйкес бір жылдың ішіндегі жобалардың келіп-түсуіне қарай экологиялық сараптаманы жүзеге асыру.
Сапа: мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жобалар экологиялық қауіпсіздік нормаларына және талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
352-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 295000 мың теңге (екі жүз тоқсан бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 75-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» Заңының 3, 18, 22 және 26-баптары; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңының 7-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы туралы № 1278 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама туралы» № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды дайындауға ғылыми негізделген ұсыныстарды және ұсынымдарды әзірлеу; Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің, озон қабатының бұзылуының, шөлейттенудің, Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластануының және тозуының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу; Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдарды жасау; қоршаған ортаны басқарудың жаңа көзқарастарын және әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды негіздеу жөніндегі ғылыми зерттеулер; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: