«Балық шаруашылығын дамыту жоспарының Типтік нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
төрағасының 2006 ж.6 наурыздағы № 16-6/28п Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 276 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы №102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережелерінің және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 23 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Балық шаруашылығын дамыту жоспарының Типтік нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрық 2006 жылғы 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.