«Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 276 Бұйрығы (күші жойылды)

Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 276 Бұйрығы

 

ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 246-ө бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 6 наурыздағы № 16-6/28п «Балық шаруашылығын дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4114 тіркелген, 2006 жылдың 7 сәуірінде № 61-62 (868) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.

2010 жылғы 19 сәуірдегі

№ 276 бұйрығына

1-қосымша

 

Үлгі нысаны

 

 

Аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспары

20__ жылға ___________________________________________________________

(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы)

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.